Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!



бет3/23
Дата14.02.2018
өлшемі4,81 Mb.
#37661
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

﴿ هُوَ الَّذِيَ أَنزَلَ عَلَيْكَ الْكِتَابَ مِنْهُ آيَاتٌ مُّحْكَمَاتٌ هُنَّ أُمُّ الْكِتَابِ وَأُخَرُ مُتَشَابِهَاتٌ فَأَمَّا الَّذِينَ فِي قُلُوبِهِمْ زَيْغٌ فَيَتَّبِعُونَ مَا تَشَابَهَ مِنْهُ ﴾

«Ол (Аллаһ) саған Құранды түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар Кітаптың негізгі іргетасы. Сондай-ақ ұқсас ұғымдағы аяттары да бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп, соңына түседі» («Әли Имран» сүресі, 7-аят). Содан кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Егер сендер өздеріне түсініксіз болған нәрселерге ілесетін адамдарды көрсеңдер, онда осы аят дәл солар жайында екенін біліңдер. Мұндай адамдардан сақ болыңдар!» (әл-Бухари, 4547; Муслим, 2665).

Сондай-ақ ‘Абдуллаһ ибн ‘Умардың былай дегені туралы да баяндалады: «Хауариждер Аллаһтың алдындағы ең жаман адамдар болып табылады! Олар кәпірлер туралы түскен аяттарды алып, оларды мүминдерге қатысты қолданады» (әл-Бухари му‘аләқ түрінде жеткізген. Хафиз ибн Хәжар асарды сенімді деген. Қз.: «Фатх ул-Бәри», 12/286).

Әл-Әуза‘и былай деді: «Сабырлықпен Сүннетті ұстан! Адамдар (яғни сахабалар) тоқтаған жерден сен де тоқта, олар айтқан нәрселерді сен де айт және олар бас тартқан нәрселерден сен де бас тарт. Салиқалы алғашқы буынның жолымен жүр, өйткені оларға жеткілікті болған нәрселер саған да жеткілікті» (Қз.: «Шарх Усул әл-И‘тиқад», 315).

Мұсылмандардың алғашқы ұрпақтары (алдыңғы ұрпақтар) ең ұлы парасатқа, ең жақсы түсінікке, ұшқыр ой мен шебер ұғымға ие болатын. Бұл туралы ‘Абдуллаһ ибн Мәс‘уд былай деп айтқанындай: «Сендерден кім әлдебіреуге ілесуді қаласа, қайтыс болғандарға ілессін, өйткені тірі (адам) бүліктен қорғалмаған. Олар — Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары, осы үмметтегі жүректері ең ізгі адамдар, олар ең терең білімге ие еді әрі өзгелерге қарағанда өздеріне пайдасыз нәрселерді азырақ жүктейтін. Олар — Аллаһ Тағала оларды Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары болуы үшін және дінді орнату үшін таңдап алған адамдар! Олардың қақысын мойындаңдар, олардың жолын ұстаныңдар, өйткені дәл солар тура жолда болатын!» (Қз.: «Жәми‘у байан әл-‘илми уә фадлихи», 3/185).

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі жіберілген ұрпақты, содан соң олардан кейінгі ұрпақты, содан соң олардан кейінгісін ең жақсы ұрпақ деп атаған хадистері өте көп.

Ең ұлы артықшылық – бұл білім мен иман артықшылығы. Ал ғалымдар сахабалардың осы үмметтің ең білімді адамдары болғанына бірауызды келіскен. Олар ешқандай айыпталатын жолдарға және бидғаттарға ілеспеді. Бұл туралы ‘Умар ибн ‘Абдул-‘Азиз былай деп айтқанындай: «Олар басқалардың барлығына қарағанда заттардың (мәнін) көбірек түсінетін, әрі егер (діндегі) жаңалықтарда қандай да бір игілік болғанда, онда осы игілікке ең лайықты солар болатын еді» (Қз.: «Дару та‘аруд әл-‘ақл уән-нақл», 7/287).

Бұл олардың ерекше сипаты болып табылады. Бізбен салыстырғанда, олар – ең ізгі жүректердің, ең терең білімдердің иелері. Олар басқаларға қарағанда өздеріне керек емес заттарды ең аз жүктейтін. Аллаһ Тағала бізге көмектеспеген (көп) нәрселерде оларды Өз көмегіне жақын етті. (Мысалы,) Аллаһ Тағала оларды кейбір маңызды ерекше нәрселермен: жарқыраған ақыл-парасатпен, шешен тілмен, өте ауқымды біліммен, жеңіл түсінікпен, дұрыс әрі жылдам ұғумен, түсінуге апаратын жолда түрлі кедергілердің болмауымен, ізгі ниетпен, тақуалықпен ардақтап ерекшеледі, араб тілі солардың тілі еді, дұрыс түсінік олардың жүректері мен саналарында болатын. Оларда иснадтарды, жеткізушілердің жағдайын, хадистердің жасырын ауруларын қарап зерттеуге, «жарх уә та‘дил» ғылымымен айналысуға деген қажеттілік жоқ еді. Оларда «усул әл-фиқһ» ғылымының ережелерін және осы ғылым ғалымдарының еңбектерін оқып үйренуге деген қажеттілік жоқ еді. Олар осының барлығынан босатылған еді әре екі-ақ нәрсеге ие болатын: біріншіден, бұл – Аллаһ пен Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан сөздері, ал екіншіден, осы сөздердің мағыналары.

Олар ең бақытты адамдар болатын, өйткені осы екі негізге ие болатын. Олар осы үмметтегі басқа кімге болсын қарағанда осы екі негізге көбірек ие еді. Олар бүкіл зейінін осы екі негізге шоғырландырып, өз күштерін жинақтап отыратын. Ал кейінгі ұрпақтарға келер болсақ, олардың күштері әртүрлі бағыттарға қарай таралады. Олар араб тілін үйренуі керек, ал бұл күшті сарп етеді. Олар фиқһтың негіздері мен ережелерін жаттап алулары керек, бұл да күш (жұмсауды) талап етеді. Олар иснадтар мен (хадис) жеткізушілердің жағдайын оқып білуі керек, бұл да күшті алып қояды. Олар түрлі кітаптардың авторларының және өздерінің шейхтарының сөздерін түсінуі керек, ал олардың арасында келіспеушіліктер бар, бұл да күштің жұмсалуына алып келеді. (Сөйтіп) олар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне жетіп, оның ішінде саяхат жасауға ниет еткенде, жүректері басқа жерлердегі жасаған саяхаттарынан шаршаған болады (Қз.: «И‘ләм әл-Мууаки‘ин», 4/148).



Шейх Салих ибн Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деді:

─ Бұл ережеде адам Құран мен Сүннетке ілескенінен соң оған мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының мәнһажына ілесуге деген ынталандыру бар. Басшылығында мухажирлер мен ансарлар тұрған мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының мәнһажына ілесу қажетті болып табылады. Мухажирлердің басында салиқалы халифалар: Абу Бакр, ‘Умар, ‘Усман мен ‘Али (Аллаһ оларға разы болсын) тұр. Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ وَالسَّابِقُونَ الأَوَّلُونَ مِنَ الْمُهَاجِرِينَ وَالأَنصَارِ وَالَّذِينَ اتَّبَعُوهُم بِإِحْسَانٍ رَّضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ وَرَضُواْ عَنْهُ وَأَعَدَّ لَهُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِي تَحْتَهَا الأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا أَبَدًا ذَلِكَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ ﴾

«Мухажир мен ансарлардан болған алғашқы иман келтіргендер және жақсылықта оларға қатаң ергендерден Аллаһ разы. Олар да Аллаһтан разы. Ол солар үшін астарынан өзендер ағатын Жәннат бақтарын әзірлеп қойды. Олар онда мәңгі қалады. Бұл – ұлы жетістік» («әт-Тәуба» сүресі, 100-аят).

«...және жақсылықта оларға қатаң ергендерден» - яғни (олар) мухажирлер мен ансарлардың мәнһажына ілесті. Не себепті осы мәнһажға ілесу қажет? Өйткені мухажирлер мен ансарлар Құран мен Сүннетке ілесті. Бұл аятта мухажирлер мен ансарлар ақиқатты ұстанғаны туралы Аллаһ Тағаланың куәлігі бар. Ал біз соларға ілесеміз, өйткені бұл туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Менің Сүннетімді және тура жолдағы ізгі халифалардың сүннетін ұстаныңдар», - деп айтқанындай, олар Құран мен Сүннетке ілесті (Ахмад, 4/126-127; Абу Дауд, 4607; ат-Тирмизи, 2678 және басқалар).

Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құтылған топ туралы: «Бұл мен және менің сахабаларым ұстанғанды ұстанатындар», - деді (әт-Тирмизи, 2640; Ахмад, 2/332; Абу Дауд, 4596). Ол өзінің сахабаларын атап кетті, өйткені олар тура жолда еді. Олар (шариғи) мәтіндерді бізден жақсы түсінетін. Олар Құран мен Сүннетті білуге жақын еді, өйткені бұл білімді Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алған еді. Олар онымен бірге жиһад жасады, аяттардың түсірілгеніне куә болды, түскен аяттардың тәпсірін білді. Міне, дәл сондықтан да олар бізге қарағанда көбірек білушілер. Олар басқаларға қарағанда ақиқатқа және дұрыс пікірге жақындау. Әрине, олардан біреу-міреу қателік жасаған болуы мүмкін, бірақ олар жалпы алғанда (топ ретінде) қателіктен қорғалған болатын. Егер олардың ішінен біреу қателескен болса да, ол бәрібір өзінің ижтиһады үшін сый-сауап алады. Бұл қателік оның абырой-мәртебесін және оның Аллаһ Тағала алдындағы орнын кемітпейді. Ал бұл қателіктерге келер болсақ, онда Аллаһқа шүкір, олар аз болатын. Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ең жақсы адамдар – бұл менің кезімде (өмір сүрген) ұрпақ, ал содан соң олардан кейінгілер», - деп, осы алғашқы ұрпақтарды мақтаған болатын (әл-Бухари, 6429; Муслим, 2533). Ал осы хадистің жеткізушісі: «Ол өзінің кезіндегі өмір сүрген ұрпақтан кейін қанша ұрпақты атағанын: екеуін бе, әлде үшеуін бе - менің нақты есімде жоқ», - деген.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бүліктер, Құран мен Сүннетке қайшы келетін нәрселер пайда болатынын айтып өтті. Осының барлығы туралы хабарлап, ол Құран мен Сүннетке ілесуді бұйырды. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: Ақиқатында, сендердің араларыңдағы ұзақ өмір сүретіндерің көп келіспеушіліктерді көреді, сондықтан да менің Сүннетімді және тура жолдағы ізгі халифалардың сүннетін ұстаныңдар» (Ахмад, 4/126-127; Абу Дауд, 4607; әт-Тирмизи, 2678 және басқалар).

Аллаһ Тағала былай деп айтады:



﴿ فَإِن تَنَازَعْتُمْ فِي شَيْءٍ فَرُدُّوهُ إِلَى اللَّهِ وَالرَّسُول ﴾

«Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа және Елшіге ұсыныңдар» («ән-Ниса» сүресі, 59-аят).

Егер біздің арамызда белгілі бір нәрседе келіспеушілік орын алып жатса, онда Аллаһ Тағала Құран мен Сүннетке ілесуді бұйырды. Әрі Пайғамбар да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тіпті Қиямет күніне дейін Құран мен Сүннетке ілесуді және келіспеушілік болған кезде соларға жүгінуді бұйырды. Ол былай деді: «Мен араларыңа сендер олардан кейін ешқашан адаспайтын екі нәрсе қалдырып бара жатырмын! Бұл — Аллаһтың Кітабы мен менің Сүннетім» (Бұл хадисті имам әл-Хаким «әл-Мустадракта», 1/172 келтірген. Сондай-ақ «Силсилә әс-Сахиханы», 1761 қараңыз).

Бұл – Аллаһ Тағаланың осы үмметке көрсеткен мейірімі. Аллаһ Тағаланың Кітабы өзгеріссіз сақталады, әрі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті де сахих кітаптарда жазылып сақталған. Аллаһ Тағаланың мейірімі - Ол осы үмметті адасушылықтан қорғағаны, тек егер бұл үммет осы нәрселерді ұстанса ғана.

Соңғы кезде мұсылмандарды салиқалы алдыңғы ұрпақтардан бөлгісі келетін жамағаттар пайда болды. Олар мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының жолын ұстануды, яғни мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының жолына ілесуді айыптап сөгеді. Олар мұсылман адам заманауи болуы керек деп есептейді, әрі сол себепті де өздерін «заманауи мұсылмандар» деп атап қойыпты. Олар біздерді мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарынан болған алғашқы буындарымыздан бөліп тастағысы келеді. Не үшін? Мұның барлығы адамдар Аллаһ Тағаланың жолынан таюы үшін.

Олардың арасында сырт көзге Құран мен Сүннетке ілесуді өсиет ететіндері, бірақ осы орайда бізді мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының жолына ілесуден сақтандыратындары бар. Біз қалайша Құран мен Сүннетке басқалардың барлығына қарағанда жақсырақ ілескен мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының мәнһажын тастап Құран мен Сүннетті ұстай алмақпыз?! Олар Құран мен Сүннетті басқаларға қарағанда жақсырақ түсінетін. Аллаһ Тағала және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дәл солардың жолымен жүруді өсиет етті. Егер біз олардың жолын тастап қалдырсақ, онда Құран мен Сүннетті қалай түсінбекпіз? Бұл Аллаһ Тағала мен Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мойынсұнбаушылық болады. Олардың (яғни салиқалы мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарына ілесуді сөгетіндердің – ауд.) шақыруы адасушылық болып табылады. Олар осы үмметтің соңғы ұрпақтарын салиқалы алдыңғы буындардан бөліп тастағысы келеді. Хадистерде Қиямет Күні жақындағанда ізгі алдыңғы буынды қаралап ұрысатындар, оларды балағаттайтындар пайда болатыны туралы хабарланады. Бұл үмметтің соңы оның басын лағнеттейтін болады2. Қазіргі кезде орын алып жатқан нәрселер осы айтылғанның басы болуы екіталай емес.

Олар дәлелге бір-ақ нәрсені ғана келтіріп: «Мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарына ілесу тақлид болып табылады, ал бізге тек Құран мен Сүннетке ілесу бұйырылған. Тақлид тыйым салынған!», - деп айтады. Бірақ тақлид (ілесу) барлық жағдайда бірдей айыпталатын нәрсе емес. Егер (тақлид) дегенде ақиқатқа және ақиқатқа ілесушілерге ілесу меңзелетін болса, онда мұндай (тақлид) бізге бұйырылған. Аллаһ Тағала Юсуф пайғамбар туралы (оған Аллаһтың сәлемі болсын) былай деп айтады:



﴿ وَاتَّبَعْتُ مِلَّةَ آبَائِي إِبْرَاهِيمَ وَإِسْحَاقَ وَيَعْقُوبَ ﴾

«Мен аталарым Ибраһимнің, Исхақтың және Яқубтың дініне ілестім» («Йусуф» сүресі, аят 38). Юсуф (оған Аллаһтың сәлемі болсын) өзінен бұрынғылардың ізімен ілескені туралы хабарлайды, өйткені олар тура жолда еді. Бірақ басқа жағынан Аллаһ Тағала егер ата-бабалар білімге ие болмаған болса, оларға ілесуді айыптайды:

﴿ وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ اتَّبِعُوا مَا أَنزَلَ اللَّهُ قَالُواْ بَلْ نَتَّبِعُ مَا أَلْفَيْنَا عَلَيْهِ آبَاءَنَا أَوَلَوْ كَانَ آبَاؤُهُمْ لاَ يَعْقِلُونَ شَيْئًا وَلاَ يَهْتَدُونَ

«Егер оларға: «Аллаһ түсіргенге ілесіңдер», - делінсе, олар: «Жоқ, біз ата-бабаларымызды соның үстінде көріп үлгерген жолға ілесеміз», - дейді. Ал егер аталары еш нәрсені түсінбеген әрі тура жолда болмаған болса ше?» («әл-Бақара» сүресі, 170-аят). Аллаһ Тағала оларды еш нәрсе түсінбейтін және тура жолмен жүрмейтіндерге ілескендері үшін сөгеді. Сондықтан да, егер бізге дейін болғандар білімге ие болып, Құран мен Сүннетті түсінген болса, онда оларға ілесу қажет. Аллаһ Тағала былай деп айтады:

﴿ وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ تَعَالَوْا إِلَى مَا أَنزَلَ اللَّهُ وَإِلَى الرَّسُولِ قَالُواْ حَسْبُنَا مَا وَجَدْنَا عَلَيْهِ آبَاءَنَا أَوَلَوْ كَانَ آبَاؤُهُمْ لاَ يَعْلَمُونَ شَيْئًا وَلاَ يَهْتَدُونَ ﴾

«Қашан оларға: «Аллаһ түсіргенге және Пайғамбарға келіңдер», - делінсе, олар: «Аталарымызды тапқан жол өзімізге жетеді», - дейді. Ата-бабалары еш нәрсе білмеген және тура жолда болмаған болса да ма?» («әл-Мәида» сүресі, 104-аят). Бұл аятта егер адам білімге ие болған болса, онда одан үлгі-өнеге алу керек екеніне нұсқау бар. Білімі жоқ біреуге ілескендерге ғана сөгіс айтылады. Сондықтан да ілесу (тақлид) барлық жағдайда тыйым салынған деп айтуға болмайды, бірақ сондай-ақ ол барлық жағдайда рұқсат етілген деп те айтуға болмайды. Бұл жерде егжей-тегжейлі жауап беру керек. Егер біреу ақиқатты ұстанатын болса, онда біз оған ілесеміз, өйткені Құран мен Сүннетте бізге алдыңғы буынға (мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарына) ілесу бұйырылған. Ал егер әлдебіреу ақиқатқа қайшы келсе, онда біз оған ілеспейміз. (Шейх әл-Фаузанның сөздерінің соңы).

Мен Салих ибн Фаузанннан былай деп сұрадым: «Біз сахабалардың түсінуіне жүгінбейінше түсіне алмайтын көптеген түйінді мәселелер бар. Мысалы, біздің кейбір топтармен тағдыр мәселесіндегі келіспеушілігіміз, немесе ауыр күнә жасайтын адамдардың үкімі туралы мәселелер, немесе (Аллаһтың) есімдері мен сипаттары туралы сұрақтар. Өйткені егер осы жол жоғалса, онда әркім Құранды өз қалауы бойынша түсіне береді ғой?»



Шейх Салих ибн Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деп жауап берді:

─ Иә, бұл осылай! Мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының мәнһажына ілеспей Құран мен Сүннетті дұрыс түсіну мүмкін емес. Соңғы замандарда әлдебір адам пайда болып, өзінің Құран мен Сүннетті тікелей ұстанатынын айтып, осы мәнһаждың күшін жоюы мүмкін емес. Бұл – адасушылық! Бұл – үмметті бөлу! Бұл кейінгі ұрпақты олардың алдыңғы ұрпақтарынан бөліп ажырату. (Шейх әл-Фаузанның сөздерінің соңы).

Бесінші ереже:
«Таухид — бұл әһлю-с-Сунна уәл-жәма‘а шақыратын ең бірінші нәрсе, онсыз дағуат жемісті әрі ғибадат та дұрыс болмайды»

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ وَمَا أَرْسَلْنَا مِن قَبْلِكَ مِن رَّسُولٍ إِلاَّ نُوحِي إِلَيْهِ أَنَّهُ لا إِلَهَ إِلاَّ أَنَا فَاعْبُدُونِ ﴾

Сенен бұрын бір елші жіберсек, оған: «Күдіксіз, Менен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ендеше, Маған ғана құлшылық қылыңдар», - деп қана уахи етіп, жібердік” («әл-Әнбия» сүресі, 25-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деді):

