Байланысты: Дәріс 10. Өнер философиясы. Спичрайтинг. Документ Microsoft Office Word)
Дәріс10. Өнер философиясы. Спичрайтинг.
1. Өнер философиясы.
Шеллингтің жасаған философиялық жүйесінде өнер ерекше орын алады. Егер И.Кант пен И.Фихтенің философиясында адамның моральдық жетілуі тарихтағы негізгі нәрсе ретінде көрсетілсе, Шеллинг оны өнерден, эстетикалық санадан көреді. Соңынан орыстың ұлы жазушы-ойшылы Ф.Достоевский осы ойға сай «Әсемдік әлемді құтқарады» деген нақыл сөзді айтқан болатын.
Шеллингтің ойынша, әлемді тек кана әсемдік арқылы ғана жете түсініп-сезінуге болады, өйткені «универсумның (әлемнің) өзі абсолютті өнердің туындысы», табиғаттың өзі «рухтың бейсаналық поэзиясы». Күннің шығуы мен батуы, аралардың ұясы, неше түрлі гүлдердің түрлері мен иістері, құстардың неше түрлі безенуі, жануарлардың дене кұрылыстарының әсемдігі т.с.с. – бәрі де бізді таңғалдырады, өйткені Дүниедегі әр затқа шексіз ақыл-ойдың тудырған идеалды ұғымы сәйкес келеді.
Ғылым мен өнерді салыстыра келе, Шеллинг бірінші орынға өнерді, эстетикалық сананы қояды. «Ғылым әрқашанда өнер саласында алғашқы ашылған, сезінілгеннен кейін жүреді». Шеллингтің бұл ойын растайтын бір мысалды келтірейік. 1970-ші жылдардан бастап, бұрынғы кеңес қоғамының құлдырай бастағанын, оның алдағы болашақта тарихи тұйықтыққа келіп тірелетінін алғаш сезінген өнер қайраткерлері болатын. Ал ғалымдарға келер болсақ, олар тек сол қоғам келмеске кеткен уақыттан бастап қана оны сараптай бастады.
Өнер саласының құндылығын Шеллинг генийлердің (genius -лат. сөзі, аса дарынды деген мағына береді) іс-әрекетімен тығыз байланыстырады. Өйткені олар - Абсолюттің құралы, бірақ оны олар сезінбейді. Генийдің өмірі - ерікті де, зардап пен шаттыққа, шығармашылық іс-әрекетке толы. Ол өнер саласында белгілі бір мақсат қойып, оны ертелі-кеш орындайды, дүниеге аскан әсем туынды келеді. Ал бірақ оған ол қандай жолмен, қандай заңдылықтардың нәтижесінде жетті - оны ол көбіне түсіне бермейді. Өйткені өнер кайраткерінің туындысын Дүниеге әкелетін ең терең себеп - ол Абсолюттің өзі.
Алайда гений өз шығармасын тудырып, оның кемеліне келген әсемдігін сезініп, шексіз шаттанып, одан ғажап ләззат алады. Өйткені оның рухы өзінің жасаған өнер туындысы арқылы заттанды (объективтелінді), ал заттанған өнер шығармасынан идеалды өмірдің нышаны байқалады (субъективтелінді). Сонымен өнерде объективтік пен субъективтік бір-бірімен косылып, алғашқы бейсаналық теңдіктің дамыған финалы, соңы ретінде байкалады.
Шеллинг өнер саласын, негізінен, екіге бөледі. Біріншісі -реалдық өнерлер. Оған ол музыканы, сурет, архитектура мен скульптураны жатқызады. Екіншісі - лирика, эпос және драма. Егер біріншіге жататын өнер салалары көбіне дене әсемдігіне көңіл бөлсе, екіншілер, одан да жоғары - рухани әсемдікті көрсетеді. Әрине, бұл классификацияға күмәндануға әбден болатын сияқты. Музыка арқылы сөзбен жеткізе алмайтын нәзік сезім толқындарын тудыруға болатынын бәріміз де білеміз, олай болса оны екінші топқа жатқызуға, әрине, болар еді.
Шеллингтің ойынша, ең биік өнер - ол поэзия. Ол арқылы Абсолют өзін-өзі ең терең түрде сезіне алады. Соңынан, XX ғасырда өмір сүрген ұлы неміс философы М.Хайдеггер бұл пікірді толығынан қолдап, поэзияда философиялық ой-өрістің шеңберінде ашылмаған болмыстың сырлары ашылады деген болатын.
Сонымен тек өнерде ғана адам өлшенбейтін, бұл өмірде жок ғажапқа іштей беріліп, жан тыныштығына иеленеді. Ал ол — өлшемі Жоқ ғажап, ол - Құдай. Абсолют ұғымы - оның тек қана сөзбен берілген аты ғана. Соңынан Шеллинг өнердің Құдай идеяларына қатыстығы бар екенін көрсетіп, өнерді сүйіп-түсінудің өзі Құдайдың адамға жауған нұры деген пікір айтты.
Көріп отырғанымыздай, өмірінің соңына қарай, Шеллинг бірте-бірте діни философияға қарай ауытқып, «аян философиясьның» жолына түсті. Шеллингтің замандастарыньвд көбі оның бұл ауытқуын теріс қабылдап, жас кезінде даңққа, сыйға бөленген философ қартайған шағында жалғыздықтың, ұмыт қалудың да қасіретін басынан өткізді.
Қалай айтқанда да, ұлы философтың идеялары философия тарихында әрі қарай өз өмірін сүріп кете барды. Ол өзінен кейінгі көп ұлы философтардың ой-өрісінің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Біз оны болашақтағы тақырыптардан көретін боламыз. Шеллингтің философия тарихында өз орны бар және ол адамзат есінде мәңгі қалады да деген ойдамыз.
Эстетикалық мәдениет — өзінің көпқабаттылығымен сипатталатын күрделі қүрылым. Қандай да болмасын қоғамның эстетикалық мәдениетінің ілгерілемелі дамуы әлеуметтік прогрестің маңызды белгісі болып табылады. Өз консерватизмімен ерекшеленетін кейбір дәстүрлі мәдениеттердің өмір сүруінің өзі тоқырау белгісін көрсетеді. Мүндай мәдениеттер, әдетте, декоративті формаларды, қолөнер бүйымдарын, ғүрыптық, көркем безендіруді, түрғын үй интерьерін және т.б. кеңейтілген түрінде емес, жай ғана қайта өндіріп қоюмен шектеледі. Мәдениеттануда соңғы жылдары мәдениеттің белгілі бір қүбылысы мен көріністерін рухани немесе ма-териалдық мәдениет салаларына жатқызу өлшемі неде деген мәселеге байланысты пікірталас толастамай келеді. Біздің ойымызша, эстетикалық мәдениет саласы өз қүрамына матери-алдық мәдениетке де, рухани мәдениетке де қатысты нәрселерді енгізеді. Бүл мағынада эстетикалық мәдениеттің универсал-дылығы айдан анық.
Эстетикалық мәдениет қабаттары көп жағдайда субъекттің рухани күш-жігерін пайдалану негізінде де, әрекеттің практикалық тәжірибесін, шеберлігін игеру нәтижесінде де қүралады. Оның үстіне эстетикалық қүндылықтарды қалыптастыру қүралдарды, қүрылғыларды және т.б.қолдануды талап етуі мүмкін. Тіпті музыкант немесе суретші өз ойын жеткізу үшін техникалық қүралдарға жүгінеді. Адам өнері мен таланты шығарма тудыру сәтінде не нәрсенің мәнді рөл атқаратынын білу маңызды. Бүл үшін дарындылық пен эстетикалық сүңғылалық қажет екендігі айдан анық. Алайда, эстетикалық мәдениет қү^ылысының рухани немесе материалдық мәдениет саласына жататындығын анықтағанда, ең алдымен, бүл қүбылыстың бір рет табылған шешімді немесе шаблонды қайта көшіруі емес, әсіресе оның қаншалықты мөлшерде нағыз шығармашылықты білдіретіндігіне көңіл аудару қажет.
Өнер адамзат өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі у ^ болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары түрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін^ үғынып алу қажет. Профессор Б.Ғ.Нүржанов өз еңбегінде OHepN ^ терминінің қазіргі тілде екі мағынада — кең және тар мағынала- г -рында қолданылатынын айтады (Культурология: курс лекций.у Алматы, 1994). Өзінің кең мағынасында өнер адамның барша шығармашылық жасампаз әрекетін білдіреді және бүл мағына-да өндіріс те, тіпті дін де «өнер» формалары ғана болып табылады. Әсіресе осы мағынасында о л ежелгі грек тілінде көбірек қолданылады: орыстың «искусство» деген терминімен аудары-латын «poiesis» сөзі ежелгі гректерде «білім», «туынды», «сана» үғымдарын да білдіреді. Адам әрекетімен байланысты және осы әрекеттің өнімі болып табылатын барлық нәрселер «poiesisia» — адамзат саласына жатқызылады және ол адамзат жаратпаған табиғи салаға - «Physis'y» қарсы қойылады. Өзінің тар мағына-сында өнер әр түрлі формалардағы көркем шығармашылық нәтижелері, үдерістері (бейнелеу онері, музыка, поэзия және т.б.) болып табылады. Дәл осы мағынасы қазіргі әлемде негізгі болып табылады және біз де оны осы мәнде қарастырамыз.
Жекелеген ғылымдар мен рухани, практикалық әрекет салалары әлемнірі, әр түрлі қырларын игереді, түлғаның белгілі бір қырлары қалыптасуына жағдай жасайды және соған сәйкес белгілі бір мәдени қүндылықтар қалыптастырады. Өнер болса, ол әлемдіі өз түтастығында қабылдау кепілі, адамзаттың омірлік тәжірибесі мен мәдениеті түтастығын сақтаушы. Өнердің бүл бүкіләлемдік-тарихи мақсаты адамзат дамуының барлық кезеңдері үшін қажеттілігі мен қүндылығын қамтамасыз ететін оның полифунк-ционалдылығын (коп қызметтілігін) тудырады. Алайда дамыған қоғамдық жүйелерде коркем шығармашылықтың барша қызметтерінің дерлік оз «дублерлері» (қосалқылары) бар: онер — бүл таным, алайда әлемді танытатын ғылым да бар; онер — тәрбие, бірақ бүл мәселемен айналысатын педагогика да бар; онер — тіл және ақпарат қүралы, бірақ онымен қатар табиги тіл мен ақпа-рат қүралдары да омір сүреді; онер - әрекет, бірақ еңбек - әлемді озгертуші адамның әрекеттік мәні корінісінің ең басты формасы. Алайда онер адам әрекетінің бірде-бір формасын алмастыра алмайды, ойткені ол әрбір әрекетті ерекше үлгілейді. Бүл ерекшелікті түсінудің кілті ешнәрсені де кошірумен айналыспайтын, коркемдік әрекеттің ерекше пререгативасы болып табы-латын онердің эстетика л ық және гедонистік функцияларында.
Ерте кездің озінде-ақ онердің коңіл котерте отырып, үйрететіндігі белгілі еді. Өнерді қабылдау мен коркем шыгарма-шылық үдерісі барысында адамның ләззат алуы мен эстетика-лык, ықпал етуі арқасында оның тәрбиелік әсері де, ақпарат алу да, тану да, тәжірибе алмасу да, элем жагдайын талдау да, шатта-ну мен шабыттану да жүзеге асады. Адам жаратылысы онер ерекшелігін анықтайды.
Өнер қоғамдық адамның нақты омірлік тәжірибесін тереңде-ту, кеңейту үшін омірді оз түтастығында қайта қалыптастырады. Ол — адам омірқамының бейнелік үлгісі. Өнер түлғаны озінің бүкіл копқырлылығында және түтастыгында қайта жаратады, оның омірлік және коркемдік тәжірибесімен озара әрекеттесе отырып, адам әрекеті мен санасының барлық қүрылымына эсер етеді. Коркемдік шығармашылықта диалектикалық озара әрекет барысында бейнелік ойлау қүрылымын айқындайтын түлға — үлт — адамзат сияқты әлеуметтік бастаулар қиылысады.
Өнер түлғалық формаға коркемдік идеяларды еге отырып, оз аудиториясына оқырмандарды, корермендерді, тыңдарман-дарды тартады. Және осыдан коркемдік идеялардың инвариантты копшілігі туындайды: бір ғана коркем идея әркімде эр түрлі қабылданады. Ғылымда идеяларды иеленудің деңгейі ғана әр түрлі. Өнерде болса иеленудің деңгейі де, мазмүны да әр түрлі: коркем шығармада берілген әлеуметтік-тарихи тәжірибені адам озінің индивидуалдық санасына кошіреді, нәтижесінде котеріл-ген мәселелер мен шындыққа деген оның түлғалық қатынасы қалыптасады.
Өнерде тек суреткер түлгасы гана таңбаланбайды. Шығармада адамдардың жалпы бүқарасы үшін маңызды, қажетті, түрақты нәрселерді бейнелей отырып, суреткер оган түлгалық форма береді, ягни әлемді озі арқылы ашады. Осылайша, ол халықты озінің омірлік тәжірибесін иеленуге мәжбүрлейді. Өнердің үлттық ерекшелігі автордың коркемдік ойлау ерекшелігінен корінеді. Өнердің толтумалығын ашу кілті де осында. Бейнелік (образдық) ойлаудың әр түрлі үлттық қүрылымдарында сезімдер, бояулар, белгілер алмасуының эмоционалдық алгоритм Дері де әр түрлі. Өнердегі үлттық ерекшеліктің дәл анықтамасын Н.В.Гоголь береді: «...нагыз үлтжандылық сарафанды (алжапқышты) сипаттауда емес, халық рухының озінде. Ақын, тіпті, мүлде ботен әлемді сипатта-ган кезде де үлтжанды бола алады, ол оған озінің үлттық стихия-сының, оз халқының козімен қарайды, қалай сезініп, қалай сойлегені — отандастарының озі солай сезініп, солай сойлейтініндей қабылданады» (Шыг. жинағы, 6 т., 1953, 34-бет).
Үлттық омірлік-тарихи және коркем тәжірибе оз қайталануында да қайталанбайды. О л халықтар біртүтас қоғамдық заң-дар бойынша омір сүріп, жасампаздықпен айналысқандықтан қайталанады. О л жалпы заңдар әрбір халық тарихында оз ин-дивидуалдық озгешелігімен корінгендіктен қайталанбайды. Әр халықтың онері үлттық пен жалпы адамзаттықтың осы диалек-тикасын жеткізе а лады. Нағыз жоғары онердегі үлтжандылық-пен түтастығы арқылы корінеді. Суреткердің үлттық алгышартпен сипатталатын санасы белгілі бір әлеуметтік мүдделерге сай жаңғырған күйінде жалпы адамзаттылықты бейнелейді. Бүл үлы туындылардың оз жаратушыларының тарихи шектеулі шең-берінен шығып, ғасырлар бойы оз қүндылығын сақтауға, озге қүндылықтар бағдарындағы жаңа дәуір адамдарының санасына еркін енуіне мүмкіндік береді.
Әлемге деген қүндылық қатынас түрлерінің бірі эстетика-лык қатынас болып табылады. Әсемдік пен түрпайылықты, ас-
қақтық пен таяздықты, трагедиялық пен комедиялықты сезіну, түйсіну онер мен шындық қасиеттерін бағалау мен тануды білдіреді. Бүл бағалау қүндылық мәнге ие эстетикалық қаты-нас объектін игерудің жалғыз гана мүмкіндік тәсілі болып табылады. Табиғатты эстетикалық игеру үдерісінде адам табиги-биологиялық та, әлеуметтік те жан болып есептеледі. Және та-бигатта оған физиологиялық өз өмірқамы үшін қажетті нәрсе гана бағалы емес, оның әлеуметтік болмысымен байланысты нәрселер де қүнды. Өйткені адам табиғатты өз өмірімен, өз қай-гысы, қуанышымен пайымдай отырып, оны адамдандырады.
Ақындар, суретшілер, музыканттар, философтар табигаттан үйлесімділік іздейді. Және үйлесімділіктегі, ырғақтагы, мақсат-тылықтағы, заңдылық көрінісіндегі эстетикалық қүндылықты теріске шығаруға болмайды. Мәселе оның нені білдіретіндігінде. Үйлесімділік — бүл алуантүрліліктің түтастығы, өзінше қүнды-лық емес, тек адамга қатынасында гана қүндылық. Табигаттың өзінде үйлесімділік те, ыргақ та, тепе-теңділік те заңды өмір сүреді. Алайда мүның барлыгының қүндылығы, яғни адам үшін маңыздылыгы - бүл адамзат мәдениетінің қүбылысы.
Эстетикалық қүндылықтардың категориалдық талдауын эстетика лық мазмүнының өзінен бастаған дүрыс. Эстетика л ық-тың аксиологиялық түсіндірілуі эстетикалық қүндылықтардың нақты формаларын қарастырудың бастапқы позициясы ретінде қызмет атқарады. Эстетикалық - бүл әсемдікке, түрпайылыққа, асқақтыққа, таяздыққа, трагедиялыққа, комедиялыққа және өзге де онер мен өмір сипаттамаларына тән жалпылықты бейнелейтін эстетиканың ең кең және фундаменталды категориясы.
Эстетикалықтың ең жоғарғы көрінісі өнер кейпіне енетін әсемдік болып табылады. Демек, әсемдік - бүл «адам әлемі» туралы үгымдардың бірі, өмірдің бүкіл күрделілігі мен тереңдігін қамтитын оның анықтамаларының бірі. Тек нақты өмірді гана емес, әсіресе тарихтың өтпелі кезеңдерінде өзі тудырган өмірлік әлем шеңберінен шығып, адамзатты прагматикалық немесе ути-литарлық өлшемдерге сыймайтын өзге багамен багалайтын ру-хани өмірді де қамтиды. Әсемдік эстетикалық қүндылық ретінде адамзат мәдениеті тарихында, ең алдымен, антик философия-сында терең теориялық түргыда талданған еді.
Софистердің бізге жеткен шығармаларының көпшілігі эсте-тикалық мәселелерге арналған. Мысалы, «Dialexeis» деп аталатын трактатты алуға болады. Бүл шығарманың алты тарауы-ның екіншісі «сүлулық пен түрпайылық» мәселесіне арналған: «Әсемдік пен түрпайылық туралы екіжақты пікірлер айтылады.
Біреулер оны өз атаулары көрсетіп түрғандай әсемдік басқа, түрпайылық басқа деп түжырымдайды; келесілері әсемдік те, түрпайылық та бір деп есептейді. Мен болсам былайша пайым-даймын. Әшекейлермен безену, иіссуларды жагу, алтын заттар-ды тагу еркек үшін - түрпайы, ал әйел үшін - әсем. Достарыңа жақсылық жасау — әсем, ал жауларыңа — түрпайы. Дүшпаның-нан қашу түрпайы да, ал алаңда жүгіру - әсем. Достарың мен азаматтарды өлтіру - түрпайы, а л дүшпандарды өлтіру - әдемі. Және барлыгы да осылай... Менің ойымша, егер біреу адамдарга барлық түрпайы нәрселерді бір жерге жинауға бүйрық беріп (әркімнің өз қалауы бойынша) және осы үйіндіден әркім өзінше әсем деп есептейтін нәрселеріңді алыңдар деп бүйырса, онда адамдар бүл дүниеден түк қалдырмай талап әкетер еді, өйткені адамдар әр түрлі ойлайды» (Лосев А.Ф. История античной эстетики. Софисты. Сократ. Платон. М., 1974, 16-17 беттер). Бүл мәтін софистер әсемдіктің салыстырмалы сипатын мойындага-нын білдіреді. Әсемдік орынның, уақыттың және мақсаттың шарттарымен байланысты гана өмір сүреді. Нәрсе бір қатына-сында әсем болса, екіншісінде түрпайы.
Әсемдіктің мәні туралы осыган үқсас ойлар кейінгі ғасырларда да айтылды. V гасырда (Византия), XV ғасырда (Испания), XX гасырда (АҚШ) айтылған бірнеше аксиологиялық пікірлерді келтірейік. Дионисий Ареопагит: «Әсемдік дегеніміз барлық әсемдік сияқты үнемі мәнді, бірдей әсем, сонымен бірге ерекше әсем, пайда болмайтын және жойылмайтын... Өз-өзінде және өз-өзімен келісімінде ол бүкіл әсемдіктің терең сүлулы-гын сәулелендіріп түратын әрқашан да түтас бейнелі әсемдік». Леоне Эрео: «Тән үйлесімділігі, адам тәнінің үйлесімділігі немесе өнердегі үйлесімділік әлемдік рухта да үстемдік ететін үйлесімділік пен түтастық бейнесі болып табылады. Бүл үйлесімділік әлемдік рухтың бейнесі, өйткені әлемдік рухта реттелген түтастық пен формалардың тәртібі сияқты бүл да үйлесімді үндестік тәртіптен қүралады, үйлесімді әндегі, наси-хатты ой-толгау немесе өлеңдердегі дыбыстар тәртібін есту нәтижесінде біздің рухымыз онда бейнеленген әлемдік рухтың үйлесімділігі мен үндестігіне қуанады». Дж. Сантаяна: «...Сүлулық ... идеалдың көрінісі, қүдіретті парасаттың символы болып табылады».
Жаңа заманда әсемдіктің қүндылық мәні Гегельдің эстетикалық еңбектерінде қарастырылган. Эстетикалық қүбылысты Гегель танымның диалектикалық әдісі позициясынан қарасты-рады. Эстетиканың маңызды категориясы - әсемдіктің мәніне
берген оның анықтамасы терең диалектикалылығымен ерекше ленеді. Әсемдік идеяның сыртқы болмыспен нақты бірлігінің сезімдік қүбылысы ретінде, үғым мен нақтылықтың, сыртқы форма мен ішкі мазмұнның түтастығы ретінде көрінеді. Әсемдіктің осы түсіндірмесіне сүйене отырып, Гегель идеал мен оның даму сатылары туралы ілімін дамытады, идея мен оның сыртқы бейнесі арасындағы арақатынасқа байланысты өнер формаларының қалай өзгеретінін көрсетеді. Гегель әсемдіктің мынадай анықтамасын береді: «Әсемдіктің мәніне сәйкес, әсем объектіде оның үғымы, мақсаты және жанымен қатар, өзгеден емес, оның өзінен туын-дайтын сыртқы айқындылығы, алуан түрлілігі мен нақтылыгы да көрінуі тиіс. Біз жоғарыда айтқандай, әдемі зат нағыз мән мен үғымның және белгілі бір сыртқы болмыстың имманентті түтас-тығы мен келісімі ретінде ғана шынайы... Үғым мен қүбылыс арасындағы келісім олардың толық өзара бір-біріне енуін білдіреді. Сондықтан сыртқы форма мен образ сыртқы материалдан ажы-ратылған болып қалмайды... оның үгымына сәйкес нақтылық-тың өзіне тән кристалданган форма болып табылады» (Эстетика в 4 т., т.1., М., 1968, 123-бет).
Эстетикалық қүндылық ретінде әсемдікті философтар гана емес, көркемсөз өкілдері де зерттеді. Өнертанымдық әдебиеттер-де өнерді түсінудің бастапқы алғышарты ретінде, әдетте, Н.Г.Чернышевскийдің мынадай белгілі бір түсіндірмесін келтіреді: «Әсемдік бүл өмір... оз үгымдарымыз бойынша қандай болуы керек дейтін нәрсені өмірде солай көре алсақ — сол әдемі; өзінде өмірді көрсететін және бізге өмір туралы ескертетін зат әсем» (Избранные эстетические произведения. М., 1978, 68-бет).
Қанша дегенмен де, әсемдіктің аксиологиялық талдануы мәдениеттанымдық және эстетикалық дискурс шеңберінде жемісті нәтижелер береді. Ю. Борев әсемдіктің барлық алуан түрлілігін бірнеше парадигмаларга жіктейді. Бірінші парадигма (Платон, Тертуллиан, Фома Аквинский, Франциск Ассизский, Гегель): әсемдік нақты заттар мен қүбылыстардағы таңба неме-се қүдайдың (немесе абсолюттік идеяның) кепілі. Екінші парадигма: шындық эстетикалық түргыда бейтарап, оның сүлулы-, ғының көзі - индивидтің жанында (Т.Липпс, Ш.Лало, Э.Мей-ман), о л адамның рухани байлылығының шындыққа «көшірілуі-нің» (Н.Гартман), «қарызға берілуінің» (Б.Кроче) нәтижесінде пайда болады; сүлулық субъекттің затты интернационалды (ба-ғытталған, белсенді, «пайымдалган») қабылдауының нәтижесі (феноменология). Үшінші парадигма (Сократ, Аристотель, Н.Г.Черныхевский): әсемдік өмір қасиеттерінің адаммен, оның практикалық қажеттіліктері, идеалдары мен әсем өмір туралы көзқарастарымен немесе сүлулықтың өлшемі ретіндегі арақаты-насының нәтижесі. Төртінші парадигма (француз материалистері): әсемдік салмақ, түс, форма және т.б. сияқты табигат қүбылыста-рының кәдуілгі қасиеттері болып табылады.
Кезкелген қүбылыстың әсемдікке ие болуы оның өзінің то-лық сезімдік-нақты түтастыгында қоғамдық-адами қүндылық ретінде көрінуімен, түлганың үйлесімді дамуына жағдай жасауы-мен, адамзаттың барлық жақсы қабілеттері мен күш-жігері іске асуына мүмкіндік беруімен, адамның нақты болмыста бекітілуі және оның еркіндігін кеңейтуге ықпал етуімен байланысты болады. Сондықтан сүлулық эстетикалық идеалды бекіте, байыта отырып, адам бойында қуаныш, сүйіспеншілік, еркіндік сезім-дерін үялатады.
Асқақтық - бүл өзінің ерекше мағыналылығымен және қүдіреттілігімен өзгешеленген әсемдікті сипаттайтын эстетика-лық категория. Сондықтан да кейбір асқақ қүбылыстар фор-малары өзінің сыртқы үсқынсыздығына қарамастан шаттану-дың, шабыттанудың, ерекше таңданудың қоздырушы сезімдерін оятады. Әлемнің шексіздігі мен мәңгілігі, табигат пен адамның ішкі күш-қуатының қүдіреті, әлемді игерудің шексіз мүм-кіндіктері — мүның барлығы асқақтықты (эстетикалық категория ретінде) бейнелейді.
Егер әсемдік пен асқақтық эстетикалық қүндылықтар бей-нелері болса, онда түрпайылық пен таяздық оның антиподтары болып табылады. Түрпайылық пен таяздық әсемдік пен асқақ-тыққа қарсы үғымдар. Аксиологияда, жоғарыда айтылгандай, «күндылық» үгымы көлеміне қатысты біржақты қалыптасқан пікір жоқ. Кейбір авторлардың пікірінше, қүндылық тек жа-гымды белгілермен гана көрінбейді, жағымсыз қүндылық ретінде оның жағымсыз белгісі де болады. Әрине, қүндылықтарды жа-ғымды және жагымсыз деп боле салуға да болар еді, алайда бүл терминнің қоғамда қалыптасқан дәстүрлі түсінігі «қүндылық» үгымының тек жагымды магынасын гана қабылдайды, өйткені қүндылық - бүл қүны бар, жагымды нәрсе деген сөз. Мүнан шығатын қорытынды: қүндылық қатынастар шеңберіндегі жагымсыз мағынага ие заттарды, — асқақтықтың үнемі сыртқы сүлулығы бола бермейтіні секілді, бүл да кейде сыртқы сүлулыгы болатынына қарамастан антиқұндылықты білдіреді. Жиіркеніштілік өте жа-ғымсыз құндылық ретінде сипатталады. Тұрпайылықтың ең түпкі шегі болып табылады. Бүл адамның еркіне толық бағына қоймаған, олар үшін қауіп-қатер туғызатын жағымсыз, қүпия, жасырын күштер. Егер адамзат өз қоғамдық қатынастарын игер-месе, онда ол үлкен қасіреттердің көзіне айналып кетуі мүмкін. Осындай қаһарлы қатерлерге қатысты барлық қүбылыстарды -фашизм, тирания, соғыс және т.б. адамдар жиіркенішті қабыл-дайды. Жиіркеніштілік пен түрпайылық тығыз байланысты.
Түрпайылық өңменіңнен итерсе, әсемдік өзінің бір көрі-нісімен баурап алады. Түрпайылық — бүл дисгармония, патология, ішкі байлыгы, жарығы, рухы жоқ бос нәрсе, бірақ ол адамзатқа қауіп-қатер төндірмейді, өйткені бүл заттар бойын-дағы күштерді адамдар жете игерген.