Қазақстанда



Дата07.02.2022
өлшемі16,73 Kb.
#88369
Байланысты:
жаратылыстану
6-СРС Технология решения физ задач, 6-СРС Технология решения физ задач, 6-СРС Технология решения физ задач, Organ-ximia-Tumenbaeva-Zharmuhambetova

Қазақстанда Үстірт пен Маңғыстауда, Арал өңірінде, ҚызылқұмМойынқұмБетпақдаланың оңтүстігінде, Оңтүстік Балқаш өңірінде (ТауқұмСарыесікатырау) кездеседі. Соңғы жылдары Қара Ертіс өзенінің жағалауындағы құмдарда көрініп жүр. Тұлғасы сымбатты, дене тұрқы 101 – 126, шоқтығының биіктігі 67 – 79 см. Текесінің салмағы 22,0 – 41,0 ешкісінікі – 20 – 34 кг. Текелерінің мүйізі түп жағы бедерлі, ұшы бір-біріне қарай аздап иілген, қара-қоңыр түсті. Ұзындығы 33 – 43 см болады, ешкілері – тоқал. Құйрығы кішкентай, қара-қоңыр түсті. Тұяқтары кішкентай, қара түсті, сопақша әрі үшкір келеді. Тері жамылғысы құм тектес, сарғыш-сұр. Көз алды, шат, тұяқ аралық иіс бездері, көру және есту мүшелері жақсы жетілген, осылар арқылы бір-бірімен тез табысады. Тастақты, құмды, сазды топырақты шөлді аймақтарда мекендеуге бейімделген. Қоныстарын жыл маусымдарына қарай, қыста сексеуіл, жыңғыл өскен бұйрат-бұйрат құмдарға, жазда шөлді жерлерге қарай қоныс ауыстырып отырады. Тау етектерінде, теңіз деңгейінен 2500 – 3000 м биіктікте де кездеседі (мыс., «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында). Күйіс қайырып, демалу және ауа райының қолайсыз жағдайларынан қорғану үшін тұяқпен тарпып қазуға оңай жұмсақ топырақты жерлерден шағын (60х30 см) жатақтар жасайды. Қорегі – 70-тен аса шөптесін өсімдіктер мен бұталар. Ылғалы мол жас шөптермен қоректеніп, қар мен жаңбырдан жиналған қақтардан су ішіп, шөлін қандырса, қыста қар жалайды. Қазанның аяғынан желтоқсанның ортасына дейін күйлейді. 5 – 5,5 ай буаз болып, сәуірдің аяғынан маусымның аяғына дейін (жаппай төлдеу мамырдың екінші жартысында) лақтайды. Көбіне 1 – 2 лақ (егіз басым), кейде 3 – 4 лақ (өте сирек) табады. Жаңа туған лақтың салмағы 2 – 3 кг, дене тұрқы 48 – 58 см. 5 – 10 күнде шөп шалып, 3 айдан аса енесін емеді. Жас төлдер тез өседі: алғашқы 10 күнде 4,5 кг, бір айда – 9,0 кг, 6 айда – 15,0, бір жаста салм. 20 кг-нан асады. Шыбыштары 7 – 8 айда, серкештері 1,5 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Қарқұйрықтың жаулары – қасқыртүлкіқарақал және бұралқы иттер, құстардан: бүркітқарақұс. Аусыл және туляремия ауруларымен ауырады. Дәмді еті мен терісі үшін көп ауланған. Терісінен сырт киім, жазғы аяқ киім, мәсі тігіледі, саба және қауға жасаған. Қазір саны аз, Қазақстанда бар-жоғы 13 – 15 мыңдай. Оның 5 – 7 мыңы «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында, қалғаны Үстірт қорығы мен Ақтау – Бозащы қорықшасында қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет