Арттыру ұлттық орталығы акционерлік



бет9/66
Дата21.10.2023
өлшемі237,54 Kb.
#187266
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66
Байланысты:
Àðòòûðó ?ëòòû? îðòàëû?û àêöèîíåðë³ê

Дене дағдарысы-Сезімдер мен эмоциялар денсаулығымыз бен тағдырымызды қалыптастырады. Сондықтан да сана мен сезім тән дағдарысына әкеледі.

Өкпешіл және кінә тапқыш адам өз-өзіне өкпелейді немесе жан-жағынан кінәліні іздей бастайды. Барлық кінә тек мінез бен сезімдеріміздің мінсіз еместігінде. Солар денсаулығымызға залал келтіреді.
ҚР статистикалық мәліметтер бойынша мектеп табалдырығынан аттаған бүлдіршіндердің 40%- түрлі сырқаттармен келсе, мектеп бітіргенде олардың саны 80%-ға жетеді. Өзі және тағдыры жайлы жаман ойлармен ішкі энергиясын күйретпеген адамның дені сау болады. Оңтайлы және жағымсыз эмоцияларының 3:1 қатынасында болуы адам эмоционалдық комфортының ең жоғары көрсеткіші болады да, ағзасының саулығын қамтиды.

Өнер туындылары мазмұнынан ғасырлар бойы адамзат жадысында сақталып келе жатқан мәңгілік құндылықтар кетіп, арзан тұтынушылық пәлсапасы кеңінен насихатталуда.
Қоғам (мемлекет) болашағын білгің келсе, оның өнер мен мәдениет туындыларына қара. Ендеше көрермен назарына теледидар қандай фильмдер мен хабарлар ұсынуда? Эстрада ше? Олардың құндылық мәні бар ма? Олар балаларымызға қандай өсиет бере алады?

Жеке адам және қоғам дағдарыстары отбасы дағдарысына әкеледі.Отбасы мүшелері бір-бірі мен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінбейді. Отбасылық бірлік, құндылықтар мен дәстүрлер жойылуда. Толық емес отбасында өскен балада сүйіспеншілік пен мейірім болады ма? Ата-ана жан саулығы– перзентінің тән саулығы мен болашағының кепілі. Құт-береке тату-тәтті өмір сүрген отбасында болады. Отбасындағы тәрбие қоғам болашағын қалыптастырады. Тұлғаның басты руханилық қасиеттері бала кезінен қалыптасады. Өзін тұлға ретінде сезіну, адамгершілік нысаналарын іздеу, өмір мәнін және өмірдегі өз орнын таба алу-әрбір адам үшін бақытты болудың негізгі шарттары. Бала кезінде үлкендерден қолдау көрмеген бала есейгенде өзін жаһандық және адамгершілік мәселелерімен жекпе-жек қалғандай болып сезінеді.
Бұл–алдағы өміріндегі барлық мәселелердің басты себепшісі болады. Барлық жағдайларда сүйіспеншілік пен жанашырлық таныта білу; айырылып, жанына батқан жағдайдың өзінде сүйіспеншілікпен қоштасу; кешіру, өзгенің кемшілігіне аямпаздықпен қарау–бұл дағдылардың барлығы отбасында қалыптасады.Қандай да бір себептермен отбасылар ыдырай бастаса, мемлекеттің де берекесі кетеді. Егер отбасында татулық, бірлік пен үйлесімділік болса, халық өз үкіметіне өшпенділік танытпаса, онда мемлекет те дамып, гүлдене береді.

  • Жеке тұлғалық дағдарыс:

  • зияткерлік– технология көп, адам миы көптеген ауқымды ақпараттарды қабылдайды да, оны талдауы, ажыратуы дамымайды, нәтижесінде құлдырауына, көңіл- күйіне әсер етеді.

  • эмоционалдық – түрлі жағдайларды өзіне жақын қабылдап, адамдардың руханилық аумағы қысылып, эмоционалдық-сезімталдығы күшейіп, мінез – құлқында жағымсыз өзгерістер пайда болады. Осының аяғы түрлі қайғылы жағдайға душар етеді.

  • тәндік-адам ашу, қорқыныш, реніш, уайым сияқты күйде болады. Кейбір адамдар жиналған көңіл-күйді сыртқа шығарып тастайды, ал кейбіреулер реніш, өкпені өзінде сақтауға тырысады. Бұл бар жағдайда міндетті түрде тәндік аурудың дамуына әкеліп соғады. Ал әрбір тежелген жағымсыз көңіл-күй белгілі бір дене мүшесін зақымдайды. Мысалы: қорқыныш-бүйректі, ашу- бауырды, жабырқау-жүректі, қайғы-өкпені және т.б.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет