Тақырып: Өт шығару жолдарының және Ұйқы безінің зақымдалу синдромы.
ЕСЕП № 1.
50 жастағы науқас 8 жылдан бері алкогольдің аз мөлшеріне дамитын, ішінің жоғарғы бөлігінен арқасына тарайтын, күшті ауырсынуына, лоқсуға, жеңілдік әкелмейтін құсуға, жағымсыз сасық иісті, ботқа тәрізді, жылтыр, ас қалдықтарымен үлкен дәретке жиі баруына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Емханадағы терапевтте нәтижесіз емделген. Ауруының өршуі кезеңінде оң жақ қабырға асты мен эпигастрий аймақтарының ауырсынуы, лоқсу, құсу болған және салмақ жоғалтуын, тері жамылғысының қуқылдығын байқаған.
ҚЖА: эритроциттер 4,0×1012 , Hb 137 г/л, лейкоциттер 6,8×109, ЭТЖ 24 мм/сағ.
Копрограммада: полифекалия, сасық жағымсыз иісті, креаторея, амилорея, көп мөлшерде нейтральды майлар.
1. Науқаста қандай синдром анықталады?
2. Болжам диагнозын анықтаңыз.
3. Негізгі шағымдардың және объективті тексеруде анықталған мәліметтердің даму механизмін түсіндіріңіз?
4. Лабораториялық-аспаптық зерттеулер нәтижесінде анықталған өзгерістерді қалай түсіндіруге болады?
5. Клиникалық диагнозды анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер жүргізуге болады?
6. Емдеу шаралары.
Достарыңызбен бөлісу: |