﴿ شَرَعَ لَكُم مِّنَ الدِّينِ مَا وَصَّى بِهِ نُوحًا وَالَّذِي أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ وَمَا وَصَّيْنَا بِهِ إِبْرَاهِيمَ وَمُوسَى وَعِيسَى أَنْ أَقِيمُوا الدِّينَ وَلا تَتَفَرَّقُوا فِيهِ كَبُرَ عَلَى الْمُشْرِكِينَ مَا تَدْعُوهُمْ إِلَيْهِ اللَّهُ يَجْتَبِي إِلَيْهِ مَن يَشَاءُ وَيَهْدِي إِلَيْهِ مَن يُنِيبُ ﴾

Ол Нухқа нұсқау берген нәрселерді және саған уахи еткенімізді, сондай-ақ Ибраһим, Муса және Исаға нұсқау берген нәрселерімізді сендерге діни жол етіп бекітті: «Дінді мықты ұстаныңдар да, оған қатысты бөлінбеңдер». Сенің шақырган нәрсең мүшриктерге ауыр келді. Аллаһ Өзіне кімді қаласа, соны таңдап алады, әрі Оған жүгінгенді Өзіне қарай бағыттайды” («әш-Шура» сүресі, 13-аят).

(Ол) тағы да (былай деп айтты):

﴿ وَلَوْ أَشْرَكُواْ لَحَبِطَ عَنْهُم مَّا كَانُواْ يَعْمَلُونَ ﴾

«Егер олар ортақ қосса еді, әрине, олардың істеген амалдары жойылып кетер еді» («әл-Әнғам» сүресі, 88-аят).

Сондай-ақ (былай деп те):



﴿ لَئِنْ أَشْرَكْتَ لَيَحْبَطَنَّ عَمَلُكَ وَلَتَكُونَنَّ مِنَ الْخَاسِرِينَ ﴾

Расында, саған да, сенен бұрынғыларға да: «Егер Аллаһқа ортақ қоссаң, әлбетте амалың жойылып кетеді де, анық зиянға ұшыраушылардан боласың», - деп уахи етілді” («әз-Зүмәр» сүресі, 65-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деп айтты):

﴿ أُوْلَئِكَ الَّذِينَ هَدَى اللَّهُ فَبِهُدَاهُمُ اقْتَدِهْ قُل لاَّ أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ أَجْرًا إِنْ هُوَ إِلاَّ ذِكْرَى لِلْعَالَمِينَ ﴾

Міне, солар – Аллаһ тура жолға салғандар (пайғамбарлар). (Мухаммад,) ендеше, солардың тура жолына ілес, әрі: «Сендерден ақы сұрамаймын, өйткені Құран – әлемдерге Ескерту ғана», - де” («әл-Әнғам» сүресі, 90-аят).

Ибн ‘Аббастың (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) сөздерінен, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Му`азды Йеменге жіберіп жатып, оған: «Ақиқатында, сен Кітап иелерінен болған халыққа келесін. Ендеше, оларды ең бірінші шақыратын нәрсең «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» деген куәлік болсын», - деп айтқаны жеткізіледі (Муслим, 19).

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің дағуатын дәл бірқұдайшылықтан (таухидтен) бастады, әрі ол осы дағуатты дәл осымен аяқтады. ‘Айша (Аллаһ оған разы болсын) былай баяндайтын: “Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өлім (сәті) жеткенде, ол бетін киімімен бүркеді, ал демі қысылған соң ол киімін алып тастады. Осындай күйінде ол: «Пайғамбарларының қабірлерін ғибадат орындарына айналдырған яһудилер мен христиандарға Аллаһтың лағынеті болсын», - деді. Ол бізді солардың істеген істерінің қауіпінен сақтандыратын. Егер де оның осы сөздері болмағанда, ол ашық жерге жерленетін еді. Алайда бұлай болған жоқ, өйткені (адамдар) оның қабірін құлшылық орнына айналдырады деген қауіп болды” (әл-Бухари, 1330; Муслим, 529).

Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Пайғамбарлар - бір әкеден шыққан бауырлар, бірақ аналары басқа. Олардың діні бір!» (әл-Бухари, 3443; Муслим, 2365).

Мужадид имам Мухаммад ибн ‘Абдул-Уаһһаб (Аллаһ оны рахым етсін) былай деп айтқан: «Таухидке қайшы келетін адамдардың көптеген түрлері бар. Олардың ішіндегі ең қатты қайшы келетіні – (оған) түгелдей қайшы келетіні. Ол ширкті (көпқұдайшылықты) қабылдайды, ол өзінің діні екеніне сенеді әрі таухидты (бірқұдайшылықты) өтірікке шығарып, сөгеді!



Олардың арасында тек жалғыз Аллаһ Тағалаға ғана құлшылық ететіндер, бірақ ширкті сөкпейтіндер және оны ұстанушылармен жауласпайтындар бар.

Олардың арасында таухидті жақсы көрмейтіндер, бірақ оны жек те көрмейтіндер бар.

Олардың арасында ширкті жек көрмейтіндер, бірақ оны жақсы да көрмейтіндер бар.

Олардың арасында ширкті мойындамайтындар, бірақ оны сөкпейтіндер де бар.

Олардың арасында таухидті мойындамайтындар, бірақ оны жоққа да шығармайтындар бар.

Бірақ сондайлар да бар (әрі бұлар ең қауіпті топ) – олар таухидке сәйкес амал етеді, бірақ оның құнын білмейді. Мұндай адамдар таухидті тастағандарға жек көрушілік танытпайды және оларды кәпір санамайды!

Олардың арасында сондай-ақ ширкті тастағандар, бірақ оның қауіптілігі туралы еш нәрсе білмейтіндер де бар» (Қз.: «әл-Жәми‘ әл-Фарид», 338-бет).

Таухид пен қөңіл қалауына (әуестікке) еру – бұл бір-біріне қарама-қайшы келетін нәрселер екенін біл. Ақиқатында, әуестік (құмарлық, көңіл қалауы) пұт болып табылады. Әрбір адамның жүрегінде ол сол әуестігіне қаншалықты берілгеніне сәйкес пұт бар. Аллаһ Тағала елшілерді олар пұттарды жою үшін және құлшылық серігі жоқ Жалғыз Аллаһқа ғана арналу үшін жіберді. Осы орайда Аллаһ Тағала тек сәжде жасалатын пұттарды ғана меңзеген жоқ. Ең бірінші кезекте адамдардың жүректеріндегі пұттар туралы сөз болуда.

Әл-Хасан ибн ‘Али әл-Мутау‘и былай деген екен: «Әрбір адамның пұты - оның қөңіл қалауы (әустігі, құмарлығы)! Кім осы пұтқа қарсы шығып, оны сындырса, сол батыр деген атаққа лайық болады».

Ибраһим (аләйһис-сәләм) өзінің халқына:



﴿ مَا هَذِهِ التَّمَاثِيلُ الَّتِي أَنتُمْ لَهَا عَاكِفُونَ ﴾

«Мына сендер берілген мүсіндер не?», - деді («әл-Әнбийя» сүресі, 52-аят). Бұл мүсіндер адамдар соларға берілетін әуестіктер түріндегі жүректеріміздегі мүсіндерге өте ұқсайды. Ал Аллаһ Тағала былай деп айтады:

﴿ أَرَأَيْتَ مَنِ اتَّخَذَ إِلَهَهُ هَوَاهُ أَفَأَنتَ تَكُونُ عَلَيْهِ وَكِيلا (43) أَمْ تَحْسَبُ أَنَّ أَكْثَرَهُمْ يَسْمَعُونَ أَوْ يَعْقِلُونَ إِنْ هُمْ إِلاَّ كَالأَنْعَامِ بَلْ هُمْ أَضَلُّ سَبِيلا ﴾

«(Мухаммад,) өз әуестігін (көңіл қалауын) құдай етіп алғанды көрдің бе? Сонда сен оларға кепіл боласың ба? Немесе олардың көбі тыңдауға, не түсінуге қабілетті деп ойлайсың ба? Олар мүлде мал тәрізді. Бәлкім, олар жолдан одан бетер тым адасқан» («әл-Фурқан» сүресі, 43-44 аяттар).

Ибн әл-Қаййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Кемел ғибадатқа келер болсақ, онымен сипатталған адам өзін ғибадаттың тек бір ғана қырын бейнелеп көрсететін есіммен атамайды. Ол ғибадаттың қайсы түріне шақырылса да, адамдардың шақыруына жауап береді. Ол Аллаһқа құлшылық ететін әрбір адаммен ортақ бір нәрсеге ие. Ол өзін қандай да бір бір есіммен және қандай да бір топпен байламайды. Егер одан: «Шейхың кім?», - деп сұраса, ол: «Елші», - деп жауап береді. Егер одан: «Жолың қандай?», - деп сұраса, ол: «Ілесу», - деп жауап береді. Егер одан: «Киімің қандай?», - деп сұраса, ол: «Мен тақуалық киімін кидім», - деп жауап береді. Егер одан: «Мәзһабың қандай?», - деп сұраса, ол: «Үкім үшін Сүннетке жүгіну», - деп жауап береді. Егер одан: «Ниетің қандай?», - деп сұраса, ол: «Мен Аллаһтың Дидарын қалаймын», - деп жауап береді. Егер одан: «Дүние тіршілігінен оңашаланып, өзіңді құлшылыққа бағыштайтын жерің қайда?», - деп сұраса, ол Аллаһтың сөздерімен:



﴿ فِي بُيُوتٍ أَذِنَ اللَّهُ أَن تُرْفَعَ وَيُذْكَرَ فِيهَا اسْمُهُ يُسَبِّحُ لَهُ فِيهَا بِالْغُدُوِّ وَالآصَالِ (36) رِجَالٌ لّا تُلْهِيهِمْ تِجَارَةٌ وَلا بَيْعٌ عَن ذِكْرِ اللَّهِ وَإِقَامِ الصَّلاةِ وَإِيتَاء الزَّكَاة ﴾

«Аллаһ құруды рұқсат еткен үйлерде Оның есімі зікір етіледі. Оларда таң сайын және күн батарда Аллаһты зікір етуден, намазды орындаудан және зекет төлеуден саудаға да, сатуға да алаңдамайтын ерлер Оны дәріптейді» («ән-Нур» сүресі, 36-37 аяттар), - деп жауап береді. Егер одан шыққан тегін сұраса, ол:

أبي الإسلام لا أب لي سواه

إذا افتخروا بقيس أو تميم

«Әкем — Ислам! Одан өзге әкем жоқ,

Тіпті адамдар қайс пен тамим руларынан шыққандығымен мақтанса да», - деп жауап береді.

Егер одан: «Сенің азығың мен сусының қайда?», — деп сұраса, ол: «Оларда нең бар?», - деп жауап береді” (Қз.: «Мадарижу-с-Саликин», 3/174).

Шейх Салих ибн Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деді:

─ Бұл ереже Аллаһқа шақыруды (дағуатты) неден бастау керек екендігі туралы айтады. Олар (дінге шақырушылар) ең бастысынан, яғни бірқұдайшылыққа (таухидке) шақырудан бастау қажет екендігіне күмән жоқ. Бұл – сенімді (ақиданы) түзеуге шақыру. Сенім (ақида) – бұл басқа амалдардың барлығының дұрыс болуына негіз болатын іргетас. Кез-келген ақыл мен табиғи болмыс (фитра) ғимараттың тұрғызылуы іргетастан басталатынын біледі. Мұның шариғатта келгенін айтпағанның өзінде, бұл туралы кез-келген ақыл (иесі) біледі. Елшілер (оларға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз қауымдарына келген кездерінде дағуатты дәл бірқұдайшылықтан (таухидтен) бастайтын. Бұл туралы Аллаһ Тағала Құранда былай деп айтады:



Каталог: KITAPTAR MEN MAKALALAR -> manhagh -> 28%20-%20manhagh erejeleri
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> Ханафи мәЗҺабының имамдары түркістанғА, бекет-ата мазарына және басқа да қабірлерге «Қажылық» жасауғА Қарсы
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> ТҮркістанды, арыстан бабты, Т. С. С. Жерлерді зиярат етушілердің сол жерлер мен сол жерлердегі заттардың Қасиеттілігі және берекелі екендігі туралы сенімі
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> Шариғат қабір орындарын құлшылық-ғибадат орындарына айналдыруға тыйым салғандығы туралы
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> -


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет