Ас қорыту жүйесінің ауруы бар науқастарды тексеру тәсілдері



бет6/6
Дата26.04.2020
өлшемі30,89 Kb.
#64798
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ас қорыту жүйесінің ауруы бар науқастарды тексеру тәсілдері

Іш қату –үлкен дәретке сирек отырады, (аптасына 3 рет немесе одан да аз), дәреттің қатқыл болуы, ішекті босатуға барынша күш жұмсайды.

Іш өту (диарея)-үлкен дәретке жиі отыру ( күніне 2 реттен көп), құрамы сұйық болады.

Ауру тарихы (anamnesis morbi)
Ауру тарихын сұрастырғанда аурудың қалай және қандай симптомдармен басталғандығын сұрастыру керек. Бұрын соңды дәрігерге қаралды ма, қандай тексеру тәсілдері жүргізілді, тағайындалды, емнің нәтижесі қандай . Аурудың ағымы жөнінде, өршуі жөнінде және амбулаторлық немесе стационарлық ем қабылданды ма соны сұрастыру керек. Аурудың уақытын , сипатын және жағдайының қашан нашарлағанын анықтау қажет.
Науқастың өмір тарихы (anamnesis vitae)
Асқазан , ішек жолдарының ауруында дұрыс тамақтанбау , ащы тағамдарды жиі тұтыну , ыстық тағамдарды, шылым мен ішімдікті тұтыну маңызды орын алады. Кәсібіне байланысты профессионалдық зиянкестерді анықтау қажет(жиі болатын стресс, өндірістегі токсикалық заттармен жанасу, мысалы металл шаңын жұту. Тұқым қуалаушылығында бейімдеушілігі бар адамдарда жиі стресстің болуы, шылым шегу, асқазан ойық жарасының дамуының жиі себептеріне жатады. Сондықтанда науқастың тұқымқкалаушылық ауруын мұқият сұрау керек.

Бірақ бұл генетикалық дефектінің көрініс беруіне қоршаған орталық жоғарыда көрсетілген факторлары себеп болады.

Сонымен қатар кейбір дәрі дәрмектерді ұзақ мезгіл қабылдау ас қорыту жүйесінің көптеген ауруларына алып келеді. Атап айтатын болсақ, қабылдауға қарсы стероидтық емес препараттар, антибиотиктер және басқада дәрі-дәрмектер.

Науқасты объективті тексеру тәсілдері

Жалпы қарау
Ас қорыту жүйесінің ауруы бар науқастарды жалпы қарау схема бойынша жүргізіледі. Тері жамылғысын қараған кезде , асқазан ішек жолдарынан көп мөлшерде қан кеткенде (асқазан жарасы, асқазанрак ауруында және тоқ ішектің рак ауруында) науқастың тері жамылғысын , кілегей қабаттары бозғылт болады.

Бауыр ауруларында тері жамылғысы сарғыш түсті болады.

Асқазан рак ауруында науқас кахексияға дейін арықтайды. Сонымен қатар жиі аяқтардағы дистрофиялық ісінулер кездеседі.(гипопротеинемиялық)
Ас қорыту жүйесіне байланысты қарау
Ас қорыту жүйесіне байланысты қарау ауыз қуысын қараудан басталады. Ауыз қуысын қараған кезде ерінінің түсіне, ылғалдылығына мән беру керек, еріннің жарылуы, бөртпелер (ұшық),тістерінің жағдайына мән беру керек (саны, кариестің болуы, тістерінің болмауында нешеуі жоқ екендігін, сау емес, кариозды тістерді анықтау, олардың саны мен реттік нөмерін анықтау).Кариозды тістер- бұл ас қорыту жолдары жұқпалы ауруларының ғана негізгі көзі емес.Біраз тістердің болмауында, науқас тамақты шайнай алмайды, оның өзіде асқазан ауруларының пайда болып, оның ағымын нашарлатады. Қызыл шектерінің жағдайын бағалайды (кілегейінің түсін, ақ жабындыларды), тілін (биіктігі, оның түсі, ақ жамылғымен жабылған, жабылмағандығын, бүрлерінің анықтығын, ылғалдылығын, тістердің іздерін).

Дені сау адамның тілі ылғалды, таза, ақызыл түсті, бетінде бүрлері бар. Асқазан ішек жолдарының ауруларында тілі ақ жамылғымен жабылады. Созылмалы гастритте секрециялық функциясы төмендегенде, асқазан рак ауруында “лактелген” тіл кездеседі (тіл бүрлерінің атрофиясында тегіс болады).

Асқазан жарасында, созылмалы холециститте созылмалы гастритте тіл ақшыл-сұр жамылғымен жабылады, жедел перитонитте, жедел холециститте, бауыр циррозында-алқызыл (“малина тәрізді” тіл).

Бадамша бездерін қарау (оның биіктігі, формасын кілегейінің түсін, ақ жамылғының бар жоқтығын) бөртпелердің және оның бетінде ақ жамылғының болуын, дем алу кезінде ауыздан шығатын иісті, ауыз қуысының патологиялық өзгерісі кезінде шығатын иісті, асқазандағы шіру процесін, рак ісігінің ыдырауын анықтайды.



Ішті қарау
Ең алдымен құрсақ аймағын қарау керек. Эпигастральды,мезогастральды және гипогастральды іш аймағын анықтайды. Эпигастральды аймақты оң жақ қабырға асты аймақты, эпигастральды аймақтың өзін және сол қабырға астын анықтайды .

Мезогастральды аймақты оң және сол жақ фланкқа қарсы және кіндік аймағына бөледі.

Гипогастральды аймақта оң және сол жақ мықын аймағына және қасаға үсті аймағына бөледі.

Науқасты қарау арқасымен жатқызып, жүргізіледі және міндетті түрде вертикалды қалыпқа келтіреді. Іштің формасын және оның биіктігін анықтайды. Дені сау адамдарда конститутциясына байланысты іштің формасы әр түрлі болады.Қалыпты жағдайда іші шығыңқы екі жақта симметриялық, кіндігі кіріңкі, қабырға доғалары сәл байқалады.

Іштің кіріп кетуі, құрсақ бетінің тонусының жоғарылауымен, арықтаудан болады.

Іш көлемінің үлкеюі 4 түрлі себептермен байланысты:

1) семіздік кезіндегі тері асты май клетчаткасының шамадан тыс дамуы

2) іштің үлкеюі (керілуі) –метеоризм

3) құрсақ қуысында сұйықтықтың жиналуы (асцит)

4) жүктілік

Іштің үлкейген себебіне анықтау үшін қарау әдісін пальпация мен перкуссиямен толықтыру керек. Семіздік кезінде құрсақ қабырғасы қалыңдаған, кіндігі кіріңкі. Құрсақ қуысы ісіктің (анасарка) салдарынан қалыңдағанда, консистенциясы тесто (қамыр) тәрізді болады және саусақпен басқанда орнында шұңқыр қалады.

Асцит кезінде, семіздік пен метеоризмде болмайтын кіндіктің шығып тұруы болады. Сонымен қатар асцит кезінде науқастың қалпын өзгертуіне байланысты іштің формасы өзгереді. Науқас тұрып тұрғанда сұйықтық жинауына байланысты іш төмен түсіп тұрады, ал жатқанда “құрбақа іші тәрізді” екі бүйірі шығып тұрады.

Ең тиімді әдіс перкуссия болып табылады. Перкуссия жасағанда сұйықтық көп мөлшерде жиналғанда науқастың кез келген қалпында құрсақ қуысының барлық аймағында тынық дыбыс естіледі. Сұйықтық аз жиналғанда науқас арқасымен жатқанда құрсақ қуысының жоғары бөлігінде (кіндік үсті аймақта)- тимпанды дыбыс, ал артқы латералды аймақта-тынық дыбыс естіледі. Науқас қалпын өзгерткенде тынық және тимпанды дыбыс аймақтары өзгереді. Науқастың вертикалды қалпында жоғарғы аймағында тимпанды дыбыс, төменгі – аймағында тынықталады. Метеоризмде іште бүкіл аймағында тимпандық дыбыс, семіздікте- тынық – тимпанды дыбыс естіледі.

Құрсақ қуысындағы бос сұйықтық сонымен қатар флюктуация әдісіменде анықталады. Бұл кезде дәрігер сол қолын құрсақ қабырғасының бүйір беткейіне қойып, қарама-қарсы жағынан оң қол саусақтарымен жеңіл соққылағанда, сұйықтық сол қолға келіп ұрылады.

Дегенмен флюктуация жалған болуыда мүмкін. Шынайы флюктуацияны жалған флюктуациядан ажырату үшін дәрігер алақан қырын алдыңғы құрсақ қабырғасын кіндік деңгейіне қояды. Сол жағдайда құрсақ қабырғасының өзгерісі, яғни жалған флюктуация болмайды.

Спланхноптозда (ішкі ағзалардың төмен түсуінде) науқастың вертикалды қалпында іші қапшықты еске түсіреді, асциттен айырмашылығы перкуссия кезінде іштің шығыңқы аймағында тимпанды дыбыс естіледі (ал асцитте – тынық дыбыс).

Грыжа іштің әр түрлі жерлерінде орналасуы мүмкін: ақ сызық грыжасы, кіндіктің, шап аймағында. Көбінесе науқастың вертикалды қалпында, күшенгенде жақсы анықталады.

Бауыр циррозында кіндік айналасында-тамыр шоғыры – “Медуза басы” анықталуы мүмкін ( caput medusae).

Іштің терісінде стриилер болуы мүмкін. Стрии : striae distense –терінің жыртылуы , семіздікте, ал жүкті әйелдерде striae gravidarum байқалуы мүмкін.

Сонымен қатар құрсақ қуысының демалуға қатысуында анықтау қажет. Әсіресе ер адамдарда әйел адамдарға қарағанда құрсақ қабырғасы дем алуға қатысады.

Отадан кейінгі тыртықтың болуы науқастың басынан өткізген отасы жайлы мәлімет береді.

Тері жамылғысында пигментация аймағының болуы жылудың ұзақ әсер етуіне байланысты.


Іштің пальпациясы
Пальпация – құрсақ қуысының физикалық тексеру әдістерінің ішінде ең маңыздысы болып табылады. Сипап сезу үшін зерттеуші науқастың оң жағында орындықта отырады.

Орындық кушетка деңгейінде болуы керек. Науқас арқасымен жатады,басы түсіңкі, қолы созылыңқы, құрсақ қуысы бұлшық еттері босаңсыған қалыпты болуы керек, тыныс алуы біркелкі, ауызбен дем алғаны дұрыс. Дәрігердің қолы жылы, тырнақтары алынған болуы керек . Әуелі беткей пальпация жүргізіледі.

Негізгі мақсаты:

1) Құрсақ қабырғасы бұлшық еттерінің қатаюын анықтау.

2) Ауырсыну аймақтарын анықтау.

3) Құрсақ қабырғасының қатаюын, тығыздалуын, ондағы түйіндерді, ісіктерді және грыжаны анықтау .

Беткей пальпацияда оң қолдың алақанының саусақтары сәл бүгілген қалыпты науқастың ішіне орналастырамыз. Қолымызды бір орыннан екінші орынға ауыстыра отырып, беткей пальпация жүргіземіз. Сол жақ мықын аймақтан бастап, сағат тіліне қарама-қарсы бағытта оң жақ мықын аймағына , іштің ақ сызығы бойымен жоғарыдан төмен эпигастрий аймағына жасайды . Беткей пальпацияны симметриялық аймақтарданда жасауға болады, жоғарыдан бастап. Қалыпты жағдайда , іш жұмсақ , барлық аймағында ауырсынусыз болады.
Образцов-Стражеско бойынша терең, жылжымалы пальпация
Беткей пальпациядан кейін терең жылжымалы пальпация жүргізіледі.

В.П. Образцовқа дейін пальпацияны құрсақ қуысындағы ағзалардың патологиялық өзгерісінде ғана анықтау мүмкін делінген. В.П. Образцов ең алғаш болып, дені сау адамдарда құрсақ қуысына пальпация жасауға болатындығын көрсетті. Методикалық пальпация деп аталуының себебі, белгілі бір реттілік бойынша жүргізіледі.

Құрсақ қуысы ағзалары пальпациясының реттілігі:

1. Сигма тәрізді ішек

2. Соқыр ішек

3. Мықын ішектің терминалды бөлімі

4. Көлденең ободок тәрізді ішек

5. Тоқ ішектің өрлеген бөлігі

6. Тоқ ішектің төмендеген бөлігі

7. Асқазанның үлкен және кіші иіні

8. Привратник пальпациясы

9. Бауыр пальпациясы

10. Талақ (көк бауыр) пальпациясы

11. Ұйқы бездің пальпациясы



Пальпацияның ережелері
1) Қолды қою: саусақтарды сәл бүге отырып, зерттелетін ағзаның топографиясын біліп, оған параллель орналастыру қажет.

2) Тері қатпарын жасау.

3) Демді шығарғанда қолымызды құрсақ қуысына жәйләп енгізу.

4) Пальпацияның өзі: саусақ ұштарымен іштің артқы қабырғасы бойынша жылжытамыз. Методикалық терең жылжымалы пальпацияда құрсақ қуысындағы ағзалардың өлшемін, консистенциясын, ауырсынуды анықтаймыз.


Сигма тәрізді ішектің пальпациясы

Сигма тәрізді ішек сол жақ мықын аймағында орналасқан. Қиғаш бағытта: солдан оңға және жоғарыдан төмен. Науқас арқасымен жатып, аузымен дем алады. Қолдары кеуде қуысында созылыңқы, іштің бұлшықеттері босаңсыған. Осы қалыпта науқас асқазан-ішек жолдарының барлығына жасалатын пальпацияда жатады. Дәрігер науқастың оң жағында бетіне қарап отырады.

Оң қолдың II-V саусақтары бүгілген қалыпта болады. Қол саусақтарыңыздың сыртқы бетін кіндікке қарай бағытталу керек. Алдымен тері қатпарын жасап, содан соң науқасқа ішпен дем алып, дем шығаруын сұрау керек. Құрсақ қуысы босаңсыған кезде саусақты терең енгізеді. Құрсақтың артқы қабырғасына саусақ ұштарына жанай өтетіндей жағдай жасайды.

Саусақты терең енгізу. Құрсақ бұлшық еттері босаңсығанда, тері қатпары қалыптасқан тұста жүргізіледі. Дем шығарудың соңында құрсақ қабырғасының артқы қабырғасында саусақ терең және жылжымалы түрде мықын сүйегі қырына бағытталып жүргізіледі.

Саусақтарды жылжымалы түрге келтіру арқылы ішектің диаметрін, консистенциясын, қозғалмалығын, ауырсынуды, шұрылын анықтайды. 2-ші әдісінде саусақ алақан жағымен кіндікке бағытталады.

Дем алғанда кіндікке бағыттап тері қатпары жасалады. Дем шығарған кезде саусақтар құрсақтың артқы қабырғасына жанасатындай жылжымалы түрде мықын сүйегі қырына бағытталады, сигма тәрізді ішекті сипап өтеді. Дені сау адамдарда сигма тәрізді ішек ауырсынусыз, тығыз, тегіс цилиндрлі, ені 2-3 см, саусаққа шұрыл сезіледі, қазғалысы пассивті 3-4 см аралығында.


Соқыр ішек пальпациясы
Соқыр ішек оң жақ мықын аймағында, қиғаш бағытта орналасқан оң жақта жоғарыдан төмен, солға. Оң қол іште орналасады саусақтың сыртқы беті кіндікке бағытталған.

II-V саусақтың ұштары кіндік-мықын сызығының ортаңғы бөлігіне орналастырылады. Саусақтың сыртқы бетімен кіндікке қарай тері қатпарын жасайды. Сонымен қатар науқастан ішке дем алуды сұрайды. Содан соң науқастан дем шығаруын сұрап, дем шығарған кезде саусақ ұштары құрсақтың артқы қабырғасынан сырғып өтетіндей жағдай жасайды. Жылжымалы түрде соқыр ішектің диаметрін,консистенциясын, беткейін, қозғалғыштығын, ауырсынуын, шұрылды анықтайды.



Дені сау адамда соқыр ішек ауырсынусыз цилиндр пішінді, консистенциясы жұмсақ – эластикалық, ені 3-4 см, салыстырмалы қозғалмалы қолдың астында шұрылдайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет