Дәріс10. Өнер философиясы. Спичрайтинг. Өнер философиясы


Трагедиялық пен комедиялық



бет2/6
Дата17.05.2023
өлшемі54,23 Kb.
#177023
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 10. Өнер философиясы. Спичрайтинг. Документ Microsoft Office Word)

Трагедиялық пен комедиялық қүндылықтар мен антиқүнды-лықтар күресі үдерісінде қалыптасқан күштердің күрделі қиюла-суы нәтижесінде пайда болады. Трагедиялық — бүл өзіне дүшпан күштермен күресте қасіретке немесе өлімге үшырайтын оқиға-ның немесе әлеуметтік қоғамның, қүбылыстың, адамның эстетикалық қүндылықтарының бекітілуі. Қасіреттің, өлімнің өзі қүндылық болып саналмайды, бірақ солар арқылы қүндылық орнығады. Трагедиялық эмоция — бүл эстетикалық-адамгершілік түрғыда «тазалайтын», рухани шынықтыратын, ондағы ашыл-ган сүлулыққа жақындастыратын терең қайғы мен жоғары шат-тықтың қосындысы. Трагедияның адамға әсерін кезінде Аристотель «катарсис» — тазалану деп атаған болатын.
Комедиялық та қүндылық пен антиқүндылық қайшылыгы-ның нәтижесі. Өйткені комедиялықтың мәні қайшылықта. Ко­медия лық қарама-қарсы түрудың, контрастың, айырылудың нәтижесі: түрпайылық пен әсемдіктің, жиіркеніштілік пен ас-қақтықтың, жалған мен ақиқаттың, аңғалдық пен ақылдылық-тың және т.б. Комедиялық - бүл ақырында антиқүндылық болып шығатын адамдар мен қүбылыстардың өзін-өзі айқындап қоюы, оның нағыз қүндылықтық мағынасын аңғару. Комедия-лықты эстетикалық күйде қабылдау адам бойында күлкі, әжуа тугызады. Адамдар қандай да бір ақымақтық мәнін шынайы қүндылықпен бейсаналы түрде салыстыра отырып, өзінің баға-лау қабілетіне орай келеке етеді. Комедиялықта үлтшылдық ерекшелік бар, бірақ сонымен бірге жалпыадамзаттық белгілерді де аңғару қиын емес. Әлеуметтік дамудың жалпы заңдылықта-рына орай бір қүбылысты барлық халықтар да бірдей күлкіге айналдыра алады.
Сезімдер мәдениетінің саласы ретінде эстетикалық қүндылық-тар сезімге эсер ете отырып, адамның рухани әлемінің маңызды бөлігіне айналады. Өйткені сезімдер адамның ақыл-ойына ықпал етіп қана қоймай, көбіне оның алғышарты да бола алады. Эсте­тика лық қүндылықтар жаратылысын қарастыру барысында, оның мынадай көзқарасы қалыптасады. Эстетикалық қүндылықтар қоршаған шындыққа деген эмоционалды-бағалаушы-сезімдік реакцияны сипаттай отырып, рухани келісімнің бір бөлігін білдіреді. Эмоция — бүл адамды қозғайтын, тоқтататын, рацио-налды анықтауға бағынбайтын сезімдердің сыртқа шығарылуы.
Өнер өзінің нақты түрлерінде өмір сүреді: әдебиет, театр, кескіндеу (сүңгат), мүсін, би, ән, графика, сәулет, қолданбалы және декоративті онер, цирк, көркем фотография, кино, теле-дидар. Өнердің түрлерге бөліну принципі - шындықтың эсте-тикалық байлығына сүйенетін, әлемді көркемдік игеру сала-сындагы адамның қогамдық практикасы т^птерінің алуан түрлілігі. Адамзаттың әлемдік-тарихи практикасының негізінде, адамдардың еңбек әрекеті үдерісінде адамзат рухының байлығы қалыптасты, адамның эстетикалық сезімдері, оның әуезді қүла-ғы, форма сүлулығын көретін көзі, сүлулықпен шабыттану қабілеттері дамыды.
Сазгер табигат картинасын естіп қабылдайды, ал суретші сол картинаны дыбыспен емес, көз жанарымен қабылдайды, форма-лар сүлулығынан, желілер, жарық пен көлеңке ойынынан ләззат алады. Тек бір ғана зат — адамга жақын табиғат өмірін суретші де, музыкант та бірдей қабылдағанымен, ол өнердің әрқалай бөлек түрлерінде әр түрлі қырынан бейнеленеді. Бірақ, нәтижесінде тек сол шындық қана бейнеленеді, қабылданады.
Өнердің дамуы үшін оның әрқайсысы өз ерекшеліктеріне орай бөлінуімен қатар, әрқайсысы өз қайталанбастығымен да-раланатын музалардың өзара әрекеті де маңызды ықпал етеді. Өнер түрлерінің бірігуге, қосылуга жақындыгына қарамастан, олар осы өздерінің айырықша ерекшеліктерін сақтай отырып, адамзаттың көркемдік мәдениетіне, әлемдік эстетикалық игілік-ке жаңа, өзгеше үлестерін қосып отырады. Өнердің алуан түрлілігі әлемді өзінің күрделі де бай күйінде эстетикалық түрғы-да игеруге мүмкіндік береді. Басты немесе екінші деңгейдегі өнер түрлері жоқ. Бірақ әрбір түрдің өнердің өзге түрлерімен салыстырғанда әлсіз де басым түстары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет