Ас қорыту жүйесінің физиологиясы


Он екі елі ішектегі астың қорытылуы



бет3/4
Дата24.02.2022
өлшемі3,02 Mb.
#133046
1   2   3   4
Байланысты:
Ас қорыту физиологиясы

Он екі елі ішектегі астың қорытылуы. Он екі елі ішекке түскен тағам ұйқы безі сөлі, өт сонымен қатар, он екі елі ішек бездерімен (бруннер – ішек бүрлері, ішектің кілегей асты қабығында, ал кілегейлі қабығында – либеркюн бездері орналасқан) бөлінген сөлдер әсеріне ұшырайды. Бруннерлі безбен бөлінген сөл – сілтілі реакциялы, түссіз сұйықтық. Сөлде көптеген кілегей және пепсинге ұқсас белоктық фермент бар. Ас қорыту процесі жүрмегенде, он екі елі ішек рН- қышқыл болғандықтан, ішекке түскенде бейтараптанады. Ұйқы безі сөлінің (панкреатит) құрамы мен қасиеті. Ұйқы безі сөлі – түссіз, мөлдір, сілтілі сұйықтық. рН 7,8-8,4. Сілтілі бикарбонатты буферлі жүйемен байланысты. Ферменттерге өте бай. Белоктарды ыдырататын ферменттер – трипсин, химотрипсин. Майларды – липаза. Көмірсу – мальтаза, лактаза. Панкреатиттік сөлдің реттелінуі: 1) кезеген жүйке – сөлдің бөлінуін жоғарылатады. 2 Ауыз қуысындағы, жұтқыншақтағы 3) гуморальді реттелуі – секретин, холецистокинин арттырса, ал глюкагон, вазопрессин, АКТГ, энкефалин, кальцитонин тежейді.
Ұйқы безі сөлінің кезеңдері:бөліну ұзақтығы 6-14 сағат. 1. Милық кезең – шартты және шартсыз тітіркендіргіштерге негізделген. 2. Асқазандық кезең – асқазанның механо- және хеморецепторлармен тітіркенуі және гастрин көмегімен іске асырылады. 3. Ішектік кезең – асқазаннан тағам он екі елі ішекке өткенде басталады. Өттің бөлінуі мен оның шығарылуы: Өт бауырда түзіледі. Оның қызметтері: А) Өт ұйқы және ішек бездерінен бөлінетін ферменттерді белсендіреді. Ә) Майды ыдыратып, сіңіреді. Б) Ішек қозғалғыштығын қамтамасыз етеді. Өттің бауыр жасушаларында түзілуі үздіксіз түрде жүреді. Тағам асқазан және ішекке келіп түскенде ғана жалпы өт жолынан өт ішекке келіп түседі. Асқорыту жүрмегенде бауыр жасушаларында түзілген өт – өт қабына жинақталады. Өт жолындағы өт – ашық сары түсті, қою, кілегей салдарынан тығыз заттары өте көп. Өтте органикалық заттар: өт қышқылы мен пигменті болады. Одан басқа лецитин, холестерин, май, сабын, муцин, неорганикалық тұздар бар, ферменттер болмайды. Өттің реакциясы әлсіз сілтілі. Өттік пигменттер – билирубин, биливердин. Билирубин гемоглобиннен түзіледі. Өттің түзілуі – халерез деп аталады. Өттің он екі елі ішекке өтуі – холекинез деп аталады. Сондықтан да, өттің 2 түрі бар: а) Бауырлық (өт жолы арқылы ішекке), ә) Қалталық (өт қабында жиналады).
Өт қышқылдары гепатоциттерде түзіледі. Өт бөлінуінің реттелуі: 1) жүйкелік – парасимпатикалық жүйке арттырады, симпатикалық жүйке төмендетеді. 2) гуморальдық – өт, глюкагон, гастрин. Өттің шығарылуының факторлары: 1) он екі елі ішек пен өт шығару аппараты бөліміндегі қысым айырмасына; 2) бауырдан тыс өт жолдары сфинктерінің жағдайына. Ащы ішектегі ас қорытуІшектік сөл – тұнбалы, тұтқыр сұйықтық. Бруннерлі бездердің жасушаларында муцин және зимоген. Оның сөлі әлсіз реакциялы, май, белок көмірсу аздап ыдырап, либеркюнді бездер он екі елі ішек кілегей қабырғаларында және барлық ішектерде орналасқан. Ішек сөлінің құрамы мен қасиеті: Сұйық және тығыз бөлімінен тұрады. Сұйық бөлімінде неорганикалық және органикалық заттар ерітіндісімен қаннан тасымалданатын сұйықтықтар болса, тығыз бөлімінде сарғылт масса, фермент белсенділігі жоғары. Ішек сөлінің реттелуі: 1) жергілікті механизмдер. 2) гуморальдық фактор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет