Ішектің қабынуы салдарынан іш өту бейспецифиялық жаралы колитте, микроскопиялық колитте, сәулелік (радиациялық) энтеритте және т.б. Бұл ауруларда диареямен бірге іштің ауырсынуы болады, нәжіске қан аралас болады, қызба. Нәжістің тез жылжуынан дамитын диарея тиреотоксикозбен науқастарда, органикалық патологияға байланыссыз ішек маторикасының функциональды бұзылыстарында (тітіркенген ішек синдромы). Созылмалы диарея паразитарлық инвазияларда, жиі лямблиоз, амебиаз и ішек гельминтоздарында (нематодоз) дамиды. Бұл кезде диарея негізінде бірнеше патогенездік механизмдер жатады. Адамның иммундық тапшылық вирусында (ВИЧ) созылмалы диареяның негізгі қоздырғыштары цитомегаловирустар, атипті микобактериялар және кейбір қарапайымдар (циклоспоралар, криптос-поридиялар, изоспоралар). Диарея себебін анықтау үшін науқастың шағымдарын және анамнезін жақсылап сұрастыру керек, жеке айтқанда іш өтудің ұзақтығы мен айқындылығы, үлкен дәретке бару жиілігі мен уақыты, іштің ауырсынунмен және тенезмдермен оның баланысы, нәжіс сипаты. Сонымен қатар, нәжіске макро- и микроскопиялық, және де бактериологиялық зертеу жүргізіледі, ректосигмоидоскопияда аш ішек кілегей қабатының биопсиясы жасалады. Мальабсорбция синдромы Мальабсорбция синдромы - аш ішекте ас қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылысы. Ол диареямен, дене салмағының төмендеуімен және тамақтың жеке компоненттерінің тапшылығымен, жеке алғанда темірдің жетіспеуінен гипохромды анемия дамиды. Ас қорытылу процессі қуыстық және іргелік (мембраналық) фазалардан тұрады. Қуыстық ас қорытылуының бұзылысы аш ігшекте ұйқы безі ферменттерінің жетіспеушілігінен дамиды, ұйқы безінің ауруларынан сыртқы секрециясы жетіспеушілігінен (созылмалы панкреатит, ісік, муковисцидоз), өт жолдарының бітелуіне байланысты өт қышқылы тұздарының жетіспеушілігінен немесе бауыр ішілік холестазға байланысты. Іш өту, дене салмағының төмендеуі, терінің, тырнақ-шаштардың трофикасының бұзылуы (шаш түскіш, сынғыш, тырнақ сынғыш, жарылғыш, тері қүрғақ, жарылғыш болады), гипо- және диспротеинемия, гипохолестеринемия, гиповитаминоз (В ь В2, С және Р), анемия (В12-және фоль жетіспеушілігі, темір жетіспеушілік), электролитті баланстың бүзылуы (гипонатриемия, гипокалиемия, гипокальциемия), эндокринді бүзылыстар (гипокортицизм, гипогонадизм). Тітіркенген ішек синдромы: Тітіркенген ішек синдромы: Үлкен дәрет жиілігінің, пассажының (жылжуының), консистенциясының (баяулауы, жиілеуі, ішектің толық босамаған сезімі) өзгеруі, жалқаяқ бөлінуі, метеоризм, үлкен дәреттің жиілігімен немесе консистенциясымен байланысты іштің ауырсынуы, үлкен дәреттен" кейін жеңілдік сезінуі.
Достарыңызбен бөлісу: |