Өңештен, асқазаннан және ішектен қан кету синдромы
Өңештен, асқазаннан және ішектен қан кету синдромы
Қан кетудің жедел және созылмалы түрлеін ажыратады. Организм реакциясы қан кету жылдамдығына және көлеміне тәуелді.
Себептері: асқазан, өңеш, ішек жаралары, портальды гипертензия (өңештің кеңейген порто-кавальды анастомоздарынан), асқазан-ішек жолдарының ісіктері, геморрой және т.б.
Негізгі клиникалық көріністері:
Негізгі клиникалық көріністері:
Қан құсу (өңештен, асқазаннан қан кеткенде). Құсық түсі қан кеткен жеріне, құсу уақыты мен қан кету уақытына байланысты.
Өңештен қан кеткенде түсі алқызыл, асқазаннан қан кеткенде, егер де қан кете салысымен құсса түсі алқызыл немес қанық қызыл болады; егер қан кеткеннен уақыт өткен соң, құсса қан асқазан сөлінің әсерінен өзгеріп, түсі кофе қойыртпағына ұқсайды («кофе қойыртпағы» құсығы).