ЕСЕП № 2.
56 жастағы әйел дәрігерге келесі шағымдармен келді: ұзақтығы 1,5-2 сағатқа созылатын, спазмолитикалық дәрілер мен ферменттер ішкенде басылатын, тамақ ішкенде немесе тамақтан соң бірденінен дамитын іштің жоғарғы бөлігінің “белдеме тәрізді” ауырсынуы, ішінің шұрылдауы, кебуі, әсіресе майлы қуырылған тағамнан кейін үлкен дәретке жиі баруы, салмақ жоғалту, әлсіздік.
Анамнезі: 7 жылдан бері өзін науқас деп санайды. Созылмалы гастритпен ауырады. Соңғы 3 айда көп мөлшерлі, қорытылмаған ас қалдықтармен, сасық иісті нәжіспен ішінің өтуі мазалайды. Соңғы өршуі ет қосылған, қуырылған бәліш жегеннен кейін басталған.
Объективті тексеру: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, ашушаң, тері жамылғылары бозғылт, құрғақ. Дене салмағы 48 кг, бойы 162 см. Тілінде ақ шөгінді, іші кепкен. Ішінің беткей пальпациясында эпигастрий аймағы мен сол жақ қабырға астында ауырсыну бар, іш бұлшық етінің кернеулігі жоғары. Мейо-Робсон, Дежарден, Шоффар, Губергриц нүктелерінде ауырсыну бар.
ҚЖА: эритроциттер 3,4×1012 , Hb 110 г/л, түсті көрсеткіш 0,9, лейкоциттер 8,8×109, ЭТЖ 18 мм/сағ.
Қан сары суында диастаза (Каравей тәсілімен) 50 мг/сағ×мл
Копрограммада: нәжісі ботқа тәріздес, жылтыр, сасық иісті, полифекалия, креаторея, стеаторея, амилорея.
УДЗ-де: ұйқы безінің өлшемдері үлкейген, контурлары тегіс емес, эхогенділігі әр түрлі, тығыздалу ошақтары бар.
1. Науқаста қандай синдром анықталады?
2. Болжам диагнозын анықтаңыз.
3. Негізгі шағымдардың және объективті тексеруде анықталған мәліметтердің даму механизмін түсіндіріңіз?
4. Лабораториялық-аспаптық зерттеулер нәтижесінде анықталған өзгерістерді қалай түсіндіруге болады?
5. Клиникалық диагнозды анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер жүргізуге болады?
6. Емдеу шаралары.
Есеп 3
Ер кісі 45 жаста, ішімдік және көп ащы тағамдарды қабылдаған соң жедел түрде ауырған .Эпигастральды аймақта және оң жақ қабырғаастында сыздап ауырсыну пайда болған. Тері қабаттарының сарғаюын және тəбетінің төмендеуін байқаған соң 3 тəуліктен соң дәрігерге қаралған.Одан алдын дәрігерге қаралмаған .
Қарау кезінде: науқастың тəбеті төмендеген. Тері қабаттары және көрінетін шырышты қабықтары субиктериялық кеуде және мойын терілерінде "тамырлық жұлдызшалар" сияқты телеангиоэктазиялардың болуы байқалады. Қол саусақтарының треморы. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ , оң қабырғаастында және Шоффар зонасында ауырсыну. Бауыр қабырға доғасынан 3 см шығыңқы, шеттері өткір, қалың,беткейі тегіс .АҚҚ 115/60мм с.б . ЖСЖ 68 рет минутына.
1. Науқаста қандай синдром анықталады?
2. Болжам диагнозын анықтаңыз.
3. Негізгі шағымдардың және объективті тексеруде анықталған мәліметтердің даму механизмін түсіндіріңіз?
4. Лабораториялық-аспаптық зерттеулер нәтижесінде анықталған өзгерістерді қалай түсіндіруге болады?
5. Клиникалық диагнозды анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер жүргізуге болады?
6. Емдеу шаралары.
4 Есеп
43 жасар əйел кісі федьдшерге: кіндіктен сол жақта ұзаққа созылатын ауырсынуына, арқаға жəне сол жауырынға иррадациялануына, майлы тағам қабылдағаннан кейін пайда болуына шағымданады. Тəбеті төмендеген, құсу, тамақ қабылдағаннан кейін эпигастрий аймағында ауырлық сезімі мазалайды. Бұл сиптомдар 4 айдан бері мазалайды. Көп жылдан бері созылмылы холициститпен ауырады.
Объективті қарағанда: температурусы 37.2°С, жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза, құрғақ, сары түстес. Тері асты май қабаты артық дамығын. Өкпе жəне жүрегінде өзгерістер жоқ. Тілі ақ жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, жоғарғы жартысын жəне сол жақ қабырға астының орташа ауырсынуы анықталды.
1. Науқаста қандай синдром анықталады?
2. Болжам диагнозын анықтаңыз.
3. Негізгі шағымдардың және объективті тексеруде анықталған мәліметтердің даму механизмін түсіндіріңіз?
4. Лабораториялық-аспаптық зерттеулер нәтижесінде анықталған өзгерістерді қалай түсіндіруге болады?
5. Клиникалық диагнозды анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер жүргізуге болады?
6. Емдеу шаралары.
5 ЕСЕП
50 жастағы науқас әйел дәрігерге мынадай шағымдармен келді: оң жақ иыққа, жауырынға тарайтын, әсіресе майлы тағамнан кейін пайда болатын оң жақ қабырға астының сыздап ауырсынуы, ауызына ащы дәмнің келуі, лоқсу, жеңілдік әкелмейтін құсу, әлсіздік.
Науқас бірнеше жылдан бері ауырады. Медикаментозды ем қабылдамаған.
Жалпы қарауда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 18 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс минутына 75 рет. АҚҚ 120/80 мм.сын.бағ. Ішін қарағанда патологиялық белгілер жоқ. Қағу белгісі екі жағында теріс мәнді.

ЕСЕП 6
Науқас С., 49 жаста, оң жақ қабырға астындағы оң қолға берілетін ауырсынуға, өт аралас құсуға шағымданып ауруханаға түсті. Ауырғанына 18 жыл болған. Объективті: тәбеті жоғары, көздің ағы сарғыш, оң жақ қабырға астында ауысыну, Ортнер симптомы оң. Қанда: лейкоциттер – 12*109 /л, ЭТЖ - 33 мм/сағ. Өтті зерттеу – барлық үш порцияда - шырыш, лейкоциттер, IІ порцияда- лямблиялар.
1. Науқаста қандай синдром анықталады?
2. Негізгі шағымдардың даму механизмін түсіндіріңіз?
3. Науқасты объективті қарағанда анықталған өзгерістерді қалай түсіндіруге болады?
4. Лабораториялық зертеулер нәтижесінде анықталған өзгерістерді талдаңыз және себебін түсіндіріңіз.
ЕСЕП 7
50 жастағы науқас әйел дәрігерге мынадай шағымдармен келді: оң жақ иыққа, жауырынға тарайтын, әсіресе майлы тағамнан кейін пайда болатын оң жақ қабырға астының сыздап ауырсынуы, ауызына ащы дәмнің келуі, лоқсу, жеңілдік әкелмейтін құсу, әлсіздік.
Науқас бірнеше жылдан бері ауырады. Медикаментозды ем қабылдамаған.
Жалпы қарауда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 18 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс минутына 75 рет. АҚҚ 120/80 мм.сын.бағ. Ішін қарағанда патологиялық белгілер жоқ. Қағу белгісі екі жағында теріс мәнді.
1. Науқаста қандай синдром анықталады?
2. Болжам диагнозын анықтаңыз.
3. Негізгі шағымдардың және объективті тексеруде анықталған мәліметтердің даму механизмін түсіндіріңіз?
4. Лабораториялық-аспаптық зерттеулер нәтижесінде анықталған өзгерістерді қалай түсіндіруге болады?
5. Клиникалық диагнозды анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер жүргізуге болады?
6. Емдеу шаралары.
Достарыңызбен бөлісу: |