﴿ هُوَ الَّذِي أَرْسَلَ رَسُولَهُ بِالْهُدَى وَدِينِ الْحَقِّ لِيُظْهِرَهُ عَلَى الدِّينِ كُلِّهِ وَلَوْ كَرِهَ الْمُشْرِكُونَ ﴾
«Ол Елшісін туралық және хақ дінмен оны бүкіл діндерден үстем болсын деп жіберген» («әт-Тәуба» сүресі, 33-аят).
«Туралық» — бұл пайдалы білім, ал «хақ дін» — бұл ізгі амал. Олар бір-бірімен байланысты, яғни білім амалсыз пайда әкелмейді, ал амал білімсіз пайда әкелмейді. Амалсыз білім яһудилерге пайда әкелмеді. Оларда Таурат бар, олар ондағы жазылған нәрселерді біледі. Оларға Тауратқа сәйкес өмір сүру бұйырылған еді, бірақ олар амалдарды тастап қойды. Аллаһ Тағала оларды арқасына кітаптар жүктелген, бірақ ол сол (кітаптардан) ешқандай пайда алмай көтеріп жүретін есекке теңеді. Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ مَثَلُ الَّذِينَ حُمِّلُوا التَّوْرَاةَ ثُمَّ لَمْ يَحْمِلُوهَا كَمَثَلِ الْحِمَارِ يَحْمِلُ أَسْفَارًا بِئْسَ مَثَلُ الْقَوْمِ الَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِ اللَّهِ وَاللَّهُ لا يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ ﴾
«Өздеріне Тауратты ұстану жүктеліп, оны ұстанбағандардың мысалы кітаптарды артқан есек тәрізді. Аллаһтың аяттарын жасынға шығарган елдің мысалы нендей жаман! Аллаһ залым қауымды тура жолға салмайды» («әл-Жуму‘а» сүресі, 5-аят).
Сондай-ақ Аллаһ Тағала бізге яһудилер Оның ызасының астында екендігі, өйткені білімге ие болса да, Оған мойынсұнбағаны туралы да хабарлаған. Аллаһ Тағала оларға ызаланды, өйткені олар өздеріне берілген білімге сәйкес амал етпеді. Дәл сондықтан да мұндай сипатқа ие болған әрбір адам осындай ескертуге лайық болады. Біліп, бірақ біліміне сәйкес амал етпейтін кез-келген адам Аллаһ Тағаланың ашу-ызасына лайық.
Тура осы нәрсе білімге сәйкес келмейтін амалға да қатысты. Бұл – көңіл қалауларының, соқыр еліктеудің, қандай да бір әдеттердің үстіне құрылған амал. Мұндай амал ешқандай пайда әкелмейді, тіпті адам оны ыждағат-ынтасымен істесе де. Мұндай амал адасушылық болып табылады! Аллаһ Тағала мұны адасушылық деп атады әрі осындай (амалды) істеушілерді адасушылар деп атады. Он былай деді:
﴿ اهدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ (6) صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلاَ الضَّالِّينَ ﴾
«Бізді тура жолға сала көр! Нығметке бөлегендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!» («әл-Фатиха» сүресі, 6-7 аяттар).
Аятта үш топ аталған:
1 — Аллаһ Өз нығметіне бөлегендер — дәл солар тура жолмен жүруде! Сөз өз бойларында пайдалы білім мен салиқалы амалды біріктіргендер туралы болуда. Бұл – Аллаһ Тағала олар туралы былай деген (адамдар):
﴿ وَمَن يُطِعِ اللَّهَ وَالرَّسُولَ فَأُولَئِكَ مَعَ الَّذِينَ أَنْعَمَ اللَّهُ عَلَيْهِم مِّنَ النَّبِيِّينَ وَالصِّدِّيقِينَ وَالشُّهَدَاء وَالصَّالِحِينَ وَحَسُنَ أُوْلَئِكَ رَفِيقًا ﴾
«Ал кім Аллаһ пен Елшіге бойсұнса, міне, солар Аллаһ нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәһидтер және ізгілермен бірге болады. Олар нендей жақсы жолдас!» («ән-Ниса» сүресі, 69-аят).
2 — Ашуға ұшырағандар — сөз тек білімді алып, амалдарды тастап қоятындар туралы болуда. Олар Аллаһ Тағаланың ашуының астында, өйткені білетін (адам) білмейтін (адам) сияқты емес. Білімі бола тұра, Аллаһ Тағалаға мойынсұнбаушы (адам) Аллаһқа білместікпен мойынсұнбайтын (адамнан) жаман.
3 — Адасқандар — сөз білімді тастап, амалға кірісетіндер туралы болуда. Олар ынта-жігер танытып амалға кіріседі, бірақ бұл амал білімге негізделмейді. Олар Аллаһтың Кітабындағы және Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіндегі дәлелдерге сүйенбейді, ал амал міндетті түрде дәлелге негізделген болуы қажет. Дәлелге негізделмеген кез-келген ғибадат бидғат болып табылады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кім біздің нұсқауымыз болмаған амалды жасайтын болса, ол кері қайтарылады (қабылданбайды)» (әл-Бухари, 2697; Муслим, 1718). (Ол) сондай-ақ былай деді: «Діндегі жаңалықтардан сақтаныңдар, ақиқатында, діндегі әрбір жаңалық адасушылық болып табылады» (Ахмад, 4/126-127; Абу Дауд, 4607; әт-Тирмизи, 2678 және басқалар). Мұндай адамдар амалдар істеп, өздерін қинайды, бірақ сонымен бірге адасушылықта қала береді. Олардың амалдары зая, өйткені олар іргетастың үстіне құрылмаған.
Осы топтардың ішінен тек біреуі ғана құтылады. Пайдалы білім мен салиқалы амалды біріктіргендер ғана құтылады. Сондықтан да біз (намаздарымыздың) әрбір ракағатында Аллаһтан Ол бізді осы адамдардың жолымен жүргізуін және басқа екі топтың жолдарынан сақтауын сұраймыз.
Сөзге орай, үшінші топқа сопылар жататынын айтып кету керек. Сопылар Аллаһты зікір етуде, ғибадатта ынта-ыждағат танытады және шектен тыс қаталдық көрсетеді, бірақ мұның барлығын білімсіз істейді. Олар білімге селқос, мұның үстіне, олар басқаларды да осыған шақырады. Олар білімге ұмтылатындардың үстінен күледі. Олар: «Бұлар мақсатты тастап, құрал болып табылатын нәрсемен өздерін әуреге салуда!», - деп айтады. Оларда амал – бұл мақсат, ал білім – бұл құрал. Иә, бұл дұрыс! Амал – мақсат болып табылады, ал білім – бұл құрал. Бірақ мақсатқа құралсыз қол жеткізу мүмкін емес! Егер сен құралды жоғалтсаң, онда ешқашан мақсатқа жете алмайсың. Сондықтан да біз адамдарға: «Амалдарды тастап, біліммен айналысыңдар!», - деп айтпаймыз. Біз оларға: «Өз бойларыңа білім мен амалды біріктіріңдер!», - дейміз.
Әрі осы сопылар осы жолды тастамайды! Олар ғибадатта ыждағатты, Аллаһты зікір етеді, өздерінің уирдтерін жасайды. Олардың өздерінің шейхтары ойдан шығарған терминологиясы бар. Олар осы шейхтарға ант береді, оларға нәзірлерін арнайды. Бұл – адасушылық үстіне адасушылық, өйткені мұның барлығы білімге негізделмеген. Сопылар білімді қаламайды! Міне, шайтанның айласы – осы. Ал мүмин адам өз бойына пайдалы білім мен ізгі амалды біріктіруге міндетті.
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисте адамдарды жерге теңеп3, оларды үш топқа бөлді:
Бірінші топ – бұл өз бойларына білімді жеткізуді, оны жаттауды және осы мәтіндерді түсінуді біріктіргендер. Олар өз бойларына білімді жаттау мен оны түсінуді біріктірді. Бұл – (осы) топтардың ішіндегі ең жақсысы. Мысалы, имам Ахмад, имам әл-Бухари, имам әш-Шәфи‘и және басқалар сынды адамдар.
Екінші топ — олар біріншісіне қарағанда төмендеу, алайда оларда да қайыр-жақсылық бар. Хадис жеткізумен және оның иснадтарын оқып-үйренумен айналысатындар туралы сөз болуда. Олар иснадтар мен хадистердің мәтіндерін ең жақсы үлгіде жаттап алады, бірақ осы мәтіндерді түсіну мәселелерімен айналыспайды. Олар суды ұстап қалып, оны адамдар үшін сақтайтын топырақ сияқты. Бірақ, мұндай топырақтан, біріншісінен айрықша, еш нәрсе өспейді. Бұл адамдарда үлкен игілік бар, бірақ олардың дәрежесі бірінші топтың дәрежесінен төмен.
Үшінші топ — бұл игіліктен жұрдай адамдар. Олар бетінде еш нәрсе өспейтін және су да тұрмайтын жер сияқты. Бұл адамдар білімді таратумен де, оны түсінумен де айналыспайды. (Олар –) білім үшін қайғырмайтын және ол туралы қам жемейтін, білімге ешқандай назар бұрмайтын надан адамдар.
Тараудың ең басында келтірілген бұл хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарды білім талап етуге және Аллаһ Тағаланың дінін түсінуге ынталандырады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарды білімге және дінді түсінуге елемеушілік танытудан сақтандырады. Бірінші және екінші топқа жататын адамдар өз бойларында игілік алып жүреді. Егер халық арасында осындай адамдар болса, онда халық игілікте болады. Мұндай адамдарда олар игілік алатын бастаулар бар! Егер мұндай адамдар жойылса, әрі тек үшінші топ қалса, онда үммет жамандықта қалады. Ақырғы Заман жақындаған кезде дәл осы нәрселер орын алады. Сол кезде Аллаһ Тағала ғалымдардың өлімі арқылы білімді алып қояды. Адамдардың арасында жүгінуге болатын ғалымдар қалмайды да, тек үшінші топ қалады, әрі адамдар соларға баратын болады. Үммет қараңғылықта қалады. Адамдар өздеріне басшылар ретінде надандарды сайлап алады, оларға сұрақтар қояды, ал олар білімі болмай пәтуалар шығара бастайды, соның нәтижесінде өздері де жолдан адасады, басқаларды да адастырады!
Білім өздігінше келмейді, ол оны талап етуге мұқтаж! Білім – адам қалауы бойынша бірден ала салатын әншейін нәрсе емес. Білімнің өз негіздері мен жолдары бар! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Білімге ие болуды қалап жолға түскен (адамға) Аллаһ Жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді» (Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-Жәми‘», 6298).
Ғалымдар тірі болғанға дейін, білім солардан алынады. Білім кітаптардан алынбайды, (кітап) оқу арқылы алынбайды 4, надандардан алынбайды. Мұның барлығы білім емес! Мұндай адамдарды ғалымдар емес, (кітап) оқитындар деп айтады. Қиямет Күнінің қарсаңында (кітап) оқитындар көп болады, бірақ фақиһтер аз болады. Егер фақиһтар (дұрыс түсінік иелері) болмаса, (кітап) оқитындардың болуы ешқандай пайда келтірмейді. Бұған қоса, мұндай (кітап) оқушылардың болуы адамдарға пайдаға қарағанда көбірек зиян тигізеді (шейх әл-Фаузанның сөздерінің соңы).
Кейін мен шейх әл-Фаузанға былай дедім: «Шейх, Сізге белгілі болғандай, бүгінгі күні Аллаһқа шақыру мәселелерінде әлдебір жаңа түсінігі бар адамдарға қатысты келіспеушіліктер пайда болды. Олардың түсінуі біздің шариғи білімнен алған, Аллаһтың Кітабынан және Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінен алған түсінігімізге сәйкес келмейді. Жақсылыққа шақыру мен жамандықтан қайтару туралы өздерінің жеке түсінігі бар адамдар пайда болды. Бұл түсінік бізге Аллаһтың Кітабы мен Оның Елшісінің Сүннеті (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үйреткен түсінікке сәйкес келмейді. Олар Аллаһ жолындағы жиһад туралы өздігінше жеке түсінікке ие. Біз Пайғамбар мен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның сахабаларынан мирас еткен түсінік олар тарапынан дұрыс түсінілмейді»
Шейх Салих ибн Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деп жауап берді:
─ Иә, бұл жоғарыда айтылып кеткен нәрселердің жемісі болып табылады. Өздерін білім талап етушілер деп атайтындардың көбі өздеріне, не болмаса өздері сияқтыларға сүйенеді. Олар білім иелері мен фақиһтерге жүгінбейді. Олар шариғат негіздеріне ие болмай, өздері үшін әлдебір жол құрады. Бұл «білім талап етушілер» ғалымдармен байланысын түгел үзеді және білімді оның қайнар көздерінен алмайды. Соның нәтижесінде осындай бір мәнһаж туындайды, өйткені надандық надандықтан өзге еш нәрсені туғызбайды. Бұл – (нағыз) қасірет! Егер адамдар ғалымдарға емес, өзгелерге жүгіне бастаса, бақытсыздықтар пайда бола бастайды. Адамда ынта-жігер мен дінге деген махаббаттың болуы жеткілікті емес. Мұның барлығы сенімді (сахих) білімнің үстіне құрылуы керек. Міндетті түрде ғалымдарға жүгіну керек. Өйткені Аллаһ Тағала былай деді ғой:
﴿ فَاسْأَلُواْ أَهْلَ الذِّكْرِ إِن كُنتُمْ لاَ تَعْلَمُونَ ﴾
«Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар» («әл-Әнбийя» сүресі, 7-аят).
Ал егер білімсіз біреу өзіне, өзінің түсінігіне, өзіндегі кітаптарға сүйенсе, міне, осы қасірет! Бүлік кезінде, патша ‘Абдул-‘Азиздің (Аллаһ оны рахым етсін) кезінде кейбір бәдәуи руларына: «Ғалымдарға жүгініңдер», - деп айтылған болатын, сонда олар: «Бізде таухид бойынша кітаптар бар, әрі бұл бізді ғалымдарға жүгіну қажеттілігінен босатады», - деп жауап берген еді. Бұл – қасірет! Егер адам білім талап етудің басында кітапқа сүйенсе, онда бұл – қасірет! Таухид туралы кітаптар өте жақсы, бұған күмән жоқ, бірақ олар оларды түсіндіретін ғалымдарға мұқтаж. Адамда кітаптың болуы жеткілікті емес, тіпті ол өте жақсы кітап болса да. Міндетті түрде осы кітапты түсіндіріп беретін ғалым керек. Мысалы, біреу медицинамен айналысқысы келеді, әрі ода дәрігерлер пайдаланатын барлық құрал-саймандар, барлық дәрі-дәрмектер бар, бірақ ол медицинаны оқымады. Біреу оған денелерді кесіп, операциялар жасауға рұқсат береді ме?! Ол адамдарды опат етеді! Ал егер дүние мәселелерінде осылай болатын болса, онда дін мәселелері туралы не айтуға болмақ?!
Иә, сізде кітаптар болуы мүмкін, бірақ сізде мұғалім жоқ! Сіз діндар ғалымдарға жүгінбейсіз! Бұл тек діннің бүлініп-бұзылуына әкеліп соғады. Сондықтан да: «Елге жартылай фақиһтер, жартылай дәрігерлер, ақида мәселелеріндегі жартылай мамандар бүлінушілік алып келеді», - деп айтылады. Мұндай адам, егер ол осындай жартылай дәрігер болса, адамдардың тәнін құртуы мүмкін. (Ал) егер ол осындай жартылай фақиһ болатын болса, онда (тұтас) елдерді қиратуы мүмкін (шейх әл-Фаузанның сөздерінің соңы).
Оныншы ереже:
«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а "әл-жәма’а" - бұл діннің ең маңызды негіздерінің бірі деп санайды»
Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ وَاعْتَصِمُواْ بِحَبْلِ اللَّهِ جَمِيعًا وَلاَ تَفَرَّقُواْ ﴾
«Түп-түгел Аллаһтың жібінен мығым ұстаныңдар да, бөлінбеңдер» («Әли Имран», 103-аят).
Ибн Мәс‘уд (Аллаһ оған разы болсын) осы аятқа түсіндірме жасап: «Аллаһтың жібі – бұл жәма’а», - деп айтқан (Қз.: Ибн Жәрир «Тафсир», 7/71). Үммет ағымдарға бөлінетіндігі туралы айтылатын хадисте де сондай-ақ құтылған топ (фирқату-н-нажийя) туралы хабарланады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол туралы: «Бұл —жәма’а», - деген (Ахмад, 4/102; Абу Дауд, 4597).
Абу Хурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Ақиқатында, Аллаһ Тағала сендер үшін үш (нәрсеге) разы және (басқа) үш (нәрсеге) разы емес. Ол сендердің Оған ғана құлшылық етулеріңе және Оған ешкімді серік қоспауларыңа, сендер түп-түгел Аллаһтың жібінен ұстанып бөлінбеулеріңе, және сендер өз әмірлеріңе (елбасшыларыңа) ықыласты қарым-қатынас жасауларыңа разы. Ал Ол жақсы көрмейтін (нәрселер) – бұл сендердің өсек-ғайбатпен айналысуларың, көп сұрақ қоюларың және мал-мүліктеріңді бекерге шашуларың» (Муслим, 1715).
Имам әш-Шәфи‘и (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Егер сіз: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жамағатты ұстану туралы бұйрығы нені білдіреді?», - деп сұрасаңыз, мен: «(Мұның) бір-ақ мағынасы бар», - деп жауап беремін. Егер сіз: «Қалайша сонда?», - десеңіз, мен былай деп жауап беремін: «Мұсылмандардың жама`асы әртүрлі елдерде шашыраңқы болуы мүмкін әрі адамдар физикалық тұрғыдан бірге бола алмайды. Бірақ, сонымен бір мезгілде, бір елде мұсылмандар мен кәпірлер, тақуалар мен күнәхарлар бірге өмір сүруі мүмкін. Сондықтан да жама`аны ұстанудың тек бір-ақ мағынасы бар! (Оның) мағынасы – адамның харам мен хәлал мәселелерінде, Аллаһқа мойынсұну мәселелерінде жама`аны ұстануында. Егер адам мұсылмандардың жамағаты айтатын нәрселерді айтса, онда ол жама`аны ұстанады! Ал кім мұсылмандардың жамағаты айтатын нәрселерге қайшы келсе, сол оған ұстану бұйырылған жама`аға қайшы келеді»”(Қз.: «әр-Рисалә», 475-476).
Абу Шама (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: «Жамағатты ұстану бұйрығы бар. (Онымен) адамның ақиқатты ұстанып оған ілесуі меңзелуде, тіпті ақиқатқа ілесушілер аз, ал оған қайшы келетіндер көп болса да! Өйткені ақиқат – бұл Пайғамбар мен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны сахабаларынан (олардың барлығына Аллаһ разы болсын) бастап алғашқы жамағат ұстанып келе жатқан нәрсе. Біз олардан кейін өтірікті ұстанушылардың көптігіне қарамауымыз керек» (Қз.: «әл-Бә‘ис алә инкар әл-бид‘а», 22-бет).
Ибн ‘Аббастың (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Кім өзінің әмірінің (елбасшысының) қандай да бір (істерін) мақұл көрмесе, сабырлық танытсын, өйткені, ақиқатында, әмірге (елбасшыға) бағынудан бір сүйемге болса да шыққан (адам) жәхилиет өлімімен өледі!» (әл-Бухари, 7053; Муслим, 1849). Ал осы хадистің басқа риуаятында: «Кім жама`адан бір сүйемге болса да ауытқыса, сол жәхилиет өлімімен өледі!», - деп айтылады.
Шейх Салих ибн Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деді:
─ Бұл ереже бізге мұсылмандар оларды біріктіретін біртұтас қауымда (жама`ада) болуы керек дегенге нұсқайды. Мұсылмандардың арасында бөлінушілік болса, олардың жағдайы дұрыс болуы мүмкін емес. Әркімде өзінің жолы, өз мәнһажы болады! Керісінше, жол бір, мәнһаж бір болуы керек!
Сіз: «Адамдарды біріктіретін сол жол, сол бір мәнһаж қайда? Өйткені әрбір адамда жеке пікірі бар әрі адамдардың ақыл-ойлары бірдей емес қой. Оларды бір мәнһажға біріктіру мүмкін емес», - деп айтуыңыз мүмкін.
Сіз жауап аласыз! Ақиқатында, Аллаһ Тағала адамдарды өздерінің ойлары мен түсініктеріне тапсырып қойған жоқ. Ол оларға Кітапты түсірді және Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жіберді, ал олар оның жолына ілесуі қажет. Олар өздерінің ақылдарына, ойларына және өздері жақсы деп санайтын нәрселерге сүйенбеулері керек. Олар өздерінің көсемдері, халықтары мен ру-тайпалары ойдан шығарған нәрселерге сүйенбеуі керек. Ақиқатында, Аллаһ Тағала адамдарды осыларға тапсырып қоймады! Егер осылай болғанда, олар жіктеліп, бір-бірімен соғыса бастайтын еді және адасатын еді. Бірақ Аллаһ оларға олар соған ілесуге тиісті болған тура басшылық түсірді. Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ قَالَ اهْبِطَا مِنْهَا جَمِيعًا بَعْضُكُمْ لِبَعْضٍ عَدُوٌّ فَإِمَّا يَأْتِيَنَّكُم مِّنِّي هُدًى فَمَنِ اتَّبَعَ هُدَايَ فَلا يَضِلُّ وَلا يَشْقَى (123) وَمَنْ أَعْرَضَ عَن ذِكْرِي فَإِنَّ لَهُ مَعِيشَةً ضَنكًا وَنَحْشُرُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ أَعْمَى (124) قَالَ رَبِّ لِمَ حَشَرْتَنِي أَعْمَى وَقَدْ كُنتُ بَصِيرًا (125) قَالَ كَذَلِكَ أَتَتْكَ آيَاتُنَا فَنَسِيتَهَا وَكَذَلِكَ الْيَوْمَ تُنسَى (126) وَكَذَلِكَ نَجْزِي مَنْ أَسْرَفَ وَلَمْ يُؤْمِن بِآيَاتِ رَبِّهِ وَلَعَذَابُ الآخِرَةِ أَشَدُّ وَأَبْقَى ﴾
”Бір-бірлеріңе дұшпан болған күйде Жәннаттан түгел түсіңдер. Ал егер сендерге Менің тарапымнан бір туралық келіп, кім тура жолыма ілессе, сонда ол адаспайды да, машақат тартпайды. Ал кім Үгітімнен бет бұрса, сонда, күдіксіз, оған бір тар тұрмыс болады. Сондай-ақ Қиямет Күні оны соқыр түрде жинаймыз. «Раббым, мені неге соқыр етіп тірілттің? Расында, мен көретін едім», - дейді. (Аллаһ): «Міне, осылай. Өйткені саған аяттарымыз келген еді. Сонда сен оны ұмытқан едің. Сол сияқты бүгін сен де ұмытыларсың», - дейді. Ал, міне, осылайша Біз шектен шыққан, Раббысының аяттарына иман келтірмеген кісіні жазаландырамыз. Әрине, Ақырет азабы әрі қатты, әрі тұрақты” («Та Ха» сүресі, 123-127-аяттар).
Аллаһ Тағала бізді ақылымызға, түсінігімізге немесе басқа біреудің түсінігіне тапсырып қойған жоқ. Ол бізге Кітапты түсірді және бізге Елші жіберді. Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ وَأَنَّ هَذَا صِرَاطِي مُسْتَقِيمًا فَاتَّبِعُوهُ ﴾
«Ақиқатында, Менің тура жолым осы. Соған ілесіңдер» («әл-Әнғам» сүресі, 153-аят).
Егер адамдар Аллаһтың Кітабына және Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне қайта оралса, бірігу жүзеге асады! Осы үмметтің алғашқы ұрпақтарының (тұсында) дәл осылай болды, өйткені әу бастан адамдар бөлінушілікте еді. Бүкіл дүние өте қатты бөлінушілікте болатын, әсіресе, бұл арабтарға қатысты еді. Аллаһ Тағала Кітапты түсіріп, Елшіні жібергеннен кейін олар бірікті. Ол бұл туралы былай деді:
﴿ وَإِن يُرِيدُواْ أَن يَخْدَعُوكَ فَإِنَّ حَسْبَكَ اللَّهُ هُوَ الَّذِيَ أَيَّدَكَ بِنَصْرِهِ وَبِالْمُؤْمِنِينَ (62) وَأَلَّفَ بَيْنَ قُلُوبِهِمْ لَوْ أَنفَقْتَ مَا فِي الأَرْضِ جَمِيعًا مَّا أَلَّفْتْ بَيْنَ قُلُوبِهِمْ وَلَكِنَّ اللَّهَ أَلَّفَ بَيْنَهُمْ إِنَّهُ عَزِيزٌ حَكِيمٌ ﴾
«Ал егер олар сені алдауды ойласа, шынында Аллаһ саған жетіп асады. Өйткені Ол сондай Аллаһ, сені Өз жәрдемімен және мүминдер арқылы қолдады. Және Ол мүминдердің жүректерін қосты. Егер сен жер жүзіндегі нәрселерді тұтас сарып қылсаң да, олардың жүректерін қоса алмас едің. Бірақ Аллаһ олардың араларын біріктірді. Расында, Ол – Өте Үстем, Аса Дана» («әл-Әнфал» сүресі, 62-63-аяттар).
Адамдардың жүректерін тек Құран мен Сүннет қана біріктіре алады. Оларсыз адамдар ешқашан бірікпейді. Егер олар өздері үшін жеке бағдарламалар мен жолдар сызатын болса, онда ешқашан біріге алмайды. Оларды тек Құран, Сүннет және салиқалы ата-бабалардың (мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының) мәнһажына ілесу ғана біріктіре алады. Бұл – Аллаһ оған разы болған, бірігуге бастайтын дұрыс жол. Ол былай деді:
الْيَوْمَ أَكْمَلْتُ لَكُمْ دِينَكُمْ وَأَتْمَمْتُ عَلَيْكُمْ نِعْمَتِي وَرَضِيتُ لَكُمُ الإِسْلامَ دِينًا ﴾
«Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым»(«әл-Мәида» сүресі, 3-аят).
Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Ақиқатында, Аллаһ Тағала сендер үшін үш (нәрсеге) разы және (басқа) үш (нәрсеге) разы емес. Ол сендердің Оған ғана құлшылық етулеріңе және Оған ешкімді серік қоспауларыңа, сендер түп-түгел Аллаһтың жібінен ұстанып бөлінбеулеріңе, және сендер өз әмірлеріңе ықыласты қарым-қатынас жасауларыңа разы» (Муслим, 1715).
1 — Таухид (Бірқұдайшылық) — яғни Құран мен Сүннетке сәйкес келетін дұрыс сенім (ақида). Бұл – Аллаһ Тағаладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екендігі туралы куәлік. Дәл осы нәрсе адамдарды біріктіреді. Егер адамдардың сенім-ақидасы әртүрлі болса, олар міндетті түрде бөлінушілікте бола береді.
2 — Аллаһтың жібі — яғни Қасиетті Құран мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті. Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ فَإِن تَنَازَعْتُمْ فِي شَيْءٍ فَرُدُّوهُ إِلَى اللَّهِ وَالرَّسُولِ ﴾
«Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа және Елшіге ұсыныңдар» («ән-Ниса» сүресі, 59-аят). Келіспеушіліктер адамдардың барлығы Аллаһтың Кітабы мен Сүннетке жүгінген кезде ғана тоқтайды. Ал егер біз адамдар ойлап тапқан жолдарға жүгенетін болсақ, бөлінушілік пайда болады. Аллаһ Тағала адамдардың өзара келіспеушілікке түскен нәрселерінде оларға үкім шығару үшін Кітап түсірді. Дәл осы нәрсе ғана келіспеушіліктерді тоқтатып, баршаны разы күйінде қалдырады. Өйткені бұл – Раббыдан түскен Кітап; ол әділ әрі дана.
3 — Әмірге (елбасшыға) бағыну— яғни мұсылмандар өздерінің әмірлеріне (елбасшыларына) бағынулары және қарсы шықпаулары керек. Олар оған оның қателіктерін түсіндірулері керек және игілікке нұсқаулары қажет. Олар әмірдің (елбасшының) оларға жүктеген міндеттерін адал ниетпен орындауға тиіс. Сондай-ақ олар Аллаһ Тағаладан Ол әмірлерді (елбасшыларды) ізгі-салиқалы етуін, оларға көмектесуін тілеулері керек. Мұның барлығы елбасшыға деген ықыласты қарым-қатынас болып табылады.
Ал егер біреу-міреу елбасшыға қайшы келсе, оны көпшілік алдында талқыласа, адамдардың бойына оған деген жек көрушілік салса, мұндай адам өз елбасшысына сатқындық жасаған болады! Тура сол нәрсе (елге, қоғамға, адамдарға қатысты) бір жамандықты көріп, бірақ ол туралы елбасшыға айтпайтын адамға да қатысты. Мысалы, ол адамдардың арасында қандай да бір (айыпты) салғырттықты, қайшылықты көріп, оны елбасшыға хабарламаса (шейх әл-Фаузанның сөздерінің соңы).
Он бірінші ереже:
«Бөлінудің ең үлкен себебі кейбір мұсылмандардың топтарға немесе жамағаттарға, немесе Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзге әлдебір жеке тұлғаларға соқыр түрде берілгендігі мен ынтықтығы болып табылады»
Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ إِنَّ الَّذِينَ فَرَّقُواْ دِينَهُمْ وَكَانُواْ شِيَعًا لَّسْتَ مِنْهُمْ فِي شَيْء ﴾
«Күдіксіз, діндерінде бөлініп, топтарға жіктелгендермен ешбір байланысың жоқ» («әл-Әнғам» сүресі, 159-аят).
Ибн Кәсир (бұл аят туралы) былай деген: «Бұл аяттың айқын мағынасы – ол Аллаһтың дініне қарама-қарсы шығып бөлінгендердің барлығына қатысты екендігінде. Ақиқатында, Аллаһ Тағала Өзінің хақ дінін басқа діндердің барлығынан үстем ету үшін, Өз Елшісін тура басшылықпен және хақ дінмен жіберді. Оның шариғаты біртұтас! Онда ешқандай келіспеушілік пен бөлінушілік жоқ» (Қз.: Ибн Кәсир «Тафсир», 2/262).
Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:
Достарыңызбен бөлісу: |