Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!



бет5/23
Дата14.02.2018
өлшемі4,81 Mb.
#37661
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

﴿ وَمَا كَانَ لِمُؤْمِنٍ وَلا مُؤْمِنَةٍ إِذَا قَضَى اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَمْرًا أَن يَكُونَ لَهُمُ الْخِيَرَةُ مِنْ أَمْرِهِمْ وَمَن يَعْصِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَقَدْ ضَلَّ ضَلالا مُّبِينًا ﴾

«Аллаһ және Оның Елшісі қашан бір іске үкім берсе, мүмин ер және мүмин әйел үшін олардың істерінде ерікті болуларына болмайды. Сондай-ақ кім Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы келсе, сонда, рас, ашық адасқан болады» («әл-Әхзаб» сүресі, 36-аят).

Сондай-ақ (былай деп те):



﴿ فَلاَ وَرَبِّكَ لاَ يُؤْمِنُونَ حَتَّىَ يُحَكِّمُوكَ فِيمَا شَجَرَ بَيْنَهُمْ ثُمَّ لاَ يَجِدُواْ فِي أَنفُسِهِمْ حَرَجًا مِّمَّا قَضَيْتَ وَيُسَلِّمُواْ تَسْلِيمًا ﴾

«(Мухаммад,) Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би етіп, содан соң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай, толық бойсұнғанға дейін мүмин бола алмайды» («ән-Ниса» сүресі, 65-аят).

Әрі сондай-ақ:



﴿ وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ تَعَالَوْا إِلَى مَا أَنزَلَ اللَّهُ وَإِلَى الرَّسُولِ رَأَيْتَ الْمُنَافِقِينَ يَصُدُّونَ عَنكَ صُدُودًا ﴾

Ал қашан оларға: «Аллаһ түсіргенге және Елшіге келіңдер», - деп айтылса, екіжүзділердің сенен асыға бет бұратынын көресің(«ән-Ниса» сүресі, 61-аят).

‘Абдуллаһ ибн ‘Амрдан (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Ақиқатында, Аллаһ Өз құлдарынан білімді жай алып қою арқылы алып қоймайды, бірақ Ол білімді ғалымдарды алып кету арқылы алып қояды. Ал Ол бірде-бір ғалымды тірі қалдырмаған кезде, адамдар өздеріне білімсіз имамдарды сайлап алатын болады. Оларға сұрақтар қойылады, ал олар білімі болмастан пәтуа шығарады да, соның нәтижесінде өздері де (тура) жолдан адасады, өзгелерді де адастырады!» (әл-Бухари 100, Муслим 3/737).

‘Али (ибн Аби Талибтың) былай дегені жеткізіледі: «Егер дін ой-пікірлердің үстіне құрылғанда, масихты (аяқтың) астынан тарту оны (аяқтың) үстінен тартуға қарағанда абзалырақ болар еді» (Абу Дауд, 162).

Абу Хурайраның, Аллаһ оған разы болсын, сөздерінен бірде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хузайл тайпасының өзара төбелесіп қалған екі әйелдің ісі бойынша үкім шығарғаны туралы жеткізіледі. Олардың біреуі екіншісіне тас лақтырып, оның жүкті құрсағындағы баласын өлтіреді. Содан соң олар араларындағы дау-жанжалды шешу үшін Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүгінеді де, ол өлген (бала) үшін бір құл, не күңмен құн (дия) төлену керек деп шешеді. Сол кезде айып төлеуге тиісті болған әйелдің қараушысы: «Уа, Аллаһтың Елшісі, не үшін мен жемеген, ішпеген, сөйлемеген тіпті туылған кезінде айқайламаған біреу үшін айып төлеуім керек? Мұндай шешім жарамайды!», - деді. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мынау адам балгер сияқты ғой!», - деді (әл-Бухари, 5758; Муслим, 1681).

Ибн әл-Қаййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Уахиларға қарсы шығатындар (келесі) бес топпен көрініс табады:

Бірінші топ уахиларға өздерінің ақылдарын қарсы қояды, әрі ақыл-саналарын уахиға қарағанда жоғары қояды. Олар уахиды ұстанатын адамдарға: «Бізде ақыл бар, ал сендерде – жеткізілген нәрсе», - деп айтады.

Екінші топ уахиларға өздерінің пікірлері мен қиясты қарсы қояды. Олар хадистің жақтаушыларына: «Сендерде хадис бар, ал біздерде – пікірлер мен қияс бар», - дейді.

Үшінші топ уахиларға өздерінің (бұлжымас деп санайтын) қағидаларын және бейімділіктерін (қалауларын) қарсы қояды. Олар: «Сендерде шариғат бар, ал бізде – шынайы болмыс бар», - дейді.

Төртінші топ уахиларға саясатты қарсы қояды. Олар: «Сендер шариғаттың адамдарысыңдар, ал біз – саясаттың адамдарымыз», - дейді.

Бесінші топ уахиларға өздерінің негізсіз түсіндірмелерін (тауил) қарсы қояды. Олар: «Сендер – айқын мағынаның адамдарысыңдар, ал біз жасырын мағынаның адамдарымыз», - деп айтады.

Бірақ бұл топтардың барлығы іс жүзінде қандай да бір ережелерге сүйенбейді. Олар тек өздерінің көңіл қалауларына (әуестіктеріне, құмарлықтарына) ереді. Аллаһ Тағала былай деді: «Егер олар саған жауап бермесе, шын мәнінде олар өз көңілдері тартқан жаққа кеткенін біл» («әл-Қасас» сүресі, 50-аят). Сондай-ақ: «Олардың араларына Аллаһтың түсіргенімен үкім ет әрі олардың қалауларына ілеспе» («әл-Мәида» сүресі, 49-аят). Тек екі нәрсе ғана бар: не көңіл қалауларына (әуестіктерге, құмарлықтарға) еру, не уахиға еру. Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана» («ән-Нәжм» сүресі, 3-4 аяттар). Аллаһ Тағала адамдардың сөзін екі түрге бөлді: не өз ойынан сөйлеу, не уахиға сәйкес сөйлеу.

Егер осы топтардың барлығына жауап беретін болсақ, олар өзінің пұтына оралады да: «Ақылда уахиды қабылдамайтын бір нәрсе бар», - дейді. Екіншілері: «Пікірлер мен қияста хадис шеше алмайтын нәрселер бар», - деп айтады. Үшіншілері: «Қағидалар мен бейімділіктерде (талғамдарда) шариғат шеше алмайтын нәрселер қамтылған», - дейді. Төртіншілері: «Саясатта шариғат тыйым салған нәрсе бар», - дейді. Бесіншілері: «Жасырын мағыналар айқындарын теріске шығарады», - деп айтады.



Олардың айтатын бүкіл өтірігі, уахидан айырықша, қандай да бір критерийлерге сүйенбейді. Ақиқатында, уахи реттелген әрі өз-өзіне үйлесімді. Ол Дана және Білуші (Аллаһтан) біз оған сенуміз міндетті болған шыншылға (Пайғамбарға) келіп түсті” (Қз.: «әс-Сауа‘иқ әл-Мурсалә», 3/1051).

Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Кейбір білуші адамдар: «Әрбір нәпсіде Перғауынның нәпсісінде болған нәрселерден бір нәрсе бар, алайда Перғауын өз нәпсісінде болған нәрселердің барлығын сыртқа шығарды, ал басқалар мұны істеуге қабілетсіз, сондықтан да оны жасырады», - дейді. Егер адам өзінің нәпсісіне және басқа адамдардың нәпсілеріне назар салатын болса, олардан хабар тыңдайтын болса, онда адам нәпсісі оған (басқалардың) бағынғанын және ұлықтағанын қалайтынын көреді. Нәпсі ұлылықтыққа, мүмкіндігінше басқалардың үстінен жетекшілік жасауды жүргізуге деген сүйіспеншілікке толы. Сіз адамдардың кейбіреулері өздерінің көңіл қалауына сәйкес келетін біреуге жақсы қарым-қатынас жасайтынын көресіз. Әрі, керісінше, олар көңіл қалауларына қайшы келетіндермен қастасып жатады. Олардың құлшылық жасайтын объектілері құмарлықтары қалайтын нәрселері болып табылады. Аллаһ Тағала былай деді: «Көңіл қалауын (әуестігін) құдай етіп алғанды (құмарлығының құлы болғанды) көрдің бе? Сонда сен оларға кепіл боласың ба?» («әл-Фурқан» сүресі, 53-аят). Кім олардың әустіктеріне сәйкес келсе, сол тіпті көпқұдайшыл-мүшрик болса да, олардың досы болады. Ал кім олардың әуестіктеріне қарсы келсе, сол тіпті Аллаһтың жақын құлы (уәлиі) болса да, (олар үшін) дұшпан болады. Бұл – Перғауынның сипаты. Бұл адамдар барынша (басқа) адамдарды өздерінің бұйрығына бағындырғысы келеді, бірақ олар Перғауында болған мүмкіндікке ие емес. Ол ашық түрде өзін құдаймын деп жариялай алатын және Жаратушыны мойындамай алатын. Ал бұл адамдар Жаратушының бар екенін мойындағанымен, бірақ оларды Жаратушыға құлшылық етуге, яғни олардың өздеріне мойынсұнуды тастауға шақыратын біреу келсе, олар бұл адаммен Перғауын Мусамен қастасқандай етіп қастаса бастайды.

Шамалы болса да ақыл мен иманға ие болған көп адамдар мұндай дәрежеге дейін жетпейді. Бірақ олар өздері үшін өздерінің шеңберіндегі нәрселерді талап етеді. Олар өздеріне өз мақсаттарында мойынсұнуды талап етеді, тіпті бұл мойынсұну Аллаһ Тағалаға деген мойынсұнбаушылықты қамтитын болса да. Әрі осының нәтижесінде кім оған оның әуестігінде бағынса, сол ол үшін оның әуестіктеріне қайшы келіп, Аллаһқа бағынатын адамнан да сүйіктірек және қымбаттырақ болады. Бұл Перғауын болған кейіптің (жағдайдың) бір көрінісі.

Тіпті мұндай адам шейх болса да, қандай да бір ғалым болса да, оған өзін ұлықтайтын адамдар ұнайды. Ал егер біреу басқаны ұлықтап жатса, онда тіпті олардың екеуі де Құранды ұлықтап, бірдей құлшылықтар жасайтын болса да, ол әлгі адам үшін сүйікті емес болады. Бұған қоса, адам тіпті өзі сияқты біреуді және оның ізбасарларын көре алмаушылық себебінен жек көруі де мүмкін. (Мысалы,) яһудилер Мухаммадты (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), ол Мусаның (оған Аллаһтың сәлемі болсын) шақырған нәрсесіне шақырған болса да, жек көргендеріндей. Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Қашан оларға: «Аллаһ түсірген (Құранға) иман келтіріңдер», - деп айтылса, олар: «Өзімізге түсірілгенге, иман келтіреміз», - деп жауап береді. Олар кейіннен келген (Құранды), ол олардағы (Таураттың) шындығын растайтын ақиқат болса да, қабылдамайды» («әл-Бақара» сүресі, 91-аят). Сондай-ақ Ол: «Дегенмен, өздеріне Кітап берілгендер оларға ашық дәлел келгеннен кейін ғана бөлінді» («әл-Бәйина» сүресі, 4-аят), - деді. (Ол) сондай-ақ (былай деді): «Олар өздеріне білім келгеннен кейін ғана араларындагы көре алмастықтың салдарынан бөлінді» («әш-Шура» сүресі, 14-аят). Сондықтан да Аллаһ Тағала яһудилер туралы хабарлағанда, Перғауын туралы хабарларда келетін сөздерді қолданады. Аллаһ Тағала Перғауын туралы былай деп айтады: «Рас, Перғауын жер бетінде тәккапарланып, оның тұрғындарын топтарға бөлді. Олардың бір тобының ұлдарын өлтіріп және әйелдерін тірі қалдырып, әлсіз етті. Ақиқатында, ол бұзақылық таратушылардан еді» («әл-Қасас» сүресі, 4-аят). Аллаһ Тағала яһудилер туралы былай дейді: «Кітапта Исраил ұлдарына: «Әрине, жер жүзінде екі рет бұзғықшылық қылып, өте тәкаппарланасыңдар», - деп ескерттік» («әл-Исра» сүресі, 4-аят). Әрі сондықтан да Аллаһ Тағала: «Сол Ақырет мекенін Біз жер бетінде тәккапарлануды және бұзақылық таратуды қаламайтындар үшін нәсіп етеміз» («әл-Қасас» сүресі, 83-аят), - деді. Аллаһ Тағала құлдарын тек Өзіне құлшылық етулері үшін ғана, олар Оны зікір етіп және Оған шүкір етулері үшін жаратты. Ол құлдары Жалғыз Өзіне ғана құлшылық етіп, дін түгелдей Аллаһқа тиісті болуы үшін, Оның Сөзі басқа сөздердің барлығынан жоғары болуы үшін елшілерді жіберді және Кітаптарды түсірді. Ол барлық елшілерді дәл осымен жіберді. Аллаһ Тағала былай деп айтады: «(Мухаммад,) сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек, оған: «Күдіксіз, Менен басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ. Ендеше, Маған ғана құлшылық етіңдер», - деп қана уахи етіп, жібердік» («әл-Әнбийя» сүресі, 25-аят). Ол сондай-ақ былай деп айтты: «Сенен бұрын жіберген елшілерімізден сұра: әр-Рахманнан өзге қүлшылық қылатын құдайлар жасадық па?» («әз-Зухруф» сүресі, 45-аят). Аллаһ Тағала Өзінің барлық пайғамбарларына жікке бөлінбей дәл осыған шақыруды бұйырды. Ол былай деді: «Ақиқатында, сендердің бұл діндерің – біртұтас дін. Ал Мен – Рабылларың. Ендеше, маған ғана құлшылық етіңдер!» («әл-Әнбийя» сүресі, 92-аят). Ол сондай-ақ былай деді: «Әй, елшілер! Таза нәрселерден жеңдер және игілік істеңдер. Расында, не істегендеріңді жақсы білемін. Рас, діндерің – бір-ақ дін, ал Мен – Раббыларың. Ендеше, Менен қорқыңдар! Алайда олар діндерін бөлшектеп тастады, әрі әр секта өзінде бар нәрсеге қуанады» («әл-Мүминун» сүресі, 51-53 аяттар). Қатада осы аятты тәпсірлеп, былай деді: «Діндерің – бір-ақ дін, Раббыларың – бір-ақ Раббы! Бірақ шариғаттарың әртүрлі». Осы сияқты (түсіндірме) Ибн ‘Аббастан, Са‘ид ибн Жубайрдан, Қатададан, ‘Абду-р-Рахман ибн Зәйдтен тағы да басқалардан жеткізілген. Әл-Хасан (әл-Басри) былай деді: «Аллаһ Тағала елшілерге неден қорқу және не істеу керек екендігін түсіндіріп берді де, кейін оларға: «Сендердің бұл жолдарың – біртұтас жол», - деді” (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 8/219).

Шейх Салих ибн Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деді:

─ Бұл ереже мұсылман адам Құран мен Сүннеттен келген дәлелге мойынсұнуы міндетті екеніне қатысты. Ол өзінің ақылын дәлелден жоғары қоймауға тиісті. Аллаһ Тағала былай деп айтады:

﴿ فَلاَ وَرَبِّكَ لاَ يُؤْمِنُونَ حَتَّىَ يُحَكِّمُوكَ فِيمَا شَجَرَ بَيْنَهُمْ ثُمَّ لاَ يَجِدُواْ فِي أَنفُسِهِمْ حَرَجًا مِّمَّا قَضَيْتَ وَيُسَلِّمُواْ تَسْلِيمًا ﴾

«(Мухаммад) Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би етіп, содан соң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай толық бойсұнғанға дейін мүмин бола алмайды” («ән-Ниса» сүресі, 65-аят).

Аллаһ Тағала мен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан нәрселеріне міндетті түрде мойынсұну қажет (уәжіп). Міне, иман дегеніміз – осы! Бұл – Исламның мәні! Өйткені Ислам – бұл таухид арқылы Аллаһқа берілу, мойынсұну арқылы Оған бағыну және ширк пен мүшриктерден бас тарту.

Сондықтан да Аллаһ Тағала мен Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқандарына міндетті түрде бағыну керек. Аллаһ Тағала бұл туралы былай деді:



﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لا تُقَدِّمُوا بَيْنَ يَدَيِ اللَّهِ وَرَسُولِهِ وَاتَّقُوا اللَّهَ إِنَّ اللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمٌ ﴾

«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан әрі Елшісінен ілгері кетпеңдер. Және Аллаһтан қорқыңдар. Шүбәсіз, Аллаһ Аса Естуші, Толық Білуші» («әл-Хужурат» сүресі, 1-аят).

Мұсылман адам Аллаһ Тағаланың бұйрықтары мен тыйымдарына өз ақылын қарсы қоймастан бағынады. Ол: «Бұл хадис ақылға қайшы келеді», - деп айтпауы керек. Ол пәлсапа мен логика ережелерін шариғат мәтіндерінен жоғары қоймауы қажет, мұны му‘тазилилер мен солар сияқтылар істегендеріндей. Мұсылман адам еш нәрсені ешқашан Құран мен Сүннеттен жоғары қоймайды. Егер мұсылманға Құран мен Сүннеттен қандай да бір мәтін жетсе, ол мәтін не нәрсеге қатысты болса да, ол міндетті түрде оған бағынады. Ол, мұны му`тәзилилерден болған бидғатшылар мен олардың ізбасарлары, сондай-ақ біздің заманымыздың кейбір ойшылдары істегендеріндей, өзінің ақылын шариғи мәтіннен жоғары қоймауға тиіс. Олар тіпті имам әл-Бухаридің сахих жинағындағы сенімді хабарларды қабылдамайды. Өйткені, олардың айтуынша, сол хабарлар ақылға қайшы келеді. Бұл өте үлкен бүлік! Бұл – екіжүзділерің жолы! Бұл – (тура жолдан) тайғандардың жолы! Олар – өздерінің ақылдарын, ойларын және көңіл қалауларын Аллаһтың Кітабынан және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінен биік қоюшылар. Аллаһ Тағала былай деп айтады:



﴿ وَإِذَا دُعُوا إِلَى اللَّهِ وَرَسُولِهِ لِيَحْكُمَ بَيْنَهُمْ إِذَا فَرِيقٌ مِّنْهُم مُّعْرِضُونَ (48) وَإِن يَكُن لَّهُمُ الْحَقُّ يَأْتُوا إِلَيْهِ مُذْعِنِينَ (49) أَفِي قُلُوبِهِم مَّرَضٌ أَمِ ارْتَابُوا أَمْ يَخَافُونَ أَن يَحِيفَ اللَّهُ عَلَيْهِمْ وَرَسُولُهُ بَلْ أُوْلَئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ (50) إِنَّمَا كَانَ قَوْلَ الْمُؤْمِنِينَ إِذَا دُعُوا إِلَى اللَّهِ وَرَسُولِهِ لِيَحْكُمَ بَيْنَهُمْ أَن يَقُولُوا سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا وَأُولَئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ ﴾

Қашан олар, араларына үкім беру үшін, Аллаһқа және Оның Елшісіне шақырылса, сол уақытта олардың бір бөлігі бас тартады. Егер олардікі дұрыс болғанда, олар бойсұнған түрде келер еді. Олардың жүректерінде дерті бар ма? Немесе күдіктенуде ме? Не өздеріне Аллаһ пен Оның Елшісі әділетсіздік істейді деп қорқады ма? Олай емес. Олардың өздері залым. Шын мәнінде, мүміндер, араларына үкім беру үшін, Аллаһ пен Оның Елшісіне шақырылғанда, олардың сөздері: «Естідік және бойсұндық», - деу болады. Дәл солар құтылушылар” («ән-Нур» сүресі, 48-51 аяттар).

Бұл мүмин мен екіжүздінің арасындағы айырмашылық. Екіжүзді (мунафиқ) — бұл сырттай өзінің иманы туралы мәлімдейтін адам, алайда іштей (жүрегінде) ол иман келтірмейді. Дәл сондықтан да ол Аллаһ Тағала мен Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрықтарына мойынсұнбайды. Ал мүмин Аллаһқа сырттай да, іштей де мойынсұнады. Сондықтан да мұсылман адам Аллаһ Тағаланың және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздеріне бағынуға міндетті (уәжіп). Аллаһ Тағала былай деді:

﴿ وَمَا كَانَ لِمُؤْمِنٍ وَلا مُؤْمِنَةٍ إِذَا قَضَى اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَمْرًا أَن يَكُونَ لَهُمُ الْخِيَرَةُ مِنْ أَمْرِهِمْ وَمَن يَعْصِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَقَدْ ضَلَّ ضَلالا مُّبِينًا ﴾

«Аллаһ және Оның Елшісі қашан бір іске үкім берсе, мүмин ер және мүмин әйел үшін олардың істерінде ерікті болуларына болмайды. Сондай-ақ кім Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы келсе, сонда, рас, ашық адасқан болады» («әл-Әхзаб» сүресі, 36-аят).

Сондықтан да ‘Умар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: «Әй, адамдар! Діндегі пікірлерден сақ болыңдар! Худайбийя бітіміне қол қойылған күні мен өз пікіріме ілесіп, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығын тәрк еткенім есімде» (әл-Бәззар өзінің «Муснадында» келтіреді, 148). Сахабаларға сол бір сәтті бастарынан өткізу өте ауыр болды. Олар сол бейбіт келісім-шартты көрген кездерінде ол оларға мұсылмандар үшін қорлық болып көрінді. Олар (онда тек) үйге қайту керек екендігін, умра жасаудан бас тарту керек екендігін көрді. Оларға бұл келісім-шарт кәпірлердің жеңіске жетуін білдіретіндей болып көрінді. Ал іс жүзінде іс барысы мүлде керісінше еді. Бұл келісім-шарт мұсылмандар үшін жеңіс пен ұлылық, ал кәпірлер үшін қорлық болды. Ол мұсылмандар үшін керемет жемістер алып келді. Аллаһ Тағала оны «жеңіс» (фатх) деп атап, былай деді:



﴿ إِنَّا فَتَحْنَا لَكَ فَتْحًا مُّبِينًا ﴾

«Расында, Біз саған айқын жеңіс сыйладық» («әл-Фатх» сүресі, 1-аят).

Бұл келісім-шарт Меккенің алынуының алғышарты болды. Келісім-шарт Пайғамбар мен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшылдар арасында соғыстың тоқтатылуына және адамдар тыныш қойылуына қатысты жасалған еді.

‘Умар (Аллаһ оған разы болсын) осы келісім-шарттың жемістерін көрген кезінде, Худайбийя күні айтқандарына өте қатты өкінді. Ал Абу Бакрге (Аллаһ оған разы болсын) келер болсақ, ол сол күні Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мойынсұнды да, қарсы пікір айтпады. Бұған қоса, ол ашуға салынған сахабаларға: «ОлАллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)! Оның айтқанынан ұстаныңдар!», - деумен басу айтып жатты.

Сондай-ақ бізде ‘Али ибн Аби Талибтың (Аллаһ оған разы болсын) келесідей сөздері де бар: «Егер дін ой-пікірлердің үстіне құрылғанда масихты (аяқтың) астынан тарту оны (аяқтың) үстінен тартуға қарағанда абзалырақ болар еді» (Абу Дауд, 162).

Ешқандай керісусіз мойынсұну керек! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) масихты аяқтың үстінен жасайтын әрі біз де (осыда) оған ілесеміз. Өз көңіл қалауларыңа ілесіп: «Жоқ, аяқтың астынан масих жасау жақсырақ, өйткені аяқтың дәл астынғы бөлігі жерге тиеді әрі кір де сонда болуы мүмкін, ал шұлықтың (мәсінің) үсті онсыз да таза ғой», - деп айтпауымыз керек. Жоқ! Бұл – Аллаһ Тағаланың және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығы. Аллаһ Тағала бұл жөнінде жақсырақ біледі. Біздің мойнымызға осыған бағыну және осы мәселеге жеке пікірлерімізбен кірмеу міндеті жүктелген. Аллаһ Тағала былай деді:

﴿ فَإِن لَّمْ يَسْتَجِيبُوا لَكَ فَاعْلَمْ أَنَّمَا يَتَّبِعُونَ أَهْوَاءهُمْ وَمَنْ أَضَلُّ مِمَّنِ اتَّبَعَ هَوَاهُ بِغَيْرِ هُدًى مِّنَ اللَّهِ إِنَّ اللَّهَ لا يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ ﴾

«Егер олар саған жауап бермесе, шын мәнінде олар өз көңілдері тартқан жаққа кеткенін біл. Аллаһтан бір жол-жорықсыз өз көңілдері ауған жаққа ілескеннен ары адасқан кім бар? Әрине, Аллаһ залым елді тура жолға салмайды» («әл-Қасас» сүресі, 50-аят).

Егер сахих (шариғи) мәтін бар болса, біз оған мойынсұнуымыз қажет, тіпті ол әлдебір адамның ақылына немесе ойына қайшы келсе де. Шариғи мәтіндер қателіктерден қорғалған! Олар – Аллаһ Тағаладан түскен ақиқат. Ал ақыл мен ой-пікірлерге келер болсақ, олар толыққанды жетік (кәміл) емес. Қаншама адамдар белгілі пікірлерді ақиқат санап айтып, ал бірнеше сағаттан кейін қателескендерін түсініп жатады! Біз бұны тіпті өзімізден де байқаймыз. Біз белгілі бір нәрсені дұрыс деп санауымыз, ал бірнеше минуттан соң ол қате екенін түсінуіміз мүмкін. Олар (шариғи мәтіндер) бұлжымайтын ақиқат болып табылады, өйткені Аса Дана, Өте Мақтаулы (Аллаһтан) түскен. (Аллаһ) Тағала былай деді:



﴿ لا يَأْتِيهِ الْبَاطِلُ مِن بَيْنِ يَدَيْهِ وَلا مِنْ خَلْفِهِ تَنزِيلٌ مِّنْ حَكِيمٍ حَمِيدٍ ﴾

«Оның алдынан да, артынан да бос сөз келмейді (араласпайды). Аса Дана, Өте Мақтаулы (Аллаһ) тарапынан түсірілген» («Фуссыләт» сүресі, 42-аят) (шейх әл-Фаузанның сөздерінің соңы).

Мен шейх Салих ибн Фаузаннан: «Құрметті шейх, кейбір адамдардың қалың бұқара халықты саясатқа тартуы шариғи мәнһаж болып табылады ма?», - деп сұрадым.



(Шейх Салих ибн Фаузан былай деп жауап берді): Му`тәзилилердің негіздеріне жақсылыққа шақыру және жамандықтан тыю жатады. Бірақ осының астарында олар билеушілерге (әмірлерге) қарсы шығуды (көтерілуді) меңзейді. Ал іс жүзінде бұл жақсылыққа шақыру болып табылмайды! Бұл – өздігінен айыпталатын нәрсе. Әмірге қарсы шығу Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырған нәрсесіне қайшы келеді. Ол кәпір болып табылмайтын әмірлерге қарсы шығуға тыйым салды. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға құлақ асуды және мойынсұнуды бұйырды. Ол билік иелерін, олар тіпті күнәхар болса да, тіпті егер бұзақы болса да, тіпті егер надан болса да, олар кәпір болмайынша құрметтеуді бұйырды. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «...егер сендер олардың тарапынан айқын күпірлікті көрмесеңдер ғана», - деді (әл-Бухари, 7055; Муслим, 1840). Сондықтан да му`тәзилилердің бұл ұстанымы шариғатқа қайшы келеді әрі айыпты болып табылады! (шейх әл-Фаузанның сөздерінің соңы).

Тоғызыншы ереже:
«Мұсылмандардың жеңісі, ұлылығы және жағдайының жақсы болуы екі нәрсеге тәуелді: пайдалы білімге және ізгі-салиқалы амалға»
Аллаһ Тағала былай деді:

﴿ هُوَ الَّذِي أَرْسَلَ رَسُولَهُ بِالْهُدَى وَدِينِ الْحَقِّ لِيُظْهِرَهُ عَلَى الدِّينِ كُلِّهِ وَلَوْ كَرِهَ الْمُشْرِكُونَ ﴾

«Ол Елшісін туралық және хақ дінмен оны бүкіл діндерден үстем болсын деп жіберген. Егер мүшриктер мұны жек көрсе де» («әт-Тәуба» сүресі, 33-аят).

(Ол) сондай-ақ былай деп айтты:



﴿ وَمَا كَانَ الْمُؤْمِنُونَ لِيَنفِرُواْ كَافَّةً فَلَوْلاَ نَفَرَ مِن كُلِّ فِرْقَةٍ مِّنْهُمْ طَائِفَةٌ لِّيَتَفَقَّهُواْ فِي الدِّينِ وَلِيُنذِرُواْ قَوْمَهُمْ إِذَا رَجَعُواْ إِلَيْهِمْ لَعَلَّهُمْ يَحْذَرُونَ ﴾

«Мүминдер біртұтас жауға аттанбаулары керек. Дін ғылымын үйреніп, адамдарға қайтып келгенде оларды насихаттау үшін, әр топтан бір-бір отрядтан неге жібермеске? Бәлкім олар сақсынар» («әт-Тәуба» сүресі, 122-аят).

Абу Мусадан (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаһ мені адамдарға жіберген басшылық пен білім жерге жауған нөсер жаңбыр сияқты. Бұл жердің бір бөлігі шұрайлы еді де, өзіне суды сіңіріп алды, әрі онда көптеген әртүрлі өсімдіктер мен шөптер өсіп шықты. Оның басқа бір бөлігі қатты еді әрі өзінің бетінде суды ұстап қалды да, Аллаһ оны адамдарға пайдалы етіп, олар оны ішуге, малын және жерін суғаруға пайдаланды. Жаңбыр сондай-ақ жердің тегістік болған бөлігіне де түсті; ол суды ұстап та қалмады әрі оған еш нәрсе де өспеді. Жердің осы бөліктері Аллаһтың дінін біліп игерген, Аллаһ мені жіберген нәрседен пайда алған, өздері білім алып, оны басқаларға да үлестірген, әрі сондай-ақ осыған өзі де жүгінбеген және мен сонымен адамдарға жіберілген Аллаһтың басшылығын қабылдамаған адамдар сияқты» (әл-Бухари, 79; Муслим, 2282).



‘Абдуллаһ ибн ‘Амрдан (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Ақиқатында, Аллаһ Өз құлдарынан білімді жай алып кету арқылы алып қоймайды, бірақ Ол білімді ғалымдарды алып кету арқылы алып қояды. Ал Ол бірде-бір ғалымды тірі қалдырмаған кезде, адамдар өздеріне білімсіз имамдарды (басшыларды) сайлап алатын болады. Оларға сұрақтар қойылады, ал олар білімі болмастан пәтуа шығарады да, соның нәтижесінде өздері де (тура) жолдан адасады, өзгелерді де адастырады!» (әл-Бухари 100, Муслим 3/737).

Зийад ибн Ләбидтен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір нәрсе туралы баяндап, кейіннен: «Бұл (нәрселер) білім кеткен кезде орын алады», - дегені жеткізіледі. (Сонда) Зийад ибн Ләбид: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Білім қалай кетпек, өйткені біз Құранды оқимыз, оған балаларымызды үйретеміз, ал біздің балаларымыз оны өз балаларына үйретеді әрі Ақыретке дейін осылай болады ғой?!», - деп сұрады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Анаң сенен айырылып қалсын, әй, Зийад! Мен сені Мединадағы ең түсінуші адамдардың бірі деп санаушы едім. Мына яһудилер мен христиандар Таурат пен Інжілді олардың ішіндегісінің ешқайсысын орындамастан оқымайды ма?», - деп жауап берді (Ахмад, 4/160; Ибн Мәжаһ, 4048).

Сондай-ақ ‘Ади ибн Хатимнен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Яһудилер Аллаһтың ызасының астында, ал христиандар – адасқандар», - деп айтқаны жеткізіледі (Ахмад, 4/378; әт-Тирмизи, 2954; Қз.: «Силсилә әс-Сахиха», 3263).

Ибн Мәс‘уд былай деп айтатын: «Сендерге қандай жаңа бір заман келмесін, ол міндетті түрде алдыңғысынан жаман болады. Мен өзге билеушіден (әмірден) жақсырақ билеушіні (әмірді), немесе басқа жылға қарағанда астығы молырақ болған жылды меңзеп тұрған жоқпын, алайда мен ғалымдарың мен фақиһтарыңның кететінін, ал сендер оларды ауыстыратын ешкімді таба алмайтындарыңды меңзеп тұрмын. Ал содан соң діни мәселелер бойынша өз пікірінің негізінде пәтуа шығаратын адамдар келеді» (әд-Дарими, 188).

Шейх Салих ибн Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деді:

─ Бұл ереже бізге үмметтің жағдайының жақсы болуы әрі оның бақытты (өмір сүруі) міндетті түрде екі нәрсеге, яғни пайдалы білім мен ізгі амалға тәуелді екеніне нұсқайды.

Аллаһ Тағала Мухаммад Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы екі нәрсемен жіберді. Аллаһ Тағала былай деді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет