атанды. Ө зінің ұзақ ғұмырында Кенен басынан көпті кешірді. Ол Қазақетанда К еңес өкіметін орнатуға қатысты. Қашанда ел арасында болды. Ән-жыры, күйі, өлеңдері жаңа заманның үнін тербеп, адамдардың жасампаз еңбегін, қуанышы мен шаттығын жырлады. “Екі Кенен тумайды, Алатауға ексең де" 176 А санбай А С Ң А Р О В
Үлы Тұранның Ү лдары 177 деп, өзі өлеңдеткендей, тоқсаннан асқан шағында да тамаша туындыларын шығарды. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнері мен мәдениетінің онкүн- дігіне қатысты. 1959 жылы ұлы ақын өзінің 75 жылдықтойын өткізсе, ал 1974 жылы 90 жасқа толғанын бүкіл Қазақстан думанды мерекеге айналдырды. 1984 жылы республика К енен Әзірбаевтың ж үз жылдығын атап өтті. Өзінің ата-мекені Ешкілі Қордайда Кененнің мұражайы бар. Халық ақыны Кенен атаны ұрпақтары мәңгі есте сақтап, оның ұзақ жасын өздеріне тілеп, өнерін ұлағат тұтады. БАУЫРЖАН МОМЫШҮЛЫ
1910-1982ж .ж .
Ежелден ел тілегі — ер тілегі, Адал ұл ер боп туса — ер тірегі, деген дара даналығы бар Бауыржан Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Мыңбұлақта туып-өскен. Даңқты қолбасшы, Үлы Отан соғысында аты аңызға айналған батыр. 1932-1936 жылдарда екі рет әскер қатарына шақырылады. Сол кездерде өзінің дала перзенті екенін дәлелдеп, құралайды көзге атқан мерген атана- ды. Әскери іске аса қабілеттілігімен 1941 жылы соғыс басталысымен-ақ ерекше көзге түсіп, атақты қолбасшы И. В. Панфиловтың басшылығымен дивизия ұйымдастыруға атсалысады. Кейін бұл дивизия М әскеу түбінде ас- қан ерліктің үлгісін көрсетіп, 8-гвардиялық Панфилов атымен аталды. Алғашқы ұрыстарда рота, батальон, полк басқарып, кейін дивизия