Аса қауiптi (карантиндiк) ЖҰҚпалы ауру



бет2/7
Дата13.09.2020
өлшемі52,22 Kb.
#78498
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
АСА ҚАУIПТI (КАРАНТИНДIК) ЖҰҚПАЛЫ АУРУ

1.2Тырысқақ

Тырысқақтез жұғатын ауру, iштiң өтуiмен, құсықтың келуiмен, су-электролит алмасуының бұзылуымен, гиповолемикалық әлсiреудiң дамуымен, жiңiшке iшектiң улануымен сипатталады. Карантиндiк жұқпалыларға жатады. Қоздырғышы – тырысқақ вибрионы.

Эпидемиология. Жұқтыру көзi тек адам болып табылады (тырысқақпен ауырған адам немесе вибрион сiңiрушi). Тырысқақтың анық көрiнген клиникалық аясына ұшыраған ауру тәулiк бойында сыртқы ортаға 10-30литр сұйық зат бөледi, олардың 1 миллиметрiнде 10 жуық вибрион болады.

Тырысқақтың негiзгi берiлу жолы су болып табылады. Зақымдану тырысқақ жұқтырушы суды iшу кезiнде, оны көкөнiс пен жемiстi жуу үшiн пайдаланған уақытта, шомылған кезде өтедi. Тырысқақтық тамақтан асқынуы әдетте жұқтырғыш тағамдарды iшкен адамдардың шектеулi шеңберi арасында пайда болады. Қоздырғыштардың ұшыраған аурудан бөлiнетiн сұйықтар арқылы оның қолымен берiлуiнiң мәнi шамалы. Сыртқы ортада атап айтқанда тамақ өнiмдерiнде вибриондар 2-5 күн өмiр сүредi, күн сәулесi түскен қызғанақтар мен қарбыздарда вибриондар 8 сағаттан соң өледi. Вибриондар канализация суы ағызылатын ашық суатта ұзақ өмiр сүредi. Тырысқақтың таралуына шыбындар да ықпал етуi мүмкiн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет