Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!


«Бидғаттарды жақтаушылардың ең айқын сипаттарынан – бұл олардың өзгеріп тұратындығы және құбылмалылығы, сондай-ақ өте сирек тәубе ететіндігі»



бет20/23
Дата28.01.2018
өлшемі4,82 Mb.
#34260
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

«Бидғаттарды жақтаушылардың ең айқын сипаттарынан – бұл олардың өзгеріп тұратындығы және құбылмалылығы, сондай-ақ өте сирек тәубе ететіндігі»

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ وَقَالَت طَّائِفَةٌ مِّنْ أَهْلِ الْكِتَابِ آمِنُواْ بِالَّذِيَ أُنزِلَ عَلَى الَّذِينَ آمَنُواْ وَجْهَ النَّهَارِ وَاكْفُرُواْ آخِرَهُ لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ ﴾

Кітап иелерінің бір тобы (өзара): «Мүміндерге түсірілген (Құранға) күндіздің алдында (таңертең) иман келтіріп, күндіздің соңында (кешке жақын) қарсы шығыңдар. Мүмкін, олар күдіктеніп, діндерінен қайтар», - десті” («Әли Имран» сүресі, 72-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деп айтты):

﴿ هُوَ الَّذِيَ أَنزَلَ عَلَيْكَ الْكِتَابَ مِنْهُ آيَاتٌ مُّحْكَمَاتٌ هُنَّ أُمُّ الْكِتَابِ وَأُخَرُ مُتَشَابِهَاتٌ فَأَمَّا الَّذِينَ فِي قُلُوبِهِمْ زَيْغٌ فَيَتَّبِعُونَ مَا تَشَابَهَ مِنْهُ ابْتِغَاء الْفِتْنَةِ وَابْتِغَاء تَأْوِيلِهِ وَمَا يَعْلَمُ تَأْوِيلَهُ إِلاَّ اللَّهُ وَالرَّاسِخُونَ فِي الْعِلْمِ يَقُولُونَ آمَنَّا بِهِ كُلٌّ مِّنْ عِندِ رَبِّنَا وَمَا يَذَّكَّرُ إِلاَّ أُوْلُواْ الأَلْبَابِ ﴾

Ол (Аллаһ) саған Құранды түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар - Кітаптың негізгі іргетасы. Сондай-ақ ұқсас ұғымдағы аяттары да бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп, соңына түседі. Олардың ұғымын Аллаһ қана біледі. Сондай-ақ ғылымында озат болғандар: «Бұған сендік. Мұның барлығы Раббымыздан», - дейді. Бұны ақыл иелері ғана түсінеді” («Әли Имран» сүресі, 7-аят).

Абул-Фәраж әл-Хамдани Мәруазидің сөздерінен, ол (бір кісілердің) имам Ахмадтан Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, Аллаһ бидғатты жақтаушының алдынан тәубе (есіктерін) жауып қойды» (әт-Табарани «әл-Әусат», 4/281), - деген сөздері жайында сұрағанда, ол: «Бұл Аллаһ Тағала оны тәубе етуге бағыттамайды дегенді білдіреді», - деп айтқанын естігені туралы жеткізген.

Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: ”Сондықтан да исламның имамдары, мысалы, Суфиян әс-Саури және басқалар: «Ақиқатында, бидғат Ібіліс үшін күнәлардан да сүйіктірек! Өйткені (адам) бидғат үшін тәубе етпейді, ал күнә үшін тәубе етеді», - деп айтатын. Өзіне дін ретінде Аллаһ Тағала мен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) орнатпаған нәрсені алып алған бидғаттың жақтаушысы өзінің істеп жатқанын жақсы (іс) деп санайды, сондықтан да ол ешқашан тәубе етпейді. Өйткені кез-келген тәубе адамның өзі істеп жатқан ісінің жаман екенін түсінуінен басталады ғой. Ал егер адам өзінің шын мәнінде жаман болған істерін жақсы деп есептейтін болса, онда ол ешқашан тәубе етпейді” (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 10/9).

Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) сондай-ақ былай деді: «Тура осы нәрсе ақиқатты біле тұра, оған ілесуден бас тартып, содан соң өзінің әуестігіне ілескен адамға да қатысты. Мұндай іс-амалдың надандық пен адасуды туғызатыны соншама – адамның жүрегі тіпті айқын ақиқатқа қатысты соқыр болып қалады. Аллаһ Тағала былай деді: «Сонда олар жолдан тайған кезде, Аллаһ олардың жүректерін тайдырған еді. Аллаһ бүзақы елді тура жолға салмайды» («әс-Сафф» сүресі, 5-аят). (Ол) сондай-ақ (былай деді): «Олардың жүректерінде дерт бар. Аллаһ олардың дертін арттырсын(«әл-Бақара» сүресі, 10-аят). Әрі (былай деді): «Олар өздеріне бір муғжиза көрсетілсе, оған міндетті түрде сенетіндіктеріне Аллаһтың атымен ұлы ант берді. (Мухаммад, оларға): «Мұғжизалар Аллаһтың қасында. Шынайы түрде оларға мұғжиза келсе де, сенбейтінін қайдан білесіңдер?», - де. Олардың көңілдерін, көздерін теріс бұрамыз, өйткені олар алғаш рет оған сенбеген еді, әрі оларды өздерінің заңсыздықтарында соқыр түрде сергелдең етіп қаңғыртып қоямыз» («әл-Әнғам» сүресі, 109-110 аяттар). Сондықтан да сәләфтар, нақты айтқанда Са‘ид ибн Жубәйр: «Игі амал үшін берілетін сый – оның ізінен ілесіп келетін игі амал болады. Ал жаман амал үшін берілетін жаза – оның ізінен ілесіп келетін жаман амал болып табылады», - дейтін.

Ибн Мәс‘удтың сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені хабарланады: «Сендер шындықты айтуларың керек, өйткені, ақиқатында, шындық ардың тазалығына алып келеді, ал ардың тазалығы Жәннатқа алып барады, әрі адам оны Аллаһтың алдында өте шыншыл деп жазып қоймайынша шындықты айтады, әрі шындыққа ұмтылады. Өтіріктен сақ болыңдар, өйткені, ақиқатында, ол күнәлі нәрселерге әкеп соқтырады, ал күнәлі (нәрселер) Отқа алып барады, әрі адам оны Аллаһтың алдында барып тұрған өтірікші деп жазып қоймайынша өтірік айтатын және өтірікке ұмтылатын болады» (әл-Бухари, 6094; Муслим, 2607).



Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шыншылдық одан ардың тазалығы келіп шығатын негіз болып табылатындығын, ал өтірікшіліктен күнәһарлық келіп шығатындығын хабарлады» (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 10/10).

Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) сондай-ақ былай деді: “Кез-келген дұшпандықтың негізі жек көрушілік болып табылады, ал кез-келген достықтың негізі жақсы көру болып табылады. Сен Құран мен Сүннет мәтіндерін теріске шығаратындарда олардың сөздеріне қайшы келетін нәрселерге деген жек көрушілік болмауын таба алмайтының жалпыға мәлім. Олар осы аят мүлде түсірілмеген болуын, ал осы хадис мүлде жеткізілмеген болуын қалар еді. Олардың қолында мүмкіндік болғанда, олар Құраннан өздеріне ұнамайтын аяттарды мүлде өшіріп тастар еді. Кейбір сәләфтар: «Бидғат енгізген кез-келген адам міндетті түрде хадистің тәттілігін сезінуден айырылады», - дейтін” (Қз.: «Дар әт-Та‘аруд бәйна әл-Ақль уа ән-Нәқл», 5/217).

Шейхул-Ислам ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Кім Уахидан болған әлдебір нәрсеге жек көрушілік сезінсе, сол іс жүзінде өз жек көруінің дәрежесіне сәйкес өзінің бойында Аллаһ пен Оның Елшісіне деген (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дұшпандықты алып жүреді. Ал кім Уахидан болған әлдебір нәрсені жақсы көрсе, сол іс жүзінде өзінің Уахиға деген махаббатының дәрежесіне сәйкес өз бойында Аллаһ пен Оның Елшісіне деген (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) махаббатты алып жүреді. Өйткені дұшпандықтың негізі – жек көрушілік болғаны сиқты, достықтың да негізі – жақсы көру ғой.

Абдуллаһ ибн Мәс‘уд былай деген екен: «Сендерден ешкім өзі туралы Құраннан өзге ешкімнен сұрамасын. Егер адам Құранды жақсы көрсе, демек, ол Аллаһты жақсы көргені! Егер ол Құранды жек көрсе, демек, ол Аллаһты жек көргені!»” (Қз.: «әс-Сауа‘иқ әл-Мурсалә», 3/1042).

Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) сондай-ақ былай деді: «Егер бидғатшы өзінің бидғат істеп жатқанын білмесе, немесе мұны Сүннет деп ойласа, онда қалайша ол тәубе келтіруі мүмкін?! Ол басқаларды осы бидғатқа шақырады, әрі үндейді. Ал бұл күнә оған тек ол Сүннетті оқып-үйрене бастаған, одан жауап іздеген жағдайда ғана ашылуы мүмкін. Бірақ сен бидғатты жақтаушының тарапынан мұндайды ешқашан көре алмайсын!» (Қз.: «Мәдариж әс-Саликин», 1/374).

Мұны Аллаһ Тағаланың мына сөздері растайды: «Олардың кейбіреулері Аллаһтың Сөзін (Тәуратты) естіп, мағынасын түсінген соң оны өзгерткен болса да, олардың сендерге сенетіндіктерін үміт етесіңдер ме(«әл-Бақара» сүресі, 75-аят).

Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) сондай-ақ былай деді: «Бидғатшылардың сипатына үнемі және тез өзгеріп тұру жатады. Олар бір қалыпта болмайды. Сен оны дінде, ғибадатта немесе ізгі іс-амалдар (жасауда) әлдебір халде көресің, ал содан соң оның сол мезетте-ақ соған қарама-қайшы нәрселерге бет бұрғанын көресің. Ол осыдан басқаны мүлде білмегендей! Олар басқа адамдардың барлығынан көбірек өз түсі мен кейіпін өзгертіп отырады» (Қз.: «Тариқ әл-Хижратайн», 602-бет).

Мұны Аллаһ Тағаланың мына сөздері растайды: «Ол (Аллаһ) саған Құранды түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар Кітаптың негізгі іргетасы. Сондай-ақ ұқсас ұғымдағы аяттары да бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп, соңына түседі. Олардың ұғымын Аллаһ қана біледі. Сондай-ақ ғылымында озат болғандар: «Бұған сендік. Мұның барлығы Раббымыздан», - дейді. Бұны ақыл иелері ғана түсінеді» («Әли Имран» сүресі, 7-аят).

Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) сондай-ақ былай деді: “Дәл сондықтан да Аллаһ Тағала Аллаһтың айқын аяттары мен Оның тура басшылығынан болған әлдебір нәрселерді жасырғандардың тәубе етуі үшін шарт қойды. Мұндай адам оның тәубесі дұрыс (жарамды) болуы үшін, жасырып жүрген нәрсесін ашық түсіндіріп беруі қажет. Өйткені олардың күнәсі ақиқатты жасыруда болатын, сондықтан да тәубенің құрамында ақиқатты ашып көрсету болуы керек! Аллаһ Тағала былай деді: «Ақиқатында, Біз түсірген айқын аяттар мен дұрыс басшылықты Біз мұны Кітапта адамдарға түсіндіргенімізден кейін жасыратындарды Аллаһ лағынеттейді әрі лағынет етушілер де лағынеттейді, бірақ тәубе етіп, істегендерін түзеп, ақиқатты түсіндіргендер басқа. Мен олардың тәубелерін қабыл етемін, өйткені Мен – Тәубені Қабыл Етуші, Рахымдымын» («әл-Бақара» сүресі, 159-160 аяттар). Ал бидғатшының күнәсы ақиқатты жасырушының күнәсынан жаманырақ! Өйткені ақиқатты жасырушы оны жасырумен ғана шектеледі, ал бидғатшы бұған қоса ақиқатқа қайшы келетін нәрсеге шақырады. Сондықтан да әрбір бидғатшы ақиқатты жасырушы болып табылады, бірақ ақиқатты жасырушының әрбірі бидғатшы бола бермейді” (Қз.: «Мәдариж әс-Саликин», 1/363).

Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) сондай-ақ былай деді: “Егер бидғатқа шақырушы тәубе етем деп шешсе, ол адамдарға өзінің шақырған нәрселері бидғат және адасушылық болғанын түсіндіруге тиіс. Ол адамдарға тура жол осы бидғатқа қарама-қайшы нәрседе екенін түсіндіріп беруі керек. Аллаһ Тағала ақиқатты жасырған Кітап иелерінің тәубе етулері үшін тура осындай шарт қойды. Олардың тәубелері дұрыс (жарамды) болып саналуы үшін, олар адамдарға өздерінің жасырған нәрселерін түсіндіріп беруге тиіс еді. Аллаһ Тағала былай деді: «Ақиқатында, Біз түсірген айқын аяттар мен дұрыс басшылықты Біз мұны Кітапта адамдарға түсіндіргенімізден кейін жасыратындарды Аллаһ лағынеттейді, әрі лағынет етушілер де лағынеттейді, бірақ тәубе етіп, істегендерін түзеп, ақиқатты түсіндіргендер басқа. Мен олардың тәубелерін қабыл етемін, өйткені Мен – Тәубені Қабыл Етуші, Рахымдымын» («әл-Бақара» сүресі, 159-160 аяттар) (Қз.: «‘Уддат әс-Сабирин», 55-бет).

Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: «Бидғаттарды жақтаушының тәубе етуі мүмкін, өйткені Аллаһ Тағала адамды тура жолға салып, ақиқатқа жетелейді. Аллаһ кәпірлер мен екіжүзділерді, сондай-ақ бидғаттар мен адасушылықтардың көптеген жақтаушыларын тура жолға шығарды ғой. Бірақ бұл тек адам ақиқаттан білген нәрселеріне ілескен кезде ғана орын алады. Егер мұндай адам сенімді білімге негізделіп амал жасай бастаса, онда Аллаһ оған ол бұрын ие болмаған білімді береді. Аллаһ Тағала былай деді: «Ал тура жолға ілескендерге Аллаһ олардың туралықтарын арттыра түсіп, оларға тақуалық сыйлайды» («Мухаммад» сүресі, 17-аят). (Ол) сондай-ақ (былай деді): «Олар өздеріне үгіттелген нәрсені атқарса еді, әрине, бұл олар үшін қайырлы болып, оларды одан сайын күшейтер еді. Міне, сол кезде Біз оларға Өз жанымыздан ұлы сыйлық беріп, оларды тура жолға салар едік» («ән-Ниса» сүресі, 66-68 аяттар). Әрі (былай деп): «Әй, мүминдер! Аллаһтан қорқыңдар, әрі Оның Елшісіне иман келтіріңдер, әрі сол кезде Ол сендерге мәрхаметінен екі есе береді және сендерге сендер сонымен жүретін нұр сыйлайды, және сендерді жарылқайды. Аллаһ тым Жарылқаушы, ерекше Рахымды» («әл-Хадид» сүресі, 28-аят). (Ол) тағы да (былай деді): «Аллаһ – иман келтіргендердің қамқоршысы. Ол оларды қараңғылықтардан жарыққа шығарады» («әл-Бақара» сүресі, 257-аят). Және былай деді: «Расында, сендерге Аллаһтан бір нұр (Мухаммад) және ашық бір Кітап (Құран) келді. Ол арқылы Аллаһ Оның ризалығын алуға ұмтылатындарды есендік жолдарына салады. Ол өз нұсқауымен оларды қараңғылықтардан жарыққа шығарып, тура жолға салады» («әл-Мәида» сүресі, 15-16 аяттар). Әрі бұл туралы куәліктер Құран мен Сүннетте өте көп!” (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 10/9).
Қырық сегізінші ереже:
«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’аның мәнһажына адамдармен қатынасты шыншылдықтың, сенімділіктің және ықыласты қарым-қатынастың негізінде құру жатады»

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ وَيَقُولُونَ طَاعَةٌ فَإِذَا بَرَزُواْ مِنْ عِندِكَ بَيَّتَ طَائِفَةٌ مِّنْهُمْ غَيْرَ الَّذِي تَقُولُ وَاللَّهُ يَكْتُبُ مَا يُبَيِّتُونَ فَأَعْرِضْ عَنْهُمْ وَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ وَكَفَى بِاللَّهِ وَكِيلاً ﴾

Олар: «Бой ұсындық», - деп айтады. Ал қашан қасыңнан кетсе, олардан кейбіреулері түнделетіп сен айтқаннан басқа нәрсені ойластырады. Аллаһ олардың түнгі күңкілдерін жазады. Сондықтан олардан бет бұр да, Аллаһқа тәуекел ет. Аллаһ толық кепіл («ән-Ниса» сүресі, 81-аят).

Бірде адамдар Ибн ‘Умарға: «Біз билеушілердің (әмірлердің) алдына кіргенімізде оларға олардан шыққан кезіміздегіден басқа нәрселер айтамыз», - деді. Сонда ол: «Біз мұны екіжүзділік дейтінбіз», - деп айтты (әл-Бухари, 7178).

Шейхул-Ислам Ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Егер кәпірлер мен пасықтардың арасында тұратын мүмин әлсіз болса, онда оның мойнында қолмен жиһад жасау міндеттілігі болмайды. Егер ол мұны тілімен жасай алса, онда (тілімен) жасауы керек, ал жасай алмаса, онда жүрегімен (жасайды). Бірақ осы орайда ол өтірік сөйлемеуі және жүрегінде жоқ нәрсені айтпауы керек. Ол өз дінін не ашық түрде ұстануы, не жасыруы керек, бірақ осы орайда ол кәпірлердің дініндегі барлық нәрселермен келісе бермеуге тиіс. Ол тек Перғауынның отбасындағы мүмин мен Перғауынның әйелі істеген нәрсені ғана істей алады. Бұл мүмин олардың дінімен келіспейтін еді, ол өтірік айтпайтын, ол жүрегінде жоқ нәрсені айтпайтын. Ол тек өз иманын жасыратын. Өз дініңді жасыру – бір бөлек, ал жалған дінді көрсету – басқа. Аллаһ Тағала мұны адам мәжбүрленген жағдайдан басқа ешқашан рұқсат етпейді. Аллаһ Тағала екіжүзді мен мәжбүрленген адамның арасын айырып ажыратты. Бидғаттарды жақтаушыларға келер болсақ, олар екіжүзділердің жағдайында. Олар мәжбүрленгендер сияқты емес. Мұның үстіне мәжбүрлеу Адам ұрпақтарының барлығы тарапынан байқала бермейді. Мысалы, мұсылман адам тұтқын болуы, немесе жалғыз өзі кәпір елдерінде өмір сүруі мүмкін, бірақ ешкім оны күпірлік сөздерін айтуға мәжбүрлемейді. Ол өз тілімен жүрегінде болмаған нәрсені айтпайды. Кәпірлер оны өздерінен деп ойлауы үшін, ол кәпірлерге қатысты жұмсақтық (танытуға) мұқтаж болуы да мүмкін. Бірақ тіпті осылай болған жағдайда да, ол жүрегінде жоқ нәрсені айтпауға тиіс. Ол бар болғаны шындығында жүрегінде не болса, соны жасырады. Жасыру мен өтірік айтудың арасында айырмашылық бар. Мүмин адам Аллаһ Тағала ол үшін ақтау жасаған жағдайларда өзінің сенімдерін жасыра алады. Мысал ретінде Перғауынның отбасынан болған мүминді келтіруге болады. Бірақ күпірлік сөздерін айтатын адамға, егер ол мәжбүрленген болмаса, ақтау жоқ.



Мүмин адам оның діні туралы білмейтін кәпірлердің арасында өмір сүруі әрі олардың арасында сенімге ие болуы, олар оны жақсы көріп құрметтейтін болуы мүмкін. Өйткені оның жүрегіндегі иман оларға шыншылдықпен, сенімділікпен, ықыласпен және оларға жақсылықты қалаумен қатынас жасауға ынталандырады. Әрі бұл оның олардың дінімен келіспейтініне қарамастан (болады). Мысалы, өте шыншыл Юсуф (оған Аллаһтың сәлемі болсын) Мысыр елінің кәпір тұрғындарының арасында өмір сүрді. Немесе, мысалы, Перғауынның отбасынан өз иманын жасырған, бірақ соған қарамастан Мусаны (оған Аллаһтың сәлемі болсын) құрметтеген және: «Сендер бұл кісіні «Раббым – Аллаһ» дегені үшін ғана өлтірмексіңдер ме?» («Ғафир» сүресі, 28-аят), - деп айтқан мүмин кісі.

Ал рафидилерге келер болсақ, олар кіммен сөйлессе де, міндетті түрде екіжүзділікті қолданады! Өйткені олардың жүректеріндегі дін бұзылған, және сондықтан да ол оларды өтірік айтуға, қиянатқа, адамдарды алдауға, оларға жамандық тілеуге итермелейді. Олар адамдарға зиян тигізу сәтін жібермейді. Олар өздері соған қабілетті болған жамандықтың ешбірін істемей қоймайды. Сондықтан да рафидилерді олардың ақидасын білмейтіндер де жек көреді. Адамдар кісінің рафиди екенін білмесе де, оның жүзінде екіжүзділіктің белгілерін көреді. Екіжүзділік тіпті оның байқамай сөйлеген сөздерінде де байқалып қалады. Олар тіпті әлсіз адамдарға қатысты да екіжүзділік көрсетіп жатады, бұл жерде екіжүзділікке деген ешқандай қажеттілік болмаса да” (Қз.: «Минһаж әс-Сунна», 6/425).



Қырық тоғызыншы ереже:

«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а мәңгілік өмірге деген толыққанды ұмтылыс дүниелік нәрселерге қатысты ұстамды болғанда ғана мүмкін болатынына сенеді»

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ مَا كَانَ لِنَبِيٍّ أَن يَكُونَ لَهُ أَسْرَى حَتَّى يُثْخِنَ فِي الأَرْضِ تُرِيدُونَ عَرَضَ الدُّنْيَا وَاللَّهُ يُرِيدُ الآخِرَةَ وَاللَّهُ عَزِيزٌ حَكِيمٌ ﴾

«Пайғамбарға ол жер жүзінде жауға өктем болғанға дейін тұтқын алу тиісті емес. Сендер дүниенің пайдасын ойлайсыңдар, бірақ Аллаһ (сендерге) Ақыретті қалайды. Аллаһ – өте Үстем, Дана» («әл-Әнфәл» сүресі, 67-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деді):



﴿ فَأَعْرِضْ عَن مَّن تَوَلَّى عَن ذِكْرِنَا وَلَمْ يُرِدْ إِلاَّ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا ﴾

«(Мухаммад,) үгітімізден жалтарып, дүние тіршілігін ғана қалаған кісіден бет бұр» («ән-Нәжм» сүресі, 29-аят).

Шейхул-Ислам Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: «Зуһдтық17 тек екі дұрыс көзқарастың болғанында ғана дұрыс болады.



Біріншіден, дүние тіршілігіне назар салу. Адам оның тез өтетіндігіне, өткінші екеніне, жуық арада жоқ болатынына қарасын. Оның кемшіліктеріне, оның опасыздығына қарасын. Дүние тіршілігінің күйініштері мен қиындықтарына қарасын. Ал дүниелік өмірдің соңы бәрібір оның жоқ болуы болып табылады.

Екіншіден, Ақырет өміріне назар салу. Ол міндетті түрде келеді, әрі мәңгі жалғасады. Бізді Ақыретте күтіп тұрған игіліктер мен қуаныштардың ұлылығына қарашы. Аллаһ: «Ал Ақырет – жақсырақ және тұрақты» («әл-Әғлә» сүресі, 17-аят), - деп айтқанындай, ол жерде болатын және осы жердегі нәрселердің арасындағы айырмашылықа қарашы. Ақыретте бізді мәңгі және тұрақты игіліктер күтуде! Ал дүниелік өмір – бұл кемеліне жетпеген, жоқ болып жойылып, тозаңға айналатын армандар ғана.

Егер адам осыған екі назармен қараса, онда оның ақылы таңдауға тиістіні таңдап, тастауға тиістіні тастайды. Әрбір адам дәл қазір қолында болған пайданы болашақтан күтетін пайда үшін тастамайтындай етіп жаратылған. Адам мұны ешқашан істемейді, тек егер оған сол алыс нәрсенің оның дәл қазір қолында тұрған нәрседен артық екендігі айқын болмаса ғана. Тек сол кезде ғана оның жақсырақ және жоғарырақ нәрсеге деген ұмтылысы күшейе түседі! Ал егер адам тез өтіп кететін және кемелдікке жетпеген нәрсені таңдаса, демек, ол не Ақыреттің артықшылығын түсінбегені, не жақсырақ болған нәрсеге ұмтылмағаны. Ал бұл не иманның әлсіздігіне, не ақылдың кемдігіне нұсқайды.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Бұл дүние мен үшін не! Ақиқатында, мен ағаштың көлеңкесінің астына дамылдау үшін тоқтаған, ал содан соң сол ағашты қалдырып кеткен салт атты біреумін» (Ахмад, 1/301, 309; әт-Тирмизи, 2377). Сондай-ақ ол былай деді: «Аллаһпен ант етемін, бұл дүние Ақыретпен салыстырғанда не екенін нақты түсіну үшін сендердің кез-келгенің мына саусағын теңізге малып алсын да, сосын одан не алып шыққанына қарасын» (Муслим, 2858).

Аллаһ Тағала былай деді: «Шын мәнінде, дүние тіршілігің мысалы – Біз көктен жаудырған жаңбыр тәрізді. Ол арқылы адамдар мен малдар жейтін өсімдіктер аралас өсіп, жер жүзі құлпырып зейнеттенген, ал оның тұрғындары оны пайдалануға күшіміз жетеді деп ойлаған сәтте, түнде, не күндіз оған Біздің әміріміз келіп түседі. Біз оны, ол кеше ғана тіпті мол болмаған тәрізді, түбінен орылған затқа айналдырамыз. Ойланатын қауымға аяттарымызды осылайша түсіндіреміз. Аллаһ есендік мекеніне (Жәннатқа) шақырады да, қалағандарын тура жолға салады» («Юнус» сүресі, 24-25 аяттар). Аллаһ Тағала бізге бұл дүниенің мардымсыз екенін хабарлады да, бізді оған қатысты ұстамды болуға шақырды!

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «(Мухаммад,) оларға дүние тіршілігінің мысалын келтір. Ол Біз көктен жаудырған жаңбыр сияқты. Жердің өсімдіктері онымен араласып, (құлпырып,) кейін жел ұшырып кететін құрғақ үгіндіге айналады. Расында, Аллаһ барлық нәрсеге Құдіретті. Мал мен балалар – дүние тіршілігінің сәні. Ал бақи (мәңгі) қалатын игіліктер болса Раббыңның қасында сый-сауабы бойынша жақсырақ, әрі соларға үміт артқан да жақсырақ» («әл-Кәһф» сүресі, 45-46 аяттар). (Ол) тағы да (былай деді): «Біліңдер! Шын мәнінде, дүние тіршілігі – бір ойын, ермек, сән және өзара мақтанысу, сондай-ақ малдарды, балаларды көбейту ғана. Бұның мысалы – өсірген өсімдігі егіншілерді таңырқатқан жаңбыр сияқты. Бірақ сосын олар қурайды, әрі сен олардың сарғайғанын көресің. Содан кейін олар үгінді болады. Ал Ақыретте қатты азап әрі Аллаһтан жарылқау мен ризалық бар. Негізінде, дүние тіршілігі – бір алданышты нәрсе ғана» («әл-Хадид» сүресі, 20-аят).



Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Адам баласы үшін әйелдер, балалар, алтын күмістен жиналған қазыналар, сәнделген аттар, малдар және егіндерді қызыға сүю әдемі көрсетілді. Осы – дүние тіршілігінің өткінші ләззаты. Бірақ қайтар орынның жақсысы Аллаһтың қасында. ухаммад,) оларға: «Сендерге осылардан да жақсы нәрседен хабар берейін бе? Сондай тақуалар үшін Аллаһтың қасында астарынан өзендер ағатын, олар онда мәңгі қалатын бақтар, сондай-ақ тап-таза жұбайлар әрі Аллаһтың ризалығы бар», - де. Аллаһ құлдарын толық көруші» («Әли ‘Имран» сүресі, 14-15 аяттар).

Аллаһ Тағала тағы да былай деді: «Олар дүние тіршілігіне мәз болады. Бірақ дүние тіршілігі Ақыреттің жанында бір өткінші ләззат қана ғой» («әр-Ра‘д» сүресі, 26-аят).

Аллаһ Тағала Оның аят-белгілерін елемей және Оған жолығатындарына үміттенбей, дүние тіршілігімен мәз болатындарды былай деп қорқытады: «Расында, бізге жолығуларын үміт етпегендер мен дүние тіршілігіне мәз болып, сонымен көңілдері жай тапқандардың, сондай-ақ біздің аяттарымызды елемейтіндердің істеген күнәлары себепті орындары От (Тозақ) болады» («Юнус» сүресі, 7-8 аяттар).

Аллаһ Тағала дүние тіршілігімен ғана қанағаттанатын мүминдерді де (былай деп) сөгеді: «Әй, иман келтіргендер! Сендерге не болды? «Аллаһ жолында соғысқа шығыңдар», - делінген кезде, салмақтарыңды жерге салдыңдар. Ақыреттен көрі дүние тіршілігін қоштадыңдар ма? Негізінде дүние тіршілігінің пайдасы Ақыретке қарағанда тым мардымсыз» («әт-Тәуба» сүресі, 38-аят).

Әрі (адам) зуһдтыққа ұмтылу үшін оған Аллаһ Тағаланың мына сөздерінің өзі жеткілікті болады: «ухаммад,) Біз оларды жылдар бойы қамтамасыз еткеннен соң оларға уәде етілген апат келсе, өздеріне пайдалануға берілген нәрселер оларды қорғай алмайтынын білесің бе?» («әш-Шу‘ара» сүресі, 205-207 аяттар).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Оларды жинайтын күні олар (дүниеде) күндізгі бір-ақ сағат тұрғандай болып, бір-бірін таниды» («Юнус» сүресі, 45-аят).

(Ол) тағы да (былай деді): «Олар өздеріне уәде етілгенді көрген күні дүниеде күндізден бір дем ғана түрғандай болып көрінеді. Бұл бір ұқтыру. Бұзақы ел ғана жоқ етіледі(«әл-Әхқаф» сүресі, 35-аят»).

Әрі былай деді: «(Мухаммад,) олар саған: «Қиямет қашан болады?», - деген сұрақ қояды. Ол жөнінде түсінік беру сенің ісің бе? Тек Раббың ғана ол туралы біледі. Негізінен сен Қияметтен қорыққан кісілерге бір ескертуші ғанасың. Олар Қияметті көрген күні дүниеде бір кеш немесе бір сәске тұрғандай болып көрінеді» («ән-Нәзиғат» сүресі, 42-46 аяттар).

(Ол) тағы да (былай деді): «Қиямет-қайым болатын күні күнәһарлар (жер бетінде немесе қабірлерінде) бір сағаттан басқа тұрмадық деп ант ішеді» («әр-Рум» сүресі, 55-аят).

Әрі былай деп те айтты: «Аллаһ оларға: «Сендер жер жүзінде қанша жыл тұрдыңдар?», - дейді. Олар: «Бір күн немесе одан да аз уақыт тұрдық. Санаушылардан сұра», - дейді Ол: «Егер білген болсаңдар аз ғана-ақ тұрдыңдар», - дейді» («әл-Муминун» сүресі, 112-114 аяттар).

(Аллаһ) сондай-ақ (былай деді): «Сүр үрілген күні күнәһарларды көздері көгерген түрде жинаймыз. Олар араларында: «Дүниеде он-ақ тәулік тұрдық», - деп сыбырласады. Олардың не айтқандарын жақсы білеміз. Олардың ең туралары: «Дүниеде бір-ақ күн тұрдыңдар», - дейді» («Та Ха» сүресі, 102-104 аяттар).

Әрі біз тек Аллаһқа көмек тілеп сиынамыз және Оған ғана тәуекел етеміз!» (Қз.: «әл-Фәуаид», 96-98 беттер).

Елуінші ереже:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет