2.2Вирусты гепатит
Вирустық гепатит- жалпы уландыратын және негізінен бауырды зақымдайтын жұқпалы ауру.
«Вирустық» гепатит термині екі негізгі нозологиялық жеке түрді-А-вирустық гепатитын (жұқпалы гепатит) және В-вирустық гепатитын (сары су гепатиты) біріктіреді.
А вирусы ішек жұқпалысы, дәрет шығару жолдары арқылы сырқат адамның сау адамға өтеді.
В вирусы аурулардан сау адамдарға қан құю кезінде, жұқпалы ауру тараған кезде және жеткіліксіз зарарсыздандырылған ине мен аспаптарды пайдаланған хирургиялық емдеу кезінде беріледі.
Эпидемиялогия. Вирус гепатиты кезінде жұқпалы көзі ауру адам болып табылады. А вирусы гепатиты кезінде қоздырғыш қара тер арқылы бөлінеді. Вирустың нәжістегі шамалы көлемі инкубациялық мерзімнің аяғында және сары ауру таралатын мерзім бойында байқалады. Бұл уақытта аурулар төңіректегі адамдар үшін өте қауіпті. Сары аурудың пайда болуыменнәжістегі вирусты байқау өте қиын. Қанда А гепатиты вирусын аурудың алғашқы пайда болғанға дейін 2-10 күн ішінде байқауға болады.
В гепатитымен ауырғандарда вирус қанда жиналады. Вирус сары суда аурудың клиникалық белгілері пайда болғанға дейін (25-45 күн) байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |