Тақырыбы: Мағынасы күңгірт,көнерген сөздердің мағынасын ашу



бет1/3
Дата11.01.2022
өлшемі19,6 Kb.
#110741
  1   2   3
Байланысты:
СӨЖ -13 Елдана лексика

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Филология және көптілді білім беру институты

Академик С.Қирабаев атындағы қазақтілі мен әдебиеті кафедрасы

СӨЖ


Тақырыбы:Мағынасы күңгірт,көнерген сөздердің мағынасын ашу

Орындаған:Нұрбақыт Елдана

Қабылдаған:Дюсембина Г

Сөздер тарихында сөз мағынасының күңгірттену процесі көп байқалады. Бұл — тілімізде жиі орын алатын құбылыс. Сөз мағынасының ұмыт бола бастауы — сол сөзді қолданыстан не мүлде шығарып тастайды, не тек белгілі бір орында: тұрақты тіркестер құрамында, мақал-мəтелдерде, қос сөздерде ғана келеді.

Өлім-жітім. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілінде -йіт — етістігі «жоғалу, жоқ болу» деген мағынаны білдірген, мұнда да өл-йіт деп қолдану бары көрсетілген. Демек, өлім сөзі бүгінгі қазақтарға түсінікті, ал жітім — «бір нəрсенің жоқ болуы», яғни жоқ іздеп жүрмін дегендегі жоқ сөзінің мағынасын білдіретін тұлға. Көне түркілерде «жоғалған зат (мал)» ұғымына йітүк (жітік) тұлғасы болған; ер йітүк сорды — кісі жоғалған нəрсе (жоқ) туралы сұрады.

Мысалы: Үш қорықтың иелері боп отырған бес-алты ауылдың ішінде мұндай өлім-жітімді көрген жалғыз осы Жидебайдағы ауыл (М.Ə.).

Іркес-тіркес. Бұл қос сөздің соңғы сыңары əбден түсінікті, ол тірке етістігімен түбірлес сөз. Бұл етістіктен жасалған тіркес тұлғасы «қатарласқан тізбек» мағынасында жəне «жалғас, қатар» деген есім ұғымында қолданылады. Ал іркес-тіркес дегендегі іркес сөзінің түбірін ірік — «бөгеу, тежеу, тоқтату, ішіне бүгу, жасыру» етістігі деп тануға келмейді.

Мысалы: Күн көзі де əбден жылынып, аспанда жазғытұрдың ақ мамық бұлттары жөңкіліп іркес-тіркес көшті (М.Ə.).

Жөн-жосық. Бұл сөз тілімізде жиі қолданылады. Оның құрамындағы жосық сөзінің мағынасы түсініксіз.

Мысалы: Желі басында ертеден қара кешке дейін бие сауған Бүркітбай да қасындағы көмекшісі бала жігіт Баймағамбетке əр биені саууға отыра бере ауыр-ауыр кейістік, жөн- жосығын айтады (М.Ə.).

Жосын сөзі — жосық сөзінің варианты болып, «жөн, рет, тəртіп» жəне «əдет-ғұрып,салт» мағыналарында қолданылатын сирек сөздердің бірі.

Сыбай-салтаң. Р.Сыздықова бұл сөз жайында: «Бұл сөз сыбай-сылтаң деген қос сөз құрамында айтылады. Ілгеріректе сыбай сөзінің жеке тұрып, белгілі бір мағынаны білдіргенін байқаймыз. Мысалы, «Қобыланды» жырында:

Көп қайырың тиеді

Еліңде қоңсы, сыбайға, –деп келеді.

Сыбай-субай сөзінің екінші мағынасы субай сөзі шағатай тілінде «салт, бір өзі, қарақан басы» (яғни баласыз, мүліксіз, туыстарсыз) ұғымы бары сезіледі. Қазіргі əдеби тілімізде сыбай сөзі түсіндірме сөздікке жүгінсек, «жақын, аралас-құралас» деген мағынада қолданылады. Қазірде бұл сөз жеке-дара сирек қолданылады

Мысалы:« Тағы бір қалың топ — сыбай-салтаң əйелдер батысқа қарай тартып барады (М.Ə.).

Зығырданы қайнау. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» бұл фразеологизмді «ыза кернеу, ашулану, ызалану» деп түсіндіреді жəне оның «зығыры қайнау» түрінде айтылатынын ескереді. Зығыр — «ашу», «ыза», «кек».

Зықын (зықысын) алды (шығарды) — əбігерге түсірді, берекесін алды, беймаза етті [6; 297]. Сонда тұрақты тіркес құрамындағы зығырдан сөзі жайында ғалым Ə.Қайдардың берген пікірі орынды екені талас тудырмайды.

Ала көз. Алабұрту. Ала ауыз. Фразеологиялық сөздікте ала жібін аттамады, ала арқан, ала көзімен атты т.б. ала сөзімен тұрақты сөз тіркестері қиянат жасамады, сұғанақтық істемеді, арамдыққа бармады, ат кекілін кесісті, біржола араздасты, бөлінді, жақтырмады, жаратпады деген мағынада жұмсалатындығы көрсетілген.

Ала сөзінің бір мағынасы бірқатар түркі тілдерінде «келіспеушілік, араздасу, бөліну» екені көрсетіледі. Көне түркі тілдерінде де ала сөзінің бір мағынасы «келіспеушілік, қастандық» екенін М.Қашқари көрсетеді.

Мысы құру. Мысы басты (жеңді) — сұсы басты. Сонда тіліміздегі мысы құру//мысы қайту фразалары басқаша айтқанда, «жүзі қайту, жүзі қайырылу, мұқалу» деген нақты мағынаның негізінде жасалып, идиомаға айналған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет