Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!


«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а дінді дүниелік мүдде-мақсаттарға жетудің құралы етуден сақтандырады»



бет14/23
Дата28.01.2018
өлшемі4,82 Mb.
#34260
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а дінді дүниелік мүдде-мақсаттарға жетудің құралы етуден сақтандырады»

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ مَّن كَانَ يُرِيدُ الْعَاجِلَةَ عَجَّلْنَا لَهُ فِيهَا مَا نَشَاء لِمَن نُّرِيدُ ثُمَّ جَعَلْنَا لَهُ جَهَنَّمَ يَصْلاهَا مَذْمُومًا مَّدْحُورًا ﴾

«Кім өткінші дүниені қаласа, Біз сол сәтте-ақ қалаған кісімізге қалағанымызды береміз. Сонсоң оны Жәһаннамға саламыз. Ол оған қорланған әрі мәрхаметке зақ болған түрде кіреді» («әл-Исра» сүресі, 18-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деді):



﴿ فَخَلَفَ مِن بَعْدِهِمْ خَلْفٌ وَرِثُواْ الْكِتَابَ يَأْخُذُونَ عَرَضَ هَذَا الأَدْنَى وَيَقُولُونَ سَيُغْفَرُ لَنَا وَإِن يَأْتِهِمْ عَرَضٌ مِّثْلُهُ يَأْخُذُوهُ أَلَمْ يُؤْخَذْ عَلَيْهِم مِّيثَاقُ الْكِتَابِ أَن لاَّ يَقُولُواْ عَلَى اللَّهِ إِلاَّ الْحَقَّ وَدَرَسُواْ مَا فِيهِ وَالدَّارُ الآخِرَةُ خَيْرٌ لِّلَّذِينَ يَتَّقُونَ أَفَلاَ تَعْقِلُونَ ﴾

Олардан кейін Кітапқа мұрагер болып, осы сапасыз дүниенің игіліктеріне жармасатын топ келіп: «Жуықта кешірілеміз», - деді. Егер оларға осындай игіліктер тағы да кездессе, олар қайтадан соларға жармасар еді. Олардан Аллаһ туралы тек шындықты ғана айтуларына Кітапта уәде алынбады ма? Олар ондағы (Кітаптағы) нәрселерді оқып-үйренді. Негізінде, Ақырет мекені тақуалар үшін хайырлырақ. Сонда да түсінбейсіңдер ме? («әл-Әғраф» сүресі, 169-аят).

Сондай-ақ (былай деп те):

﴿ فَإِذَا قَضَيْتُم مَّنَاسِكَكُمْ فَاذْكُرُواْ اللَّهَ كَذِكْرِكُمْ آبَاءَكُمْ أَوْ أَشَدَّ ذِكْرًا فَمِنَ النَّاسِ مَن يَقُولُ رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا وَمَا لَهُ فِي الآخِرَةِ مِنْ خَلاقٍ ﴾

Қашан рәсімдеріңді аяқтасаңдар, Аллаһты ата-бабаларыңды зікір еткендей, тіпті одан да артық зікір етіңдер. Адамдардың арасында: «Раббымыз! Бізге осы дүниеде жақсылық бер!», - дейтіндері бар, бірақ оларға Ақыретте несібе жоқ” («әл-Бақара» сүресі, 200-аят).

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Динардың құлы, дирхамның құлы және киімнің құлы бақытсыз болсын! Ол өзіне (осы нәрселер) берілген кезде разы болады да, ал берілмесе – наразы болады. Ол бақытсыз болсын әрі аяғымен төбесіне төңкерілсін! Тіпті (денесіне) тікен қадалса да, соны шығара алмасын!» (әл-Бухари, 2887).

Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Бидғаттың жақтаушысы өз әуестігінің (көңіл қалауының) жақтаушысы болып табылады. Ол дін үшін емес, өзінің көңіл қалауы үшін амал етеді. Егер ақиқат оның көңіл қалауына (әуестігіне) қайшы келсе, ол одан бұрылып кетеді. Мұндай адамды Аллаһ осы әуестігі үшін жазалайды. Ол бұл дүниеде де, Ақыретте де жазаға лайық болды. Сәләфтардың арасында хауариждерді пасықтар деп атағандары да болды, мысалы, бұл Са‘д ибн Аби Уаққастан, ол Аллаһтың «Алайда, Аллаһ ол (мысал) арқылы Аллаһпен келісім-шарт жасасқан соң оны бұзатын, Аллаһ (үзбей) ұстауды бұйырған нәрсені үзетін және жер бетінде бұзықтық тарататын пасықтарды ғана адастырады. Міне, дәл солар зиян шегетін болады» («әл-Бақара» сүресі, 26-27 аяттар) деген сөздері туралы: «Бұл аят хауариждер жайында», - деп айтқаны жеткізіледі. Бұл, әсіресе, өзі және өз айналасындағылары үшін билікті қалайтындарға қатысты. Мысалы, мұсылман адам кәпірлермен ержүректігі, ашу-ызасы, өзгелерге көріну үшін соғысуы мүмкін, бірақ мұндай соғысу Аллаһтың жолындағы соғысу болып саналмайды. Ал, ендеше, өз бидғаттары үшін ғана қастасатын және соғысатын бидғатшылар туралы не айтуға болмақ?! Олар қателескендері үшін емес, Аллаһтың басшылығын тастап, өз әуестіктеріне ілескендері үшін жазаланады” (Қз.: «Минһажу-с-Сунна ән-Нәбауийа», 5/251).

Сондай-ақ шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: ”Өте жиі жағдайда адамның жан-рухына жасырын әуестіктерден болған бір нәрселер араласып, Аллаһқа деген шынайы махаббатты, шынайы құлшылық пен ықыласты бұзады. Бұл туралы Шәддад ибн Аус (есімді сахаба): «Уа, арабтардың қалдықтары, мен сендер үшін ең көп рия мен жасырын әуестіктен қорқамын», - деп айтқан екен (әл-Бәйһақи «әш-Шу‘аб» кітабында, 6559-6560). Бірде Абу Дауд әс-Сиджистаниге: "Жасырын әуестік деген не?», - деген сұрақ қойғанда, ол: «Билікке ұмтылу», - деп жауап берген екен (әл-Хатыб «Тарих әл-Бағдад», 9/58). Сондай-ақ Ка‘б ибн Маликтен де Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Қой отарына шабуыл жасайтын екі аш қасқырдың оларға тигізетін зияны мал-мүлік пен құрметке ұмтылудың адам дініне тигізетін зиянынан аздау» (Ахмад, 3/456; әт-Тирмизи, 2376. Хадис сахих). Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мал-мүлік пен құрметке ұмтылудың кісі дініне тигізетін зияны екі аш қасқыр қойларға тигізетін зияннан үлкен екенін түсіндіріп берді. Ақиқатында, (дерттерден) сәлемет болған дінде мұндай ұмтылыс жоқ. Егер жүрек Аллаһқа құлшылық етудің және Оны сүюдің ләззатын сезінсе, онда ол үшін еш нәрсе осы ләззаттан артық бола алмайды. Сондықтан да Аллаһ Тағала бұл туралы: «Біз одан жамандық пен арсыздықты бұруымыз үшін өстідік. Өйткені ол ықыласты құлдарымыздан еді» («Юсуф» сүресі, 24-аят), - деп айтқанындай, Ол жамандық пен арсыздықтарды ықыласты адамдардан алыстатады” (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 10/215).

Сондай-ақ шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Кім жетекші-көсем болуды қаласа, сол Перғауын сияқты болғысы келгені. Ал кім мал-мүлік жинаумен айналысса, сол Қарун сияқты болғысы келгені. Алайда Аллаһ Тағала Өзінің Кітабында Перғауын мен Қарунның жағдайын түсіндіріп берді. Ол былай деді: Олар жер жүзінде кезіп, өздерінен бұрынғылардың соңы қандай болғанын көрмеді ме? Ал олар бұлардан да күштірек әрі жер жүзінде көп деректер қалдырған еді ғой. Бірақ Аллаһ оларды күнәлары себепті қолға алды және ешкім оларды Аллаһтан қорғамады» («әл-Ғафир» сүресі, 21-аят). (Ол) сондай-ақ (былай деді): «Сол Ақырет мекенін Біз жер бетінде тәккапарлануды және бұзақылық таратуды қаламайтындар үшін нәсіп етеміз. Тек тақуалардың ғана соңы игі болмақ» («әл-Қасас» сүресі, 83-аят).



Ақиқатында, адамдар төрт топқа бөлінеді:

Бірінші топ: Бұл – жер бетінде тәккапарлануды және бұзақылық таратуды қалайтындар. Мысалы, Перғауын мен оның айналасындағылар сияқты жер бетінде бұзақылық таратып жатқан патшалар мен көсем-жетекшілер. Олар жаратылыстардың ең нашарлары. Аллаһ Тағала былай деді: «Рас, Перғауын жер бетінде тәккапарсынып, елін топтарға бөлді. Олардың бір тобын олардың ұлдарын бауыздап, әйелдерін тірі қалдырып, әлсіз ететін еді. Өйткені ол жер бетінде бұзақылық таратушылардың біреуі болатын» («әл-Қасас» сүресі, 4-аят).

Абдуллаһ ибн Мәс‘удтың (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жүрегінде тозаңның салмағындай тәккапарлығы бар адам Жәннатқа кірмейді! Жүрегінде тозаңның салмағындай иманы бар адам Отқа кірмейді!», - дегені жеткізіледі. Сонда бір кісі: «Уа, Аллаһтың елшісі, мен әдемі киім мен аяқ киім киюді жақсы көремін. Бұл тәккапарлыққа жатады ма?», - деп сұрады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ – Аса Әдемі, әрі Ол әдемілікті жақсы көреді. Ал тәккапарлық дегеніміз – бұл ақиқатты қабылдамау және адамдарды кемсіту (менсінбеу)", - деп жауап берді (Муслим, 91).



Екінші топ: Бұл – бұзақылық таратқысы келетіндер, бірақ жер бетінде тәккапарлануды қаламайтындар. Мысалы, қарапайым халық ішіндегі ұрылар мен қылмыскерлер.

Үшінші топ: Бұл – жер бетінде тәккапарлануды қалайтындар, бірақ бұзықтық таратқысы келмейтіндер. Мысалы, азды-көпті діндар және адамдардан дін арқылы үстем болғысы келетін адамдар.

Төртінші топ: Бұл – жер бетінде тәккапарсынуды және бұзақылық таратуды қаламайтын Жәннат тұрғындары. Осы орайда олар онсыз да үстем халде. Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деген: «Босамаңдар да, қайғырмаңдар. Егер мүмин болсаңдар, әлбетте, үстемсіңдер» («Әли Имран» сүресі, 139-аят). (Ол) сондай-ақ (былай деді): «Сондықтан босамаңдар, келісімге шақырмандар, сендер үстемсіңдер. Аллаһ сендермен бірге. Әсте амалдарыңды зая қылмайды» («Мухаммад» сүресі, 35-аят). Әрі былай деп те: «Негізінде, күш-қуат Аллаһқа, Елшісіне әрі мұсылмандарға тән» («әл-Мунафиқун» сүресі, 8-аят).

Ұлылықты қалағандар қаншама болатын, алайда бұл оларды тек қорлыққа алып келді! Ұлылық пен бұзақылық таратуды қаламағандардың қаншамасы үстем болған еді!” (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 28/393).

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ وَاتْلُ عَلَيْهِمْ نَبَأَ الَّذِيَ آتَيْنَاهُ آيَاتِنَا فَانسَلَخَ مِنْهَا فَأَتْبَعَهُ الشَّيْطَانُ فَكَانَ مِنَ الْغَاوِينَ (175) وَلَوْ شِئْنَا لَرَفَعْنَاهُ بِهَا وَلَكِنَّهُ أَخْلَدَ إِلَى الأَرْضِ وَاتَّبَعَ هَوَاهُ فَمَثَلُهُ كَمَثَلِ الْكَلْبِ إِن تَحْمِلْ عَلَيْهِ يَلْهَثْ أَوْ تَتْرُكْهُ يَلْهَث ﴾

«(Мухаммад,) оларға Біз аяттарымызды сыйлаған, бірақ ол оларды кері лақтырған біреу туралы қиссаны оқып бер. Шайтан оны қуып жетіп, ол адасушы болды. Егер Біз қалағанымызда, әрине, оны осы арқылы үстем ететін едік. Бірақ ол жерге еңкейіп, нәпсісіне ерді. Сонда оның мысалы: қусаң да тілін салақтатын, қойып қойсаң да тілін салақтататын ит тәрізді» («әл-Әғраф» сүресі, 175-176 аяттар).

Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: «Осы аятта қандай сөгіс қамтылғанына қарашы!



Біріншіден, бұл адам оған білім берілгеннен кейін адасты деп айтылған. Ол саналы түрде күпірлікті иманнан абзал көрді.

Екіншіден, бұл адам иманды кері лақтырғаны соншалықты күшті еді – ол енді оған ешқашан оралмайды деп айтылған. Өйткені аятта « انسلخ » (әнсәләха) сөзі келген. Мысалы, жылан туралы « انسلخ » (әнсәләха)— яғни «терісін ол тері оған қайта оралмайтын етіп тастады» деп айтылады.

Үшіншіден, шайтан оны өз торына аулап алып, жеңді деп айтылған.

Төртіншіден, ол тура жолда болғаннан кейін адасушыға айналды деп айтылған.

Бесіншіден, Аллаһ Тағала бұл адамды білім арқылы жоғарылатқысы (үстем еткісі) келмеді деп айтылған. Әрі осы бұл адамның опат болуының себебіне айналды. Егер ол білімді болмағанда, бұл, бәлкім, ол үшін жақысырақ болар ма еді, өйткені ол жеңілдеу жаза алған болар еді?!

Алтыншыдан, Аллаһ Тағала бұл адамның мақсат-ниеті арам екенін айтты. Ол өзі үшін жексұрын-жиіркенішті болған нәрсені таңдап алып, жоғары болған нәрсені кері лақтырып тастады.

Жетіншіден, «ол жерге еңкейіп» деп айтылған, яғни ол өзі үшін жексұрын болған күйде күнелтуді таңдап алды. Бұл оның нәпсісісің тек уақытша ұмтылысы ғана емес еді. Жер дегенде бұл жерде дүние тіршілігі меңзеліп тұр.

Сегізіншіден, бұл адам тура жолдан теріс бұрылып, өз әуестіктеріне ілесіп кетті. Ол өз әуестігін өзіне имам етіп алды.

Тоғызыншыдан, Аллаһ бұл адамды итпен, яғни ең жексұрын және ашқарақ-ашкөз жануармен теңеді.

Оныншыдан, Аллаһ Тағала бұл адамды және оның дүниелік нәрселерге деген ұмтылыс-құштарлығын иттің тілін салақтатуымен теңеді. Сен оны қусаң ол тілін салақтатады, егер өз жөнімен қалдырсаң, ол тағы тілін салақтатады. Бұл адам да тура сол (ит) сияқты: егер оны өз жөнімен қалдырсаң, ол дүниелік (нәрселерге) ұмтылып, тілін салақтатады, егер сен оны насихаттай бастасаң және оған тыйым сала бастасаң, ол бәрібір дүниелік нәрселерге ұмтылып, тілін салақтатады.

Ибн Қутайба былай деді: «Иттен басқа кез-келген жануар не шаршауы, не шөлдеуі себепті тілін салақтатады. Ал ит тілін шаршағанда да, қалыпты күйінде де салақтатады. Ол өз тілін шөлдесе де, суға тойып алса да салақтата береді. Дәл сондықтан да Аллаһ Тағала бұл кәпірді итпен теңеді. Егер сен оны насихаттасаң, ол адасушылығында қала береді, ал егер оны өз жайына қалдырсаң да, ол бәрібір адасушылықта. Ол ит сияқты: егер сен оны қусаң, ол тілін салақтатады, ал егер сен оны өз жөніне қалдырсаң, ол тағы да тілін салақтатады. Бірақ бұл әрбір итке қатысты емес екенін айтып кеткен жөн. Бұл тілін салақтататын иттерге қатысты» (Қз.: «әл-Фауаид», 101-бет).

Отызыншы ереже:


«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а Аллаһқа шақыруда пайғамбарлық әдіске ілесу міндетті екеніне нық сенеді»

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ اتَّبِعُواْ مَا أُنزِلَ إِلَيْكُم مِّن رَّبِّكُمْ وَلاَ تَتَّبِعُواْ مِن دُونِهِ أَوْلِيَاء قَلِيلاً مَّا تَذَكَّرُونَ ﴾

«Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге бойсұныңдар да, Одан өзгені дос тұтып ілеспеңдер. Нендей аз ғана үгіт тыңдайсыңдар!» («әл-Әғраф» сүресі, 3-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деп айтты):



﴿ أَفَمَن كَانَ عَلَى بَيِّنَةٍ مِّن رَّبِّهِ كَمَن زُيِّنَ لَهُ سُوءُ عَمَلِهِ وَاتَّبَعُوا أَهْوَاءهُمْ ﴾

«Ал сонда Раббысы тарапынан ашық дәлелге ілескен біреу өзіне жаман амалы әдемі көрсетіліп, әуестеріне ерген біреумен тең бе?» («Мухаммад» сүресі, 14-аят).

Және (былай деді):



﴿ قُلْ هَذِهِ سَبِيلِي أَدْعُو إِلَى اللَّهِ عَلَى بَصِيرَةٍ أَنَاْ وَمَنِ اتَّبَعَنِي وَسُبْحَانَ اللَّهِ وَمَا أَنَاْ مِنَ الْمُشْرِكِينَ ﴾

(Мухаммад): «Менің жолым осы. Мен және маған ергендер ашық дәлел үстінде Аллаһқа шақырамыз. Аллаһ Пәк әрі мен серік қосушылардан емеспін», - де” («Юсуф» сүресі, 108-аят).

(Аллаһ) тағы да (былай деді):

﴿ قُلْ إِن ضَلَلْتُ فَإِنَّمَا أَضِلُّ عَلَى نَفْسِي وَإِنِ اهْتَدَيْتُ فَبِمَا يُوحِي إِلَيَّ رَبِّي إِنَّهُ سَمِيعٌ قَرِيبٌ ﴾

«Егер адассам, шын мәнінде, адасуым өз зияныма болады. Ал егер тура жолда болсам, сонда ол Раббымның маған уахи еткенімен болады. Күдіксіз, Ол толық Естуші, аса Жақын», - де” («әс-Саба» сүресі, 50-аят).

Және (былай деді):

﴿ وَإِذَا تُتْلَى عَلَيْهِمْ آيَاتُنَا بَيِّنَاتٍ قَالَ الَّذِينَ لاَ يَرْجُونَ لِقَاءَنَا ائْتِ بِقُرْآنٍ غَيْرِ هَذَا أَوْ بَدِّلْهُ قُلْ مَا يَكُونُ لِي أَنْ أُبَدِّلَهُ مِن تِلْقَاء نَفْسِي إِنْ أَتَّبِعُ إِلاَّ مَا يُوحَى إِلَيَّ إِنِّي أَخَافُ إِنْ عَصَيْتُ رَبِّي عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمٍ ﴾

Сондай-ақ оларға аяттарымыз ашық дәлел түрінде оқылған кезде, Бізбен кездесуге үміт етпейтіндер: «Бұдан басқа бір Құран келтір, немесе мұны ауыстыр!», - дейді. (Мухаммад): «Оны өз тарапымнан өзгертуіме болмайды. Мен өзіме уахи етілгенге ғана еремін. Расында, мен егер Раббыма қарсы келсем, Ұлы күні басыма азап келеді деп қорқамын”, - де» («Юнус» сүресі, 15-аят).

(Ол былай деп те айтты):

﴿ فَلَعَلَّكَ تَارِكٌ بَعْضَ مَا يُوحَى إِلَيْكَ وَضَائِقٌ بِهِ صَدْرُكَ أَن يَقُولُواْ لَوْلاَ أُنزِلَ عَلَيْهِ كَنزٌ أَوْ جَاءَ مَعَهُ مَلَكٌ إِنَّمَا أَنتَ نَذِيرٌ وَاللَّهُ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ وَكِيلٌ ﴾

(Мухаммад,) бәлкім, сен олардың: «Не үшін оған қазына түсірілмеген, немесе не үшін онымен бірге періште келмеген?», - деулеріне көңілің тарайып, уахи етілген нәрсенің кейбірін тастауың ықтимал. Шынында, сен тек ескертушісің. Аллаһ – Қамқоршы әрі әр нәрсеге Кепіл” («Худ» сүресі, 12-аят).

(Ол) тағы да (былай деді):

﴿ قُل لاَّ أَقُولُ لَكُمْ عِندِي خَزَائِنُ اللَّهِ وَلا أَعْلَمُ الْغَيْبَ وَلا أَقُولُ لَكُمْ إِنِّي مَلَكٌ إِنْ أَتَّبِعُ إِلاَّ مَا يُوحَى إِلَيَّ قُلْ هَلْ يَسْتَوِي الأَعْمَى وَالْبَصِيرُ أَفَلاَ تَتَفَكَّرُونَ ﴾

(Мухаммад, оларға:) «Жанымда Аллаһтың қазынасы бар демеймін, көместі де білмеймін. Және сендерге періштемін де демеймін. Мен өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін. Көзді мен көзсіз тең бе? Ойламайсыңдар ма?», - де” («әл-Әнғам» сүресі, 50-аят).

Бірде шейхул-Ислам Абул-‘Аббас Ахмад ибн ‘Абдул-Халим ибн Теймийя әл-Хараниге (Аллаһ оны рахым етсін) мынандай сұрақ қойылған болатын: «Жамандыққа, яғни кісі өлтіруге, жолдарда адамдарды тонауға, арақ-шарап ішуге және т.с.с. жамандықтар істеуге бел буған бір топ адам бар. Содан соң өзінің Сүннетке ілесуімен танылған атақты шейхтардың біреуі оларға бөгет жасауға ниет етті. Бірақ ода осыны амалға асырудың тек бір-ақ жолы болатын, әрі ол зұлымдықтың жасалуына жол бермеу үшін оларға арнап тыңдаулар ұйымдастырды. Бұл шейхта даңғыра (дұф) болатын, ал әнші (әлгілерге) музыканың сүйемелдеуінсіз мазмұны рұқсат етілген ән айтатын. Міне, осылайша, олар осындай тыңдауларға жиналатын болды да, содан қылмыскерлердің тұтас бір тобы (істеген күнәларына) тәубе етті. Намаз оқымаған, ұрлық жасаған, зекет төлемеген олар осы күнәлардан сақтанатын әрі діни міндеттіліктерді орындайтын болды.

Осындай тыңдаулардан қаншама пайда келетінін, сондай-ақ ода (шейхта) оларды өзгеше уағыз-насихаттаудың мүмкіншілігі жоқ болғанын ескере келе осындайды ұйымдастыруға рұқсат етіледі ме?»

Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: «Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Бұл сұраққа берілетін жауап бірнеше қағидалардың үстіне құрылмақ.



Біріншіден, Аллаһ Тағала Өзінің дінін басқа діндерден үстем ету үшін, Мухаммадты (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тура басшылықпен және хақ дінмен жіберді, әрі Аллаһ Куә ретінде жетіп асады! Аллаһ Тағала бұл дінді осы үммет үшін кемел етті. Аллаһ Тағала былай деді: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және сендерге деген нығметімді тәмамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым» («әл-Мәида» сүресі, 3-аят).

Екіншіден, Аллаһ Тағала бақытты Өзіне мойынсұнғандарға, ал бақытсыздықты мойынсұнбағандарға уәде етті. Аллаһ Тағала былай деді: «Ал кім Аллаһқа, Пайғамбарға бойсұнса, міне, солар Аллаһ нығметке бөлеген пайғамбарлармен, шыншылдармен, шәһидтермен және ізгілермен бірге болады. Олар нендей жақсы жолдас!"» («ән-Ниса» сүресі, 69-аят). (Ол) сондай-ақ (былай деді): «Ал кім Аллаһқа және Оның Елшісіне мойынсұнбаса, соған Жәһаннам оты әзірленген, әрі олар онда мәңгі қалады» («әл-Жинн» сүресі, 23-аят).

Үшіншіден, Аллаһ Тағала (Өзінің) жаратылыстарына оларда өзара келіспеушілік туындаған кезде, Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алып келген нәрсеге жүгінуді бұйырды. Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, иман келтіргендер! Аллаһқа бойсұныңдар, Пайғамбарға бойсұныңдар, әрі өздеріңнен болған ықпал иелеріне де. Ал егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, Пайғамбарға ұсыныңдар, егер сендер Аллаһқа, Ақырет Күніне иман келтірген болсаңдар. Міне, осы хайырлы да, сыйы бойынша да жақсырақ!» («ән-Ниса» сүресі, 59-аят).

Төртіншіден, Аллаһ Тағала Мухаммад пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһқа және тура жолға шақыратынын айтты: (Мухаммад, оларға) айт: «Менің жолым – осы. Мен және маған ергендер Аллаһқа ашық дәлел үстінде шақырамыз!»” («Юсуф» сүресі, 108-аят). (Аллаһ) сондай-ақ (былай деді): «Расында, сен тура жолға, (яғни) көктер мен жердегі нәрселер Оның (иелігінде) болған Аллаһтың жолына бастайсың. Ақиқатында, істер Аллаһқа қайтады» («әш-Шура» сүресі, 52-53 аяттар).

Бесіншіден, Аллаһ Тағала Мухаммад пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсылыққа бұйырып, жамандықтан қайтаратынын, игі нәрселерді рұқсат етіп, арсыздықтарға тыйым салатынын айтты. Аллаһ Тағала былай деді: «Мен қалағанымды азабыма ұшыратамын, рахметім әр нәрсені қамтиды. Мәрхаметімді сондай тақуалық қылғандарға, зекет бергендерге және аяттарымызға сенгендерге жедел жазамын. Олар – жандарындағы Тәуратта және Інжілде ол туралы жазуды таба алатын сауатсыз Пайғамбарға ергендер. Ол оларды жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыяды. Жақсы нәрселерді хәлал, жаман нәрселерді арам қылады. Олардың үстеріндегі ауыр жүктерді (түсіріп), шиелініскен нәрселерді шешеді. Енді соған сенгендер, оны құрметтеп, оған қолдау көрсеткендер және оған түсірілген нұрға ергендер, міне, солар міндетті түрде жетістікке жетеді» («әл-Әғраф», 156-157 аяттар). Аллаһ Тағала Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) игі болған нәрсенің барлығын түгел бұйырды және оны барлық айыпты нәрседен сақтандырды, игі нәрсенің барлығын хәлал етті және жаман нәрсенің барлығына тыйым салды. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Әрбір жіберілген пайғамбар өз үмметіне олар үшін игілік екенін білетін және олар үшін жамандық екенін білетін нәрселерді көрсетуге міндетті етін» (Муслим, 1844).

Әл-‘Ирбад ибн Сарийядан оның былай деп айтқаны жеткізіледі: “(Бірде) бізге Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құтпа айтты, әрі сол (құтпадан) біздің жүректеріміз (қорқыныштан) тітірей бастап, көздеріміз жасқа толды. (Сонда) мен: «Уа, Аллаһтың елшісі, бұл құтпа қоштасып тұрған адамның құтпасындай ғой, ендеше, бізге насихат беріңіз», - дедім. Ал ол болса: «Мен сендерге Аллаһтан қорқуды, әмірге құлақ салуды және мойынсұнуды өсиет етемін, тіпті ол эфиопиялық құл болса да! Ақиқатында, сендердің араларыңдағы ұзақ өмір сүретіндерің көп келіспеушіліктерді көреді, сондықтан да менің Сүннетімді және тура жолдағы ізгі халифалардың сүннетін ұстаныңдар. Оған азу тістеріңмен жармасып алыңдар, әрі бидғаттардан (діндегі жаңалықтардан) сақтаныңдар, ақиқатында, әрбір бидғат адасушылық болып табылады», - деп жауап берді” (Ахмад, 4/126-127; Абу Дауд, 4607; әт-Тирмизи, 2678 және басқалар).



Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мен сендерді Оттан алыстататын бірде-бір нәрсені қалдырмай, ол туралы сендерге хабарладым» (Ибн Аби Шәйба «әл-Мусаннаф», 7/79). Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мен сендерді түні күндіздей болған және одан опат болғаннан басқа ешкім ауытқымайтын айқын жолда қалдырдым!» (Ахмад, 4/126; Ибн Мәжаһ, 43).

Бұл ұлы қағидаға Құран мен Сүннетте дәлел өте көп. Сондықтан да білім иелері өз кітаптарында бұған жеке тараулар арнап, оны «Құран мен Сүннетті бекем ұстанудың қажеттілігі туралы тарау» деп атайтын. Имам әл-Бухари, имам әл-Бағауи және басқалар тура осылай істеген еді. Кім Құран мен Сүннетті ұстанса, сол Аллаһ Тағаланың тақуа әулиелеріне (жақын болған құлдарына) жатады. Дәл сондықтан да Құран мен Сүннетті ұстанушылар міндетті түрде жетістікке жететін Аллаһтың партиясы болып табылады. Дәл солар Оның жеңімпаз әскері. Сондықтан да сәләфтар, нақты айтқанда имам Мәлик, былай деп айтатын: «Сүннет Нухтың кемесі сияқты. Кім оған мінсе, сол құтылды, ал кім мінбесе, сол опат болды!» Имам әз-Зухри былай деді: “Бізге дейінгі ғалымдар: «Сүннетті мығым ұстануда құтылу бар», - дейтін".

Осының барлығын білген соң, біз Аллаһ Тағала сол арқылы адасқандарды тура жолға салатын, (тура жолдан) ауытқығандарға жол нұсқайтын, күнәһарлардың тәубелерін қабыл ететін нәрселер міндетті түрде Ол өзінің Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жіберген нәрсеге сай болуы, яғни Құран мен Сүннетке сәйкес болуы қажет екенін түсінеміз. Егер Ол Өзінің Пайғамбары (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арқылы жіберген нәрсе адамдарды тура жолға салу үшін жеткіліксіз болғанда, онда бұл Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) діні кемел емес және толықтырып-жетілдіруге мұқтаж екенін білдірер еді.

Аллаһ Тағала ізгі-салиқалы амалдарды не міндетті (уәжіп), не құпталатын (мустахаб) еткенін білу керек. Ал жаман амалдарға келер болсақ, Аллаһ оларға тыйым салды. Егер әлдебір амал өзіне пайданы да, зиянды да қамтыса, онда, ақиқатында, Заң Шығарушы (Аллаһ) Аса Дана болып табылады. Егер пайда зияннан көп болса, онда шариғат бұл амалды орнатады (бекітеді). Ал егер зиян пайдадан басым болса, онда мұндай амалды істеу шариғатта заңды етілмейді. Аллаһ Тағала былай деді: «Сендерге ұнамсыз болса да, соғысу парыз етілді. Бір жек көрген нәрселерің сендер үшін қайырлы болуы мүмкін. Және жақсы көрген нәрселеріңнің сендерге жаман болуы да мүмкін. Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер» («әл-Бақара» сүресі, 216-аят). (Ол) сондай-ақ (былай деп айтты):ухаммад,) олар сенен мас ететін ішімдіктер (хамр) және құмар ойындары (майсир) туралы сұрайды. Оларға: «Екеуінде де зор күнә бар. Адамға пайдасы бола тұра, пайдасынан көрі күнәсы зорырақ», - де («әл-Бақара» сүресі, 219-аят). Сондықтан да Аллаһ Тағала мас ететін ішімдіктер мен құмар ойындарына тыйым салды. Егер адамдар әлдебір амалды осы амал Аллаһқа жақындатады деген оймен істеп жатса, бірақ осы орайда Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл амалды орнатпаған болса, онда бұл осы амалдың зияны пайдасынан асып түседі дегенді білдіреді. Егер бұл амалдан келетін пайда зияннан көбірек болғанда, шариғат оны (өзінен) тыс қалдырмас еді. Өйткені Аллаһ Тағала — Аса Дана ғой, әрі Ол пайдалы нәрсені діннен тыс қалдырмас еді. Шариғат адамды әлемдердің Раббысына жақындата алатын еш нәрсені қалдырып кетпеді.

Ақиқатында, сендер атап кеткен шейх әлгі қылмыскерлердің тобын тәубеге келтіру ниетіне ие еді, бірақ мұны тек бидғат әдіспен ғана істей алды. Бұл оның не надан және адамдарды тәубеге шақырудың шариғи әдістерін білмейтіндігіне, не оларды өмірге енгізе алмайтынына нұсқайды. Ақиқатында, Елші (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), сахабалар мен табиғиндер бұл қылмыскерлерден де жаман адамдарды (дінге) шақыратын. Олар күпірліктің, пасықтықтың және мойынсұнбаудың қауымы болған адамдарды дағуат ететін. Олар соларды шариғи әдістермен шақыратын, әрі Аллаһ Тағала сол (шариғи әдістер) арқылы оларды бидғат әдістерден құтқарды. Сондықтан да шариғи әдістерде адамдарды тәубеге келтіретін нәрсе жоқ деп айтуға тыйым салынады.

Сансыз адамдар осындай бидғатшыл жиындарсыз шариғи әдістер арқылы өздерінің жасаған күпірлігіне, бұзақылығына және мойынсұнбаушылығына тәубе еткені нақты түрде мәлім және (бұл туралы хабарлар) көптеген жолдармен жеткізілген. Мухажирлер мен ансарлардың, сондай-ақ оларға қатаң түрде ілескендердің қатарынан болған алғашқы ұрпақтар осы шариғи әдістер арқылы тәубе еткен еді. Мұсылман елдері мен олардың қалалары шариғи әдістер арқылы Аллаһтың алдында тәубеге келген әрі Одан қорқатын кісілерге толып-тасып жатыр.

Сондықтан да «күнәһарлар тек осы бидғатшыл әдістер арқылы ғана тәубеге келеді» деп айтуға рұқсат етілмейді. Одан да «шейхтардың арасында дағуаттың шариғи әдістері туралы білмейтін, немесе білсе де, өмірге енгізе алмайтындары бар» деп айтыңдар. Оларда Құран мен Сүннет туралы, адамдар тәубе жасау үшін оларға қалай сөйлеу және не айту керек екендігі туралы білім жоқ. Бұл сендер атап кеткен шейх шариғи жолдан бидғатшыл жолға қарай ауытқып кетті. Не ол жақсы ниетке ие бола тұра, қателікке жол берді, не бұл туралы Аллаһ Тағала («әт-Тәуба» сүресінің, 34-аятында): «Әй, иман келтіргендер! Ғалымдары мен машайыхтарының көбі адамдардың мал-мүлкін бұзықтық арқылы жейді және оларды Аллаһтың жолынан тосады», - деп айтқанындай, ол әшейін осы адамдарға жетекші болуды және олардың мал-мүлкін иемденуді қалады.

Адамның шариғи жолдан бас тартып, бидғат жолды абзал көруі тек надандықтың, немесе қабілетсіздіктің, немесе кесірлі сенімдерінің себебімен ғана болады. Осы шейхтың істеген нәрсесі Аллаһ сүйетін мойынсұнышылық болып табылады ма, әлде жоқ па?! Ол сый-сауап алады ма, әлде жоқ па?! Егер бұл Аллаһқа жақындатпаса, Оған бағынушылық пен құлшылық болып табылмаса, ал олар (осы шейхтар) осындайды Аллаһқа жақындауды, Оған бағынуды және құлшылық етуді қалап істеп жатса, онда оларға мұндай сенімдерге ие болуға рұқсат етіледі ме?! Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесетін және білімге ие болған адам бұл сұраққа тек: «Мұның барлығы Аллаһқа жақындатпайды, Оған бағыну және құлшылық ету болып табылмайды, Аллаһ Тағаланың жолына жатпайды. Бұл Аллаһ Тағала Өзінің құлдарына бұйырған нәрселерге жатпайды», - деп жауап береді. Демек, бұл мақталатын және игі нәрсе болып табылмайды, құлшылық болып табылмайды, әрі бұған барлық мұсылмандар келіседі” (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 11/634).

Шейх Мухаммад Жәмалю-д-дин әл-Қасими әд-Димашқи былай деген: “Ендеше, қырсықтықтың түйінін қалай шешуге және адамдарды күнәларды тастауға қалай ынталандыруға болады? Бұл үшін төрт түрлі пайдалы тәсілдер бар:



Біріншіден, күнәһарлар мен Аллаһ Тағалаға мойынсұнбайтынға қорқытулар келтірілетін Құранның аяттарын еске салып айту керек. Күнәһарларға сөгіс жасау туралы және тәубенің артықшылығы туралы айтылатын хадистер мен асарларды ескертіп айту керек.

Екіншіден, пайғамбарлар мен салиқалы алдыңғы ұрпақтар туралы, сондай-ақ олардың бастарына күнәлары себепті не нәрселер түскені жөнінде баяндау керек. Бұл адамдардың жүректеріне өте күшті әсер етеді, әрі зор пайда береді. Мысалы, Адамның (оған Аллаһтың сәлемі болсын) Раббысына құлақ аспағаны және содан кейін оның басына не түскені (яғни ол Жәннаттан айрылғаны) туралы әңгімелеп беруге болады. Ақиқатында, бұл мысалдар мен қиссалар Құранда жәй қөңіл көтеру үшін ғана келтірілмейді. Олар ғибрат ретінде келтірілген. Адамдар тіпті Пайғамбарлардың өздері үшін де олардың кішігірім қателіктері ізсіз өтіп кетпегендігін түсінулері керек. Ендеше, адамдар істеп жатқан үлкен күнәлар туралы не атуға болмақ?!

Үшіншіден, адамдар күнәлардың ізінен осы дүниенің өзінде-ақ жаза келетінін түсінулері керек. Олар өз әуестіктері үшін жаза күтулері керек. Олар адамның басына не түссе де өз күнәларының себебімен түсетінін білулері керек. Адамды осы арқылы қорқыту керек. Хадисте: «Ақиқатында, адам істеген күнәлары себепті ризық-несібесінен айырылады», - деп айтылады (Ахмад, 5/277; ибн Хиббан, 3/153 және басқалар). Кейбір сәләфтар былай дейтін: «Лағынет беттің қараюында немесе мал-мүліктің азаюында емес. Ақиқатында, лағынет адамның бір күнәдан шығып, тағы да осындай немесе бұдан да жаман күнәға түсуінде». Бұл шындығында да осылай! Лағынет – бұл адамның Аллаһ Тағаланың рахымынан алыстауы. Егер адамды игі нәрсеге бағыттамаса, әрі осы орайда оған жамандықтар жеңіл етілсе, онда ол Аллаһтың рахымынан алыстатылғаны. Егер адам Аллаһ Тағаланың көмегінен (тауфиқтан) айрылса, ол ең басты нәрседен айырылды. Әрбір күнә адамды келесі бір күнәға шақырады, әрі осылайша күнәлар ұлғая береді. Содан соң пенде өзінің пайдалы ризық-несібесінен айырылады. Пенде күнәларды сөгетін ғалымдармен және ізгі-салиқалы адамдармен отыру мүмкіндігінен айырылады. Аллаһ Тағала оны жек көреді, әрі осы себепті оны ізгі-салиқалы кісілер де жек көреді.

Жалпы айтқанда, күнәлардың нендей қасіреттерге әкеп соқтыратыны туралы көптеген хабарлар бар. Егер әлдебіреу бәлеге ұшырап жатса, онда бұл оған жаза ретінде (келгені). Ал егер күнә жасайтын адамға игіліктер келіп жатса, онда бұл Аллаһ Тағаладан оған келген еліктіру болып табылады. Бұл адам игіліктерді алады, бірақ Аллаһқа олар үшін шүкіршілік білдіру мүмкіндігінен айрылған, соның нәтижесінде ол күнәлары үшін де, шүкірсіздігі үшін де жазаланады.

Ал мойынсұнған (пендеге) келер болсақ, онда оның алып жатқан әрбір игілігі мойынсұнушылығы үшін беріліп жатқан сый болып табылады әрі оны шүкіршілік етуге бағыттайды. Оның басына түсіп жатқан әрбір бақытсыздық оның күнәларын өшіреді әрі дәрежесін көтереді.

Төртіншіден, мұндай адамдарға нақты күнәлар үшін берілетін жаза туралы ескертіп отыру қажет” (Қз.: «Мәу‘иза әл-Мумминин мин Ихъя ‘улюми-д-Дин», 1/412-413).

Отыз бірінші ереже:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет