Дәріс10. Өнер философиясы. Спичрайтинг. Өнер философиясы



бет4/6
Дата17.05.2023
өлшемі54,23 Kb.
#177023
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 10. Өнер философиясы. Спичрайтинг. Документ Microsoft Office Word)
эмпир әд, План урока 7А 09.12.2022 (копия)
Myciн өнері (скульптура). Мүсін өнері — қүбылыстардың ) өмірлік бейнесін бере алатын, материалдарда таңбаланатын, > әлемді пластикалық образдар арқылы игеретін кеңістіктік-J бейнелеуші өнер. Мүсіндік туындыларды мәрмәр, гранит және басқа тастардан қашайды, ағаштан ойып, саз балшықпен сом-дайды. Жүмсақ материалдар уақытша деп есептеледі, олармен жүмыс барысында, онан әрі сақталуы үшін қоладан, шойын-нан қүю көзделеді. Адам — мүсін өнерінің жалгыз болмаганы-мен, ең басты обьекті. Анималистер жануарлар бейнесін сом-дайды. Дөңгелек мүсін адамды қоршаған ортаның бөлшектерін ғана бейнелейді. Мүсіннің барельеф және горельеф сияқты түрлері кескіндемеге, графикаға жақындайды. \І Әдебиет. Әдебиет әлемді көркем сөзбен игереді. Оның сала-сына табиги және когамдық қүбылыстар, ірі әлеуметтік ката-клизмдер, халық бүқарасының қозгалыстары, түлғаның рухани өмірі, сезімдері енеді. Барлық адамзаттық тілмен байланысты және тілге қатысты барша нәрсе адамга тән. Халық тудырган тіл бүкіл тәжірибені өзіне жинақтайды және ойлау формасына айналады. «Тілдер — бүл жылнамалар үзінділерінде сақталма-ган тарихи мәліметтер қоймасы, тілдер — бүл өртенбейтін, жан-байтын, шайылмайтын, идеология ықпалына берілмейтін ар­хив. Ата-бабалардың сансыз үрпақ алмасуларынан бізге қалған басты интеллектуалдық мүра» (О.Сүлейменов. Язык письма.
Алматы — Рим, 1998, 203-бет). Тіл қалыптасуының тарихи үдерісінің өзі әлемді ассоциативті қабылдауға, шындықты көркем бейнелеуге дайындады. Әдебиет өзінің әр түрлі жанр-ларында әрекетті драмалық түрғыда қайта қалпына келтіру ар-қылы, оқиғаларды этикалық түрғыда баяндау арқылы немесе адамның ішкі әлемін лирикалық түрғыда ашу арқылы осы ма-териалдарды қамтиды.
Театр. Театр — әлемді драмалық әрекет арқылы көркемдік түрғыда игеретін, оны актерлер көрерменнің көз алдында жүзе-ге асыратын өнер түрі. Театрдың негізі - драматургия. Соны-мен қатар ол өз қүрамына кескіндеме, мүсін өнерін, кейде сәу-лет, сән өнерін (декорация), кейде кино, музыка, би өнерлерін де енгізеді. Театр өнерінің синтетикалылығы оның үжымдық сипатымен анықталады: спектакльде драматургтың, суретшінің, сазгердің, актердің шыгармашылық күш-жігерлері біріктіріледі. Театрдағы көркемдік бейненің «қүрылыс материалы» — тірі адам, актер. Драматург пен режиссердің ойы актер арқылы іске аса-ды. О л сахнадағы барлық нәрсеге театра лдық сипат береді. Сах-нада бөлме интерьерін, пейзажды, қала көшесі кейпін дәл бе-руге болады, алайда, егер актер сахналық өз әрекетімен шын-дықты тірілтпесе, бүл декорацияның бәрі өлі бутафория болып қала береді. Және, керісінше, актер пьесаның іс-әрекетіне сай жағдай мен ортадағы адам бейнесін дәл, толық бере алса, қор-шаған ортаның ең жалпы деген белгілерінің өзі (мысалы, Шекс­пир театрындағы сияқты, «бақ», «дала» немесе «сарай» жазула-ры бар тақтайшаларға дейін) театралдық өмірмен бітеқайнасып кетеді. Театр маңыздылығының ерекшелігі, мүнда шығармашы-лық акт (бейнені сомдау) көрерменнің коз алдында жүзеге аса-ды. Осыған байланысты театр аудиторияга эсер етудің орасан зор мүмкіншілігіне ие болады. Кинода көрермен шыгармашы-лық нәтижесін көрсе, ал театрда үдерістің өзін көреді. Спектакльдің ең басты ерекшелігінің кілті осында. Өйткені те­атр — ең алдымен, актердің көрерменмен жүзбе-жүз (тірі) бай-ланысы, аудиторияның көз алдындагы шығармашылық.
Эстетикалық мәдениеттің маңызы мен әлеуметтік рөлін қарастырганда оның жетістіктерін онер, фольклор, сәулет өнері және т.б. туындылары деңгейі мен көлеміне әкеліп тіреу жеткіліксіз болар еді. Бүл жерде мәдениеттің, оның ішінде эс-тетикалық мәдениеттің маңызды қызметтер атқаратындыгын естен шығармау керек. Бүл түсінік бізге эстетика л ық мәдениетті бүтіндей қабылдау багдарын береді. Мүндай қабылдау негізін эстетикалық мәдениет қүбылыстары мен айғақтарын «заттан­дыру мен затсыздандыру» үдерісінің түтастығы концепциясы қүрайды. Бүл концепцияның қарапайым мәні эстетикалық сала қүбылыстарының деңгейі, сапасы ретінде гана емес, эстетика-лық мәдениет дамуының өлшемі болып табылатын белгілі бір қоғамдағы оның сүраныс деңгейі ретінде де көрінеді.
Батыстың және Шығыстың дәстүрлі мәдениеттеріне үқса-майтын өзге халықтар мен үлттардың өзіндік эстетикалық мәдениеті, төлтума дамуы болгандыгын ескеру қажет. Мысалы, Тынық мүхит аймақтары социумдары, кейбір солтүстік тай-палар, австралиялық аборигендер және т. б. осыған мысал бола алады. Бүл түрғыдан алганда Ю.Бромлейдің өз дәстүрі түйық-тылығымен, консервативтілігімен, қатаңдығымен сипатталатын мәдениеттер ерекшелігі туралы ойы көңілге қонымды. Кезкел-ген сыртқы ықпалға деген тосқауыл, түрақтылық, қарапайым өндіріске үмтылу - олардың жалпы ерекшелігі. Мәдениетте үш саланы (немесе қабатты) бөліп алуга болады: материалдық, ру-хани және көркемдік. Сонымен бірге көркем мәдениет (немесе өнер) өнерге бағытталган бүкіл әрекеттің барша түрін жинақ-тап, дербес сала қалыптастыру қабілетіне ие. Эстетикалық мәде-ниет жалпы мәдениет емес — о л үлтжанды, жалпы универсалды феномен модификациясы да гана емес. Қай халық болмасын, өзінің рухани әлемі байлығына қарамастан, өзінің үлтжанды әлемін сақтайды. Ол белгілі бір кеңістіктік-уақыттық ортада пайда болады, соның мәні мен мүддесін білдіреді. Ол осынысы-мен қүдіретті және сонымен бірге шектеулі. Оның үстіне онда жетістіктер өзекті мәселелермен, мазасыздықтармен қатар өмір сүреді. Сондықтан да ол өзіндік, өмір сүруге қабілетті өзге көркемдік әлемдермен байланысқа түсуге тәуелді.
Көркем мәдениет өзегіне енген адам әрекетінің бір қырын білдіретін мәдениет қүбылыстарының жекелеген бөліктерін — мәдениет салалары, ал оларды қүрайтын топтарды — мәдениет аймақтары деп атауға болады. Адам әрекеті негізінде оның қажеттіліктерін жіктеу нәтижесінде пайда болған топтарды — мәдениет түрлері деп атайды. Қүрылымдық түзілім ретінде қарастырылатын эстетикалық мәдениет әрекет түрлерінің жүйесі сияқты түрде көрінуі мүмкін, алайда бүл эстетикалық мәдениетті өнерге гана, көркемдік мәдениетке гана әкеліп тіреуді біл-дірмейді. Көркемдік мәдениет эстетикалық мәдениет объектив-тендірілуінің бір түрін ғана білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет