179883
АСАНБАИ
АСҚАРОВ
ҮЛЫ ТҮРАННЫН
ҮЛДАРЫ
«НҮРЛЫ ӘЛЕМ»
А Л М А ТЫ -1998
ББК 84 Қаз 7-4
A 90
Аскаров А.
А 90. ¥лы Тұранның Үлдары. Алматы. “Нұрлы Элем”, 1998— 408 бет.
ISBN 9965-403-08-2
ББК 84 Кдз 7-4
Д
4702250201-10
443(05)98
ISBN 9965-403-08-2
© Аскаров. А., 1998.
'Л
У
Л
'
4
А санбай А С Ң А Р О В
АЛҒЫ СӨЗ
Бұл орны бөлек тарихнаманың авторы күні кеше ғана елімізді өркенде-
туге өлш еусіз үлес қосқан аса көрнекті мемлекет ж әне қоғам кайраткері
Асанбай Асқаровтың өз елінің біртуар төл азаматы ретінде, туған халқы-
ның тарихына ұмсынуын шынайы перзенттік парыз деп үқтық.
Сонау қадым замандарда, ортағасыр, жаңа ж әне жаңаша дәуірлердегі
шоғырлы дара түлғалардың әртүрлі қоғамдық өмір саласындағы атқарған
сан-қилы рольдерін, ғылым мен мәдениеттегі, саясаттағы алып тұлғалардың
аймағына ғана емес, әлемдік өркениеттің дамуына қосқан ерен еңбектерін
айқындап, әділ пайымдайды.
Осы пайым кітаптың мән-мағынасының алтын арқауына айналуы тектен
тек емес. Ең бастысы бұл ізгі мүратты уақыттың өзі талап етіп отыр.
Міне, шүкір, қазақ мемлекеттігі қайта өркен жайды, еліміз егемендікке
ие болды. Осындай өтпелі де киын кезенде мемлекеттік үрдісті нығайту, эт-
никалық ел мекенін көздің қарашығындай сақтау, Қазақстанның қалың
бұкара түрғындарының тарихы санасын қалыптастыру, асқақ рухани жан-
дүниемізді жаңғырту, көне заманалардан бүгінге дейінгі сан ғасырлар бойы
Тұран жерінде өмір сүріп, тіршілік еткен бабаларымыздан қалған бай мұра-
ларды игеру — баршамыздың борышымыз.
Тұран — автордың тұжырымдауынша, тек жәй Түркістан емес. Оның
мән-мағынасы кең көлемді әрі тамыры тереңде жатыр. Ең ежелгі осы ме-
кенде тіршілік еткен иран тілдес көшпелі тур тайпаларының есімімен Түран
аталып (турлар елі) VII ғ Түркістан болып тұтасып, кейін іргелі Түрік
қағанаты саяси алып күшке ие болды.
Бұл фактіні қысқаша дәйектей нақтылай түссек, Тұранның тарихи-мәде-
ни территориясы бүкіл Орталық Азия аймағын, Қазақстан мен Орта Азия
жерлерін түтастай ен жайлап жатыр.
Осыған сәйкес автор әрбір елдің өзіндік ерекшелігін этникалық жағынан
бөле-жармай әрі шыққан тегі түркі ме, иран ба оған шек койылмай, тарих
арнасында біте қайнасқан жалпы азаматтық түрғыда зерделейді.
Кітап мазмүнынан жіті байқалатын жақсылық жоралғысы сол, онда та
рих төрінен мәңгі орын алған көптеген даналық пен ғүламалықтың куәсі
болып, ерік-жігері табанды, қайтпас қайсар, сенімді, ар-ожданы биік үлы
Түран ұлдарының түлғасын танимыз.
Достарыңызбен бөлісу: |