Әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы түбірлі өзгерістер, ғылым мен мәдениеттегі прогресс, педагогикалық қызмет саласындағы жаңа талаптар білім жүйесіндегі қайта құруға әкеліп соқтырды
Әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы түбірлі өзгерістер, ғылым мен мәдениеттегі прогресс, педагогикалық қызмет саласындағы жаңа талаптар білім жүйесіндегі қайта құруға әкеліп соқтырды. Бұл салаларды әрі қарай жетілдірудің бірден-бір мүмкін жолы – инновация, яғни педагогикалық жаңалықтарды игеру мен қолдануды басқаратын үрдістер. Бұл білім беру мазмұнына, білім беру және тәрбиелеу әдістеріне, білім беру мекемелерін ұйымдастыру және басқару жұмыстарына байланысты.
Инновация деген не? «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «новацияға кіріспе» дегенді білдіреді. Бұл термин мәдени антропологияда пайда болды. «Инновация» термині антропологиядан экономикаға, сонан соң педагогикаға көшіп, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі, оқыту әдістемесіндегі білім беру мекемелерінің практикалық немесе ғылыми әрекетінде туындаған түрлі өзгерістерді зерттеді. 50-жылдардың аяғында Германияда, АҚШ-та және тағы басқа елдерде педагогикалық жаңалықтарды оқу және қорыту орталығы пайда болып, білім беру саласының жаңалықтарына байланысты арнайы басылымдар шыға бастады.Біздің елімізде дәл осындай үрдістер жүріп жатты. Алайда олар басқаша аталды. Әңгіме педагогикалық тәжірибенің таратылуы туралы, білім қызметкерлерінің оны пайдалануға дайындығы туралы және ұсынылған жаңалықтардың жаңалығы, оларды бағалау тәсілдері туралы болды. Қазақстанның болашағы білім сапасына байланысты анықталады, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қоғамның білім беруге жоғары мән бермей көптеген мәселелерді шешуі мүмкін емес деген түсінік қоғамдық санада қалыптасып келеді. Осыған орай, «Білім туралы заң» (2007 жыл) және «Ғылым туралы заң» (2011 жыл) қабылданды. Онда «Жоғары оқу орны жүзеге асыратын қызметтің негізгі түрі білім берумен қатар: ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет, оның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықты іске асыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелікқұрастырушылық жұмыстарды жүргізу болып табылады» деп айқындалған.Жаңа білім беру үлгілерінің өрістеуі жаңа типтегі университеттердің пайда болуына алып келді. Жаңа типтегі университеттердің пайда болуы университеттің педагогикалық жүйесінің ауқымы және күрделілігі жағынан түрлі өзгерістерді айқындайды. Жаңаны ендіру типінің кең тараған түрі білім беру бағдарламаларының мазмұны немесе технологияларының өзгерісі болып табылады. Олар негізгі мақсат пен міндеттеріне байланысты; сүйенетін тұжырымдамасына байланысты; қолданылатын оқытуды ұйымдастыру формасына байланысты; оқыту әдістерінің басымдығына байланысты ерекшеленеді. Сонымен қатар көптеген диагностикалық технологиялар қолданылуда (мониторинг, тестілеу, сауалнама, рейтингтер және т.б.).Қазіргі таңда инновациялық технологиялардан кеңінен танымалдық танытқан ойын технологиялары, мәселелікоқыту, жекеоқытутехнологиясы, өзін-өзі дамыту технологиясы, тұлғалық бағдарланған дамыта оқыту технологиясы, шығармашылық қабілеттерді дамыту технологиясы, топтық және ұжымдық технологиялар, компьютерлік технологиялар және т.б. Кейбір университеттерде модульдік оқыту технологиясы жүзеге асырылуда, бұл дәстүрлі оқытудың баламасы ретінде туындады. Республикамыздағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жұмыс сапасын үздіксіз жетілдіруге енгізілген «Кайдзен» жүйесі де зор ықпал жасап отыр. Оған университеттің барлық оқытушылары, қызметкерлері және студенттер толық тартылған. Университет ұжымының жаңару мен жаңғыру жолында еңбектері өзінің алғашқы жемістерін беруде. Quacquarelli symonds (Qs, Ұлыбритания) агенттігінің зерттеулеріне сәйкес 2011 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үздік секіріс жасады. Дүниежүзі деңгейіндегі университеттер көрсеткіші бойынша бір жыл ішінде әлемдік топ-университеттер рейтингінде бірден 200 орынға жоғарылап, 401-450 дәрежеге енді. Бұл ретте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік үздік университеттердің ортаңғы бөлігіне жақындаған Орталық Азиядағы тұңғыш университет болып табылады.
(Жоғары оқу орындарының инновациялық жүйесінің концептуалдық шешімін жобалаудың әртүрлі нұсқаларын құру және оның ішінен ең дұрысын таңдауда 1-сурет мүмкіндік береді.)
Қазақстан озық халықаралық тәжірибе үлгісі бойынша зерттеу университеттерін құруға ұмтылуда. Қазіргі уақытта мұндай университеттерді құру үшін заңнамалық негіз қалыптасқан. Айталық, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес – бұл Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын және мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің дербес әзірленген білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, жаңа білімді жинақтау мен трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдаланатын жоғары оқу орны.
Елдің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы білім беру саясаты білімнің, ғылым мен өндірістің интеграциясындағы әлемдік үрдістерді ескере отырып іске асырылады. Ел Президенті Н. Назарбаевтың пайымдауынша, Қазақстанда халықаралық деңгейдегі зерттеу университетін құру қажеттілігі пісіп жетілді. Бұған 1993 жылдан бері "Болашақ" бағдарламасының табысты іске асырылуы нәтижесінде алынған елдегі адами ресурстардың жоғары әлеуеті қолдау болады.
Аса маңызды ұлттық жоба ретінде құрылған университеттің міндеті – Қазақстанның халықаралық деңгейдегі алғашқы зерттеу университеті болу, себебі оның қызметіне елдің негізгі басымдықтарын, оның ішінде зерттеушілік әлеуетті жедел арттыру, елді индустриялық-инновациялық дамыту, инновациялық экономика талаптарына сай келетін білім беруге көшуді қамтамасыз ету сияқты басымдықтарды іске асыруға байланысты болып отыр. Осы міндетті іске асыру үшін университет академиялық және ғылыми көшбасшылыққа, олардың интеграциясына қол жеткізуге, сондай-ақ ғылымды өндіріске енгізуге, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында қызметтер көрсетудің моделі қызметін атқаруға тиіс. Университеттің ғылыми қызмет саласында дамуы екі бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады.
Біріншіден, бұл ғылымды әлемдік зерттеу университеттерінің әдеттегі үлгісімен дамыту, бұл үлгі бойынша ғылыми қызметті ең бастысы ПОҚ пен зерттеушілер қалыптастырады. Осыған байланысты Университет өз мектептерінің ПОҚ бәрін зерттеу қызметіне тартуға ұмтылады. Қазіргі сәтте бұл оқытушылардың 80 %-ына жуығы зерттеу жұмыстарына тартылған. Бұдан басқа, Университет профессорларының оқытушылық жүктемесі көп емес, бұл көптеген халықаралық зерттеу университеттеріне тән. Бұл сапалы білім беру мен терең зерттеу жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етеді. Зерттеу университеттері студенттерді ПОҚ және ғылыми қызметкерлермен бірге ғылыми-зерттеу жұмысына тартады. Магистратура және докторантура студенттердің ғылыми жобаларына қатысуы білім беру бағдарламаларының міндетті шарты болып табылады.
Екіншіден, Университеттің мектептері мен ғылыми орталықтары жүзеге асыратын ғылыми қызмет ғылыми қызметкерлер мен ПОҚ қана мүдделерін қамтымайды, сонымен қатар Қазақстан Республикасының ұлттық ғылыми басымдықтарын да ескереді.
Жоғарыда аталған міндеттермен қатар, Университет денсаулық сақтау саласында қызметтер көрсету моделін жасауға ұмтылады. Зерттеу университетінің денсаулық сақтау жүйесі денсаулық сақтау саласындағы озық тәжірибе орталығына айналуға тиіс.
Университет моделін Қазақстанның басқа университеттеріне таратуда, сондай-ақ білім беру саласында көшбасшылардың жаңа буынын даярлау мақсатында білім беру саласындағы кадрларды оқыту мен қайта даярлауда ЖББМ жетекші рөл атқарады
Қолданылған әдебиеттер: Пригожин А.И. Нововведения: стимулы и препятствия (социальные проблемы инноватики). – М.: Политиздат, – 271 с.
Медведев В.П. Инновации как средство обеспечения конкурентоспособности организации. – М.: Магистр, – 159 с.