Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!



бет1/23
Дата14.02.2018
өлшемі4,81 Mb.
#37661
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

اللإصباح

في بيان منهج السلف في التربية و الإصلاح

Мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының тәрбие мен түзету мәселесіндегі мәнһажының айқын түсіндірмесі
عبد الله بن صالح العبيلان

Жазған ‘АбдуЛлаһ ибн Салих әл-‘Убайлән

Құрметті шейх Салих ибн Фаузан ибн ’АбдиЛләһ әл-Фаузанның ескертпелерімен

Араб тілінен орыс тіліне аударған Арсен Абу Яхья

Бірінші қазақша басылым

Қазақ тіліне орыс тілінен аударған

«Абу Ханифа мирасы»

сайтының редакциясы

1435 ж.
Шейх Салих ибн Фаузан әл-Фаузанның кіріспесі
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын. Ал содан соң:

Мен «Мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының тәрбие мен түзету мәселесіндегі мәнһажының айқын түсіндірмесі» атты жолдауды қарап шықтым. Оның авторы шейх ‘АбдулЛлаһ ибн Салих әл-‘Убайлән болып табылады. Мен бұл кітапты Құранға, Сүннетке және білім иелерінің сөздеріне негізделген өте құнды әрі пайдалы жолдау деп таптым. Мен бұл жолдауға дағуат жасайтындар, ұстаздық ететіндер әрі жалпы барлық мұсылмандар мұқтаж деп есептеймін. Аллаһ оған игілігімен қайырсын және оның жазған (еңбегін) пайдалы етсін.



Шейх ‘АбдуЛлаһ ибн Салих әл-‘Убайләннің алғысөзі

Ақиқатында, барлық мақтау біз мадақтайтын және көмек тілейтін Аллаһқа ғана лайық! Біз Одан ғана көмек пен кешірім тілейміз! Оған ғана өз нәпсіміз бен жаман істеріміздің кесірінен пана сұрап сиынамыз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Ол тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Мен серігі жоқ жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екеніне куәлік беремін және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі елшісі екеніне куәлік етемін.



﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ اتَّقُواْ اللَّهَ حَقَّ تُقَاتِهِ وَلاَ تَمُوتُنَّ إِلاَّ وَأَنتُم مُّسْلِمُونَ

«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан шынайы қорқумен қорқыңдар да, мұсылман болған күйде ғана өліңдер!» («Әли-Имран» сүресі, 102-аят).

﴿ يَا أَيُّهَا النَّاسُ اتَّقُواْ رَبَّكُمُ الَّذِي خَلَقَكُم مِّن نَّفْسٍ وَاحِدَةٍ وَخَلَقَ مِنْهَا زَوْجَهَا وَبَثَّ مِنْهُمَا رِجَالاً كَثِيرًا وَنِسَاء وَاتَّقُواْ اللَّهَ الَّذِي تَسَاءَلُونَ بِهِ وَالأَرْحَامَ إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلَيْكُمْ رَقِيبًا ﴾

«Әй, адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Соның есімі арқылы бір-біріңнен сұрайтын Аллаһтан қорқыңдар және туыстық байланысты үзуден қорқыңдар. Шәксіз, Аллаһ сендерді бақылаушы» («ән-Ниса» сүресі, 1-аят).

﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَقُولُوا قَوْلا سَدِيدًا (70) يُصْلِحْ لَكُمْ أَعْمَالَكُمْ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ وَمَن يُطِعْ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَقَدْ فَازَ فَوْزًا عَظِيمًا ﴾

«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар да, дұрыс сөз сөйлеңдер. Аллаһ істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаһқа, Елшісіне бойұсынса, әрине, сол ұлы табысқа қол жеткізіп қойды» («әл-Әхзаб» сүресі, 70-71 аяттар).

Ақиқатында, ең шыншыл сөздер – бұл Аллаһтың Кітабы, ал ең жақсы басшылық – бұл Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басшылығы. Ал ең жаман амалдар – бұл дінге енгізілген жаңалықтар, әрбір дінге енгізілген жаңалық – бұл бидғат, әрбір бидғат – бұл адасушылық, ал әрбір адасушылық Отта.

Ал содан соң:

Ғалымдарға өзгелерді оқытуда және өздері ғылымды зерттеуде Аллаһ Тағаланың әмірлерін ұстану міндеті жүктелген. Аллаһ Тағала бұл туралы былай деп айтқан:



﴿ مَا كَانَ لِبَشَرٍ أَن يُؤْتِيَهُ اللَّهُ الْكِتَابَ وَالْحُكْمَ وَالنُّبُوَّةَ ثُمَّ يَقُولَ لِلنَّاسِ كُونُواْ عِبَادًا لِّي مِن دُونِ اللَّهِ وَلَكِن كُونُواْ رَبَّانِيِّينَ بِمَا كُنتُمْ تُعَلِّمُونَ الْكِتَابَ وَبِمَا كُنتُمْ تَدْرُسُونَ

«Аллаһ адамға Кітап, даналық және пайғамбарлық берген болса, ол басқа адамдарға: «Аллаһты қойып, маған құл болыңдар», - деуі лайық емес. Керісінше, рухани ұстаз болыңдар, өйткені сендер Кітапты оқытып-үйретесіңдер және оны біліп-үйренесіңдер» («Әли-Имран» сүресі, 79-аят).

Бұл аятта Аллаһ Тағала Аллаһқа шақырушылардан не нәрселер талап етілетіні туралы хабарлайды. Аллаһқа шақырғанда олар шариғат пен мәнһаждың таза болуына алаңдап қам жеуі қажет. Олар Аллаһ туралы тек шындықты айтулары керек. Олар ақиқатты өтірікпен қаптайтын, сол ақиқатты жасыратын және оны бұрмалаған яһудилерден болған ғалымдардың жолынан сақтандыруға тиіс. Аллаһ Тағала былай деген:



﴿ وَمِمَّنْ خَلَقْنَا أُمَّةٌ يَهْدُونَ بِالْحَقِّ وَبِهِ يَعْدِلُونَ ﴾

«Біздің жаратылыстарымыздың ішінде туралыққа бастап, шындық арқылы әділетті атқаратын бір топ бар» («әл-Әғраф» сүресі, 181-аят).

Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Менің үмметімнің ішінде барлық кезде Аллаһтың әмірлерін ұстанатын бір топ болуын тоқтатпайды» (Муслим, 1037). Ал имам әл-Бухари «әл-И‘тисам би-л-Китаб уә-с-Сунна» кітабында: «Бұл – білім иелері», - деген.

Имам әз-Зухри былай деген: «Біздің ғалымдарымыз: "Сүннеттен мығым ұстануда құтылу бар", - деп айтатын». Ал имам Малик: «Суннет – бұл Нұхтың кемесі! Кім осы кемеге мінсе - құтылды, ал кім мінбесе – батып кетеді».

Өйткені Сүннет, шариғат, мәнһаж, міне, осы - пенделерді Аллаһқа жақындауға көмектесетін тура жол, ал Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы жолдағы жол көрсететін жетекші болып табылады. Аллаһ Тағала бұл туралы былай деп айтқанындай:



﴿ يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ إِنَّا أَرْسَلْنَاكَ شَاهِدًا وَمُبَشِّرًا وَنَذِيرًا (45) وَدَاعِيًا إِلَى اللَّهِ بِإِذْنِهِ وَسِرَاجًا مُّنِيرًا ﴾

«Әй, Пайғамбар! Сөз жоқ, сені бір куә, қуантушы әрі ескертуші етіп жібердік. Аллаһ жаққа Оның нұсқауымен шақырушы бір нұрлы шырақ түрінде жібердік» («әл-Әхзаб» сүресі, 45-46 аяттар).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:



﴿ وَأَنَّ هَذَا صِرَاطِي مُسْتَقِيمًا فَاتَّبِعُوهُ وَلاَ تَتَّبِعُواْ السُّبُلَ فَتَفَرَّقَ بِكُمْ عَن سَبِيلِهِ ذَلِكُمْ وَصَّاكُم بِهِ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ ﴾

«Күдіксіз, Менің тура жолым осы. Енді соған еріңдер. Басқа жолдарға түспеңдер, өйткені олар сендерді Аллаһтың жолынан тайдырады» («әл-Әнғам» сүресі, 153-аят).

Білім иелері көптеген ғасырлар бойы еңбектер жазатын әрі оларды «әс-Сунна», «әл-И‘тисам би-л-Китаб уә-с-Сунна» («Құран мен Сүннеттен мығым ұстану») деп атайтын, немесе олар салиқалы алдынғы ұрпақтың (мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының) мәнһажы туралы тарауларды өздерінің хадис кітаптарына енгізетін. Бұл тарауларда олар мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарына қайшы келгендердің жалған сенімдерін теріске шығаратын.

Біз де солардың өнегесіне ілесіп, осы жолдауды жазуды ұйғардық, әрі оған һижраның 1413 жылы кірістік. Он шақты тарау жазған соң, мен оларды құрметті шейх Салих ибн Фаузан әл-Фаузанға оқып бердім. Ол оларды тыңдап болып, өзінің ескертпелерін ұсынды. Олар үш таспаға жазып алынды. Содан кейін Аллаһ маған мұны жеңілдетіп, мен осы еңбекті аяқтадым, ал оның тарауларының саны елу төртке жетті. Мен бұл еңбекті шейх Салих әл-Фаузанға, Аллаһ оған есендік берсін, жібердім, ал ол оны тексеріп шығып, маған не нәрселерді алып тастау және не нәрселерді қосу керектігін айтты. Мен ол нұсқаған нәрселерді алып тастадым және жетіспейтін нәрселерді қостым, әрі Аллаһ оған осы үшін ең жақсы сый-сауаптар берсін!

Мен Аллаһ Тағаладан осы еңбекті қабыл етуін және оны сақталып қалатын амалдардан етуін, әрі осы еңбек арқылы пайда келтіруін сұраймын!


Бірінші ереже:

«Дін екі ұлы негіздің үстіне құрылады: ықылас және Елшіге (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесу»

Біріншіден, ықылас (الإخلاص), бұл туралы Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай:



﴿ وَمَنْ أَحْسَنُ دِينًا مِّمَّنْ أَسْلَمَ وَجْهَهُ لِلَّه وَهُوَ مُحْسِنٌ ﴾

«Жақсылық істеуші болған күйінде, жүзін Аллаһқа бағындырғанның дінінен кімнің діні жақсырақ болмақ?!» («ән-Ниса» сүресі,125-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деді):



﴿ وَمَا أُمِرُوا إِلاَّ لِيَعْبُدُوا اللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ حُنَفَاء ﴾

«Олар тек Аллаһқа бар ықыласымен тура жолды ұстанған (ханиф) күйде құлшылық етуге бұйырылды» («әл-Бәйина» сүресі, 5-аят).

Және сондай-ақ:



﴿ قُلْ إِنِّي أُمِرْتُ أَنْ أَعْبُدَ اللَّهَ مُخْلِصًا لَّهُ الدِّينَ ﴾

«“Расында, мен Аллаһқа ықыласты түрде құлшылық етуге бұйрылдым”, – де!» («әз-Зумәр» сүресі, 11-аят).

Екіншіден, Елшіге (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесу. Адамның амалдары Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шариғатына сәйкес болуы керек. Аллаһ Тағала былай деді:

﴿ الَّذِي خَلَقَ الْمَوْتَ وَالْحَيَاةَ لِيَبْلُوَكُمْ أَيُّكُمْ أَحْسَنُ عَمَلا ﴾

«Ол сондай (Аллаһ) ізгі амалдарда қайсыларың жақсы екенін сынау үшін өлім мен тіршілікті жаратқан» («әл-Мүлк» сүресі, 2-аят).

Әл-Фудайл ибн ‘Ийяд: «Ең жақсы амалдар – бұл ең ықыласты және ең дұрыс (амалдар)», - деген. Одан: «Бұл нені білдіреді?», - деп сұрағанда, ол: «Ықыласты амалдар – бұл Аллаһқа арналған амалдар, ал дұрыстары – бұл Сүннетке сәйкес келетіндері», - деп жауап берген екен (әл-Бәғауи өзінің тәпсірінде 8/176 және басқалар келтірген).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

﴿ قُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبُّونَ اللَّهَ فَاتَّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُ اللَّه ﴾

«(Мухаммад, оларға:) "Егер Аллаһты сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер, сонда Аллаһ сендерді сүйеді", - деп айт» («Әли-Имран» сүресі, 31-аят).

Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кім біздің нұсқауымыз болмаған амалды істесе, ол қайтарылады» (әл-Бухари, 2697; Муслим, 1718).

Осы екі негізге қатысты адамдар төрт топқа бөлінеді.

Бірінші топ: Бұл ықыласқа да ие, әрі Пайғамбарға да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесетін адамдар. Міне, осылар нағыз бірқұдайшылдар. Олардың барлық істері Аллаһқа арналады, олардың сөздері Аллаһ Тағала үшін, олар Алллаһ үшін береді, беруден де тек Аллаһ үшін бас тартады, Аллаһ үшін жақсы көреді және Аллаһ үшін жек көреді. Олардың қандай да бір нәрсеге ішкі де, сыртқы да қатынасы тек Аллаһ Тағала үшін. Олар адамдардан сый-марапат та, алғыс та қаламайды. Олар адамдар арасында абырой-мәртебелі болуды да күтпейді. Олар адамдардың мақтау-мадақтарын қаламайды және олардың жүректерінде үлкен мәртебеге ие болғысы келмейді. Олар адамдардың сөгісінен қашпайды. Олар адамдардың пікірін қабірдегілердің пікірлерімен бір деңгейге қояды. Өлілер зиян да, пайда да келтіре алмайды. Өлілер өлімге де, өмірге де, қайта тірілтуге де иелік етпейді. Ал егер адам адамдар оған пайда, не зиян келтіре алады деп ойлап, олар үшін, олардың арасындағы мәртебе үшін амал жасайтын болса, онда ол «адамдар» дегеннің шын мәнісінде не екенін білмейді. Ол адамдардың орны туралы да білмейді және өзінің Раббысы туралы да білмейді! Егер адам адамдардың кімдер екенін білсе, онда ол оларды тиісті орындарына қояды. Кімде-кім Аллаһ Тағаланы танып-білсе, сол сөздер мен амалдарды шынайы ықыласпен тек Оған ғана арнайды, Сол үшін береді және бермей қояды, Сол үшін сүйеді және жек көреді.

Сондай-ақ олардың барлық амалдары Аллаһ Тағаланың әміріне, яғни Аллаһ жақсы көретін және Ол разы болатын нәрселерге сәйкес келеді. Міне, Аллаһ тарапынан қабыл болатын амал да – осы. Дәл осындай амал үшін Аллаһ Тағала адамды өлім және өмірмен сынады. Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ الَّذِي خَلَقَ الْمَوْتَ وَالْحَيَاةَ لِيَبْلُوَكُمْ أَيُّكُمْ أَحْسَنُ عَمَلا ﴾

«Ол сондай (Аллаһ) ізгі амалдарда қайсыларың жақсы екенін сынау үшін өлім мен тіршілікті жаратқан» («әл-Мүлк» сүресі, 2-аят).

Дәл осы үшін Аллаһ Тағала жерді және оның бетіндегі барлық зейнеттерді жаратты. Әл-Фудайл ибн ‘Ийяд: «Ең жақсы амалдар – бұл ең ықыласты және ең дұрыс (амалдар)», - деген. Одан: «Бұл нені білдіреді?», - деп сұрағанда, ол: «Егер амал ықыласты, бірақ дұрыс емес болса, ол қабыл болмайды! Егер амал дұрыс, бірақ ықылассыз болса, ол қабыл болмайды! Әрі ол тек ықыласты және дұрыс болғанда ғана қабыл болады. Ықыласты амалдар – бұл Аллаһқа арналған амалдар, ал дұрыстары – Сүннетке сәйкес келетіндері» (әл-Бәғауи өзінің тәпсірінде 8/176 және басқалар келтірген). Аллаһ Тағаланың (келесі) сөздері дәл осы жөнінде:



﴿ فَمَن كَانَ يَرْجُو لِقَاء رَبِّهِ فَلْيَعْمَلْ عَمَلا صَالِحًا وَلا يُشْرِكْ بِعِبَادَةِ رَبِّهِ أَحَدًا ﴾

«Сондай-ақ кім Раббысына жолығуды үміт етсе, игі амалдар істеп, Раббысына жасаған құлшылығында Оған ешкімді серік қоспасын» («әл-Кәһф» сүресі, 110-аят). Аллаһ Тағаланың мына сөздері де:

﴿ وَمَنْ أَحْسَنُ دِينًا مِّمَّنْ أَسْلَمَ وَجْهَهُ لِلَّه وَهُوَ مُحْسِنٌ ﴾

«Жақсылық істеуші болған күйінде, жүзін Аллаһқа бағындырғанның дінінен кімнің діні жақсырақ болмақ?!» («ән-Ниса» сүресі, 125-аят).

Сондықтан да Аллаһ Тағала тек ықыласты және Оның әміріне сәйкес келетін амалдарды ғана қабыл етеді. Әйтпесе, амал оны жасаушы адам сол амалға мұқтаж болған кезінде тәрк етіледі. Амал кері қайтарылады да, шашылған қоқысқа айналады. Бұл туралы Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанындай: «Кім біздің нұсқауымыз болмаған амалды істесе, ол қайтарылады» (әл-Бухари, 2697; Муслим, 1718). Сүннетке сәйкес келмейтін кез-келген амал адамды Аллаһ Тағаладан тек алыстатады. Адам Аллаһ Тағалаға ақылының немесе әуестіктерінің негізінде емес, Оның бұйрығының негізінде ғибадат етуі керек.



Екінші топ: Бұл ықыласы да, (Сүннетке) ілесуі де жоқ адамдар. Олардың амалдары шариғатқа сәйкес келмейді, әрі олар амалдарын Аллаһ Тағала үшін жасамайды. Сөз Аллаһ Тағала және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дінде орнатпаған нәрселерді елге көрсету үшін жасайтын адамдар туралы болуда. Бұл адамдар - жаратылыстардың ең жамандары, Аллаһ Тағалаға ең жек көрініштілері. Оларға Аллаһ Тағаланың мына сөздері арналған:

﴿ لاَ تَحْسَبَنَّ الَّذِينَ يَفْرَحُونَ بِمَا أَتَوْا وَّيُحِبُّونَ أَن يُحْمَدُواْ بِمَا لَمْ يَفْعَلُواْ فَلاَ تَحْسَبَنَّهُمْ بِمَفَازَةٍ مِّنَ الْعَذَابِ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ ﴾

«(Мухаммад,) ендеше, сондай өздерінің істегендеріне мәз болып, істемегендерімен де мақталғанды сүйгендер азаптан құтылады деп әсте ойлама. Олар үшін жан түршігерлік азап бар» («Әли Имран» сүресі, 188-аят). Олар бидғат, адасушылық және ширк істеп жатып қуанады. Сонымен бірге адамдар оларды Сүннетке ықыласты түрде ілесушілер деп атап мақтағанын ұнатады. Өздерін білімге, зуһдтық1 және тура жолға телитіндердің қатарында мұндай адамдар көп. Олар бидғат жасайды және адасушылыққа ілеседі, әрі осы орайда амалдарын көрер көзге жасап, атақ-даңққа ұмтылады. Олар өздері істемеген амалдары үшін мақталғанды жақсы көреді. Оларды Сүннеттің ілесушілері, ықыласты және білімді деп атайды, ал шын мәнісінде, олар - (Аллаһтың) қаһарына ұшыраған және адасушылықтағы адамдар.

Үшінші топ: Бұл амалдарын шынайы ықыласпен тек Аллаһ Тағала үшін жасайтын, бірақ осы орайда олардың амалдары Оның әміріне сәйкес келмейтін адамдар. Мысалы, Аллаһқа көп-көп құлшылық ететін, өздерін зуһдтыққа телитін білімсіз адамдар. Бұл топқа Аллаһқа Оның дінінің негізінде құлшылық етпейтін әрі осы құлшылығы оны Аллаһқа жақындатады деп есептейтін әрбір адам жатады.

Төртінші топ: Бұл амалдары шариғатқа сәйкес келетін, бірақ Аллаһ Тағала үшін емес болған адамдар. Мысалы, құлшылығын елге көрсету үшін жасайтын адам. Мысалы, кісі рия үшін, немесе ұлты үшін, немесе батылдығы себебімен соғысады. Басқа бір адам адамдар оны көрсін деп қажылық жасауы мүмкін. Үшіншісі адамдар оны мақтауы үшін Құран оқуы мүмкін. Сырт көзге бұл амалдар ізгі болып көрінеді, алайда бұл олай емес әрі олар қабыл болмайды, өйткені Аллаһ Тағала былай деді:

﴿ وَمَا أُمِرُوا إِلاَّ لِيَعْبُدُوا اللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ حُنَفَاء ﴾

«Олар тек Аллаһқа бар ықыласымен тура жолды ұстанған (ханиф) күйде құлшылық етуге бұйырылды» («әл-Бәйина» сүресі, 5-аят).

Шейх Салих ибн Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деді:

─ Ақиқатында, адамдар арасындағы келіспеушілік ежелден бар, олардың жолдары әртүрлі, бұл туралы Аллаһ Тағала былай дегеніндей:



﴿ كَانَ النَّاسُ أُمَّةً وَاحِدَةً فَبَعَثَ اللَّهُ النَّبِيِّينَ مُبَشِّرِينَ وَمُنذِرِينَ وَأَنزَلَ مَعَهُمُ الْكِتَابَ بِالْحَقِّ لِيَحْكُمَ بَيْنَ النَّاسِ فِيمَا اخْتَلَفُواْ فِيهِ وَمَا اخْتَلَفَ فِيهِ إِلاَّ الَّذِينَ أُوتُوهُ مِن بَعْدِ مَا جَاءَتْهُمُ الْبَيِّنَاتُ ﴾

«Адам баласы бір-ақ үммет еді. Сонда Аллаһ қуандырушы, қорқытушы етіп пайғамбарлар жіберді. Адамдардың араларындағы талас нәрселерге үкім ету үшін, олармен бірге хақ Кітап жіберді. Сол Кітап берілгендер ашық дәлел келгеннен кейін араларындағы кекшілдіктен ғана қайшылыққа түсті» («әл-Бақара» сүресі, 213-аят).

Және сондай-ақ:



﴿ وَمَا كَانَ النَّاسُ إِلاَّ أُمَّةً وَاحِدَةً فَاخْتَلَفُواْ ﴾

«Адамдар бір-ақ үмметі еді, сонсоң олар қайшылыққа түсті» («Юнус» сүресі, 19-аят).

Адамдар арасындағы келіспеушілік ежелден бері бар, бірақ Аллаһ Тағаланың мейірімімен адамдар арасындағы тартысты мәселелерде үкім шығару үшін және Аллаһқа жетелейтін тура жолды нұсқау үшін үшін, елшілер жіберілді және Кітаптар түсірілді. Бұл тура жол біреу ғана, бұл туралы Аллаһ былай деп атқанындай:



﴿ وَأَنَّ هَذَا صِرَاطِي مُسْتَقِيمًا فَاتَّبِعُوهُ وَلاَ تَتَّبِعُواْ السُّبُلَ فَتَفَرَّقَ بِكُمْ عَن سَبِيلِهِ ﴾

«Күдіксіз, Менің тура жолым осы. Енді соған еріңдер. Басқа жолдарға түспеңдер, өйткені олар сендерді Аллаһтың жолынан тайдырады» («әл-Әнғам» сүресі, 153-аят).

Әртүрлі жолдар, пікірлер мен ағымдар туралы айтар болсақ, олар өте көп, әрі олардың санына жету мүмкін де емес. Әрбір адам және әрбір топ өзінің мәнһажы мен жолын ойлап табады да, соған ілеседі. Бірақ Аллаһқа апаратын жол тек біреу-ақ. Ол – елшілердің жолы: олардың алғашқысынан бастап, соңғысына дейін. Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ وَمَن يُطِعِ اللَّهَ وَالرَّسُولَ فَأُولَئِكَ مَعَ الَّذِينَ أَنْعَمَ اللَّهُ عَلَيْهِم مِّنَ النَّبِيِّينَ وَالصِّدِّيقِينَ وَالشُّهَدَاء وَالصَّالِحِينَ وَحَسُنَ أُوْلَئِكَ رَفِيقًا ﴾

«Ал кім Аллаһқа және Елшіге бойұсынса, міне, солар Аллаһ нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәһидтер және игілермен бірге болады. Олар нендей жақсы жолдас!» («ән-Ниса» сүресі, 69-аят). Сондай-ақ (Ол): «Бізді тура жолыңмен жүргіз» («әл-Фатиха» сүресі, 6-аят), - деді.

Бірақ бұл жол, адамдар оны басқа жолдармен, мәнһаждармен, мәзһабтармен және адамдардың пікірлерімен шатыстырып алмаулары үшін, түсіндірмеге мұқтаж. Адамдар әр замандарда Аллаһқа апарар осы жолдың түсіндірмесіне мұқтаж. Бұл – Аллаһқа берілген ғалымдардың жолы әрі мәнһажы! Ал бұл жолдың негізін (мына) екі нәрсе құрайды: Аллаһқа деген ықыластылық және Елшінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ізінен ілесу. Адам құлшылық-ғибадатында, сөздерінде, істерінде, ниеттері мен мақсаттарында ықыласты болуы керек, сондай-ақ ол өзінің мінез-құлқында, мәнһажында, ғибадатында Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесуі қажет. Кім осы екі сипатқа ие болса, сол тура жолға ілесті! Бұған көптеген аяттар мен хадистер нұсқайды! Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ بَلَى مَنْ أَسْلَمَ وَجْهَهُ لِلَّهِ وَهُوَ مُحْسِنٌ فَلَهُ أَجْرُهُ عِندَ رَبِّهِ وَلاَ خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلاَ هُمْ يَحْزَنُونَ ﴾

«Олай емес, кім жүзін Аллаһқа бағындырып, жақсылық істейтін болса, сонда оған Раббыңның қасында сыйлық бар, оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды» («әл-Бақара» сүресі, 112-аят). Бұл аятта

﴿ لَن يَدْخُلَ الْجَنَّةَ إِلاَّ مَن كَانَ هُودًا أَوْ نَصَارَى ﴾

«Жәннатқа яһудилерден немесе христиандардан басқа ешкім кірмейді» («әл-Бақара» сүресі, 111-аят), - деп айтқан яһудилер мен христиандарды теріске шығару бар.

Олар яһудиден немесе христианнан басқа біреудің Жәннатқа кіру мүмкіндігін жоққа шығарады. Аллаһ Тағала: «Олай емес, кім жүзін Аллаһқа бағындырып, жақсылық істейтін болса», - сол Жәннатқа кіреді дейді. Ал кім осы сипаттарға сәйкес болмаса, оған кірмейді, тіпті ол керісін айтып тұрып алса да.



«Кім жүзін Аллаһқа бағындырып...» - яғни Аллаһтың алдында ықыласты болса.

«...жақсылық істейтін болса» - яғни Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолына сәйкес келетін амалдар жасайтын болса. Сүннетке сәйкес келмейтін амал, тіпті ол ықыласты болса да, Аллаһ Тағаланың алдында қабыл болмайды. Міндетті түрде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесушілік болуы керек. Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

﴿ وَمَا أُمِرُوا إِلاَّ لِيَعْبُدُوا اللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ حُنَفَاء ﴾

«Олар тек Аллаһқа бар ықыласымен тура жолды ұстанған (ханиф) күйде құлшылық етуге бұйырылды» («әл-Бәйина» сүресі, 5-аят).

Бұл аят та өз құрамына екі шартты қамтыған.



«Олар .... бұйырылды» - дін адамдардың ойынан шығарған пікірлеріне емес, бұйрықтың үстіне құрылады. Дін сенің нәпсің таңдаған нәрсеге құрылмайды. Дін бұйрықтың үстіне: Аллаһ Тағаланың және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығының үстіне құрылады. Аллаһ бұйырмаған әрбір бұйрық өтірік болып табылады, бидғат болып табылады. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кім біздің нұсқауымыз болмаған амалды істесе, ол кері қайтарылады» (әл-Бухари, 2697; Муслим, 1718). Сондай-ақ (ол былай деген): «Әрбір бидғат адасушылық болып табылады» (Ахмад, 4/126-127; Абу Дауд, 4607; әт-Тирмизи, 2678 және басқалар).

«... тек Аллаһқа бар ықыласымен» - бұл екінші шарт, дәл айтқанда ықылас. Адамның ниеті тек Аллаһ Тағалаға ғана арналған болуы қажет. Ал егер ол Аллаһ Тағаладан басқа кімге болсын ұмтылатын болса, онда оның амалдары кері қайтарылады, тіпті олар Сүннетке сәйкес келсе де. Мысалы, намаз діннің ең маңызды негіздеріне жатады. Егер адам намазды рия (яғни басқалар көрсін деп), атаққа ие болуды қалап оқыса, адамдардың мақтауын аламын деп садақа берсе, өзгелер оны ержүрек деп мақтау үшін соғысатын болса, оның амалы жарамсыз болады, өйткені ол мұны Аллаһ Тағала үшін істемеді, тіпті бұл амалдар шариғатта бекітілген болса да. Мұндай адам Тозақтың тұрғыны болады! (Шейх Фаузанның сөзінің соңы).

Бұл (әрбір адам) ұстануға міндетті болған бірінші ереже. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Ақиқатында, амалдар тек ниетке қарай бағаланады, әрі, ақиқатында, әрбір адамға тек оның ниеттенген нәрсесі ғана тиеді» (әл-Бухари, 1; Муслим, 1907). Істің мәні амалдардың сыртқы көрініс табуында ғана емес, алайда адамның ниеті ескеріледі. Егер адам Сүннетке сәйкес келетін амалды Аллаһ Тағала үшін ықыласты түрде орындайтын болса, онда амалы ол үшін пайда келтіреді. Ал егер амал Аллаһ Тағала үшін емес орындалған болса, онда ол салиқалы болмайды әрі қабыл етілмейді. Бұл мына хадисте айтылғандай: «Аллаһқа және Оның Елшісіне қоныс аударған (хижра жасаған) адам, Аллаһқа және Оның Елшісіне қоныс аударған болады» (әл-Бухари, 1; Муслим, 1907). Хижра – бұл адам жасай алатын ең жақсы амалдардың бірі. Бұл - адамның ширк (көпқұдайшылық) елінен таухид (бірқұдайшылық) пен Ислам еліне қоныс аударуы. Бірақ осындай қоныс аудару кезінде адамдардың ниеттері әртүрлі болуы мүмкін. Егер адам Аллаһ Тағала үшін өзінің дінін сақтап қалу мақсатында қоныс аударса, онда бұл Аллаһ Тағала қабыл ететін дұрыс хижра болады. Ал егер адам дүние тіршілігі үшін, байлық пен мал-мүлік үшін көшкен болса, онда сырт көзге ол Аллаһқа және Оның Елшісіне қоныс аударған болып көрінсе де, ол (іс жүзінде) өзі қоныс аударған нәрсесі үшін ғана қоныс аударған болады. Егер ол сауда үшін немесе әлдебір әйелге үйлену үшін қоныс аударған болса, онда ол өзі ұмтылған нәрсесі үшін ғана қоныс аударған болады, тіпті ол Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қоныс аударушылармен бірге қоныс аударса да. Өйткені оның ниеті Аллаһ Тағалаға арналмады ғой. Оның хижрасы өзі қоныс аударған нәрсесі үшін жасалған болады. Ол Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қоныс аударған болып саналмайды. Аллаһ Тағала оның ниеттері мен ұмтылған нәрселері туралы біледі, әрі Ол амалдар үшін есе (сый, не жаза) беруші болып табылады!



Екінші ереже:
Каталог: KITAPTAR MEN MAKALALAR -> manhagh -> 28%20-%20manhagh erejeleri
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> Ханафи мәЗҺабының имамдары түркістанғА, бекет-ата мазарына және басқа да қабірлерге «Қажылық» жасауғА Қарсы
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> ТҮркістанды, арыстан бабты, Т. С. С. Жерлерді зиярат етушілердің сол жерлер мен сол жерлердегі заттардың Қасиеттілігі және берекелі екендігі туралы сенімі
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> Шариғат қабір орындарын құлшылық-ғибадат орындарына айналдыруға тыйым салғандығы туралы
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> -


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет