Ас қорыту жүйесінің физиологиясы



бет1/4
Дата24.02.2022
өлшемі3,02 Mb.
#133046
  1   2   3   4
Байланысты:
Ас қорыту физиологиясы
10 сұрақ, 5апта прак Ерменбаева Т, ïñèõîëîãèÿ Ð2, РУП ОП9Б

Ас қорыту жүйесінің физиологиясы
Асқарбеков Қуаныш Асқарбекұлы
Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адам организміндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер ( тоқ ішек, тік ішек) құрайды.
Асқорыту бездеріне үш жұп сілекейлі бездері, бауыр және ұйқыбез жатады. Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлінетін сөлді арнайы өзектер арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі.
Азық қорыту дегеніміз – күрделі қоректік заттардың қарапайым түрге айналуы және оларды ағзаның сорып, өзіне сіңіруі. Азық қорыту жүйелерінің атқаратын негізгі қызметтері: сөл бөлу, ұсақтау, араластыру, жылжыту, керексіз заттарды сыртқа шығару және сору. Қабылданған азық ағзада физикалық, химиялық және биологиялық түрде өнделеді. Физикалық өнделуі дегеніміз – азықтың ылғалдануы, ұсақталуы, жұтылуы және асқазан арқылы жылжуы. Химиялық өндеу ферменттердің қатысуымен жүреді. Фермент дегеніміз ағзадағы химиялық реакцияларды жылдамдататын биологиялық катализаторлар. Азықта қорытатын ферменттер үш топқа бөлінеді: 1- протеазалар – белоктарды ыдыратушылар; 2- карбогидралазалар – қанттарды ыдыратушылар; 3- эстеразалар мен липоидтарды ыдыратады.
Асқазанда үш түрлі клеткалар орналасқан. Олар бас, қосымша және айнала қоршалған клеткалар. Бас клеткалар ферменттер бөледі, қосымша клеткалар сөл және айнала қоршалған клеткалар тұз қышқылын бөледі. Осы көрсетілген үш түрлі клеткалардан бөлінген заттарды қарын сөлі дейді. Қарын сөлі түссіз, қышқыл реакциялы (рН 0,8-1,0) сұйық зат. Сөлдін құрамында су 99,2-99,6%, 0,4-0,8% құрғақ зат бар. Құрғақ заттар органикалық емес және органикалық қосылыстардан құралған. Қарын сөлінің құрамында төрт фермент бар: 1- пепсиноген тұз қышқылының әсерінен пепсинге айналады. Пепсин белоктарды альбумоз бен пептондарға дейін ыдыратады; 2 - реннин - сүттің казеиноген белогін казеинге ауыстырады, немесе сүтті ірімшікке айналдырады; 3 - қарындық липаза –эмульсияланған майды глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдыратады; 4- желатиназа - желатинді сұйықтандырады. Тұз қышқылының қарындағы ролі: 1- қарында қышқыл орталық жасайды; 2 - пепсиногенді пепсинге айналдырады; 3- белоктарды ісіндіріп, олардың көлемін ұлғайтады; 4 - бактерицидтік қасиет береді; 5- азықтардың ішекке ауысуына қатысады; 6- аш ішектегі бөлінетін просекретинді гастринге ауыстырады.
Қарын сөлінің бөліну кезеңдері. Қарын сөлі бөлінуінің екі кезеңі бар: 1- рефлекторлық кезең. Тамақты қабылдаған кезде ауыздағы және қарындағы рецепторлар тітіркеніп, тітіркену сопақша мидағы сөл бөлу орталығына барады. Ол орталықтан қарынға кезеген жүйке арқылы беріледі де сөл бөлу басталады. 2- нейро-химиялық кезең. Бұл кезеңде көкөністер мен ет сорпасында болатын гистамин, қарында бөлінетін прогастрин тұз қышқылының арқасында гастринге ауысып, қанға сорылып, сопақша миға барып бөлінуді реттейтін орталықты қоздырады. Осы орталықтан қозу қарынға тағы да кезеген жүйке арқылы беріледі де сөл бөліне бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет