«Шариғаттың, дағуаттың және ғибадаттың негізі Құран мен сахих Сүннет болып табылады»
Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ اتَّبِعُواْ مَا أُنزِلَ إِلَيْكُم مِّن رَّبِّكُمْ وَلاَ تَتَّبِعُواْ مِن دُونِهِ أَوْلِيَاء ﴾
«Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге бойұсыныңдар да, Одан өзгені дос тұтып ілеспеңдер» («әл-Әғраф» сүресі, 3-аят).
(Ол) сондай-ақ (былай деді):
﴿ وَأَطِيعُواْ اللَّهَ وَالرَّسُولَ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ ﴾
«Аллаһқа және Елшісіне бойұсыныңдар, бәлкім, мәрхаметке бөленесіңдер» («Әли Имран» сүресі, 132-аят).
Сондай-ақ:
﴿ فَاسْتَمْسِكْ بِالَّذِي أُوحِيَ إِلَيْكَ إِنَّكَ عَلَى صِرَاطٍ مُّسْتَقِيمٍ ﴾
«Саған уахи етілгенді ұстан. Ақиқатында, сен тура жолдасың» («әз-Зухруф» сүресі, 43-аят).
(Ол) тағы да (былай деп айтты):
﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لا تُقَدِّمُوا بَيْنَ يَدَيِ اللَّهِ وَرَسُولِهِ ﴾
«Әй, мүміндер! Аллаһтан әрі Елшісінен ілгері кетпеңдер. Және Аллаһтан қорқыңдар. Шүбәсіз, Аллаһ – Аса Естуші, Толық Білуші» («әл-Хужурат» сүресі, 1-аят).
Тағы да (былай деді):
﴿ وَلاَ تَقْفُ مَا لَيْسَ لَكَ بِهِ عِلْمٌ إِنَّ السَّمْعَ وَالْبَصَرَ وَالْفُؤَادَ كُلُّ أُوْلَئِكَ كَانَ عَنْهُ مَسْؤُولاً ﴾
«Өзің білмеген нәрсенің соңына түспе. Расында, құлақ, көз және жүрек – олардың барлығы одан сұралады» («әл-Исра» сүресі, 36-аят).
Сондай-ақ (былай деп те):
﴿ وَالنَّجْمِ إِذَا هَوَى (1) مَا ضَلَّ صَاحِبُكُمْ وَمَا غَوَى (2) وَمَا يَنطِقُ عَنِ الْهَوَى ﴾
«Ағып бара жатқан жұлдызға серт. Жолдастарың (Мухаммад) адаспады да, жолдан да ауытқымады. Ол өз ойынан сөйлемейді» («ән-Нәжм» сүресі, 1-3 аяттар).
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Мен араларыңа сендер олардан кейін ешқашан адаспайтын екі нәрсе қалдырып бара жатырмын! Бұл — Аллаһтың Кітабы мен менің Сүннетім» (Бұл хадисті имам әл-Хаким «әл-Мустадракта», 1/172 келтірген. Сондай-ақ «Силсилә әс-Сахиханы», 1761 қараңыз).
Шейх Салих ибн Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деді:
─ Бұл ереже осыдын алдыңғы ереженің қосымшасы болып табылады. Онда Аллаһ Тағала амалды, ол Оның Кітабында немесе Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінде түсіргенге сәйкес болғанда ғана қабыл ететіні туралы айтылған еді. Ал егер амал осы шартқа сәйкес келмесе, онда ол оны істеген (адамның) өзіне қайтарылады. Бұл туралы Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанындай: «Кім біздің нұсқауымыз болмаған амалды істесе, ол қайтарылады» (әл-Бухари, 2697; Муслим, 1718).
Бұл аяттар мен хадистер осы мағынаны растайды. Амал жасайтын мұсылман адам оны Сүннетке сәйкес істеуі керек. Адам Құран мен Сүннетке сәйкес келетін амал істеуі керек әрі Құран мен Сүннетке қайшы келетін адамдардың пікірінен, түрлі ғибадаттардан, амалдардан болған барлық нәрселерді тастауы қажет. Өйткені мұсылман адам – бұл ілесу (итағат ету, бойұсыну) бұйырылған құл:
﴿ وَأَطِيعُواْ اللَّهَ وَأَطِيعُواْ الرَّسُولَ ﴾
«Аллаһқа бойұсыныңдар және Елшісіне бойұсыныңдар» («әл-Мәида» сүресі, 92-аят). Аллаһ Тағалаға және Аллаһ бұйырмаған ешнәрсені бұйырмаған Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) толық мойынсұнушылық болуы керек. Аллаһ Тағала осы туралы былай деді:
﴿ وَمَا يَنطِقُ عَنِ الْهَوَى (3) إِنْ هُوَ إِلاَّ وَحْيٌ يُوحَى ﴾
«Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана» («ән-Нәжм» сүресі, 3-4 аяттар).
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ Тағаладан жеткізеді. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қателіктерден қорғалған (мә‘сум) болып табылады. Ал енді басқа адамдарға келер болсақ, біз оларға олардың сөздері Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алып келген (шариғатына) сәйкес келсе ғана бағынамыз. Мысалы, ғалымдарға бағыну керек, бірақ олардың сөздері Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алып келгенін (шариғатына) сәйкес келген жағдайда ғана. Ал егер біреу-міреу қателессе және Құран мен Сүннетке қайшы келсе, оған (сонысында) бағынуға болмайды. Сондықтан да Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Жаратушыға мойынсұнбаушылықта жаратылғанға бағынуға болмайды» (Имам Ахмад, 1/131 жеткізген. Қз.: «Силсилә әс-Сахиха», 181). Ол сондай-ақ: «Бағыну тек құпталатын (амалда) ғана», - деген (Абу Дауд, 2625).
Сондықтан да Аллаһ Тағала былай деп айтты:
﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ أَطِيعُواْ اللَّهَ وَأَطِيعُواْ الرَّسُولَ وَأُولِي الأَمْرِ مِنكُمْ ﴾
«Әй, иман келтіргендер, Аллаһқа бойұсыныңдар, Елшіге бойұсыныңдар, әрі өздеріңнен болған ықпал иелеріне де» («ән-Ниса» сүресі, 59-аят). Ғалымдар Аллаһ Тағала Өзіне бағынуды, сондай-ақ Елшіге (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және ықпал иелеріне, яғни ғалымдар мен билеушілерге бағынуды бұйырды деп айтады. Оларға бағыну міндетті (уәжіп) болып табылады, бірақ тек Аллаһ Тағала мен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырған нәрселерде ғана, Аллаһ Тағала мен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырғандарына қайшы келмейтін нәрселерде ғана. Жаратушыға мойынсұнбауда жаратылғанға бағыну жоқ! Сондықтан да Аллаһ Тағала (осы) аятта «бойұсыныңдар» деген сөзді ықпал иелерін атаған кезінде қайталаған жоқ. Аятта:
﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ أَطِيعُواْ اللَّهَ وَأَطِيعُواْ الرَّسُولَ وَأُولِي الأَمْرِ مِنكُمْ ﴾
«Әй, иман келтіргендер, Аллаһқа бойұсыныңдар, Елшіге бойұсыныңдар, әрі өздеріңнен болған ықпал иелеріне де», - деп айтылған. Аллаһ Тағала: «Аллаһқа бойұсыныңдар, Елшіге бойұсыныңдар және өздеріңнен болған ықпал иелеріне бойұсыныңдар», - деп айтпады. Ықпал иелеріне бағыну Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бойұсынуға тәуелді. Бұл иләһи баянның құпияларына жатады. (Шейх әл-Фаузанның сөздерінің соңы).
Шейхқа қойылған сұрақ: «Я, шейх, (дінге) шақырудың мәнһажы да Құран мен Сүннеттің үстіне құрылу керек екеніне қатысты не айтасыз?»
Шейх Салих ибн Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деп жауап берді:
─ Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ وَالسَّابِقُونَ الأَوَّلُونَ مِنَ الْمُهَاجِرِينَ وَالأَنصَارِ وَالَّذِينَ اتَّبَعُوهُم بِإِحْسَانٍ ﴾
«Муһажир мен ансарлардан болған алғашқы иман келтіргендер және жақсылықта оларға қатаң ергендерден...» («әт-Тәуба» сүресі, 100-аят).
Бұл (аят) сахабалардан, табиғиндерден жән олардың ізбасарларынан болған сәләфтардың мәнһажына ілесудің қажеттілігіне нұсқайды. Ал салиқалы алдыңғы ұрпақтар Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мәнһажына ілескен еді. Олар, өз кезегінде, басқалардан айрықша, Құран мен Сүннетті дұрыс түсінуге жақын еді, ақиқатқа жақын еді, артық кетушіліктен алыс болатын, әрі олар Құран мен Сүннетке қайшы келуден басқаларға қарағанда көбірек қорқатын. Олар басқалардың барлығына қарағанда Құран мен Сүннетке көбірек ілесуге тырысатын. Дәл сондықтан да Аллаһ Тағала оларды және олардың ізінен қатаң түрде ілесетіндерді мақтады, біз бұл туралы жоғарыда айтып өйткендей. Оларға Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілескен түрде бағыну керек. Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесуден басқа кімге болсын тәуелсіз түрде ілесу міндетті емес. Ал Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзгелердің барлығына бағыну тек Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алып келген (шариғатқа) сәйкес келетін нәрселерде ғана болуы мүмкін. Бұл ереже білім иелері тарапынан бекітілген.
Сүйенуге тиісті болған дәлел Қасиетті Құран және Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті болып табылады. Адамдардың пікірлері дәлел болып табылмайды, тіпті бұл адамдар үлкен білімге және шынайы ықыласқа ие болса да. Егер адамдар қателікке түссе, онда бұл қателіктен алшақ болу қажет және ақиқатқа сәйкес келетін пікірді алу керек. Ал ақиқатты ізденуде ыждағат танытып, (бірақ) қателікке түскен ғалымдарға келер болсақ, олар бәрібір сый-сауаптарын алады. Бұл туралы хадисте: «Егер үкім шығарушы ыждағат танытып, шешім шығарса, әрі оның шешімі дұрыс болып шықса, оған екі еселік сый-сауап тиісті болады. Ал егер ол ыждағат танытып, шешім шығарса, әрі қателессе, онда оған бір сый-сауап тиісті болады», - деп айтылғандай (әл-Бухари, 7352; Муслим, 1716). Алайда бізге олардың қателескен нәрселерінде оларға ілесуге болмайды. Ал ғалымдардың қателігі дәлелге қайшы келетін нәрсе болып табылады.
Егер белгілі бір пікірді білдірген ғалым қателесу және дәлелге қарсы келу ниеті болмай қателессе, ол ыждағат танытқаны үшін сауап алады. Бірақ егер біз оның қателескені туралы білсек, онда бізге осы қатеге ілесуімізге болмайды. Біз тек оның дұрыс болған пікіріне ғана ілесуіміз керек. Бұл туралы имам Мәлик (Аллаһ оны рахым етсін) Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) меңзеп, былай деп айтқанындай: «Мына қабірдің иесінен басқа әрбіріміз не біреудің пікірін теріске шығарамыз, не оның өзінің пікірі теріске шығарылады» (Қз.: «Сийар А‘ләму-н-Нубәлә», 8/93).
Имам Ахмад (Аллаһ оны рахым етсін) былай деп айтатын: «Мен иснадты білетін, әрі оның сахихтығын білетін, және осыдан кейін де Суфиянның (әс-Саури) пікіріне ілесетін адамдарға таң қаламын. Аллаһ Тағала былай деп айтқан болса да:
﴿ فَلْيَحْذَرِ الَّذِينَ يُخَالِفُونَ عَنْ أَمْرِهِ أَن تُصِيبَهُمْ فِتْنَةٌ أَوْ يُصِيبَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ ﴾
«Сондықтан оның әміріне қарсы келгендер өздеріне бір апат жетуінен немесе жан түршігерлік азап келуінен сақтансын» («ән-Нур» сүресі, 63-аят)» (Қз.: «Тафсир ибн Кәсир», 2/348).
Ал ибн ‘Аббас (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) былай деді: ”Аспаннан бастарыңа тас төгілейін деп тұр! Мен сендерге: «Аллаһтың Елшісі айтты», - десем, ал сендер: «Абу Бәкр мен Умар былай деді», - деп айтасыңдар” (Ахмад, 1/337). Бұл сөздер әт-таматтуғ қажылығына қатысты айтылған болатын. Бұл мәселе ижтиһад мәселелеріне жатады. Бірақ Абу Бәкр мен Умардың (Аллаһ оларға болсын) пікірі Ибн Аббастың қолында болған дәлелге қайшы келгенде, олар бұл үмметтегі Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейінгі ең абзал адамдар болуына қарамастан, ол осы сөздерді айтты. Өйткені ілесу тек Пайғамбарға ғана (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қатысты міндетті болады, ал басқаларға қатысты айтар болсақ, оларға ілесу тек олардың сөздері дәлелге негізделгенде ғана болмақ, олар қандай жоғары дәрежеге және білімге ие болса да. Бірақ қателік жіберген бұл ғалымдар бәрібір сый-сауаппен марапатталады, бұл атап кеткен сахих хадисте келтірілгеніндей. Ал оларға қателікте ілесуге тыйым салынған! (Шейх әл-Фаузанның сөздерінің соңы).
Үшінші ереже:
«Әһлю-с-сунна уәл-жәма‘а Құранды Сүннеттен бөлек түсінбейді»
Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ أَطِيعُواْ اللَّهَ وَأَطِيعُواْ الرَّسُولَ وَأُولِي الأَمْرِ مِنكُمْ فَإِن تَنَازَعْتُمْ فِي شَيْءٍ فَرُدُّوهُ إِلَى اللَّهِ وَالرَّسُولِ ﴾
«Әй, иман келтіргендер. Аллаһқа бойсұныңдар, Пайғамбарға бойсұныңдар әрі өздеріңнен болған ықпал иелеріне де. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа және Елшіге ұсыныңдар» («ән-Ниса» сүресі, 59-аят).
(Ол) сондай-ақ (былай деп айтты):
﴿ وَأَنزَلْنَا إِلَيْكَ الذِّكْرَ لِتُبَيِّنَ لِلنَّاسِ مَا نُزِّلَ إِلَيْهِمْ ﴾
«Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Зікірді түсірдік» («ән-Нәхл» сүресі, 44-аят).
Сондай-ақ (былай деп те):
﴿ فَلْيَحْذَرِ الَّذِينَ يُخَالِفُونَ عَنْ أَمْرِهِ أَن تُصِيبَهُمْ فِتْنَةٌ أَوْ يُصِيبَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ ﴾
«Сондықтан оның әміріне қарсы келгендер өздеріне бір апат жетуінен немесе жан түршігерлік азап келуінен сақтансын» («ән-Нур» сүресі, 63-аят).
Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Маған Құран және соған ұқсас бір нәрсе сый етілді! Бірақ жуық арада адам тоқ күйінде өз төсегінде жатып: «Құранды ғана ұстаныңдар: онда нені хәлал деп тапсаңдар, соны хәлал деп санаңдар, ал онда нені харам деп тапсаңдар, соны харам деп есептеңдер!», - деп айтатын сондай бір уақыт келіп жетеді» (Ахмад, 4/139; Абу Дауд, 3804, 4604; әт-Тирмизи, 2664 және басқалар).
Әл-‘Ирбад ибн Сарийадан оның былай деп айтқаны жеткізіледі: «(Бірде) бізге Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құтпа айтты, әрі сол (құтпадан) біздің жүректеріміз тітіреніп, көздеріміз жасқа толды. (Сонда) мен: "Уа, Аллаһтың елшісі, бұл құтпа қоштасып тұрған адамның құтпасындай ғой, ендеше, бізге насихат беріңіз", - дедім. Ал ол болса: "Мен сендерге Аллаһтан қорқуды, әмірге құлақ салуды және мойынсұнуды өсиет етемін, тіпті ол эфиопиялық құл болса да! Ақиқатында, сендердің араларыңдағы ұзақ өмір сүретіндерің көп келіспеушіліктерді көреді, сондықтан да менің Сүннетімді және тура жолдағы ізгі халифалардың сүннетін ұстаныңдар. Оған азу тістеріңмен жармасып алыңдар, әрі бидғаттардан (діндегі жаңалықтардан) сақтаныңдар, ақықатында, әрбір бидғат адасушылық болып табылады", - деп жауап берді» (Ахмад, 4/126-127; Абу Дауд, 4607; әт-Тирмизи, 2678 және басқалар).
Сондай-ақ Хузәйфаның былай деп айтқаны хабарланады: «Уа, Құранды (жатқа) оқушылар, тура жолды ұстаныңдар, әрі сонда басқалардан озасыңдар! Бірақ егер оңға, не солға ауытқысаңдар, онда алыс адасушылықпен адасасыңдар!» (әл-Бухари, 7282).
Шейх Салих ибн Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деді:
─ Бұл ережеде Сүннет дәлел болып табылатынына нұсқау бар. Ол – дәлел, әрі Құран Кәрімді ұстану уәжіп болғандай, оны да ұстану уәжіп болып табылады. Сүннет Құраннан кейінгі екінші дәрежеге ие, өйткені Аллаһ Тағала Өзінің Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құранды түсіндіруді тапсырды:
﴿ وَأَنزَلْنَا إِلَيْكَ الذِّكْرَ لِتُبَيِّنَ لِلنَّاسِ مَا نُزِّلَ إِلَيْهِمْ وَلَعَلَّهُمْ يَتَفَكَّرُونَ ﴾
«Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Зікірді түсірдік. Бәлкім, олар ойланар» («ән-Нәхл» сүресі, 44-аят).
Сүннет Құранды түсіндіріп береді, оны түсінуге нұр төгеді, оған нұсқайды. Сондықтан да дәлел үшін Құранмен қоса Сүннетке де жүгіну уәжіп болады! Мысалы, Аллаһ Тағала намаз оқуды, оған тұруды, оны сақтап жүруді және үнемі намазда болуды бұйырды. Ол өздерінің көңіл қалауларына еріп, намазды тастағандарды қорқытып ескертті. Бірақ Құран Кәрімде намаздың орындалу тәртібі, онда қанша ракағат жасау керек, не айту керек, қиямда тұрғанда не айту қажет, ал рукуғқа барғанда не айту керек екендігі түсіндірілмейді. (Ендеше,) намаздың егжей-тегжейлі түсіндірімесі қайда? Мұның барлығы Құранда жоқ, бірақ Сүннетте бар. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Намазды мен сендердің көздеріңше қалай орындаған болсам, солай орындаңдар!» (әл-Бухари 1/155, Муслим 1/295).
Тура осы Құранда төленуі бұйырылған зекетке де қатысты. Бірақ Құранда оны қанша мөлшерде төлеу және қандай мал-мүліктен төлеу туралы түсіндірілмеген. Зекет жалпылама бұйырылған:
﴿ وَأَقِيمُواْ الصَّلاةَ وَآتُواْ الزَّكَاةَ وَارْكَعُواْ مَعَ الرَّاكِعِينَ ﴾
«Намазды орындаңдар, зекет төлеңдер және рукуғ жасаушылармен бірге рукуғ жасаңдар» («әл-Бақара» сүресі, 43-аят). Ал зекеттің түсіндірмесі Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінде келген. Сүннетте зекетті қашан, қандай мал-мүліктен, қандай нисаб-мөлшерден төлеу керек екендігі т.б. түсіндіріледі. Тура осы оразаға да (сыйам), қажылыққа да және құлшылықтың басқа барлық түрлеріне де қатысты.
Міне, осы - әһлюс-Сунна уәл-жәма‘аның мәнһажы! Олар дәлел үшін Құранға жүгінетініндей Сүннетке де жүгінеді. Оларда бірінші орында Құран, одан кейін Сүннет, одан кейін бірауызды келісім (ижма‘), ал содан соң ұқсастық бойынша салыстыру (қияс) тұрады.
Бірақ Сүннетке жүгінбейтін адасқан топтар пайда болды. Олардың қатарына Сүннетті тәрк етіп, тек Құранмен ғана шектелетін хауариждер (және жолын қуғандар) жатады. Оларды «құраншылар» деп атайды. Олар Құранға ғана сүйенеміз деп мәлімдейді және сонысымен өтірік айтады. Егер олар Құранға сүйенгенде, онда Құран Сүннетке ілесуді бұйыратынын білер еді. Өйткені Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ وَمَا آتَاكُمُ الرَّسُولُ فَخُذُوهُ وَمَا نَهَاكُمْ عَنْهُ فَانتَهُوا ﴾
«Сендерге Елші не берсе, соны алыңдар да, ол сендерге нені тыйым салған болса, содан тыйылыңдар» («әл-Хашр» сүресі, 7-аят). Шын мәнісінде, олар Құранды ұстанбайды. Өйткені Аллаһ Пайғамбар туралы (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді:
﴿ وَيُعَلِّمُهُمُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ ﴾
«Ол оларды Кітап пен Даналыққа үйретеді» («әл-Жума» сүресі, 2-аят). Кітап – бұл Құран, ал Даналық – бұл Сүннет. Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:
﴿ مَّنْ يُطِعِ الرَّسُولَ فَقَدْ أَطَاعَ اللَّهَ ﴾
«Кім Елшіге бойсұнса, сол Аллаһқа бойсұнды» («ән-Ниса» сүресі, 80-аят).
(Ол) тағы да (былай деп айтты):
﴿ وَمَا أَرْسَلْنَا مِن رَّسُولٍ إِلاَّ لِيُطَاعَ بِإِذْنِ اللَّه ﴾
«Біз елшілерді Аллаһтың нұсқауымен оларға бойұсынулары үшін ғана жібердік» («ән-Ниса» сүресі, 64-аят).
Сондай-ақ (былай деп те):
﴿ وَأَطِيعُواْ اللَّهَ وَأَطِيعُواْ الرَّسُولَ ﴾
«Аллаһқа бойсұныңдар әрі Елшіге бойсұныңдар» («әл-Мәида» сүресі, 92-аят).
Әрі былай деп:
﴿ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ ﴾
«Елшіге бойсұныңдар, - бәлкім, рахым етілерсіңдер» («ән-Нур» сүресі, 56-аят).
Бұл туралы аяттар өте көп. Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Маған Құран және соған ұқсас бір нәрсе сый етілді!» (Ахмад, 4/139; Абу Дауд, 3804, 4604; әт-Тирмизи, 2664 және басқалар).
Әһлю-с-сунна уәл-жәма‘аның мәзһабы (бойынша) Сүннет – бұл оған амал ету қажет болған дәлел болып табылады. Ал Құранның өзі ғана жеткілікті болып табылады деп айтып, осы орайда Сүннетті тәрк ететіндерге қатысты айтар болсақ, олар - адасушылар. Мұның үстіне, олар осындай мәлімдемелері себепті тіпті кәпір де болып табылуы мүмкін.
Сондай-ақ Сүннетті жіктейтін де топ бар. Бұл - му‘тазилилер және соларға ілесушілер. Олар: «Біз тек мутауатир хадистерді ғана аламыз, ал ахад хадистерге келер болсақ, олар ақида мәселелерінде дәлел болып табылмайды», - деп айтып, сахих Сүннеттің бір бөлігін дәлел деп санамайды. Егер сахих Сүннет ахад хадис түрінде келген болса, олар оны ақида мәселелерінде дәлел деп есептемейді. Осы орайда олар өздері ойдан шығарған логика ережелеріне, ақыл-ой қағидаларына сүйенеді. Егер Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (екені) бекітілген сахих хадис олардың ақыл-ой ережелеріне қайшы келсе, олар оны, не мағынасын бұрмалап, не бұл хадисті өтірік деп айтып, не оны жеткізушілерін бір нәрселермен айыптап, тәрк етеді. Олар да Сүннетті тәрк еткендерге жатады. Олар бүкіл Сүннетті тәрк еткен жоқ, бірақ оның басым бөлігін қабыл алмады. Күмәнсіз, бұл жол (мәзһаб), өтірік және адасқан болып табылады. Олар Пайғамбар Сүннетінің бір бөлігін тәрк етеді. Осы Сүннетті тәрк ету арқылы олар шариғаттың басым бөлігін бұзып-қиратады. Онда Елшіге (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бағынудың мәні неде?! Бұл (ұстаным) Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сенімді түрде бекітілген барлық нәрсеге ілесетін ақиқатты ұстанатын адамдардың мәнһажына қайшы келеді. Бұған Аллаһ Тағаланың мына сөздері нұсқайды:
﴿ وَمَا آتَاكُمُ الرَّسُولُ فَخُذُوهُ وَمَا نَهَاكُمْ عَنْهُ فَانتَهُوا ﴾
«Сендерге Елші не берсе, соны алыңдар да, ол сендерге нені тыйым салған болса, содан тыйылыңдар» («әл-Хашр» сүресі, 7-аят).
Сондай-ақ (мына сөздері де):
﴿ مَّنْ يُطِعِ الرَّسُولَ فَقَدْ أَطَاعَ اللَّهَ ﴾
«Кім Елшіге бойсұнса, сол Аллаһқа бойсұнды» («ән-Ниса» сүресі, 80-аят).
Тағы (мына аят та):
﴿ وَإِن تُطِيعُوهُ تَهْتَدُوا ﴾
«Егер оған бойсұнсаңдар, тура жолға ілесесіңдер» («ән-Нур» сүресі, 54-аят).
Дәлел үшін Сүннетке жүгіну әһлюс-сунна уәл-жәма‘аның негіз қалаушы ұстанымдарының бірі болып табылады. Ал Сүннетті тәрк ету – бұл бидғат пен адасушылық иелерінің негіз қалаушы ұстанымы.
Бүл күндері өздерін рационалисттер (‘акләниййун) деп атап жүрген және му‘тазилилердің ізбасарлары болған (қауым) бар. Олар өздерінің адасқан мәнһажымен жүреді. Егер Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисі олардың ақыл-ойларымен және идеяларымен үйлеспесе, олар оны тәрк ете салады. Олар: «Біз не үшін ақыл-ойымыздың дәлелдерін біреу жеткізген хадиске бола тастауымыз керек?», - дейді. Олар имам әл-Бухаридің сахих жинағында келген хадистерді де күмәнді деп шығаруға дейін барды. Олар бұл туралы өздерінің кітаптарында ашық жазады. Әрі өздерін ақылдың ілесушілері (‘ақләниййун) деп атайды! Іс жүзінде олар ақылды емес, өйткені өздерінің ақылдарын Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен нәрселерден бұрын қойды. Сүннеттен озып, алға шығып кететін бұл нендей ақыл?! Егер білсеңіздер еді, бұл – бар болғаны адамдардың мардымсыз ақылдары ғана! Сүннетке келер болсақ, ол қателіктерден қорғалған. Ал олардың шектеулі ақылдарына келер болсақ, олар күмәнның шырмауында. Бұл – адасушылық, Аллаһ бізді мұндайдан сақтасын! Бұл – оларды опат ететін адасушылық. Бұл топ бүгін де бар, олар өз іс-әрекеттерін жасап жүр әрі осы тақырыпқа арналған еңбектер жазады. Сондықтан да олардың адасушылығы мен мәнһажынан міндетті түрде сақтандыру қажет! (Шейх әл-Фаузанның сөздерінің соңы).
Төртінші ереже
«Әһлю-с-сунна уәл-жәма‘а Құран мен Сүннетті салиқалы сәләфтардың түсінуінен бөлек түсінбейді»
Аллаһ Тағала былай деді:
﴿ وَمَن يُشَاقِقِ الرَّسُولَ مِن بَعْدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُ الْهُدَى وَيَتَّبِعْ غَيْرَ سَبِيلِ الْمُؤْمِنِينَ نُوَلِّهِ مَا تَوَلَّى وَنُصْلِهِ جَهَنَّمَ وَسَاءَتْ مَصِيرًا ﴾
«Ал біреу өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүминдердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да, Тозаққа саламыз. Ол нендей жаман орын!» («ән-Ниса» сүресі, 115-аят).
(Ол ) сондай-ақ (былай деп айтты):
﴿ وَالسَّابِقُونَ الأَوَّلُونَ مِنَ الْمُهَاجِرِينَ وَالأَنصَارِ وَالَّذِينَ اتَّبَعُوهُم بِإِحْسَانٍ ﴾
«Мухажир мен ансарлардан болған алғашқы иман келтіргендер және жақсылықта оларға қатаң ергендерден Аллаһ разы» («әт-Тәуба» сүресі, 100-аят).
Тағы (былай деп те):
﴿ وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ آمِنُواْ كَمَا آمَنَ النَّاسُ قَالُواْ أَنُؤْمِنُ كَمَا آمَنَ السُّفَهَاء أَلا إِنَّهُمْ هُمُ السُّفَهَاء وَلَكِن لاَّ يَعْلَمُونَ ﴾
«Егер оларға: «Адамдар иман келтіргендей иман келтіріңдер!», - делінсе, олар: «Ақымақтар сияқты иман келтірейік пе?», - деп айтады. Байқандар! Шын мәнінде, олардың өздері ақымақ, бірақ өздері осыны білмейді» («әл-Бақара» сүресі, 13-аят).
‘Абдуллаһ ибн Мәс‘удтың сөздерінен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Ең жақсы адамдар – бұл менің кезімде (өмір сүрген) ұрпақ, ал содан соң олардан кейінгілер» (әл-Бухари, 6429; Муслим, 2533).
Сондай-ақ ‘Абдуллаһ ибн ‘Амрдың сөздерінен Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Менің үмметім істейтін нәрселер Исраил ұрпақтары істеген нәрселері сияқты болады. Менің үмметім оларға ізбе-із ілесетіні соншылықты – тіпті олардың араларында өз анасымен ашық жыныстық қатынас жасайтындар болған болса, менің үмметімде де сондайлар пайда болады. Ақиқатында, Исраил ұрпақтары жетпіс екі топқа бөлінді, ал менің үмметім жетпіс үшке бөлінеді. Олардың бір тобынан басқасының барлығы Отта!» (Сонда) сахабалар: «Олар кім, уа, Аллаһтың елшісі?», - деп сұрады. Ол (болса): «Бұл - мен және менің сахабаларым ұстанғанды ұстанатындар», - деді (ат-Тирмизи, 2640; Ахмад, 2/332; Абу Дауд, 4596.). Ал (хадистің) басқа бір риуаятында: «Бұл - әл-жәма‘а», - деп айтылған (Ахмад, 4/102; Абу Дауд, 4597).
Әл-‘Ирбадтың сөздерінен жеткізілген хадисте сондай-ақ былай деп айтылған: «Менің Сүннетімді және тура жолдағы ізгі халифалардың сүннетін ұстаныңдар. Оған азу тістеріңмен жармасып алыңдар, әрі бидғаттардан (діндегі жаңалықтардан) сақтаныңдар, ақықатында, әрбір бидғат адасушылық болып табылады» (Ахмад, 4/126-127; Абу Дауд, 4607; әт-Тирмизи, 2678 және басқалар).
Сондай-ақ ‘Аишаның сөздерінен (бірде) Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына аятты оқығаны жеткізіледі:
Достарыңызбен бөлісу: |