Аса қауiптi (карантиндiк) ЖҰҚпалы ауру



бет1/7
Дата13.09.2020
өлшемі52,22 Kb.
#78498
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
АСА ҚАУIПТI (КАРАНТИНДIК) ЖҰҚПАЛЫ АУРУ
SILLABUS на каз 2019 ФРП, karl-velikiy-i-nemetskaya-istoriografiya-30-40-h-gg-xx-veka, 01 Типы сетей. Базовые топологии. Классификация сетей (1), Зертзаналық жұмыс, Зертзаналық жұмыс, Зертзаналық жұмыс, Еркіндік дәрежесі, PhET виртуалды лаборатория, В.Ф.Зуев, ылғал сүйгіш өсімдік, Биологиялық ырғақтар, әлеуметтанудың даму тарихы, Статья Далабаева Хим эксп, Шәріпжанов Дамир, 1ddd03f2-2ab3-11e7-a320-ad114c4c9815ОБ Оптика

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде инфекциялар аурулар кең етек алуда. Олардың ішінде туберкулез, СПИД, оба, түйнеме және т.б. бұл аурулардың көбеюі көптеген адамдардың өміріне қауіп туғызуда. Тек қауіп туғызып қана қоймай, олардың көптеген өмірлерін алып кетуде. Осыған байланысты бұл аурулардың алдын-алу үшін, вакциналар тегін салынуда, сонымен қатар бұл ауруларды емдеу тегін. Мысалы: туберкулез.

Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз «Жалпы инфекциялық аурулар жайында».


  1. АСА ҚАУIПТI (КАРАНТИНДIК) ЖҰҚПАЛЫ АУРУ.

1.1Оба.

Оба – өте қауiптi жұқпалы ауру, қатты уланумен, ыстықтың көтерiлуiмен, сөл түйiндерi мен өкпенiң қабынуымен сипатталады. Карантиндiк жұқпалыларға жатады.

Этиология(аурудың себебi). Қоздырғышы – обатаяқшасы, қозғалмайды, организмнен тысқары жағдайда тұрақсыз, 55 градус С температура кезiнде адам қайтыс болады.

Эпидемиология. Жұқпалы аурудың негiзгi таратушылары кемiргiштер (егеуқұйрықтар,саршұнақтар,тышқан тәрiздес, тарбағандар – барлықтүрi 200-ден асады) болып табылады. Жұқпалы ауруды таратушы – бүрге . Адамды шағып, зақымдайды, онымен байланыс жасаған адамдарға ауа мен шашыранды тамшы арқылы тарайды (зақымдалған малдың терiсiн түсiрген және етiн бұзған кезде).

Адам обаның ықпалына жылдам түседi, оған шалдыққандар төңiректегiлер үшiн өте қауiптi. Обаның өкпелiк түрi аса қатерлi.

 Патогенез. Адам организмiне оба қоздырғышы терi, тыныс жолдары, асғазан-iшек жолдары арқылы өтедi. Бұл аурудың клиникалық түрiн асқындырады.

  Терi арқылы өткен кезде кейде түскен дақ арқылы бiлiнедi. Оның орнына ойық жара мен шиқан шығады.

Оба қоздырғышы көбiнесе терi арқылы өтiп сөл түйiндерiне жетедi, қанталап iсiнедi (бубон).

Микробтардың таралуы арқылы эндотоксиндер босап, улануға жол ашады. Бұдан әрi қоздырғыш қанға түсiп, бүкiл организмге тарайды, аурудың iрiңдi түрлерiн туғызады, бұл белгiлер iшкi органдардың жаппай тұқымдауымен сипатталады.

 Мұнда микробтар күрт көбейедi, қатты улану жүредi.

 Өкпелiк түрi кезiнде жұқтырғыштар тамшылар мен ауа арқылы өтедi.Өкпе ұлпасында сiңiрлi – қанағатталған iсiну пайда болып, өлiеттену белгiлерi анық көрiнедi. Өкпе ұясы эритроциттен, лейкоциттен және оба таяқшасынен орасан зор санынан тұратын сұйық экссудатпен толтырылады.


Клиника. Инкубациялық кезең әдетте 2-3 күнге созылады, өкпелiк түрi кезiнде ол қысқарады. Егiлгендерде 8-10 тәулiкке дейiн ұзаруы мүмкiн. Оба мынандай түрлерге бөлiнедi: терiлiк, бубондық, терi-бубондық, өкпелiк. Обаның бубондық түрi жиiрек (79%), септикалық (14%) және өкпелiк (5%) түрлерi сирек қалады.

Барлық нұсқалар кезiнде қатты улану, жоғары температура, жүйкелiк ғозу, сандырақтау, көзге елестету тән. Алғашғы сағаттардан-ақ сырқаттар мастарды еске түсiредi- қисаландап жүру, түсiнiксiз сөйлеу. Беттiң келбетi өзгередi, көздiң төңiрегiңде қара шеңберлер пайда болады, бет көгередi, азаптығ күйге енедi, көзден қорқыныш лебi бiлiнедi. Тiл құрғақ, «бор жағылған сияқты» домбытқан. Тахикардия, жүрек соғысының әлсiздiгi асқынып, күре тамыр қысымы күрт төмендейдi. Терi құрғақ, ыстық, қанды дақ бiлiнедi, қан көбiрек кетуi мүмкiн.

Терiлiк түрi кезiнде пайда болады, олар күлдiреуi және iрiңдi безеу сатысы арғылы ойық жараға айналады, ол ұзақ уақыт бойы байқалады, баяу жазылады, тесiктер пайда болады. Обалық бубонның өзiне тән белгiсi оның қатты сырқыратушылығы болып табылады. Бубон төңiрегiндегi ұлпалар қабынады, үлкейген сөл төйiндерi бiртұтас қатты сырқырататын конгломератқа айналады. Бубонның үстiндегi терi әуелi де өзгермейдi,бұдан қызыл түске енедi. Бубондар антибиотиктермен емдеген кезде сирек ашылады, олар көбiнесе сорылады немесе қатаяды. Емделмеген жағдайда өлiмге ұшырау деңгейi (40-90%) аралығында ауытқиды.

Обаның алғашқы синтетиқалық түрi сирек кездеседi. Терi мен сөл түйдерiнде өзгерiс жоқ. Аурудың басталуы қатты қалтырау, бастың қатты сырқырауы, температураның күрт көтерiлуi.

Аурудың жағдайы күрт нашарлайды, қозу, сандырақтау пайда болады, бiрнеше сағаттан кейiн талықсу дамиды. Ауру бар жоғы 1-3 күнге созылады, айығу жағдайы өте сирек.

Обаның қайталама септикалық түрi бубондық асқыну болып табылады, өте ауыр күймен сипатталады.

Обаның өкпелiк түрi уланумен сипатталады, жүрек тамыр қызметi әлсiрейдi, кеудеде қатты шаңшу пайда болады, қан аралас сұйық көбiктi қақырық бөлiнетiн жөтел деңдейдi, ентiкпе дамиды. Өлiм өкпе қызметiнiң қатты әлсiреуiнен, оның қабынуынан 3-5 күн аралығында болады.

Емдеу. Обаны емдеудiң негiзгi құралы антибиотиктер болып табылады. Емдеудi бубондық, сондай-ақ өкпелiк түрi кезiнде тиiмдi болған тетрациклинмен өткiзедi. Оны алқашқы 48 сағат бойында үлкен мөлшерде тағайындайды (4-6 г/тәулiк) бұдан кейiн мөлшердi төмендетедi.

Ауыр түрлерi кезiнде алғашқы 24 сағат кезiнде көк тамыр iшiне тетрациклин енгiзедi, төзбейтiн жағдайда оның орнына 2 тәулiктiң бойына әрбiр 4 сағат сайын 0,5 г стрептомицин тағайындайды, кейiннен 6 сағат сайын тағайындайды.

Жергiлiктi емдеу үшiн күкiрттi сынап майынан iстелген май таңғыштарын қолданады, оларды күн сайын ауыстырады және 5-6 күннен соң сынаптың жанама әрекетiнен оны вазелиндiк немесе ихтиолдық (5%) таңғышпен айырбастайды.

Сақтандыру. Ауруларды жұпалылықтың барлық мерзiмiнде қатаң түрде оқшаулайды. Аурумен байланыста болған барлық адамдарды обсервациялай отырып 9 күнге карантин белгiлейдi. Обамен ауырғандарды обаға шалдыққанына күдiк туғызғандарды жеке палатада немесе бокста ұстайды. Ауруларға қызмет көрсететiн барлық медициналық қызметшi обадан қорғайтын костюммен жұмыс iстейдi, жұмыс аяқталғаннан кейiн толық санитарлық тазалықтан өтедi. Қызметшiлерге мұқият медициналық бақылау жүргiзiледi.

Аурулар орналастырылған бөлмелерге ағымды дезинфекция жүргiзiледi.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет