Ас қорыту жүйесінің аурулары бар науқастардан шағымдарын, аурудың даму тарихын, Өмір тарихын сұрастыру



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#91696
1   2   3
Байланысты:
АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ БАР НАУҚАСТАРДАН ШАҒЫМДАРЫН

Өңештің анато-миялық тарылу-лары
Ауырсыну
Орны: ауырсынған жері;
Таралуы: берілетін аймағы;
Сипаты: кесіп, күйдіріп, сыздап, түйіліп, бүріп немесе толғаққысқандай және т.б.;
Пайда болуы: кенеттен, біртіндеп, алғаш рет немесе бұрын болғандығы;
Тұрақтылығы: тұрақты немесе ұстамалы;
Ұзақтығы: неше уақытқа созылады;
Тамақ қабылдаумен байланысы: тамақ қабылдағаннан кейін неше уақыттан соң п/б;
Жеңілдік әкелетін немесе керісінше күшейтетін факторлар
Лоқсу
Лоқсу – (жүрек айну, жүрек көтерілуі)
құсқысы келгендей сезім. Лоқсыған кезде
науқастың беті бозарып, басы айналып,
сілекейі көбейіп, өзі әлсірейді. Лоқсу тек ас
қорыту жүйесі ауруларына ғана тән шағым
емес, ол қан қысымы көтерілгенде де, жүйке
күйзелісінде де, т.б. көптеген жағдайларда да
байқалады.
Гастрит, асқазанның жара, рак ауруларында жиі байқалатын белгі. Құсудың болатын уақытына (аш немесе тоқ кезде, тамақ іше салысымен немесе біраз уақыт өткен соң, қатты ауырсынғанда пайда болуына көңіл аудару керек). Лоқсумен, сілекей бөлінуімен байланысына, құсықтың мөлшеріне (аз, көп), құрамына - тамақ, өт, қан, т.б., түсіне - сүт қосқан кофе түстес, алқызыл, т.б.) зер салу керек.
Құсу
Ауамен кекіру (аэрофагия), қышқылтым дәммен кекіру, шіріген жұмыртқа иісімен кекіру түрлері де болуы мүмкін. Бауыры мен өт жолдары ауыратын науқастар кекіргенде аузына ащы дәм келеді. Ал асқазан қалтқысының тесігі тарылғанда немесе ас қазан бұлшық еттері әлсіреп, тамақ әрі қарай ішекке өтпей асқазанда тұрып қалуынан шіриді, соның нәтижесінде түзілген күкіртсутегі кекіргенде шіріген жұмыртқа иісін береді. Асқазан мен тоқ ішек арасында жыланкөз қалыптасқанда кекіріктен нәжістің иісі шығады.
Кекіру
Себебі өңеш пен асқазан арасындағы сфинктердің әлсіреуінен гастроэзофагальды рефлюкс дамиды, асқазан сөлінің өңешке өтуіне байланысты төссүйегінің төменгі жағында немесе семсер тәрізді өсіндінің артқы жағында қыжыл сезімі пайда болады, ол гиперацидті гастритке, асқазанның жара ауруына тән белгі. Нәтижесінде өңештің кілегейлі қабаты қышқылдардың әсерінен күйіп, қабынып –
эзофагит дамиды.
Қыжыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет