Аса қауiптi (карантиндiк) ЖҰҚпалы ауру



бет4/7
Дата13.09.2020
өлшемі52,22 Kb.
#78498
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
АСА ҚАУIПТI (КАРАНТИНДIК) ЖҰҚПАЛЫ АУРУ
SILLABUS на каз 2019 ФРП, karl-velikiy-i-nemetskaya-istoriografiya-30-40-h-gg-xx-veka, 01 Типы сетей. Базовые топологии. Классификация сетей (1), Зертзаналық жұмыс, Зертзаналық жұмыс, Зертзаналық жұмыс, Еркіндік дәрежесі, PhET виртуалды лаборатория, В.Ф.Зуев, ылғал сүйгіш өсімдік, Биологиялық ырғақтар, әлеуметтанудың даму тарихы, Статья Далабаева Хим эксп, Шәріпжанов Дамир, 1ddd03f2-2ab3-11e7-a320-ad114c4c9815ОБ Оптика
1.3Түйнеме

Түйнеме– аса қатерлі ауру жұқпалы ауру, негізіне тері арқылы өтеді, өкпелік және ішектік түрі сирек кездеседі.

Эпидемиялогия. Жұқпалының көзі ірі қара мал, қой-ешкі, түйе, доңыз болып табылады. Ауру мал жайғағанда, қасаптағанда және ет бұзғанда, сондай-ақ мал шаруашылық өнімдерін ұстағанда (тері, былғары өнімдері, жүн) жұғуы мүмкін. Жұғу алиментарлық (жем-шөп арқылы және аспирациялық (сұйық сору)) жолымен өтуі мүмкін, кейде жұқпалы ауру қан сорғыш жәндіктер-сона, көк шыбын арқылы өтуі де ықтимал.

Этиология. Түнеменің қоздырғышы-спораларды құрайтын бацилла. Түйнеменің споралары вегететативтік (өсіп өну) түрі ауасыз, қыздырған кезде, әртүрлі құралдары ықпалымен тез өледі.

Түнеменің тері түрі кезіндегі инкубациялық мерзімі 2-3 күнге тән, кейде 5-7 тәулікке дейін жалғасуы мүмкін.өкпелік және ішектік түрінде 1-2 тәуліктен аспайды. Аурулардың 95 пайызында түйнеме тері түрінде өтеді.

Аурудың тері түрі сатылай басталады. Әуеліде сырқаттың жалпы жағдайы бұзылмайды, терінің температурасы қалыпты. Теріде қышыма қызыл дақ пайда болады, ол тері деңгейіне көтеріліп, бөртіктенеді, кейіннен бөртік орнында лайлы қанды ірің толған күлдіреуік дамиды, біраз уақыттан кейін іріңді безеуге, артынша түйнемеге айналады. Процес өте жылдам өтеді, дақ пайда болған сәттен бастап іріңді безеу шыққанға дейін бірнеше сағат өтеді, ауыратын орындар ысиды және ауырады.

Жалпы уланудың белгілері бірінші тәуліктің аяғында немесе екінші күні пайда болады (дененің қызуы, дененің температурасы 39-40 градусқа, жалпы әлсіздік, қозғалуға қабілетсіз, жүрек лүпілдейді). Қызу 5-7 күннің бойында ұсталады және күрт түседі.

әдетте ісік болмайды, алайда сөл түйіндері үлкейіп ауырады. Түйнемелік «карбункулн» аймағының өзінде аурудың байқалмауы ортақ сипат.

Ет өнімдерін жеу арқылы жұққан түйнеменің ішектік түрінде жалпы улану байқалады, дене температурасы көтеріледі, құрсақ қуысының алдыңғы бөлігі ауырады, іш өтіп, құсық келеді. Құсық пен қара терде қан қоспасы болуы мүмкін. Іш қампаяды, пальпация кезінде сырқаушылық пайда болады, құрсақ тіркенісінің белгілері білінеді.

Түйнеменің өкпелік түрі кенеттен басталады, ауыр өтеді, тіпті емдеудің қазіргі әдістері де адамды құтқара алмайды.

Дененің температурасы 39-40 градусқа дейін және одан жоғары көтеріледі, дене қатты қалтырайды, аурудың жағдайы тез нашарлайды, улану белгілері қатты біліне бастайды. Жүрек соғысының жиілігі минутына 100-120 аралығында, күре тамыр қысымы күрт төмендейді. Демігу күшейіп, жөтелген кезде қанда көбікті қақырық шығады.

Өкпе тұсынан ошақтық құбылыс немесе өтпелі пневмониялық (өкпенің қабынуы) құбылыс байқалады, бүйрек пен көкбауыр ұлғаяды, бұған қанды іш өтумен сары ауру қосылады. Ауруды дер кезінде емдемесе, 2-4 күннен кейін қайтыс болады.

Емдеу. Емдеу үшін антибиотиктер, сондай-ақ арнайы түйнемеден қорғайтын имунноглобулин қолданылады, көбінесе 2-4 тәулік\бірлігі мөлшерінде пенициллин тағайындайды. Сондай-ақ тетрациклин, левомицитин, гентаицин пайдаланылады.Жұқпалы ауру ошаын анықтау мен жоюды ветеринарлық қызмет жүргізеді. Түйнеменің жұғу қаупіне ұшырк\ауы мүмкін адамдар (тері шикізаты мен жүнді ұқсату кәсіпорындарының, ет комбинаттарының қызметкерлері, ветеринарлар) «СТИ» вакцинасымен егәледі. Бір рет терілік әдіспен қолданылады, қайта вакциналау бір жылдан кейін. Ауруларды жеке палаталарға немесе бокстарға жатқызады, оларға арнайы жеке төсек-орын , ыдыс-аяқ , киім-кешек беріледі. Ағымдық дезинфекция жүргізіледі, қақырық, тері, сілекей зарарсыздандырылады, таңғыш материялды өртейді.

Түйнеменің өкпелік түріне шалдыққандарға қызмет көрсету кезінде респираторлар пайдаланылады. Аурулардың толық жақындасқан адамдарға екі апта бойында медициналық бақылау белгіленеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет