Асқабақ туралы түсінік II. Негізгі бөлім



бет3/3
Дата21.02.2022
өлшемі252,11 Kb.
#132698
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
Кәді

Өсіру технологиясы. Кәдіні ауыспалы егістікте көпжылдық шөптерден, күзгі астық және отамалы дақылдардан кейін орналастырады. Кәдіні өсіруге танапты дайындау жұмыстары асқабақ пен мал азықтық қарбыз өсіруге ұқсас келеді.Кәдіні қоректік алаңдарын 1х1 немесе 2х2 етіп, әр ұяда бір-екі өсімдік орналастырып себеді. Әр гектарға тұқым себу мөлшері 3-5 кг шамасында. Тұқым 4-6 см тереңдікке себіледі.

  • Кәді себілген танапты өскіндері пайда болғанша жеңіл тырмалармен тырмалайды. Қатараралықтары толықтай айқындалғасын бірінші қопсыту жұмысы жүргізіледі, екінші қопсыту алғашқы нағыз жапырағы түзілгесін, үшіншісі – арамшөптер басуына қарай жүргізіледі. Үшінші- төртінші жапырақ салғасын ұяларда сирету жұмыстары жүргізіледі. Суармалы танаптарды уақытымен суарып отыру қажет.

  • Кәдіні көктей өнімін жинаған сайын суарып отырады (300-400м3/га).

  • Мал азығына кәдіні жемісі пісіп жетілместен сыртқы қабығы жұмсақ және жеміс еті шырынды, ұзындығы 13-18 см болғанда жинай бастайды. Жемісін кешіктіріп жинаған жағдайда жаңа түйіндер пайда болып дамуы төмендеп, нәтижесінде өнімі төмендейді.

  • Кәдінің жемісін сағағымен жинайды, сонда ол жақсы сақталады. Қойма температурасы 00С және ауа ылғалдылығы 80-90% болғанда кәді 10-12 күн

  • бойы сақталып дәмін жоғалтпайды. Кәдінің жемісінің сақталғыштығы төмен болуына байланысты малға көк азық ретінде беріп отырады.




  • Кәді (кабачок) — асқабақ тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік.

  • Гүлі дара жынысты, сары, қабығы қатты, бір үйлі. Жемісі сопақша, жұмыр. Кәді құнарлы топырақты, суармалы жерде жақсы өседі, құрғақшылыққа төзімді. Кәді тез піседі, жемісінен әртүрлі тағамдар дайындайды, оның құрамында қант 2,55%, ақуыз 0,55%, май 0,13% болады. Кәдіні оңтүстік аймақтарда тұқымынан, орта өңір мен солтүстік аймақтарда көшетінен өсіреді. Құнарлы топырақта, суармалы жерде жақсы өседі.[1]Кәді тұқымын топырақтың температурасы 2-15°С-қа жеткенде себеді. Әр гектардан 200-300 центнер өнім алуға болады. Көк күйінде малға беріледі.

  • Бұл көкөністе терідегі коллаген деңгейін арттыратын аскорбин қышқылы, көру қабілетін жақсартатын А дәрумені, адамның дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет микроэлементтер (калий, магний, темір, кальций) бар. Ең қарапайым кәді көптеген функцияларды орындай алады: • токсиндер мен жаман холестеринді ағзадан шығару; • салмақ жоғалту және қалыпқа келтіру; • артық жинақталған сұйықтықтың кетуі (диуретик ретінде); • ас қорыту процестерін белсендіру, асқазан-ішек жолдарының моторлық қызметін қалыпқа келтіру және қан қалыптастыру процестері; • Қант диабеті, артериялық гипертензия немесе гипертензия, бауыр және бүйрек аурулары, ісіну, гепатит, холецистит, созылмалы қан тамырлары аурулары (атеросклерозды қоса), холелитиаз. • иммундық, жүрек-тамыр жүйесі мен асқазан-ішек жолдарының жұмысын, тері мен шаштың жағдайын жақсарту. Кәді гүлдерінің инфузиясы антиаллергиялық препараттарға балама ретінде қолданыла алады. Тұнба дайындау үшін 10-11 гүлден 500 мл қайнаған су құйып, 2-3 сағат күтіңіз. Тамақ арасындағы үзілістер кезінде күніне 5-6 рет ішіңіз.

    Қорытынды:


    Ардақты ағайын! Мінеки, қарапайым асқабақтың мың бір дертке қандай дәру екенін көрдіңіздер ме? Олай болса, Сіздің дастарханыңызда асқабақтан дайындалған да дәмді тағамдар, шипалық шырын, қайнатпалар орын алсын!
    Пайдаланылған әдебиеттер
    I том
    Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
    Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. ISBN 9965-34-607-0

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет