Қыжыл (Pyrosis). Қыжыл дегеніміз өңеш бойында күшті күйдіруді сезіну,науқастың төс артында болатын жағымсыз сезім. Қыжылдың себебі, асқазан құрамының өңешке құйылды. (гастроэзофагальды рефлюкс). Жиі асқазан сөлінің қышқылдылығы жоғарылағанда кездеседі. Сонымен қатар қышқылдылығын төмен болғанда да кездесуі мүмкін. Сонымен қатар кардиальды сфинктердің жетіспеушілігінде қыжылдың себебі болып табылады. Осының нәтижесінде асқазан құрамы науқас еңкейгенде , горизонтальды қалпында өңешке құйылады. Асқазан сөліндегі қышқыл өңештің кілегей қабатын тітіркендіріп, күйдіру сезімін тудырады.
Ауырсыну болған жағдайда локализациясын (орнын) , иррадиациясын (таралуын), сипатын, пайда болуына әсер еткен жағдайларды (тамақ қабылдау уақытын , тамақтың құрамын) анықтау қажет.
Ауырсынудың пайда болу уақытына байланысты жіктеледі:
“Ерте пайда болатын ауырсыну” – тамақ ішкеннен кейін 10-30 мин ішінде пайда болады.
“Кеш пайда болатын ауырсыну” – тамақтан 1-2 сағаттан кейін пайда болады.
“Аш қарынға ауырысыну”
“Түнгі ауырсыну” - 12 елі ішектің ойық жарасында пайда болады. Ауырсыну немен басылатынын анықтаудың мәні зор .Мысалы асқазан ауруларында тамақ ішкеннен кейін , құсқаннан кейін, сода ерітіндісін ішкеннен кейін басылады.
Кекірік- асқазан құрамының кенеттен ауызға келуі. Кекірік тамақпен (reguritatio), ауамен(eructatio) кекіру болып бөлінеді.
Ауамен кекіру ауаны көп мөлшерде жұтқаннан (аэрофагия) болуы мүмкін. Тамақ ішкен кезде, сұйықтық ішкенде ауаны жұту қалыпты жағдай . Ауа өңеш сфинктері босансыған кезде сыртқа шығады. Себебі науқасқа мазасыздық тудыратын жағдайда ғана кекірік бұзылысқа жатады. Шамадан тыс кекіру гастроэзофагеольды рефлюкс кезінде кездеседі. Сонымен қатар ауамен кекіру асқазанда газ жиналуғада байланысты.
Жүрек айну(Nausea). Ол көбінесе құсумен қатар кездеседі немесе онсызда болуы мүмкін. Кезбе нервтің тітіркенуімен байланысты жүретін рефлекторлық акт. Жүрек айнудың механизмі толықтай анықталмаған. Жүрек айну эпигастральды аймақтағы қысыммен жүретін жағымсыз сезіммен байланысты. Ол жалпы әлсіздікпен, бас айналумен, күшті сілекей бөлінуімен (саливация) қатар жүреді, жиі, асқазан ауруымен байланыссыз кездеседі. Мысалы: жүрек айну жүкті әйелдердің токсикозында, бүйрек жетіспеушілігінде, ми қан айналысының нашарлауында кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |