ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖӘНЕ САҚТАУ
1 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ
Кезекті экологиялық дағдарысқа алып келген табиғаттың қазіргі басты ластану факторларының бірі қалалардың шаруашылық-тұрмыстық қызметінің артуы болып табылады. Өнеркәсіптің және халық санының ұлғаюы тұрмыстық қалдықтар көлемінің шартсыз өсуіне алып келеді. Осыдан оларды ұқыпты кәдеге жарату мәселесі туындайды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, полигондарда қалдықтарды оқшаулау топырақтың екінші рет ластануына, пайдалы айналымнан едәуір алаңдардың шығарылуына алып келеді.
Үлкен алаңдарды ала отырып, қалдықтар ауаның, су объектілерінің ластану көздері болып табылады, және де қалдықтарды көму үшін ұйымдастырылған жерлер ағымдағы ережелерге сәйкес келмейді. Шаңның желмен таратылуы 10 км астам жерге дейін жетеді де, топырақ жамылғысына тікелей әсер етеді. Кейбір үйінділер өздігімен жанады және түтіндей түседі, атмосфераны ластайды. Жауын- шашын кезінде жаңбыр және еріген сулар үйінділер арқылы өтіп, аса улы қосылыстармен ластанады. Үйінділердің айналасында қауіпті зарарлы аймақтар түзіледі. Бұл негативті құбылыстар барлық елді-мекендер үшін тән десе де болады.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жою және толығымен залалсыздандыру – қла санының ұлғаю шарттарында күрделене түсетін ерекше гигиеналық мәселе.
Мәселенің күрделілігі келесі сәттермен шартталған:
• қалдықтар массасының тұрақты ұлғаюы
• ондағы құрамдас бөлшектердің кең сұрыптамасының болуы.
Қалдықтарды елді-мекендерде жайғастыруға және залалсыздандыруға тыйым салынады. Дегенмен, көптеген жерлерде тұрмыстық және дала қоқыстарын жоюдың ең қарапайым тәсілдері әлі де қолданыс табуда: қандай да бір техникалық орналастыруыз көшелерде және далада жағу, бұл тұрғын үй массивтеріндегі атмосфераның қауіпті ластануына алып келеді.
Топырақтың минералдану қабілетіне сеніп, қалдықтарды жерге көму тәжірибесі әлі де бар. Мәселені мұндай жолмен шешу мүмкін емес.
Қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтар көлемінің ұлғаюы нәтижесінде қалалық аумақтардың және өңірдің топырақ жамылғысы өсіп келе жатқан негативті жүктемеге ие. Қалдықтардың артуы экологиялық тепе-теңдік жағдайына қауіп төндіруде: аздыратын органиканың, темірдің, қорғасынның, цинктің, бояғыштардың, жуғыш заттардың, дәрі-дәрмектердің және т.б. қалдықтарымен
«байытылатын» үйінділердің есебінен жер асты сулары кері қайтып барады.
Соңғы жылдары экологиялық теңгерімді қамтамасыз ету негіздерін зерттеуге бағытталған зерттеулер көбейе түсті, атап айтқанда, селитебті аймақтардың табиғи жүйелерінің бұзылуына алып келуі мүмкін қатты қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамалары талдануда.
Баяу ыдырау салдарынан қатты қалдықтар планетада қарқынды түрде көбейіп келеді. Қалдықтардың айналасындағы жағдай дағдарыс сипатына ие болып келуде. Және де экологиялық талаптарға максималды түрде жауап беретін қалдықтарды залалсыздандыру және көму тәсілдері мен әдістерін іздеу мәселесі ерекше өзектілікке ие болуы заңдылық. Қалдықтарды кәдеге жарату мен жою
міндетін кешенді шешу талап етілуде. Қалдықтар және оларды қайта өңдеу тәсілдері бойынша деректер банкін құру керек, қалдықтарды сала бойынша есепке алу, экономикалық ынталандыру қағидаларын, сәйкес заңдылық базасын ендіру қажет.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қалдықтар туралы заңдары бар елдерде оларды кәдеге жарату мәселесі шешіліп келуде. Соңғы жылдары қоқыс үйінділерін жоюға бағытталған түрлі іс-шаралар сыналып келеді: тұрмыстық қалдықтар сұрыпталуда, оларды ауыл шаруашылығы үшін тыңайтқыштар немесе сұйық жанармай түріне қайта өңдеуде; қалдықтардың бір шамасы карьерлерді, сайларды және т.б. толтыру үшін қолданылуда.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратудың үш негізгі нұсқасы бар:
• үйінділерді және полигондарды ұйымдастыру;
• қалдықтарды жағу
• қалдықтарды екінші рет пайдалану.
Осы нұсқалардың әрқайсысының өз минустары мен плюстары бар. Мысалы, қоқыс жағатын зауыттарда тұрмыстық қоқыстарды қайта өңдеуді алайық. Бір жағынан, бұл экологиялық тұрғыдан қауіпті, себебі осындай зауыттардағы газ тәріздес қалдықтар атмосфераны ластайды. Және де қоқыстарды жағу қымбатқа түсетін үрдіс. Басқа жағынан, бұның пайдасы да бар: тұрмыстық қоқысты жағу нәтижесінде күлдің көп мөлшері жиналады. Қордаландырудан кейінгі органикалық қалдықтар жануарлар, әсіресе балықтар үшін жем және тыңайтқыштар ретінде шикізат бола алады.
Тұрмыстық қалдықтарды жоюдың немесе кәдеге жаратудың күрделі мәселесі пластик болып табылады, одан қораптарды, тұрмыстық техника, автомобильдің бөлшектерін, бөлме дизайны үшін бөлшектерді жасайды. Қазір шығарылатын пластиктердің едәуір бөлігі микроағзалармен ыдыратылмайды, сондықтан олар қоршаған ортаға ондаған жылдар бойы зиян тигізе алады.
Шыныны қайта кәдеге жарату мәселесі жеңілірек болады, себебі оны қайта балқыту экономикалық тұрғыдан пайдалы. Мысалы, Германияда пайдаланылған шынының көп бөлігін жинайды - шамамен 1,17 млн тонна. Қиратылған шынының 100 мыңнан астам тоннасы басқа елдерден импортталады және өзіндік шыны ыдысымен қайта балқытылады. Тұрмыстық қалдықтың көлемі шыны ыдыстарды көп рет пайдаланған кезде азая түседі, дегенмен көп жағдайда көлік шығындары қосымша төленеді. Халықты бөтелкелерді тапсыруға ынталандыру үшін көптеген еуропалық елдерде олардың кепілдік құны арттырылады, қосымша қабылдау пункттері құрылады.
Қазақстандық қоқыс үйінділерінің мәселесі, көптеген жағдайларда, олардың жағумен байланысты. Пластик пен тағамдық қалдықтарды бір уақытта жандырғанда, аса улы зат - диоксин түзіледі. Ол ағзада жиналып, аздаған концентрацияда орталық жүйке жүйесіне зиян тигізеді және еш затпен шығарылмайды. Сонымен қатар, қоқыстың құрамына сынап немесе басқа ауыр металдар, химиялық қосылыстар сияқты улы заттар кіруі мүмкін, олар жаңбырда және еріген суда ериді де, су қоймаларына және жер асты суларына өтіп кетеді.
Егер қазіргі таңдағы қалдықтарды кәдеге жарату тәсілдерін талдайтын болсақ, келесідей көрініс аламыз.
Қоқыс үйінділерін ұйымдастыру – бұл қарапайым, әрі арзан тәсіл, дегенмен бұл тәсілдің келешегі жоқ. Қоқыс үйінділері қала айналасында үлкен алаңдарды иеленеді, улы заттар мен қалдықтардың ыдырау өнімдері жер асты суларына енеді және желмен жақын аймақтарға таралады. Ауасыз шіру нәтижесінде сасық иістер және өздігімен жанатын заттар түзіледі, - осы факторлардың барлығы қоқыс үйінділерінің мәселенің шешімі емес екендігін көрсетеді.
Қалдықтарды жағу едәуір аймақтарды босатады, бірақ, өкінішке орай, көптеген қоқыстар ылғалдану және жанбайтын материалдардың болу салдарынан нашар жанады да, атмосфераға күйе мен зиянды органикалық қосылыстардың көп мөлшерін шығарады немесе тіпті жанбайды: тұрмыстық аспаптардағы темір, құрылыс қоқыстары және т.б..
Қалдықтарды екінші рет пайдалану – бұл ресурсты үнемдейтін жол, дегенмен экономикалық тұрғыдан әрдайым да пайдалы емес.
Екінші рет өңдеудің негізгі мәселелері:
• қоқысты сұрыптау
• қайта өңдеу орнына жеткізу
• өндіріс үшін шикізат ретінде қоқыстың стандартқа сай болмауы.
Осы мәселелердің барлығы екінші рет пайдалану нұсқасының дамуына кедергі келтіреді және жаңа ғылыми идеялар мен зерттеулерді талап етеді.
Мысалы, Америка, Еуропа және кейбір мемлекеттер өз ізденістерін бақылай отырып, ғылыми-тәжірибелік зерттемелерге ие болуда және осы мәселенің баламасы бір ғана екендігіне сенімді – қоқыстың түзілуін азайту және қалдықтарға «екінші өмір» беру. Ол үшін екі бағдарлама қажет:
• қалдықтармен, олардың түзілуін алдын алумен күрес бойынша;
• қоқысты жағатын зауыттар мен қоқыс үйінділерінен қоқыстарды екінші рет пайдалануға жіберу.
Ол үшін қалдықтарды бөліп жинау керек: қағаз, шыны және органика.
Қазақстанда жинақталған қатты тұрмыстық қалдықтардың жалпы көлемі шамамен 100 млн. тонна. Мұнда жыл сайын 5-6 млн тонна түзілуде. Сарапшылардың есептеуінше, 2025 жылға қарай бұл сан жылына 8 млн тонна дейін өсуі мүмкін. Мұнда осы қалдықтардың негізгі массасы қосымша өңдеусіз, залалсыздандырмай полигондарда жайғастырылуда. Аймақтар бойынша адам басына шаққандағы қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу мөлшері жылына 80-400 кг шамасында болуда.1
Қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу мөлшері – бұл уақыт бірлігінде (күн, жыл) есептік бірлікке (тұрғын қоры үшін адам: қонақүйдегі бір орын; дүкендер мен қоймалар үшін 1 ш.м сауда алаңы және т.б.) келетін қалдықтардың саны.
Жинақталу мөлшері массамен (кг) немесе көлеммен (л, текше м) анықталады. Халықтан келіп түсетін және арнайы шаруашылық көлікпен жойылатын жинақталу мөлшеріне кіретін қатты тұрмыстық қалдықтарға тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттарда (пәтерді жөңдеу қалдықтары да бар) түзілетін қалдықтар, жергілікті жылыту құрылғыларының қалдықтары, аулада жиналатын
1 Дереккөз: https://www.zakon.kz/4704574-ezhegodnyjj-obem-tverdykh-bytovykh.html
құлаған жапырақтар және тұрмыстық ірі заттар (ірі габаритті қалдықтарды арнайы жинау жүйесі болмағанда) кіреді.
Жинақталу мөлшерін қатты тұрмыстық қалдықтардың екі көзі бойынша анықтайды: тұрғын үйлер, мекемелер және қоғамдық кәсіпорындар (қоғамдық тамақтану, оқу, көру ғимараттары, қонақүй, бала-бақша және т.б.).
Жинақталу мөлшеріне және ҚТҚ құрамына келесі факторлар әсер етеді: тұрғын үй қорының абаттандыру дәрежесі (қоқыс құбырларының, газ, су құбырларының, канализацияның, жылыту жүйесінің болуы), қабаттылық, жергілікті жылыту кезіндегі жанармай түрі, қоғамдық тамақтанудың дамуы, сауда мәдениеті, халықтың әл-ауқат дәрежесі және т.б., сонымен қатар климаттық факторлар: жылыту кезенінң әр түрлі ұзақтылығы (оңтүстік аймақтағы 150 күннен солтүстіктегі 300 күнге дейін), халықтың көкөністер мен жеміс- жидектерді және т.б. тұтынуы.
ҚТҚ залалсыздандыру және қайта өңдеу бойынша құрылыстарды салу үшін телімді таңдау кезінде олардың жайғастырудың үздік шарттарына қол жетуді қамтамасыз ету керек.
ҚТҚ компостқа механикаландырылған қайта өңдеу бойынша зауытты салудың оңтайлы шарттары:
• компосттың (органикалық тыңайтқыщ немесе биожанармай) кепілді тұтынушыларының 20 км дейінгі радиуста болуы
• ҚТҚ жинау орталығынан 15 км дейін қашықтықта қала шетінде зауытты жайғастыру
• қызмет көрсетілетін халықтың саны 350 мы адамнан астам.
Жылу энергиясын кәдеге жарата отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды
жағу бойынша зауытты салудың оңтайлы шарттары:
• ТЭЦ немесе қазаңдық кешенімен жылу энергиясын тұтынатын тәуліктік және жылдық тұтынушыларының болуы (егер тұтынушы жылу энергиясын берудің уақытша тоқтатылуына жол бермесе)
• зауытты қалалық құрылыстардың шеңберінде (өнеркәсіптік аймақ) және ҚТҚ жинау орталығынан 7 км дейінгі радиуста және ағымдағы жылу құбырына қосылу жерінен 05 км дейінгі жерде жайғастыру
• шлак үйіндісінің зауыттан 10 км аспайтын қашықтықта болуы
• қызмет көрсетілетін халықтың саны 350 мы адамнан астам.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың полигондарын салудың оңтайлы шарттары:
• суға төзімді топырақтарда еркін телімнің болуы
• жер асты суларының орналасуы телімнің бетінен 3 км төмен емес (бұлақ көздерінің шығу телімдерінен басқа)
• шаршыға ұқсас телімнің болуы
• қатты тұрмыстық қалдықтарды қоймалау үшін 20 м асатын биіктікке рұқсат алу
• қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау орталығынан 15 км қашықтықта жайғастыру.
Қазақстанда қоқыс бизнесі тиімді емес екендігін айқын түсіну керек. Табысты қоқыстарды өңдеумен емес, тек қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналасатын компаниялар ғана алады. Сондықтан отандық қоқыстарды қайта өңдеуші компанияларды дамыту үшін мемлекеттік қолдау көрсету керек.
ДӘРІС 1
1.1 НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
2007 жылдың 9 қаңтарындағы №212-ІІІ «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде» (05.10.2018ж. өзгертулермен және толықтырулармен)2 осы зерттеудің тақырыбына тікелей қатысы бар келесі түсініктемелерге анықтама беріледі:
Коммуналдық қалдықтар - елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары.
Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау – кейіннен кәдеге жаратуды, қайта өңдеуді және жоюды қамтамасыз ету үшін қалдықтардың типіне және құрамына қарай коммуналдық қалдықтар бөлек жиналатын процесс.
Қайталама шикізат – тұтыну қалдықтарын бөлек жинау, сұрыптау, ұнтақтау, сығымдау немесе оларға басқа да әсер ету тәсілдері процесінде алынған материалдар және (немесе) өнім алу үшін кәдеге жаратуға және (немесе) қайта өңдеуге дайындалған тұтыну қалдықтары.
Қалдықтарды есепке алу - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамалары және олармен жұмыс iстеу тәсiлдерi туралы ақпаратты жинау және беру жүйесi.
Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін өндірушілер (импорттаушылар) жүзеге асыратын төлемақы.
Қалдықтарды жою - қалдықтарды көму және жою жөнiндегi операциялар.
Қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу арқылы қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою.
Қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретiнде пайдалану.
Қалдықтарды көму - қалдықтарды қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарда шектеусiз мерзiм iшiнде жинап қою.
Қалдықтардың түрi - шығу көзiне, қасиеттерiне және жұмыс iстеу технологиясына сәйкес ортақ белгiлерi бар, қалдықтар сыныптауышы негiзiнде айқындалатын қалдықтар жиынтығы.
Қалдықтарды орналастыру - өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму.
Қалдықтарды өңдеу - сұрыптауды қоса алғанда, қалдықтардан кейіннен тауарларды немесе өзге де өнімдерді өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын шикізат және (немесе) өзге де материалдар алуға, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс
2 Құжатқа сілтеме - https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30085593#pos=541;-35
iстеудi жеңiлдету, олардың көлемiн немесе қауiптi қасиеттерiн азайту мақсатында қалдықтардың қасиеттерін өзгертуге бағытталған физикалық, химиялық немесе биологиялық процестер.
Қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейiннен кәдеге жарату, қайта өңдеу және (немесе) жою үшін арнайы белгіленген орындарда жинап қою.
Қалдықтарды сыныптау - қалдықтардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауiптiлiгiне сәйкес оларды деңгейге жатқызу тәртiбi.
Қалдықтарды уақытша сақтау – өз қызметі нәтижесінде түзілетін өндіріс және тұтыну қалдықтарын тұлғалардың оларды кейiннен кәдеге жарату, қайта өңдеу, сондай-ақ қайта өңдеуге немесе кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтарды жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға беру үшін жобалау құжаттамасында айқындалған уақытша сақтау орындарында және мерзімдерге (бірақ алты айдан асырмай) жинап қоюы.
Қалдықтармен жұмыс iстеу - қалдықтардың түзілуінің алдын алуды және оларды барынша азайтуды, қалдықтарды есепке алу мен бақылауды, олардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, қайта өңдеудi, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлерi.
Қауiптi емес қалдықтар - қауiптi қасиеті жоқ қалдықтар.
Қауiптi қалдықтар – құрамына бір немесе бірнеше қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылу қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттар кіретін және дербес немесе басқа заттармен қосылған кезде қоршаған ортаға және адамның денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiруi мүмкін қалдықтар.
1.2 ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ЖІКТЕМЕСІ
Қалдықтар – бұл адамның өндірістік және өндірістік емес қызметінің нәтижесінде пайда болған және кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге немесе көмуге жататын үстеме, пайдасыз немесе қажет емес өнімдер.
Қалдықтардың принципиалды (ірілендірілген) және нақты бірнеше жіктемесі бар.
1. Қалдықтардың жіктемесі
• өндірістік қалдықтар – нақты бір мақсатта жасамайтын, соңғы өнімді жасау кезінде үстеме ретінде пайда болатын өнімдер. Әр өндіріс үшін өзіндік технологиялық қалдық түрі болады.
• тұтынушылық қалдықтар – тұрмыста өз қызмет ету мерзімінен шыққан тауарлар және бұйымдар, сонымен қатар адамға керек емес қалалық шаруашылық жүйесінде түзілген өнімдер немесе олардың қалдықтары.
2. Агрегаттық және физикалық күйі бойынша жіктеме:
• сұйық;
• қатты;
• газ тәріздес.
3. Шығу тегі бойынша жіктеме
• органикалық табиғи қалдықтар (жануарлар және өсімдік);
• минералды қалдықтар;
• химиялық қалдықтар;
• коммуналдық қалдықтар.
4. Қоршаған ортаға әсер ету қауіптілігі бойынша жіктеме
• 1-ші класс – аса қауіпті. Осы кластағы қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсер ету дәрежесі «аса қауіпті» деп сипатталады. Бірінші класс қалдықтарының жинақталуы нәтижесінде экологиялық жүйеде қалпына келтірілмейтін бұзушылықтар орын алады, ал олардың қалпына келу уақыты жоқ.
• 2-ші класс – жоғары қауіптілікті. Зиянды әсер ету дәрежесі «жоғары» деп сипатталады. Жүйенің экологиялық тепе-теңдігі қатты бұзылады, ал жүйенің және оның құраушыларының қалпына келу уақыты әсер ету көзін толық жойғаннан кейін кем дегенде 30 жылды құрайды.
• 3-ші класс – қалыпты қауіпті. Әсер етудің орташа дәрежесі өздігімен қалпына келу кезеңі әсер етуді азайтқаннан кейін 10 жылдан бастап саналады.
• 4-ші класс – аз қауіпті. Табиғи ортаға зиянды әсердің төмен дәрежесі белгіленді, қалпына келу уақыты 3 жылдан бастап.
• 5-ші класс – айтарлықтай қауіпті емес. Әсер ету дәрежесі – өте төмен, экологиялық жүйе және оның құраушылары бұзылмайды.
5. Қалдықтардың шығу тегі және қауіптілік дәрежесі бойынша жіктемесі.
• 1, 2 және 3 класс қалдықтары өндірістік үрдістердің және түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі нәтижесінде пайда болатын өнеркәсіптік қалдықтарға жатады. Олардың қатарына жұмыс істеп біткен майлар, қышқылдар және сілтілер, жұмыс істеп біткен аккумуляторлар және қақпақтар жатады.
• 3 және 4 класс қалдықтары құрылыс қалдықтары ретінде жіктеледі. Мұндай қалдықтар құрылыстың немесе ғимараттар мен құрылыстарды бұзу нәтижесінде пайда болады. Әдетте, осы кластағы қалдықтар деп қыш тақталарды және кірпіштерді, ағаш қалдықтарын, шағылдар, қатқан ерітінді және шыны қалдықтары, металл сынықтары және бояғыш материалдардың ыдыстары жатады.
• Тұрғын үй секторларында және әкімшілік ғимараттарда, оқу мекемелерінде және сауда орталықтарында, әуежайларда және автовокзалдарда 4 және 5 класс қалдықтары түзіледі – бұл қатты
тұрмыстық қалдықтар.
6. Түрі/құрамы бойынша ҚТҚ жіктемесі
• қағаз (картон);
• ірі габаритті материалдар;
• тағамдық (органикалық) қалдықтар;
• пластик;
• металл;
• резеңке;
• тері;
• тоқыма;
• шыны;
• ағаш;
• басқасы.
ДӘРІС 2
ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ
Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ): өз тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан ары қарай пайдалануға келмейтін тағамдық өнімдер, тұрмыстық заттар немесе тауарлар – тұтынушылық қалдықтардың көп бөлігі.
Қатты тұрмыстық қалдықтарға тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарда, сауда, көрме, спорттық және басқа кәсіпорындарда (оның ішінде пәтерлердің ағымдағы жөңдеу жұмыстары) түзілетін қалдықтар, жылу желілерінің қалдықтары, аула аумақтарында жиналатын жапырақтар және ірі габаритті қалдықтар жатады. Мұндай анықтама «қатты муниципалдық қалдықтар» (Municipal Solid Waste) шетел терминіне сәйкес келеді.
Әлемде ҚТҚ аралық тазалаудың бірнеше технологиясы бар: жағу, жылуды қайта өндіру арқылы жағу (оның ішінде элекр энергиясын өндіру), күл шанын балқыту арқылы жағу, қатты материалдарды балқыту арқылы газдандыру, жанармай қалдықтарын регенерациялау, компосттау, ұсақтату және сұраптау.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үрдісінің ең басты артықшылығы – ҚТҚ сұрыптау жұмысының болмауы және шаруашылық қалдықтарды қалада көму полигондарынан бас тарту.
Әлемнің елдерін аймақтық, климаттық, геологиялық, экономикалық және саяси шарттарға негізделген ҚТҚ басқару саясатына байланысты бірнеше топқа бөлуге болады.
Осылай, мысалы, Жапонияда 70% астам қоқыстар қалалық билік мекемелерімен жағылады. Швейцария, Дания, Люксембург сияқты елдерде халықтың жоғарғы тығыздылығына, ІЖӨ жоғары деңгейіне және аймақтық үлкен болмауына байланысты қоқыстарды жағу (жалпы көлемнен 70% шамамен) іске асырылып келеді.
Сол уақытта АҚШ, Канада, Испания, Норвегия, Ұлы Британия, Германия, Италия, Португалия және Финляндия елдерінде ҚТҚ полигондарына 60-90% қалдықтарды тастайды.
Испания, Португалия және Финляндия елдерінде шамамен 10-20% қалалық ҚТҚ-ды компосттық өңдеу зауыттарына жібереді. АҚШ, Канада және Германия елдерінде ҚТҚ 10% астам көлемі қалдықтардан құнды материалдарды өндіріп алу мақсатында аралық станцияларында сұрыпталады.
Франция, Бельгия және Голландия елдерінде қалалық қалдықтардың жартысынан көбісі полигондарға жіберіледі, қалған ҚТҚ-ң 25-40 % жағылады, қалғаны компосттау немесе құнды материалдарды өндіріп алу үшін тазартылады.
Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды негізгі массасы бөлінбеген (сұрыпталмаған) түрінде шығарылады және ашық қоқыс үйінділерінде, қалалық полигондарда жиналады, олардың 97% ҚР табиғатты қорғау және санитарлық заңдылықтың талаптарына сәйкес келмейді. Көптеген қалаларда қоршаған ортаға әсерін бағаламай және жобаға келтірілмей жайғастыру іске асырылады.
Коммуналдық қалдықтар жөніндегі жағдай қалалық және ауыл мекендерінде ерекшеленетінін атап өту керек. Қалалық мекендерде коммуналдық қалдықтардың басты генераторы үй шарушалығы мен кәсіпорындар және ұйымдар болып табылады. Ауылды елді-мекендердегі қалдықтардың морфологиялық құрамы қалалардан ерекшеленеді. Мұнда органикалық қалдықтар көбірек, пластмассаның, қораптаушы материалдардың, қағаз бен картонның үлесі аз. Ауылдарда органикалық қалдықтардың үлесі полигондарда немесе қоқыс үйінділерінде жайғастырылмайды. Органикалық қалдықтардың көп бөлігі малдарға жем ретінде беріледі немесе үй шартында компостталады. Бұдан басқа, ағаш және басқа материалдар жылыту мақсатында жағылуы мүмкін. Осы екі жұмыс түрі қалдықтардың құрамына және көлеміне әсер етеді.
Бүгінгі таңда полигондарда қалдықтарды көму Қазақстандағы қалдықтарды жайғастырудың негізгі әдісі болып табылады. Көптеген қатты қалдықтар қайта пайдалану/өңдеу үшін сұрыпталмайды және қалдықтарды көму орындарында жиналады.
Қалдықтарды жайғастыру объектілерін ҚТҚ полигондары деп атауға келмейді, шын мәнісінде, олар қоқыстардың рұқсат етілмеген үйінділері болып табылады. Олардың көбісі «ҚТҚ полигондары» класына жатқызуға болатын инженерлік құрылыстар болып саналмайды. Сонымен қатар, қалдықтар, әдетте, құрамында ауыр металдар бар қауіпті медициналық және өнеркәсіптік қалдықтармен бірге кәдеге жаратылады.
ҚР Экологиялық кодексінде қалдықтарды жайғастыратын полигондардың келесі жіктемесі бар:
• 1 класс — қауіпті қалдықтарды жайғастыру үшін полигон
• 2 класс — қауіпті емес қалдықтарды жайғастыру үшін полигон
• 3 класс — қатты тұрмыстық қалдықтарды жайғастыру үшін полигон. 2018 жылдың қаңтар айында қоршаған ортаны қорғау саласында өткізілген
жұмыстар туралы пресс-конференциясында аталған Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозумбаевтың ақпараты бойынша экологиялық және санитарлық ереже талаптарына сәйкес келетін полигондардың үлесі 16% құрайды және тек біреуі үздік халықаралық тәжірибеге сай Астана қаласында жобаланған.
Коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасау жүйесінің негізгі мәселелері:
• Халықтың қоқыстарды жинау және шығару қызметіне қолжетімділігі тек ірі қалаларда ғана жарамды.
• Шағын қалалар, сонымен қатар ауылды жерлер үшін осы қызметтердің жоқтығы немесе жеткіліксіз көрсетілу дәрежесі және төмен сапасы тән.
• Халықты тарта отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жүйесінің, сонымен қатар арнайы алаңдардың жоқтығы және полигондардың рұқсат етілмеген үйінділердің алыс орнатылмауы.
• Қоршалған контейнерлік алаңдар санының жеткіліксіздігі, сонымен қатар контейнерлердің тозуы көпқабатты үйлердің айналасында антисанитариялық жағдайдың пайда болуына алып келеді.
Жалпы алғанда, Қазақстанда қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу үлесі аз және «жасыл» энергияны өндіру үшін қуат жеткіліксіз.
Полигондарда қалдықтарды жайғастыру саласында Қазақстандағы ҚТҚ көму объектілері үшін тән кәдімгі сәйкессіздіктер болып мыналар табылады:
• қалдықтарды жайғастыратын көптеген объектілерде синтетикалық немесе қыш сүзгілеуге қарсы экранның болмауы;
• өнеркәсіптік, медициналық және басқа да қауіпті, әрі улы заттармен коммуналдық қалдықтарды жайғастырудың кең таралуы;
• жайғастырылған қалдықтарды оқшаулаушы топырақ қабатымен (қышпен) жүйесіз тығыздау немесе ондай тәсілдік болмауы;
• сүзгішті және үйінді газдарды (оның ішінде метан) жинау үшін жүйенің болмауы;
• жобалық қуатынан асып кеткен көптеген полигондар мен үйінділерді тым аса пайдалану;
• үйінділерді қадағалау жүйесінің болмауы;
• санитарлық ережелердің мен санитарлық-қорғаушы аймақтардың талаптарын сақтамау.
Қазақстан Республикасында ҚТҚ басқару саласындағы негізгі құжат ҚР Экологиялық кодексі болып табылады. Қалдықтармен жұмыс жасауға қойылатын Кодекстің талаптарын үш тарауға бөлуге болады:
• заңды және жеке тұлғалардың қызмет етуі нәтижесінде пайда болатын және пайда болғанға дейін орындауға жататын қалдықтарға қойылатын экологиялық талаптар;
• заңды және жеке тұлғалардың қызмет етуі нәтижесінде пайда болатын және пайда болғаннан кейін орындауға жататын қалдықтарға қойылатын экологиялық талаптар және қалдықтардың жинақталуына, сонымен қатар оларды жинауға, қайта өңдеуге, кәдеге жаратуға, залалсыздандыруға, тасымалдауға және сақтауға (қоймалауға) қойылатын экологиялық талаптар;
• заңды және жеке тұлғалардың қызмет етуі нәтижесінде пайда болатын және пайда болғаннан кейін көмуге жататын қалдықтарға қойылатын экологиялық талаптар және қалдықтарды жайғастыратын полигондарға, оның ішінде қауіпті қалдықтарды жайғастыратын полигондарға, сонымен қатар радиоактивтік қалдықтарды көму пункттеріне қойылатын экологиялық талаптар.
ДӘРІС 3
ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ/ӨҢДЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Қазіргі әлемде, халық санының тұрақты өсуіне байланысты ресурстарды пайдалану көлемі де тоқтаусыз артып келеді. Қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін ресурстарды тұтынуға қалдықтар көлемінің артуы да қосылады. Қоқыс үйінділері, су қоймаларының ластануы – осының барлығына адам тіршілігі алып келеді.
Қоқыстарды инновациялық қайта өңдеу тәсілдерін қолданбасақ, планетаның үлкен қоқыс үйіндісіне айналу ықтималдығы бар. Сондықтан ғалымдар ҚТҚ қайта өңдеу үшін жаңа және тиімді тәсілдерді жасаумен және ендірумен тұрақты айналасып келеді.
Қазіргі уақытта әлемдік тәжірибеде келесідей ҚТҚ кәдеге жарату мен қайта өңдеу тәсілдері бар:
1. Полигондарда қалдықтарды көму.
• Қоқыстарды сұрыптау
• Жер үйіндісі
2. ҚТҚ табиғи ыдырау тәсілдері.
• Компосттау
3. ҚТҚ термиялық қайта өңдеу.
• Жағу
• Төмен температуралық пиролиз,
• Жоғары температуралық пиролиз (плазмалық қайта өңдеу)
Полигондарда көму
Осы тәсіл қазіргі уақытта қалдықтарды кәдеге жарату бойынша әлемдегі ең таралған әдіс болып табылады. Осы тәсіл жанбайтын қалдықтарға және жану кезінде улы заттарды бөлетін қалдықтарға қатысты қолданылады.
ҚТҚ полигоны кәдімгі үйінді болып табылмайды. Кәдеге жарататын қазіргі полигондар — бұл жерасты суларын және атмосфералық ауаны ластанумен күресетін жүйелермен жабдықталған күрделі инженерлік құрылыстар. Жеке полигондар шіру барысындағы қалдықтарды газға, электр энергиясына және жылуға айналдыратындай етіп ұйымдастырылған.
Өкінішке орай, бүгінде мұндай жағдай еуропалық елдерге тән, Қазақстанда полигондардың аз саны ғана осындай сипаттамаларға ие.
Дәстүрлі көмудің басты кемшілігі – көптеген тазарту және сүзгілеу жүйелері пайдаланылса да, осы кәдеге жарату түрі шіріген ферментация сияқты су мен ауаны ластайтын қалдықтардың негативті ыдырау әсерінен толығымен арылуға жол бермейді. Басқа кәдеге жарату тәсілдеріне қарағанда, ҚТҚ көму айтарлықтай арзан, бірақ эколог мамандар экологиялық тәуекелдерді азайта отырып, қалдықтарды қайта өңдеуді ұсынады.
Қоқысты компосттау
Компосттау табиғи биоыдырауға негізделген қалдықтарды қайта өңдеу технологиясын білдіреді. Осы себептен, компосттау органикалық шығу тегі бар қалдықтарды қайта өңдеу үшін қолданылады. Бүгінде тағамдық қалдықтарды, ҚТҚ ажыратылмаған ағынын да компосттау технологиясы баршылық.
Қазақстанда компосттау кең таралмаған және әдетте оны халық жеке үйде немесе бақша телімлерінде қолданады. Дегенмен, компосттау үрдісі орталықтандырылуы да мүмкін және органикалық қоқыстарды қайта өңдеу бойынша зауыт сияқты арнайы алаңдарда іске асырылады. Осы үрдістің соңғы өнімі компост болып табылады, оған ауыл шаруашылығында түрлі қолданыс табуға болады.
Қоқыстарды (ҚТҚ) термиялық қайта өңдеу
Тұрмыстық қалдықтар органикалық фракцияның жоғары пайызына ие болғандықтан, ҚТҚ қайта өңдеу үшін көп жағдайда термиялық тәсілдерді қолданады. ҚТҚ термиялық өңдеу қалдықтардың көлемі мен массасын азайту, залалсыздандыру және энергия тасымалдағыштар мен инертті материалдарды (кәдеге жарату мүмкіндігімен) алу үшін қажетті қалдықтарға жылулық әсер ету үрдістерінің жиынтығы болып табылады.
Термиялық өңдеу әдісінің мағызды артықшылығы болып табылады:
• қалдықтарды тиімді залалсыздандыру (патогенді микрофлораны толық жою).
• қалдықтардың көлемін 10 есеге дейін азайту.
• органикалық қалдықтардың энергетикалық әлеуетін пайдалану.
ҚТҚ көптеген қайта өңдеу тәсілдерінің болуынан оларды жағу кеңінен таралған. Жағу тәсілінің негізгі артықшылықтары:
• технологиялардың жоғары деңгейде сыналуы
• сериялап шығарылатын жабдықтар.
• пайдаланудың ұзақ уақытылы кепілдік мерзімі
• жоғары автоматтандыру деңгейі.
Полигондарда жағу – бір жағынан қалдықтардың алаңдарының көлемін қысқартады, бірақ экологияға едәуір зиян тигізеді.
Төмен температуралық пиролиз – атмосфераға зиянды заттардың шығарылмауы және электрлік және жылу энергиясын алу үшін пайдалануға болатын көп мөлшерде жылудың түзілуі, бірақ қайта өңделетін қалдықтарға нақты талаптар қойылады, атап айтқанда, алдымен олар сұрыпталуы керек.
Қоқысты плазмалық қайта өңдеу — бастапқы шикізатқа қатаң талаптарды қоймайды, сәйкесінше сұрыпталмаған қоқыстарды да кәдеге жаратуға болады. Құрылыс материалдарын және қыш тақталарды жасау үшін пайдаланылатын екінші өнім түзіледі.
Қоқысты жағу саласының негізгі даму тенденциясы – қоқыстарды тікелей жағудан жанармай фракциясындағы ҚТҚ алынған қалдықтарды оңтайлы жағуға көшу және қоқысты жою үшін жағу тәсілінен қосымша электрлік және жылу энергиясын алуды қамтамасыз ететін жағу үрдісіне көшу.
Және қазіргі уақытта келешегі бар тәсілдерді бірі плазмалық технология болып табылады, осының арқасында шлактың балқу температурасына қарағанда, жоғары температура қамтамасыз етіледі, бұл зиянсыз шындалған өнімді және пайдалы энергияны алуға мүмкіндік береді.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды плазмалық қайта өңдеу
Қатты тұрмыстық қалдықтарды плазмалық қайта өңдеу қоқыстарды газдандыру рәсімі болып табылады. Осы тәсілдің технологиялық сұлбасы биологиялық қалдықтардан бу мен электр энергиясын алу мақсатында қалдықтарды газдандыруды көздейді. Плазмалық қайта өңдеу үрдісінің құрамдас бөлігі пиролизденбейтін қалдықтар немесе шлак түрінде қатты өнімдерді алу болып табылады.
Жоғары температуралық пиролиздің айқын артықшылығы – осы әдістеме экологиялық таза және техникалық тараптан қарапайым түрде құрғату, сұрыптау және т.б. сияқты алдын ала дайындамай тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге және жоюға мүмкіндік беруі. Және де осы әдістемені пайдалану басқа ескірген әдістемелерге қарағанда, экономикалық тұрғыдан тиімдірек. Осы технологияны пайдаланғанда, соңында алынатын шлак қауіпсіз өнім болып табылады және кейін пайдаланылуы мүмкін.
Плазмалық-химиялық үрдістер бастапқыда ядролық қалдықтарды қайта өңдеу кезінде қолданылған болатын. Кейінірек Израильдағы қайта өңдеуші зауытты салу кезінде іске асырылған қоқыстарды плазмалық қайта өңдеу технологиясын жасау идеясы пайда болды. Оның жұмыс өнімділігі сағатына мың килограмм қатты тұрмыстық қалдықтарды құрайтын.
ҚТҚ плазмалық қайта өңдеу қоқыстың ыдырауы кезінде пайда болатын улы материалдар мен газдардан толығымен арылуға мүмкіндік береді. Плазмотрондағы жоғары температураның арқасында қоқыстың ыдырау үрдісі іске асады. Жалпы алғанда, қайта өңдеу бірнеше сатылан тұрады. Соңғысында шикізатты қара шыны тәріздес массаға қайта өңдеу іске асады, ол сырт пішіні бойынша бастапқы қатты тұрмыстық қалдықтарға шамалы ғана ұқсауы мүмкін. Қатқаннан және ұсақтатқаннан кейін осы массаның бөлшектері кәдімгі кварцқа ұқсайтын болады. Шығатын өнімнің көлемі қайта өңделетін қоқыстың көлемінен 50 есе аз. Экологиялық тұрғыдан алынған материал таза болып табылады және құрылыс материалдары ретін пайдаланылуы мүмкін немесе жер астында сақталуы мүмкін.
Осы технология улы заттардың шығарылуының азаюына кепілдік береді, сонымен қатар жағу кезінде пайда болатын күйе қалдықтарынан босатады. Қайта өңдеу өнімдері жанатын газ болып табылады, ол электрлік және жылу энергиясын алу үшін пайдаланылады, сонымен қатар бейтарап шыны тәріздес шлак, ол құрылыс және жол материлдарын жасау кезінде қолданылуы мүмкін.
2012 жылдағы жағдай бойынша плазмалық технологияны жасаумен және қоқыстарды қайта өңдеу үшін жабдықтармен айналасатын шамамен 30 компания болатын. Ең ірілері Канадада (Alter NRG), АҚШ-та (Westinghouse Plasma Corporation), Францияда (Europlasma), Ұлы Британияда (Advance Plasma Power және Tetronics Ltd), Жапонияла (Prometron Technics Corporation) және Израилтьде (E.S.T.) орналасқан.
Бірақ, плазмалық технологияның жақсы зерттелуіне және игерілуіне қарамастан, ол әлі де ҚТҚ қайта өңдеу саласында кең таралмаған. Осының бір себебі төмен температуралық плазманың (плазмотрон) генераторының аз жұмыс ресурсы болып табылады. Бұан басқа, плазмалық доғалық разряд – айтарлықтай
жергілікті жылыту көзі, сондықтан қанаттандырарлықтай жылу берілісті қамтамасыз ету үшін қайта өңделетін шикізатты әбден ұсақтату керек.
1-кесте ҚТҚ қайта өңдеу технологияларын салыстырмалы талдау
Салыстыру көрсеткіші
Полигонда ҚТҚ көму технологиясы Стокерлік пеште t 750- 9000С кезінде жоғары температуралық қайта өңдеу (Корея
Республикасы)
Ротациялық пеште t 750- 9000 кезінде жанатын ҚТҚ жағу (Германия)
Қайта өңдеу әдісі Көму Жоғары температуралық
термиялық өңдеу Жағу
Әмбебаптылығы Әмбебап ҚТҚ жанатын бөлігін ғана
кәдеге жарату ҚТҚ жанатын бөлігін
ғана кәдеге жарату
Талап етілетін
алаңдар Шамамен 60 га (20 жылға) Шамамен 25 га Шамамен 25 га
Экологиялық қауіпсіздік Технологияны ұстанбағанда, атмосфераның,
топырақтың және жер асты суларының жоғары ластану тәуекелі.
Жағымсыз иісті газдардың пайда болуының жоғары дәрежесі.
Рекультивация бойынша іс- шаралар талап етіледі Ксенобиотиктердің пайда болу қаупі (оның ішінде диоксин). Бақылау үшін жабдық керек.
Күл мен шлакты көму (немесе уақытша сақтау) бойынша іс-шаралар талап етіледі. Ксенобиотиктердің пайда болу қаупі (оның ішінде диоксин). Бақылау үшін жабдық керек.
Күл мен шлакты көму (немесе уақытша сақтау) бойынша іс-шаралар талап етіледі.
Екінші реттік
қалдықтар Қалдықсыз Күл
Шлак Күл
Шлак
ҚТҚ
залалсыздандыру Залалсыздандыру бойынша
операцияар жоқ Пеште t 750-9000 С
кезінде Пеште t 750-9000С
кезінде
Қайта өңдеуден кейін ҚТҚ көлемін қысқарту Көлемі бойынша – 15%-ға Массасы бойынша – 0% Көлемі бойынша – 90%-ға Массасы бойынша –65%- ға Көлемі бойынша – 90%- ға
Массасы бойынша –65%- ға
Тауарлық өнімді
алу Тауарлық өнімнің жоқ
болуы Қыздырылған бу түрінде
жылу энергиясын алу Жылу немесе электр
энергиясын алу
Капиталдық
шығындар 1 ҚТҚ тоннасына 157 АҚШ
доллары 1 ҚТҚ тоннасына 514
АҚШ доллары 1 ҚТҚ тоннасына 641
АҚШ доллары
Ендіру туралы
ақпарат Әлемде және ТМД
елдерінде кең таралған Шетелде кең таралған Шетелде кең таралған
Дереккөз: Бейсембинова Г.Б., «Өскемен қаласының үлгісінде қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша зауытты салу үшін жерді кешенді бағалау» магистрлік диссертациясына автореферат
ДӘРІС 4
ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАСЫ
Қоршаған ортаны қорғау Қазақстандағы ең өткір мәселелердің бірі болып келеді, ал өндірістік қалдықтарды кәдеге жарату ең күрделі мәселелердің бірі. Қалдықтардың көп бөлігі түсті және қара металдарды, сирек кездесетін және тарқаған элементтерді қосымша өңдіріп алу үшін әлеуетті шикізат болып табылады. Өнеркәсіптік қалдықтардың жыл сайын жиналу есебінен едәуір жер аумақтары шегеріліп тасталуда.
Қалдықтарды көму және кәдеге жарату мәселесін шешу көп аспектілі әлеуметтік сипатқа ие, осы үрдісте ерекше рөлді мемлекеттік-құқықтық механизм ойнайды. Өкінішке орай, терең талдау кезінде осы мәселелердің реттелмеуінің жеке фактілері және республикада өндірістік және тұтынушылық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша басқару жүйесінің жоқтығы анықталуда.
Қазақстан Республикасына қалдықтарды қайта өңдеу, көму немесе кәдеге жарату үшін әкелу тек Үкіметтің арнайы рұқсаты бойынша іске асырылады, пайдаланғаннан кейін залалсыздандыру немесе кәдеге жарату технологиясы жоқ өнімдерді импорттауға тыйым салынады.
Қалдықтардың жіктемесі оларды кәдеге жарату, сақтау және көму тәсілдеріне әсер етеді. Заңнамада өндірістік және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарды мемлекеттік есепке алуды өткізу туралы ереже бекітілген, бірақ ол толығымен реттелмеген – қалдықтардың кей түрлері ескеріледі және түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдармен тіркеледі, бұл өндірістік және тұтынушылық қалдықтармен жұмыс істеу бойынша жағдайға толық объективті баға беруге мүмкіндік бермейді. Сондықтан заңнамада қалдықтармен жұмыс жасау бойынша жауапкершілік артылатын органдардың құзыреті мен өкілеттіліктері нақты жазылуы керек.
Өндірістік және тұтынушылық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша қызметті халықаралық реттеу, Қазақстан Республикасының аумағында зиянды улы өндірістік және тұтынушылық қалдықтарды көму немесе сақтау үшін әкелу туралы мәселе маңызды болып табылады. Қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу нәтижелері үшін Қазақстанның және көршілес мемлекеттердің жауапкершілігін қайта қарастыру керек.
Қалдықтармен жұмыс істеуге қалдықтарды қоймалау, оларды кәдеге жарату, көму, тағы да оларды тасымалдау, азаматтық құқық ережелерін қолдануға болатын сату-сатып алу және тағы да басқа шарттар жатады. Өндірістік қалдықтар – бұл жеке меншік болып табылады, сәйкесінше оларда тауар бола алады.
Қазіргі уақытта тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу мәселесі заманауи қалалардың өткір мәселелерінің бірі болып табылады. Осы мәселені шешуге қатысты жергілікті биліктің негізгі шаралары көмуге жататын қалдықтардың көлемін азайтуға, қалдықтарды қайта өңдеуге және оларды екінші реттік шикізатқа айналдыруға бағытталуы керек. Аталған шаралардың тиімділігі, ең алдымен, мемлекеттік реттеу дәрежесіне тәуелді, сонымен қатар қалдықтармен жұмыс істеудің ағымдағы нормативтік-құқықтық базасына тәуелді болады.
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды, кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді реттейтін негізгі заңдарға және заң актілеріне келесі құқықтық құжаттар жатады:
• Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтарындағы №212
Экологиялық кодексі (2018 жылдың 5 қазанындағы өзгертулермен) 3;
• Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі №750
«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысы4
• Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуіріндегі №187 «Өндірістік және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және ккөмуге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығы5
• Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырындағы №169-П «Қалдықтар сыныптамасын бекіту туралы» бұйрығы6
• Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а. 2007 жылғы 2 тамызындағы №244-п «Әр түрлі сыныптағы полигондарға орналастыруға арналған қалдықтардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығы7
• Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашасындағы №145 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы8
• 2016 жылғы 1 қыркүйегіндегі №404 «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығы9
• Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 16 сәуіріндегі №110-ө «Қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» бұйрығы10
• Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурызындағы №229 «Сот шешіммен республикалық меншікке
3 Құжатқа сілтеме - https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30085593#pos=541;-35
4 Құжатқа сілтеме - http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1300000750 5 Құжатқа сілтеме - http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017242 6 Құжатқа сілтеме - adilet.zan.kz/rus/docs/V070004775_
7 Құжатқа сілтеме - http://adilet.zan.kz/rus/docs/V070004897_ 8 Құжатқа сілтеме - http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1400010030 9 Құжатқа сілтеме - http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1600014285 10 Құжатқа сілтеме - http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1200007664
түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы11
• «Қатты тұрмыстық қалдықтар үшін полигондарды құру және күту бойынша санитарлық ережелер» № 3.01.016.97 (Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерімен 1997 жылдың 29 сәуірінде бекітілді)12
Аталған барлық стандарттар қалдықтарды өнеркәсіптік айналымға тарту, осы қызметті реттеу үшін қажетті заманауи стандарттау және метрология тәсілдері мен құралдарын пайдалану, оның ішінде паспорттау, тіркеу, сертификаттау, лицензиялау, сонымен қатар қауіпті және тауарлық (инертті) сипаттамаларын сәйкестендіру, кодтау, жіктеу, ақпараттық қамту, анықтау сияқты тәсілдерді пайдалану арқылы ресурстарды үнемдеу мәселесін шешуге бағытталған.
Дегенмен, қалдықтар саласындағы БҰҰДБ жобасының заң бойынша сарапшысы ТӨТО менеджері В. Батура, з.ғ.д., профессор Э. Мухамеджанов, з.ғ.к, доцент Л. Еркинбаева осы мәселені кешенді шешуге қалдықтармен жұмыс жасау саласында барлық нормативтік-құқықтық базаны дамыту кезінде ғана мүмкін екендігіне сенімді.
Олардың пікірінше, қазіргі уақытта қалдықтармен жұмыс істеу – бұл мұқият зерттеуді және кешенді құқықтық реттеуді талап ететін өткір мәселелердің бірі. Осы саладағы ағымдағы заңнама осы күннің талаптарына әлі де сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта қалдықтар саласында қарым-қатынасты реттейтін нормативтік- құқықтық актілер де мінсіз емес және сәйкес түзетуді талап етеді. Олардың басты кемшілігі – қалдықтармен жұмыс істеу мәселесімен байланысты сұрақтарды регламенттей алмайтындығы. Тәжірибеде осы нормативтік-құқықтық актілерді пайдалану өзара қарама-қайшылықтарға ие.
Қалдықтардың мәселесі қоршаған ортаға зиян тигізумен тікелей байланысты екендігін ескерсек, оны бастапқыдағы құқықтық шешімі экология мәселесіне арналған нормативтік-құқықтық актіде болуы керек.
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасында (бұдан әрі-Тұжырымдама) анықталған қалдықтармен жұмыс жасау саласындағы Қазақстанның саясаты қалдықтарды жекелеп жинауға, инвестицияларды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестікті тарту арқылы екінші реттік шикізаттан өнімді алу арқылы қалдықтарды қайта өңдеу секторын дамытуға бағытталған. Тұжырымдамамен қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 2030 жылға қарай 40% дейін, 2050 жылға қарай 50% дейін жеткізуді көздейтін нысаналы индикаторлар анықталған.
Тұжырымдамада белгіленген нысаналы индикаторларға жету, ҚТҚ жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, кәдеге жарату мен жайғастыру, сонымен қатар екінші ретті шикізат нарығының жұмысын жүйелендіру және реттеу үшін қалдықтарды басқару бойынша қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізілді.
11 Құжатқа сілтеме - http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011475
12 Құжатқа сілтеме - https://online.zakon.kz/document/?doc_id=1044426#pos=0;0
Осылай, қалдықтармен жұмыс істеу бойынша Экологиялық кодекске түзетулер енгізілді:
• «коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау», «қайталама шикізат» сияқты ұғымдар енгізілді;
• қайталама шикізатқа, қайталама шикізатқа тұтыну қалдықтарын өткізуге, қауіпті қалдықтарды (электронды және электрлік жабдықтар, сынап құрамдас қалдықтар, батарейка, аккумуляторлар) жинау мен кәдеге жаратуға талаптар орнатылды, өндірушілердің (импорттаушы) кеңейтілген міндеттемелерін (бұдан әрі - ӨКМ) іске асыру бойынша талаптар;
• полигондарда кейбір қалдықтардың түрін көмуге тыйым салынған;
• қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму бойынша операцияларды орындайтын субъектілерге біліктілік талаптарын орнататын жалпыға міндетті ұлттық стандарттарды енгізу қарастырылды;
ҚТҚ жинау мен көмуге, оның ішінде сұрыптау мен қайта өңдеуге тарифті есептеу әдістемесі бекітілді. Әдістемеге сәйкес жергілкті атқарушы органдар әр операцияға жеке тарифті көздейтін тарифтер жасалуда.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңында жергілікті атқарушы органдарға ҚТҚ жиналу, кәдеге жарату мен қайта өңдеу жерінде бөлшектеп жинауды ұйымдастыру бойынша міндет артылған.
«Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңда мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында қайталама шикізаттан жасалған тауарларға басымдылық берілген.
Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Талдықорған, Тараз, Қостанай қалалары үшін компост, биогаз және қайталама өнімді алу арқылы қалдықтарды жинау және кәдеге жарату бойынша үздік технологияларды ендіру үшін инвестицияларға негіздеме жасалған.
2007 жылғы 9 қаңтарындағы №212-ІІІ «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің» (05.10.2018ж. өзгертулермен және толықтырулармен) 301 бабына сәйкес полигондар үшін жарамды қалдықтардың тізімі анықталды.
Келесі қалдықтарды полигондарда көму үшін қабылдауға тыйым салынады:
1. сұйық қалдықтар;
2. полигон шарттарында жарылыс, коррозиялық, қышқылдану, жоғары оттану немесе от қаупі бар қауіпті қалдықтар;
3. сумен әсерге түсетін қалдықтар;
4. инфекцияланған болып табылатын медициналық немесе ветеринарлық мекемелердің қалдықтары;
5. рекультивация кезінде тұрақтандыру материал ретінде пайдалану жағдайларынан басқа, тұтас пайдаланылған шиналар мен олардың бөлшектері;
6. тұрақты органикалық ластаушыларға ие қалдықтар;
7. пестицидтер;
8. қабылдау көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін қалдықтар;
9. сынап құрамдас шамдар мен аспаптар;
10. түсті және қара металл кесіктері,
11. литий, қорғасын-қышқылды батареялар;
12. электронды және электрлік жабдықтар;
(13-15 тармақшылардың әрекеті 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтатылған)
13. Пластмасса, пластик, полиэтилен және полиэтилентерефталат қораптың қалдықтары;
14. макулатура, картон және қағаз қалдықтары;
15. шыны кесіктері;
(16-17 тармақшылардың әрекеті 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтатылған)
16. құрылыс материалдарының қалдықтары;
17. тағамдық қалдықтар.
Қабылдау көрсеткіштеріне жету үшін қалдықтарды араластыруға тыйым салынады.
ДӘРІС 5
ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙ
Қалдықтармен жұмыс істеу саласы бәсекелік ортада екендігін ескере отырып, аталған саладағы шағын және орта бизнесті дамыту, қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамытуды ынталандыру, қалдықтардың кейбір түрлерін полигондарда көмуге тыйым салуды енгізу мақсатында 2016 жылы автокөліктерге және оның компоненттеріне (шиналар және сұйықтықтар, аккумуляторлар), 2017 жылы – коммуналды қалдықтардың 40-50% құрайтын электр жабдықтарына және орамаға (пластмассалы, қағаз, шыны, металды) ӨКМ енгізілді. ӨКМ Операторы кәсіпорындарға ӨКМ таралатын өнім қалдықтарын жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеу шығындарын өтейді.
ҚР Экономика министрлігінің деректері бойынша, ӨКМ жүзеге асырудың екі жыл кезеңінде (2016-2017 жылдар) 24,2 мың тонна пайдаланылған майлар, 27,5 мың тонна аккумуляторлар, 39,6 мың тонна тозған шина, 40,2 мың тонна орама, 4,6 мың тонна электр жабдықтары жиналды және қайта өңделді. Қайта өңдеушілерге төлем мөлшері 5,2 млрд теңгені құрады. Құрамында сынап бар шамдарды және батарейкаларды жинау үшін 955 млн теңге сомасына 2321 дана контейнер әзірленді және 11 әкімдікке (Астана қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары) берілді.18
2018 жылға кәсіпорындардың орама және ЭЖ қалдықтарын жинау, тасымалдау және қайта өңдеу шығындарын өтеуге 1983,0 млн. теңге қарастырылды. ӨКМ шеңберіндегі өтемақы кәсіпорындарды ынталандыруға және дамытуға, қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыруға, ҚТҚ көлемінің 40%-дан астамын құрайтын пластик, полиэтилен, макулатура, шыны қалдықтарын айнлаымға тартуға мүмкіндік берді.
Бұдан басқа, 2016-2017 жылдары ӨКМ шеңберінде жеке және заңды тұлғалардан 5,9 млрд. теңге сомасына 39,7 автокөлік сатып алынды. Ескі автокөліктерді кәдеге жаратуға қабылдау және өтемақы төлеу отандық автокөліктік паркті жаңартуға, аймақтардағы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
Жиналған ескі автокөлік құралдары Қарағанды қаласында 2017 жылы іске қосылған автокөліктерді кәдеге жарату бойынша зауытқа кейінгі кәдеге жарату үшін бағытталды. Зауыт қуаты – жылына 50 мың автокөлік
Қалдықтар көлемін қысқарту мақсатында ҚР Энергетика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, кәсіпорындармен бірлесе отырып, бөлшек саудада сыйымдылығы шағын полиэтиленді пакеттерді, қоғамдық тамақтану орындарында бір рет пайдаланылатын пластик ыдыстарды бірнеше рет қолданылатын өніммен, сондай-ақ экологиялық қауіпсіз, қоршаған 18ҚР Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару бойынша анықтамасы», energo.gov.kz/index.php?id=2960
ортада оңай ыдырайтын өнімге алмастыру арқылы кезеңмен шектеу бойынша мәселе қарастырылып жатыр.
ҚТҚ бөлек жинауды сәтті ендірудегі маңызды рөлді халықтың экологиялық санасы мен мәдениеті атқарады. Контейнерлерді орнату бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға және түсіндіру және басқа ақпараттық жұмыстарды өткізуге қарамастан, бүгінгі күні өндірістің және тұтынудың жоғары деңгейі кезінде халықтың экологиялық мәдениеті, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениеті жоғары емес деңгейде қалып отыр.
Қалдықтарды бөлек жинау ендіріліп жатқан аймақтарда хаылқты бөлек жинауға үгіттеу, ақпараттық жұмыс белсенді атқарылып жатыр. Мысалы, Қарағанды қаласындағы «ГорКомТранс города Караганды» ЖШС «құрғақ» қалдықтарды бөлек жинау, халықпен 1,5 жыл белсенді жұмыс нәтижесінде 1 млн. АҚШ доллардан астам сомаға қайталама шикізат сатты.
2017 жылдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында қалдықтарды сұрыптайтын және қайта өңдейтін, өнімнің 20-дан астам түрін: пластик, металл, ағаш, шыны, қағаз, резеңке қиқым бұйымдарын және резеңкетехникалық бұйымдарды шығаратын 130 астам кәсіпорын қызмет етеді. Кәсіпорындар санының артуы байқалады, мысалы 2016 жылы шиналарды қайта өңдейтін және кәдеге жарататын кәсіпорындар саны 5-тен 13-ке, пайдаланылған майларды 2-ден 8-ге дейін артты. 2017 жылдан бастап ӨКМ орамаға және ЭЖ енгізілгенін ескере отырып, оларды қайта өңдейтін кәсіпорындардың артуы күтіледі.
Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнаманы жетілдіру, ӨКМ енгізу, Жол карталарын жүзеге асыру бөліміндегі іске асырылған шаралар қалдықтарды бөлек жинауды, сұрыптауды және қайта өңдеуді кезеңмен ендіруге және 2017 жылы ҚТҚ қайта өңдеу үлесін 2016 жылдағы 2,6%-дан 9%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.
Тұжырымдама мақсаттарына жету, 2019 жылдан бастап полигондарда қалдықтардың кейбір түрлерін, соның ішінде тамақ қалдықтарын көмуге тыйым салуды қарастыратын экологиялық заңнама нормаларын жүзеге асыру бойынша шараларды қабылдау, Жол карталарының шараларын жүзеге асыру мақсатында аймақтарда келесідей жұмыстар атқарылып жатыр.
Ақмола облысында 2016 жылы 281,5 мың тонна ҚТҚ түзілді, 2017 жылы – 234,0 мың тонна. 2016 жылы ҚТҚ 1,02%- сұрыпталды, 2017 жылы– 2,11%.
Бөлек жинауды 2 кәсіпорын жүзеге асырады: «LS Kokshetau» және
«ЭкоСервисБурабай» ЖШС. Көкшетау қаласында «LS Kokshetau» ЖШС 35 металды жабық контейнер орнатылды, қайталама шикізаттың барлық түрін қабылдайтын екі қабылдау бекеті құрылды. 2017 жылы сұрыпталған қайталама шикізат көлемі 2,0 мың тоннаны құрады.
Шучье қаласында және Бурабай ауылында «ЭкоСервисБурабай» ЖШС ТҚҚ бөлек жинау үшін 200 металды жабық және пластикалық және шыны ыдысты жинау үшін 30 торлы контейнер орнатты. 2017 жылы сұрыпталған қайталама шикізат көлемі 2,9 мың тоннаны құрады. Аршалы ауданында қалдықтарды (қағаз, шыны, пластик) бөлек жинау үшін 4, Целиноград ауданында – 21 (қағаз, шыны, пластик, металл сынығы) контейнер орнатылды.– 21 (бумага, стекло, пластик, металлолом).
2017 жылы ӨКМ шеңберінде құрамында сынап бар шамдарды және құрылғыларды жинау үшін 254 дана контейнер алынды және орнатылды.
2016 жылы Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылында ҚТҚ және ауыл шаруашылық өндірісі қалдықтарын «жасыл» энергия және тыңайтқыш алу арқылы қайта өңдеу бойынша зауыт құрылысы басталды. Жоба шетел инвесторы есебінен, Қазақстан-Германдық «Econep» кәсіпорнының сүйемелдеуімен бірлесе жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні ауданы 10 га жер учаскесі рәсімделді, қазақстандық және герман тараптары арасында инвестициялық келісімшартқа қол қойылды, ЖСҚ әзірленіп жатыр. Жоба құны – 13,2 млн. теңге. Инвестор - «Wsk eco gmbh» (Германия). Кешен биогаз кондырғысынан, органикалық қалдықтар қайта өңдеу және сұрыптау желісі үшін алаңнан, компост орналастыру үшін аумақтан тұратын болады. Жоба қуаты – жылына 60 мың тонна.
Көкшетау қаласында қуаты жылына 60 мың тонна сұрыптау желісі және қайталама шикізат үшін қойма бар жаңа ҚТҚ полигонының құрылысы жоспарланып отыр. Облыс әкімдігімен ауданы 40,0 га. жер учаскесі бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Полигон аумағында қалдықтарды қайта өңдеу бойынша цех құрылысы үшін 6,0 га учаске қарастырылды. Құрылыстың болжамдық құны – 2,2 млрд. теңге. Объектінің құрылысын бастау – 2020 жылдға жоспарланып отыр.
Ақтөбе облысында 2016 жылы түзілген ҚТҚ көлемі 348,0 мың тоннаны, 2017 жылы – 300,0 мың тоннаны құрады, оның қайта өңдеу (сұрыптауды қоса алғанда) 2016 жылы 1,5%-ды, 2017 жылы – 3,51%-ды құрады.
Облыста ҚҚ жинайтын, сұрыптайтын, қайта өңдейтін 16 кәсіпорын қызмет етеді. Ақтөбе қаласында 2016 жылы 234 евроконтейнер, 1 063 стандартты контейнер, пластикті, қағазды және шыныны бөлек жинау үшін 88 дана 3- секциялы урна, пластикті жинау үшін 409 торлы контейнер орнатылды. 2017 жылы макулатураны жинау үшін 33, пластик ыдысты бөлек жинау үшін 409 торлы контейнер, ӨКМ шеңберінде халықтан құрамында сынап бар шамдарды және құрылғыларды жинау үшін 133 контейнер орнатылды.
Облыстың ауылдық елді мекендерінде бөлек жинау кезеңмен ендіріліп жатыр.Шұбарқұдық ауылында пластик және картон қалдықтарын үшін контейнерлер орнатылды. Алға қаласында 2016 жылы 600,0 мың теңге сомасына 36 урна, 32 қоқыс контейнерлер орнатылды.
Ақтөбе қаласында 2017 жылғы мамырда «Союз Гранд» ЖШС қуаты жылына 200 мың тонна қоқыс сұрыптайтын кешені іске қосылды. Инвестициялар көлемі 500,0 млн. теңгені құрады. Кешен Ақтөбе қаласының ҚТҚ қабылдауды және сұрыптауды жүзеге асырады, бұл облыс бойынша ҚТҚ көлемінің 40%-ға көлемін құрайды. Сұрыпталған қайталама шикізат (пластик, қағаз, шыны және металл) қайта өңдеу үшін өзге ұйымдарға беріледі. Сұрыпталған пластик және полиэтилен қалдықтары «Тенуса» ЖШС-не кәріздік люктерді өндіру үшін жолданады.
Ақтөбе облысының Ембі қаласында «Болат» ЖШС қалдықтардың пресс- орамасымен, шыныны уақтау цехымен, қағаздан эковата дайындаумен, аула сыпытқылары цехымен қоқыс сұрыптайтын желіні орнату бойынша жұмыстар басталды.
2017 жылы облыс әкімдігі 73,78 млн. теңге сомасына тазарту ғимараттарының кешенін жаңғыртудың ТЭН-ін әзірлеу аяқтады. 2018 жылы ЖСҚ әзірлеу қарастырылады. Жоба биогаз алу үшін анаэробты қайта өңдеудің биологиялық жүйесін пайдалану арқылы кәріздік тазарту ғимараттарында метантенктерді салуды қарастырады.Объектінің құрылысын бастау мерзімі – 2019-2020 жылдар. Болжамды инвестициялар көлемі – 16,9 млрд теңге.
Алматы обласындатүзілген ҚТҚ көлемі 641,5 мың тоннаны, 2017 жылы – 629,0 мың тоннаны құрады. Қайта өңдеу үлесі (сұрыптауды қоса алғанда) 2016 жылы 2,15%, 2017 жылы – 24,77%-ды құрады.
ҚТҚ жинау, сұрыптау және қайта өңдеу бойынша қызметін жүзеге асыратын 8 кәсіпорын қызмет етеді. Талдықорған қаласында макулатура-тоқыма, пластик-шыны, басқа қалдықтар 3 фракциясы бойынша ҚТҚ бөлек жинауды ендіру бойынша жұмыс жүргізілуде. ҚТҚ бөлек жинау үшін контейнерлері бюджеттік ұйымдар, ірі сауда орталықтарын қоса алғанда, 25 контейнер алаңдарында 100 контейнер орнатылды. 2017 жылы ӨКМ шеңберінде құрамында сынап бар шамдарды жинау үшін орнатылды.
2015 жылдан бастап Талдықорған қаласында қатты және сұйық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша бірлескен қазақстандық-түркиялық
«ЭкосервисАрман» ЖШС қызмет етеді. Кәсіпорынның жобалық қуаты – тәулігіне 50 тонна (резеңке, пластик, пайдаланылған майлап, шиналар).
2016 жылы Талдықорған қаласында «Adal Damu Capital» ЖШС қуаты жылына 120 мың тонна қоқыс сұрыптайтын станция, сондай-ақ қайталама шикізат өндіру цехы іске қосты. 2018 жылы ҚТҚ органикалық фракцияларын қайта өңдеу бойынга биогазды кешеннің құрылысы жоспарланып отыр. Құрылыс мерзімі – 18 ай. Өндіріс қуаты тәулігіне 5,0 мың м3 дейін. Бұдан кейін органикалық қалдықтардан биогумус өндірісі үшін вермифабрика құрылысы жоспарланып отыр. Кешен құрылысы үшін ауданы 3,5 гектар жер телімі бөлінді.
Іле ауданы Өтеген батыр ауылында ҚТҚ полигонының аумағында 2017 жылы ауданы 2 га қоқыс сұрыптау станциясының құрылысы аяқталды. Проектная мощность – 200,0 тыс. тонн в год. Жобалық қуаты – жылына 200,0 мың тонна. Инвестициялар көлемі – 180 млн. теңге. Инвестор «Таза ЖерМПК» ЖШС.
Панфилов ауданының Жаркент қаласында 2017 жылғы мамырда «МПК Аулет» ЖШС қуаттылығы жылына 10 мың тонна сұрыптау желісі бар пиролиз әдісімен ҚТҚ өңдеу зауыты іске қосты. Инвестициялар көлемі – 150 млн.теңге.
Бұдан басқа, Алматы облысында шыны ыдысты өндіру арқылы шыныны қайта өңдеу бойынша 2 кәсіпорын («САФ» ЖШС, «Алматы стекло» ЖШС), аккумулятор өндіру арқылы пайдаланылған аккумуляторларды қайта өңдеу бойынша 1 кәсіпорын («Кайнар АКБ» ЖШС), картон және қағаз өнімдерін алу арқылы қағаз өнімдерін қайта өңдеу бойынша 1 кәсіпорын («Kagazy Recycling» ЖШС, «Нұр Қағазы» ЖШС), сондай-ақ ПЭТ-түйіршік, ПЭТ-флекс, ПЭТ ленталар және басқа бұйымдар алу арқылы пластик қалдықтарын қайта өңдеу бойынша
1 кәсіпорын («КазПэтПолимер» ЖШС) қызмет етеді. 2018 жылдың
1 тоқсанында полиэтиленді қайта өңдеу бойынша кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр.
Экологиялық мәселелерді шешу мақсатында облыс әкімдігімен «2016-2020 жылдарға экологиялық мәселелерді шешу бойынша іс-шаралар жоспары» әзірленді, мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберінде 16 аумақтық кешен құруды қарастырады, соның ішінде:
• 16 полигон құрылысы;
• 16 қоқыс сұрыптайтын кешен;
• 13 қоқысты ауыстырып тиейтін станция;
• 3 қоқыс өңдейтін зауыт.
Атырау облысында 2016 жылы 81,7 мың тонна, 2017 жылы – 72,5 мың
тонна ҚТҚ түзілді. 2016 жылы 12,52%, 2017 жылы 44,33% ҚТҚ сұрыпталды. Облыста ҚТҚ қайта өңделмейді.
ҚТҚ сұрыптайтын 9 кәсіпорын бар. ҚТҚ бөлек жинауды кезеңмен ендіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атырау қаласында пластикалық қалдықтарды жинау үшін 80 торлы контейнер орнатылды. Қызылқоға ауданы үшін 40 дана торлы контейнер сатып алынды.
ҚТҚ (пластик, макулатура, полиэтилен, шиналар, шыны, металл сынықтары, аккумуляторлар) қабылдауды және сұрыптауды «Вест-Дала» ЖШС,
«Элит Оперейшн» ЖШС, «Коканд» ЖШС, «Ажіғалиев Ж.» ЖК, «Кайдаров А.» ЖК, «Жамангарина» ЖК, «Татишева» ЖК, «Нургалиев К.» ЖК, «Барыс» ЖК жүзеге асырады. Қайталама шикізат өзге ұйымдарға сатылады.
Биологиялық және медициналық қалдықтарды кәдеге жарату үшін Атырау қаласының ҚТҚ полигонында «КР-1000» және «КР-500» маркалы инсенераторлық жабдықтар орнатылды.
Атырау қаласында ҚТҚ полигоны бар қоқыс сұрыптау кешенінің құрылысы және ескі ҚТҚ полигонды қалпына келтіру жоспарланып отыр. Жергілікті бюджет қаражаттарынан 70 млн. теңге, сондай-ақ ауданы 50 га.
Жергілікті бюджет қаражаттары есебінен 28 млн. теңге сомасына Индер ауданында қоқыс сұрыптайтын кешен құрылысы мәселесі пысықталуда.
Шығыс Қазақстан облысында 2016 жылы 183,4 мың тонна, 2017 жылы – 180,4 мың тонна ҚТҚ түзілді. Қайта өңдеу үлесі (сұрыптауды қоса алғанда) 2016 жылы 0,98%-ды, 2017 жылы – 3,17%-ды құрады.
Қайталама шикізатты (картон, қағаз, полиэтилен, резеңке, пайдаланылған майлар) бөлек жинау, сұрыптау, қайта өңдеу бойынша жүзеге асыратын 10 кәсіпорын қызмет етеді, оның тек 2 компаниясы қайта өңдеуді жүзеге асырады. Өскеменде ҚТҚ бөлек жинау бойынша жұмыстар басталды. «ЭкоВосток-Лидер» ЖК кәсіпорнының қаражаттары есебінен Өскемен қаласында бөлек жинау үшін (пластик, шыны, қағаз) 28 контейнер орнатылды, оның 15 - абаттандырылған тұрғын үй қорының алаңдарында. Қалған аймақтарды есептеу-дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2020 жылға дейін Өскемен, Семей, Аягөз, Зырян, Шемонаиха қалаларында ҚТҚ бөлек жинауды ендіру жоспарланып отыр. Қалдықтарды бөлек жинау үшін елді мекендерді контейнерлермен жаңарту және жете жарақтандыру бойынша мәселелер пысықталуда. ҚТҚ бөлек жинау үшін кәсіпорындарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2016 жылғы мамырда «Хазипов» ЖК қуаты жылына 100 мың тонна бар қоқыс сұрыптайтын желі іске қосылды. Қағаз, шыны, полиэтилен, металл сұрыпталады.
Өскемен және Семей қалаларында қоқысты қайта өңдеу зауыттарының құрылысы мәселесі пысықталуда. Өскемен қаласы үшін ҚТҚ полигонның және қоқыс қайта өңдеу зауытының құрылысы үшін жер учаскесі (30 га) бөлінді.
Жамбыл облысында 2016 жылы ҚТҚ түзілу көлемі 60,2 мың тоннаны, 2017 жылы – 74,9 тоннаны құрады. Қайта өңдеу үлесі (сұрыптауды қоса алғанда) 2016 жылы 0,6%-ды, 2017 жылы – 3,47%-ды құрады.
Облыста ҚТҚ бөлек жинау кезеңмен ендіріліп жатыр. Тараз қаласында «Eco Control» ЖШС полиэтилен, пластик, шыны қалдықтарын бөлек жинау үшін 250 торлы контейнер орнатты, тағы 350 ұқсас контейнер орнату жоспарланып отыр. Құрамында сынап бар шамдар мен жабдықтарды жинау және демеркуризациялау бойынша «Алди и К» ЖШС кәсіпорны құрылды. 2017 жылы ӨКМ шеңберінде құрамында сынап бар шамдар мен жабдықтарды бөлек жинау үшін 106 контейнер орнатылды, оның 30-ы – Тараз қаласында.
Тараз қаласында пластмасса, қағаз, пайдаланылған майлар, электр жабдықтары қалдықтарын қайта өңдеу бойынша 7 кәсіпорын қызмет етеді («Шахристан» ЖК, «Долина» ЖК, «Хастал оглы П.М.» ЖК и «Таразтехноресурс» ЖШС). Облыстың Байзақ ауданында «Алди и К» ЖШС медициналық қалдықтарды, құрамында сынап бар шамдарды кәдеге жаратуды, макулатура, шыны және полиэтилен қалдықтарын жинауды жүзеге асырады.
Тараз қаласында «SaTa Элит Азия» компаниясы қалалық ҚТҚ полигоны аумағында қайталама шикізат прессі бар сұрыптау станциясын орнату бойынша жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруда. ПЭТ қалдықтарды одан әрі қайта өңдеу үшін қайталама шикізатты уақтау бойынша зауыт құрылысы жоспарланып отыр. Болжамды инвестициялар көлему 79,0 млн. теңгені құрайды. Бүгінгі күні объект құрылысы үшін қалалық ҚТҚ полигоны аумағында ауданы 3 га жер учаскесін жалға алу мәселелесі шешілуде.
Тараз қаласы әкімдігі және VecoPolyEnergy польшалық компаниясы арасында «Redwave Waste GmbH» (Германия) компаниясының неміс технологиялары бойынша ҚТҚ кешенді қайта өңдеу зауытының құрылысы туралы келісім жасалды. Жобада, бұған дейін полигондар мен қоқыс үйінділерінде көмілген ҚТҚ биогаз алу арқылы қайта өңдеу. Зауыттың жобалық қуаты жылына 150 мың тонна, қалдықтарды сұрыптау тереңдігі 98%. Инвесторлар – «QKB» банкі (Австрия), «Invest Corporation OPIC» (АҚШ).
Батыс Қазақстан облысында 2016 жылы 108,9 мың тонна ҚТҚ, 2017 жылы – 105,0 мың тонна түзілді, оның 2016 жылы 1,6%-ы, 2017 жылы – 2,17%.
ҚТҚ бөлек жинау кезеңмен ендіріліп жатыр. Қалаларда және аудан орталықтарында пластикті, картонды, қағазды, шиналарды қабылдау бекеттері ұйымдастырылған.
Орал қаласы бойынша «Гамма Реал» ЖШС пластик бөтелкелерді жинау үшін 767 контейнер, облыстың 12 ауданында – қалдықтарды бөлек жинау үшін
317 контейнер орнатылды (Теректі – пластик, полиэтилен, макулатура, картон және қағаз қалдықтары үшін 120; Бөкейорда –пластик, пластмасса, макулатура, картон және қағаз қалдықтары үшін 63; Тасқала - пластик, пластмасса, макулатура, картон және қағаз, шыны қалдықтары үшін 10; Қаратөбе – пластик және полиэтилен үшін 23; Казталов – 34, Шыңғырлау – 20, Зеленов – 14, Бүрлі (Ақсай қаласы) – 13, Сырым – 10, Ақжайық – 7, Жаңқала – пластик үшін 3 контейнер).
Бюджеттік мекемелерден, сауда желілерінен макулатура, картон және қағаз жинау ұйымдастырылған. ӨКМ шеңберінде Құрамында сынап бар шамдар мен құрылғыларды жинау үшін 54 контейнер орнатылды, оның 27-сі Орал қаласында, 27 – облыстың аудан орталықтарында.
Облыстың аумағында ҚТҚ бөлек жинауды, сұрыптауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын 12 кәсіпорын қызмет етеді. «Губер» ЖК шиналарды, резеңкелерді жинауды, қайта өңдеуді жүргізеді және спорттық және балалар алаңдары үшін жабыңқы дайындайды. «Глухова» ЖК, «Куксова» ЖК, «Борисов» ЖК қағаз, картон, пластик жинайды және тақта, тас төсеуіш, пластикалық люктер шығарады. «Усенова» ЖК дәретхана қағазын, қағаз майлықтарын шығарады.
Орал қаласында ICM Recycling финдық компаниясы 2018 жылдан бастап қоқыс сұрыптау желісінің құрылысын, ал 2023 жылдан бастап – ескі қалалық ҚТҚ полигонынын дегазациялау, органикалық қалдықтарды электр және жылу энергеясына қайта өңдеу үшін биогаздық станцияның құрылысын жоспарлап отыр. Қоқыс сұрыптау желісінің құрылысын бастау 2018 жылға жоспарланып отыр, ҚТҚ пластикалық, қағаз, металды және басқа фракцияларын алу қарастырылуда. Қазіргі уақытта коммуникацияларды тарту (электр, жол және басқа) бойынша жұмыстар жүргізілуде. ҚТҚ полигоны компанияға 10 жылдық мерзімге сенімді басқаруға берілді.
Ақсай қаласында қоқыс сұрыптау желісінің құрылысына жобалық құжаттарын әзірлеуді жоспарлап отыр. Құрылыс-монтаждық жұмыстарды 2019 жылы бастау жоспарлануда.
Қарағанды облысында 2016 жылы түзілген ҚТҚ көлемі 649,3 мың тоннаны, 2017 жылы – 654,6 мың тоннаны құрады, оның 2016 жылы 4,9%-ы, 2017 жылы – 13,96%-ы сұрыпталды және қайта өңделді.
ҚТҚ бөлек жинайтын, сұрыптайтын және қайта өңдейтін 6 кәсіпорын қызмет етеді. ҚТҚ бөлек жинау ендіріліп жатыр. Қарағанды қаласында
«Қарағанды қаласы ГорКомТранс» ЖШС пластикалық бөтелке жинау үшін 2016 жылы 290, 2017 жылы – 210 торлы контейнер орнатты. «ТТК» ЖШС қалдықтарды (пластик, макулатура, картон, қағаз, шыны, полиэтилен, металл) бөлек жинау үшін Теміртау қаласында 370 контейнер және Қарағанды қаласы Октябрь ауданында (Майқұдық ауылы) 50 контейнер орнатты. «ТТК» ЖШС Теміртау қаласында ҚТҚ жинау үшін жерасты контейнерлерді алдағы жылдары орнату бойынша мәселе қарастырылуда.
«Ресайклинг» компаниялар тобымен Қарағанды қаласында «құрғақ» қалдықтарды бөлек жинау үшін сыйымдылығы 3 м3 150 дана контейнер орнатылды. 2018 жылы пластик қалдықтары үшін 500 торлы котейнер орнату жоспарланып отыр.
«Вторсырье Караганда» ЖШС Қарағанды қаласының сауда орталықтарынан макулатураны, картонды, пластикті бөлек жинауды жүргізеді.
2013 жылдан бастап Қарағанды қаласында «Қарағанды қаласы ГорКомТранс» ЖШС 2013 жылдан бастап Қарағанды қаласында өндірістік қуаты жылына 600 тонна пластикалық бөтелкені қайта өндеу (уақтау) желісі бар өндірістік қуаты жылына 100 000 тоннақоқыс сұрыптау кешені қызмет етеді. Теміртау қаласында 2014 жылы «ТТК» ЖШС жылына 30 мың тонна өндірістік қуаты бар ТҚҚ сұрыптау желісін іске қосты.
«Ресайклинг» ЖШС пластиктің барлық түрлерін (ПЭТ-қалдықтардан басқа) гранула алу арқылы қайта өңдеуді жүзеге асырады. 2018 жылдың бірінші жартысында ҚТҚ кәдеге жаратылмайтын «соңғы» қалдықтарды өртеу бойынша жабдықты іске қосу жоспарланып отыр. Жабдық қуаты – күніне 100 тонна соңғы қалдық.
2017 жылы толық циклді қолданыстан шыққан көлік құралдарын кәдеге жарату бойынша зауыт құрылысы іске қосылды. Зауытта шредерлеу және терең (98%) қайта өңдеу жүзеге асырылады. Зауыт қуаты жылына 50 мың қолданыстан шыққан көлік құралдары.
2017-2019 жылдарға Жезқазған қаласының даму жоспары шеңберінде Жезқазған қаласында қоқыс сұрыптайтын бекет құрылысы жоспарланған. (концессия әзірлеу – 2018 жыл, зауыт құрылысы – 2019 жыл).
Қостанай облысында 2016 жылы түзілген ТҚҚ көлемі 454,0 мың. тоннаны, 2017 жылы – 435,0 мың тоннаны құрады. Қайта өңдеу үлесі (сұрыптауды қоса алғанда) 2016 жылы 0,1%-ды, 2017 жылы – 0,93%-ды құрады.
ҚТҚ жинау, сұрыптау, қайта өңдеу бойынша 14 кәсіпорын қызмет етеді. 2017 жылы Қостанай қаласында ҚТҚ бөлек жинау үшін 450 арнайы контейнер орнатылды. 2016 жылғы ақпаннан Қостанай, Рудный, Жітіқара қалаларында және Қостанай ауданының Затобольск ауылында пластик, қағаз, шыны және қаңылтыр банкалар қалдықтарын бөлек жинау жүйесі сәтті қызмет етеді. Бөлек жинауды мынадай кәсіпорындар жүзеге асырады: «Атамекен 4 плюс» ЖШС (Қостанай қ., Рудный қ., Затобольск ауылы) және «Соцсервис» ЖШС (Жітіқара қ.). пластик қалдықтарын (ПП, ПНД, ПЭТ бөтелке) бөлек жинау үшін көлемі 2,5 текше метр торлы контейнерлер және қағаз, пластик, шыны және қаңылтыр банкалар қалдықтарын жинау үшін эко-бактар орнатылды. Орнатылған контейнерлердің жалпы саны 1256 дана (Қостанай қаласында қағаз, пластик, шыны және қаңылтыр банкаларды жинау үшін 1 007 контейнер; Жітіқара қаласында – пластик, аллюминий банкалары, шыныны жинау үшін 49 контейнер; Рудный қаласы – қағаз, пластик, аллюминий банкалары, шыныны 152 контейнер; Қостанай ауданында – 45, Ұзынкөл ауданында – 3 және Алтынсары ауданында пластик үшін 8 контейнер).
2017 жылы ӨКМ шеңберінде құрамында сынап бар шамдарды және құрылғыларды жинау үшін 145 дана контейнер сатып алынды. Контейнерлер қалаларда және облыстың аудан орталықтарында орнатылды.
Қостанай қаласында «Атамекен 4 плюс» ЖШС мобильді сұрыптау желісін орнатты. Күн сайын шамамен 40 тонна сұрыпталады. ҚТҚ сұрыптау көлемін арттыру жоспарланып отыр. Лисаков, Жітіқара қалаларында, Қостанай (Затобольск ауылы) и Фёдоров (Фёдоровка ауылында) ауданында ҚТҚ полигондарында қолмен сұрыптау жүзеге асырылады.
«Фабрика Нетканых Материалов «S.M.F. – System» ЖШС«Dortex» сауда маркасының геокомпозит, геошарбақ, геотор, сонымен бірге холофайбер және синтепон сияқты материалдарды өндіреді. Барлық өндірілетін материалдарға нарықта сұраным бар және осы материалдар түрлі объектілерді салу және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын жасау кезінде кең қолданыс тапты.
Облыстың Қарасу ауданында «Караман-К» ЖШС мал өсіру фермасының ауданында 2015 жылғы тамыздан бастап мал қалдықтарын биогазға қайта өңдеу бойынша кешен қызмет етеді. Кешен қуаты 0,3 МВт. Жоба кәсіпорынның жеке қаражаттары есебінен жүзеге асырылды.
Қызылорда облысында 2016 жылы 145,0 мың тонна, 2017 жылы – 148,0 мың тонна ҚТҚ түзілді. Қайта өңдеу үлесі (сұрыптауды қоса алғанда) 2016 жылы 3,45%-ды, 2017 жылы – 8,13%-ды құрады.
Облыста қалдықтардың кейбір түрлерін жинау және қайта өңдеу бойынша 5 кәсіпорын қызмет етеді. Жаяужол плиткаларын, жабыңқы шығару арқылы полимер қалдықтар («Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС),тамшылап суармалау үшін шлангтар шығару арқылы тозған автокөлік шиналары «Smart Rubber» ЖШС), резеңке қиқым («ТемирЖас-Груп» ЖШС) қайта өңделеді. ЭКО-Н Сервис» ЖШС құрамында сынап бар шамдарды және құрылғыларды жинауды және кәдеге жаратуды жүзеге асырады. «Шагирова» ЖК пластик және пластмасса қалдықтарын жинауды және Өзбекстанға шығаруды жүзеге асырады.
Облыста халықтан құрамында сынап бар шамдарды жинау үшін 2015 жылы БҰҰДБ жобасы шеңберінде алынған (25 дана) және 2017 жылы ӨКМ шеңберінде алынған (850 дана) 874 контейнер орнатылды. Оның 155-і Қызылорда қаласында, аудан орталықтарында – 720.
2017 жылы Қазалорда қаласы бойынша 1,1 мың тонна тозған шина, 1,8 тонна аккумулятор батареялары, 1,0 тонна металл сынықтары және 1,0 пайдаланылған майлар жиналды. Облыс аудандарында қайталама шикізатты жинау жүргізілмейді. Облыста қалдықтарды сұрыптау жүргізілмейді.
Маңғыстау обласында 2016 жылы түзілген ҚТҚ көлемі 151,8 мың тоннаны, 2017 жылы – 190,1 мың тоннаны құрады, оның 2016 жылы 8,7%, в 2017 году– 6,49% сұрыпталды және қайта өңделді.
Облыс аумағында ҚТҚ жинау, сұрыптау және қайта өңдеу бойынша 3 кәсіпорын қызмет етеді. Қалыптасу көздерінде ҚТҚ бөлек жинау кезеңмен ендіріліп жатыр. Ақтау қаласында «IT ProfService» ЖШС ҚТҚ бөлек жинау үшін 45, пластикалық ыдыс жинау үшін 120 торлы контейнер орнату жоспарланып отыр. Сондай-ақ макулатура, картон және қағаз қалдықтарын бөлек жинау үшін контейнерлер орнату жоспарланып отыр.
«EcoWaste Ақтау» ЖШС 2017 жылғы қарашадан бастап қалдықтарды бөлек жинау үшін контейнерлер оранту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Пластик және макулатура жинау үшін 6 контейнер орнатылды, сауда орталықтарымен келісімжер жасалды. Қайталама шикізат кейінгі қайта өңдеу үшін Алматы облысына бағытталады. (KagazyRecycling» ЖШС) на дальнейшую переработку.
2018 жылы ақтау қаласында қайталама шикізатты қабылдау бекеттерін ұйымдастыру жоспарланып отыр.
2017 жылы ӨКМ шеңберінде халықтан құрамында сынап бар шамдарды жинау үшін 40 контейнер сатып алынды және орнатылды, оның 27-сі Ақтау қаласында орнатылды.
Сондай-ақ облыс әкімдігі қаланың барлық қоқыс алаңдарын торлы контейнерлермен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. 2018-2020 жылдары аудан және қала бюджеттерінде контейнерлер мен арнайы техниканы сатып алуға 40,0 млн. теңге сома қарастырылып отыр. 2020 жылға дейін 25,5 мың контейнер орнату жоспарланып отыр.
2015 жылы Жаңаөзен қаласында қуаты жылына 50,0 мың тонна қоқыс қайта өңдейтін кешен іске қосылды. Комбинаттың жалпы көлемі – 22 га. Зауытта пластик қалдықтарын қайта өңдеу жолымен төсеніш және кәріздік люктер шығарылады. Кешен құрамында жобалық қуаты 2241,675 мың м3 ҚТҚ полигоны бар.
Ақтау қаласында «Каспий Оперейтинг» ЖШС қоқыс шығаратын компаниясы қуаты 30 мың тоннадан астап қоқыс сұрыпату желісінің құрылысын жүргізіп жатыр.
Облыс әкімдігі Ақтау қаласында қоқыс қайта өңдейтін зауытың және облыстың аудан орталықтарында сұрыптау цехтарының құрылысын жоспарлап отыр.
Павлодар облысында 2016 жылы түзілген ҚТҚ көлемі 647,5 мың тоннаны, 2017 жылы – 426,6 мың тоннаны құрады. 2016 жылы 2,7%, 2017 жылы – 0,23% қайта өңделді (сұрыптауды қоса алғанда).
Құрамында сынап бар шамдарды және құрылғыларды жинау үшін ӨКМ шеңберінде 200 дана контейнер орнатылды.
Раздельный сбор остальных видов отходов не ведется. Қалдықтарды бөлек жинау жүргізілмейді. Павлодар қаласы әкімдігі «Спецмашин» ЖШС бірлесіп Павлодар қаласының халқынан бөлек жинауды ендіру мәселесі пысықталуда. Қоқыс алаңдары аумағында «құрғақ» қоқыс (қағаз, пластик, қаңылтыр банкалар және т.б.) үшін бөлек контейнерлер орнату жоспарланып отыр.
Облыс аумағынла ҚТҚ қабылдау, сұрыпату және қайта өңдеу бойынша 14 кәсіпорын қызмет етеді. Павлодар қаласында рулонды, жабындық материалдарды және картон қағаз бұйымдарды өндіру арқылы макулатура қайта өңделеді.
Екібастұз қаласында «Экибастузкоммунсервис» ЖШС ҚТҚ полигоны аумағында 2018 жылдан қарашаға дейін сұрыптау желісін орнату жоспарланып отыр.
Облыс әкімдігі Павлодар қаласында ҚТҚ сұрыптау және қайта өңдеу бойынша зауыт құрылысына ТЭН әзірлеу жүргізіліп жатыр. Жоба шеңберінде сұрыптау және жоғары калорийлі газ, сұйық отын, кокс, минералды тұздар (тыңайтқыш) алу арқылы ҚТҚ терең қайта өңдеу жоспарлануда. Болжамды қуаты
– жылына 50,0 мың тонна. Жобаны жүзеге асыру жеке инвестор асыру «Schneider & Danzey Fzc» неміс компаниясының есебінен жоспарланып отыр.
Павлодар қаласы әкімдігі және ATENA Environment Management ЖШС арасында Павлодар облысы аумағында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытының құрылысы бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Солтүстік Қазақстан облысында 2016 жылы 387,0 мың тонна, 2017 жылы
– 182,5 мың тонна ҚТҚ түзілді. ҚТҚ сұрыптау және қайта өңдеу 2016 жылы 3,0%, 2017 жылы – 3,59%.
Облыста ҚТҚ жинауды, сұрыптауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын
13 кәсіпорын қызмет етеді. ҚТҚ бөлек жинау ендіріліп жатыр. Петропавл қаласында «Вторсырье» ЖШС қалдықтарды (ПЭТ-ыдыс, аллюминий банкалар, макулатура, орама полижтилен қалдықтары, шыны сынықтары, әртүрлі пластмасса түрлері, тұрмыстық техника) жинау үшін 350 контейнер орнатылды.
«Технодом» компаниясының сауда орталықтарында электронды және электр қалдықтарын жинау үшін эко-бокстар орнатылды. 2017 жылы ӨКМ Операторының ықпалымен облыс аумағы бойынша құрамында сынап бар шамдар және батарейкалар қалдықтарын жинау үшін 79 контейнер орнатылды.
Петропавл қаласында 2017 жылғы қаңтарда «Вторсырье» ЖШС сұрыптау көлемі жылына 20 мың тоннаны құрайтын қоқыс сұрыптайтын кешенді іске қосты. Қоқыс сұрыптайтын кешен қалдықтарды қатты және жұмсақ пластикті, түсті және қара металлдарды, қағазды, шыныны, ағашты және т.б. сұрыптауды, олар кейін өзге ұйымдарға қайта өңдеуге жіберіледі Жоба жеке инвестициялар және «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қарыз қаражаттары есебінен жүзеге асырылды.
2012 жылдан бастап Петропавл қаласында қайталама полимерлерді қайта өңдеу бойынша «Жуков С.И.» ЖК цехы қызмет етеді. Полимер қайта өңдеу бойынша өндіріс қуаты – жылына 200-240 тонна. Кәсіпорын полиэтиленнен тауарлар (термошөгімді қабықша, бөлшектейтін орама, логотипті пакеттер, балшықтан қорғайтын еден төсеніші, бөтелке үшін қақпақтар). Кәсіпорын өнімі Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары аумағына бағытталады.
2017 жылы медициналық және өнеркәсіптік қалдықтардың барлық түрін залалсыздандыру және кәдеге жарату бойынша «Промотход Казахстан» ЖШС кәсіпорыны іске қосылды. Кәсіпорын қуаты жылына 10 тонна қалдықты құрайды.
Қызылжар ауданының Бескөл ауылында қайталама плимерлерді қайта өңдеу және пластмасса бұйымдарын шығару бойынша «Радуга» ЖШС цехы қызмет етеді. Полимерлер қайта өңдеу бойынша өндіріс қуаты 400-500 тонна/жыл. Кәспорын өнімі (шелек, шылапшын, бактар, кілемшелер, ілгіштер, қалақшалар және т.б.) Қазақстанның көп аймақтарына (Петропавл, Көкшетау, Астана, Қарағанда, Алматы, Шымкент, Семей, Өскемен, Екібастұз, Қостанай, Павлодар) бағытталады. Кәсіпорын полиэтиленнен полиэтиленді қабықша, құбыр шығарумен де айналысады. «Радуга» ЖШС полиэтиленді қайта өңдеу бойынша 6 желіні қосымша орнатуды жоспарлап отыр.
2015 жылдан бастап «БиоТЭС» ЖШС Қызылжар ауданы Якорь ауылында құс өсіру қалдықтарымен жұмыс істейтін қуаты 1 МВт биогаз қондырғысын салу бойынша жобаны жүзеге асырып жатыр. Жылы 6 млн. кВт/сағ электр энергиясын, туілігіне 9,5 мың м3 дейін биогаз және 40 тонна тыңайтқыш өндіру күтілуде. Биогаз қондырғысын қосу арқылы Қызылжар ауданының үш құс фабрикасының қалдықтарын кәдеге жарату мәселесі шешіледі.
«Вторпластполимер» ЖШС ПЭТ қалдықтардан синтетикалық талшық алу бойынша жабдықты реттеу жұргізіліп жатыр.
Сондай-ақ облыс әкімдігі «KaukoInternational» финдық компаниясының өкілдерімен электр энергиясын алу арқылы қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі туарлы келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында 2016 жылы 220,0 мың тонна, 2017 жылы – 311,6 мың тонна ҚТҚ түзілді. ҚТҚ қайта өңдеу үлесі (сұрыптауды қоса алғанда) 2016 жылы 3,0%-ды, 2017 жылы – 3,48%-ды құрады.
Облыс аумағында ҚТҚ бөлек жинаумен, сұрыптаумен және өңдеумен айналысатын 7 кәсіпорын қызмет етеді. ҚТҚ бөлек жинауды ендіру үшін арнайы контейнерлер орнату мәселелері пысықталуда. Қазір пластик қалдықтарын бөлек жинау үшін Шымкент қаласында 70 тор контейнерлер орнатылды. Құрамында сынап шамдарды және құрылғыларды жинау үшін 2049 контейнер, пластик және полиэтилен қалдықтарын жинау үшін – 100 контейнер орнатылды.
ҚТҚ бөлек жинауды ендіру облыс аудандарында жүргізіліп жатыр. Түркістан және Мақтаарал ауданының Жетісау қалаларында контейнер алаңдарында пластикті жинау үшін 16 торлы контейнер орнатылды.
2015 жылы Шымкент қаласында «Технологии 21» ЖШС қалдықтарды өңдеу кешені (бұдан әрі - ҚӨК) іске қосылды. 2017 жылдың басынан бастап, 157 мың тонна ҚТҚ қабылданды, оның 9%-ы сұрыпталды.
Түркістан қаласында «Ахметов» ЖК полиэтилен, қағаз және картон қалдықтарын жинаймен және сұрыптаумен айналысады.Қайталама шикізат өзге ұйымдарға өткізеді.2016 жылғы маусым айында қала әкімдігі және
«VecoPolyEnergy» компаниясы арасында ҚТҚ сұрыптау және өңдеу бойынша зауыт салу туралы меморандумға қол қойылды. Жобаны МЖӘ шеңберінде іске асыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта жоба ТЭН-і үшін алдын-ала есептеулер жүргізіліп жатыр. Жобаны жүзеге асырудың жоспарлы мерзімі – 2020 жыл.
Кентау қаласында 2016 жылдан бері «Булегенов» ЖК ҚТҚ полигонында пластик, пластмасса, полиэтилен, қағаз қалдықтарын сұрыптаумен айналысады. Пластик қалдықтары тұйіршіктергі өңделеді. Қалған қайталама шикізат өзге ұйымдарға өткізеді.
Мақтаарал ауданында ҚТҚ полигоны аумағында қалдықтарды пресстеу жабдығы орнатылған. Пластик қалдықтары қолмен сұрыпталады. Престелген қайталама шикізат өзге ұйымдарға өткізіледі.
Түлкібас қаласында ТҚҚ сұрыптауды «Омарбеов А.А.» ЖК жүзеге асырады. Леңгір қаласында «Жанаев» ЖК ҚТҚ сұрыптаумен айналысады. Сарыағаш ауданында ҚТҚ полигоны аумағында қоқыс қайта өңдеу жабдығын орнату бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Шымкент қаласында «Green Tehnology Industries» ЖШС штапель талшықтарын өндіретін ПЭТ-қалдықтарды өңдеу зауытының құрылысын аяқтап жатыр. Жоспарланған зауыт қуаттылығы – жылына 100 мың тонна ПЭТ- қалдықтар.
2018 жылдың басында Шымкент қаласында «HillCorparation» ЖШС пайдаланылған майларды регерациялау әдісімен мотор майларын және жағу материалдарын алу арқылы қайта өңдеу бойынша зауытты іске қосу жоспарлап отыр. Қуаты –жылына 28 мың тонна қалдық.
Бұдан басқа, Шымкент қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында облыс әкімдігі «Schneider and Danzey FZC» компаниясының өкілдерімен қалдықтарды энергия алу арқылы қайта өңдеу бойынша зауыт құрылысы бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.
Астана қаласы аумағында 2016 жылы 394,9 мың тонна, 2017 жылы– 345,4 мың тонна ҚТҚ түзілді. ҚТҚ қайта өңдеу үлесі (сұрыптауды қоса алғанда) 2016 жылы 7,0%-ды, 2017 году– 8,33%-ды құрады.
2017 жылы пластик қалдықтарын бөлек жинау үшін 686 торлы контейнер, пайдаланылған құрамында сынап бар шамдарды жинау үшін 670 контейнер 670 контейнер, жеке иеліктердегі үйлерден кұлқож қалдықтарды жинау үшін 300 контейнер орнатылды, электронды-тұрмыстық өнімге маманданған сауда орталықтарында электронды қалдықтарды жинау ұйымдастырылды. 2018 жылы халық арасында кең үгіттеуді жүргізу арқылы «дымқыл» (тамақ қалдықтары) және «құрғақ» (қағаз, картон, пластик, шыны, металл) екі фаркция бойынша қалдықтрды бөлек жинауды ендіру жоспарланып отыр. Ол үшін «CleanCityNC» ЖШС инвесторымен қосымша 30 дана жаңа қоқыс шығару машинасын және ҚТҚ бөлек жинау үшін 5000 конетйнер сатып алынатын болады.
Астана қаласында 2012 жылдан бастап «KazRecycleService» ЖШС қоқыс қайта өңдейтін кешен қызмет етеді. Жобалық қуаты жылына 250 мың тонна қалдықты құрайды. Кешенде органикалық қалдықтарды, қара металл сынықтарын автоматты бөлетін және қайталама шикізатты (ПЭТ-бөтелке, (полиэтилентерефталат), ПЭ (полиэтилен), макулатура, түсті және қара металл сынықтары және т.б.) қолмен сұрыптайтын 2 желі орналасқан. 2017 жылғы тамызда ҚСК-де кәдеге жаратылмайтын фракцияларды қайта өңдеу үшін пиролиздік қондырғының 6 реакторы іске қосылды. 2017 жылғы қыркүейте ҚСК-де пластикті және қағазды қайта өңдейтін цехтар іске қосылды, олар қалдықтарды қайта өңдеу тереңдігін 8%-дан 15%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Әкімдік қалдықтарды жинау, шығару, өңдеу және көму бойынша бірыңғай оператор құруды, сондай-ақ тұрғындарының, мектепке дейінгі балаларда экологиялық сана-сезімін қалыптастыруға бағытталған үгіт-насихат жүргізу арқылы қалдықарды түзілу орындарында бөлек жинау жүйесін ендіруді көздейтін Астана қаласында Қалдықтарды басқару бойынша бағдарлама жобасы әзірленді.
Бағдарламаны2 кезеңмен іске асыру жоспарлануда:
1 кезең 2017 жылдың соңына дейін қосымша технологияларды енгізіп, ҚТҚ қайта өңдеу тереңдігін 15%-ға дейін жеткізу (ҚТҚ пиролизі технологиясы) арқылы қолданыстағы қоқысты қайта өңдеу кешенін жаңғырту;
2 кезең – органикалық қалдықтарды анаэробты ашыту және қоқыс газын өңдеу арқылы 2019 жылға дейін қалдықтарды өңдеу тереңдігін 75% дейін жеткізу. Қалған 25% (күл, құм, кәдеге жаратуға келмейтін фракция) полигонға көмуге жіберіледі.
Алматы қаласы аумағында 2016 жылы 646,0 мың тонна, 2017 жылы – 600,0 мың тонна ҚТҚ түзілді. ҚТҚ қайта өңдеу үлесі (сұрыптауды қоса алғанда) 2016 жылы 1,83%-ды, 2017 жылы– 10,01%-ды құрады.
ҚТҚ сұрыптау, қайта өңдеу бойынша қызметті жүзеге асыратын 13 кәсіпорын қызмет етеді. ҚТҚ бөлек жинау үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2016 жылы 3500, 2017 жылы 2450 еуроконтейнерсатып алынды. Сондай- ақ «Тәртіп» АҚ қоқыс шығаратын кәсіпорны өз қаражаты есебінен еуроконтейнерлермен жұмыс істеу үшін 20, ал 2017 жылы 30 дана арнайы техника сатып алынды.
Алматы қаласы аумағында қазіргі уақытта қалдықтарды қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен 40-қа жуық кәсіпорын қызмет етеді. «Сынап Плюс» ЖШС және «Алматыэкологострой» ШЖҚ МКК құрамында сынап бар энергия үнемдейтін шамдар мен бұйымдарды жинаумен және кәдеге жаратумен айналысады. «Zeta» ЖШС пластик қалдықтарын қайта өңдеу арқылы халық тұтынатын тауарларды (шылапшын, шелек, қалақша, үстелдер, ілгіштер, қоқыс үшін пакеттер және т.б.) шығарады. Компанияның шығаратын өнімді сату үшін Қазақстанның көп аймақтарында сауда орталықтары бар.
Қалада қалдықтарды басқа түрлерін бөлек жинау ендірілмеген.. Аталған мәселе бойынша кіші және орта бизнес кәсіпорындарымен ынтымақтастық сызбасы пысықталуда. «Витана - Макс» ЖШС-мен пластик қалдықтарын бөлек жинауды ұйымдастыру бойынша кесіссөздер жүргізілуде.
2017 жылғы шілдеде «Тәртіп» АҚ Алматы қаласы Алатау ауданында қалдықтарды сұрыптау кешенін салу бастады. 2016 жылы ауданы 5 га жер телімін сатып алынды және рәсімделді. Іске қосу мерзімі – 2018 жылғы сәуір. Инвесторлар – құрамында АО «Тәртіп» АҚ, «GreenRecycle» ЖШС,
«KazWasteConversion» ЖШС консорциум.
Алматы қаласының кәріз суларларын тазарту ғимараттарының шөгінділерін өңдеу бойынша қалдықтарды өңдеу зауытын салу бойынша «Тоспа су» ЖШС және «Kaukointernational» компаниясы арасында «Өзара ынтымақтасу және биогаз станциясының қуатын келісу туралы» меморандумға қол қойылды. Жобаның ТЭН-і жасақталды. Қазақстан-Неміс Университетімен бірлесіп
«Алматы қаласы ағынды суларының биошламы негізінде биогаз алу бойынша эксперименттік негіздемесі және оны жылу энергиясына трансформациялау» жобасы бойынша зерттеулер жүргізілді.
ДӘРІС 6
ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
Заманауи экологиялық және экономикалық талаптарға ҚТҚ қайта өңдеу кешенді технологиясы сәйкес келеді, мұнда сепарация мен сұрыптау үрдісі, экологиялық биотехнологияның үрдістері, жанатын құраушыларды термиялық қайта өңдеу және кәдеге жаратылмайтын және экологиялық қауіпсіз құраушыларды көму қосылған.
Түрлі басқару деңгейлерінде қайталап қайта өңдеу үшін жарамды фракцияларды бөлетін өндірістік және тұтынушылық ҚТҚ сұрыптауды қамтамасыз ететін қоқыстарды қайта өңдейтін кешенді салу туралы жиі айтылып келеді. 40-50% қоқыстарды қайта өңдеу көзделуде, қалған 50-60% қоқыс көму үшін полигондарға жіберілетін болады.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату мен қайта өңдеу бойынша негізгі мәселелер
• Қаржы мәселесі. Бүгінде ҚТҚ шығару мен кәдеге жарату шығындарын өтейтін қаржы көзі халық төлемдері болып табылады. Және де тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру үшін белгіденген тарифтер дәйексіз төмен екендігі айқын және олар қалдықтарды шығару мен көму шығындарын өтеуге қабілетті емес. Қаражаттың жетіспеушілігі мемлекеттік бюджеттен алынатын дотациялармен толықтырылады, бірақ ТКШ органдарында Еуропа елдеріндегідей, бөлек жинау жүйесін дамытуға қаражат жоқ. Бұдан басқа, ҚТҚ жұмыс жасау үшін тарифтер дифференциалданбаған – қалдықтарды бөлек жинайсыз ба немесе жалпы бір контейнерге үйіп саласыз ба маңызды емес – қоқыстарды кәдеге жарату үшін бірдей төлем төлейсіз.
• Құрылымдық мәселе. Қазіргі уақытта қоқыстарды (ҚТҚ) кәдеге жарату мен қайта өңдеу мәселесі табысты емес кәсіпорындарға артылған. Сондықтан осы компаниялардың барлық табысы басқа да маңызды мақсаттарға жұмсалады, ал қалдықтармен жұмыс жасау үшін жаңа жүйелерді дамытуға қаражат бөлінбейді. Сондықтан қоқыстады жинаумен және қайта өңдеумен арнайы кәсіпорындар айналасуы керек, бұл жағдайда ғана табыстар мен шығындарды жоспарлауға, оңтайландыруға және ҚТҚ жұмыс жасау бойынша ағымдағы жүйені жетілдіруге болады.
• Жүйелік мәселе. Қазіргі уақытта тұрмыстық қалдықтармен жұмыс жасау саласында басқару қызметін бір-бірімен байланысты емес түрлі министрліктер атқаратындай жағдай туындап отыр. Мұнда еуропалық елдерде ҚТҚ басқарумен байланысты барлық қызмет Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттікпен іске асырылады. Біздің елде туындап отырған жағдай ҚТҚ қайта өңдеу мәселесін тиімді шешуге кедергі келтіреді.
• Корпоративтік мәселе. Еуропа елдерінде ҚТҚ жұмыс жасау муниципалитеттермен бірге жеке компаниялармен іске асырылатындығы белгілі, ал бізде осы саладағы жеке бастама
шектелуде. Еуропа елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, өз ұтқырлығының арқасында жеке фирмалар ҚТҚ жұмыс жасау бойынша тиімді жүйені жасай алады, қоқыстарды қайта өңдеу бойынша өзіндік зауытты салу мүмкіндігіне ие және шетел инвестицияларын тарта алады.
• Ақпараттық мәселе. ҚТҚ бөлек жинау жүйесін ендіру үшін маңызды рөлді экологиялық сана-сезім және халықтың мәдениеті ойнайды. Контейнерлерді орнату және түсіндіру мен ақпараттық жұмыстарды өткізу бойынша іс-шараларды өткізгенге қарамастан, бүгінгі күнде жоғары өндірістік және тұтынушылық деңгей болса да, халықтың экологиялық тәрбиесі, қоршаған ортаған ұқыпты қарау мәдениеті жоғары емес.
• Маркетингтік мәселе. Біздің елдегі қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс жасау бойынша тағы да бір мәселе қайталама шикізаттың шектелген нарығы болып табылады, көптеген қайта өңдеушілер қалдықтардан алынған шикізатты сатумен қиыншылыққа түседі. Осы нарықты ұлғайту үшін дамыған шетел елдерінде түрлі әсер ету механизмдері қолданылуда — жаңа тауарларды шығару кезінде қайталама шикізатты міндетті қолдану бойынша талап (пайызбен) және осындай өндірістерді жеңілдікпен несиелеу. Сонымен қатар, еуропалық елдерде қайталама шикізаттан немесе оларды қолдана отырып, тауарларды және өнімдерді жасайтын осындай кәсіпорындар мен ұйымдар үшін мемлекеттік сатып алулар жүйесі тарапынан артықшылықтар көзделген.
• Стратегиялық мәселе. ҚТҚ қайта өңдеу саласында үлкен мәселе аймақтық деңгейде осы салада ұзақ мерзімді жоспарлаудың жоқтығы болып табылады. Сирек аймақтар ғана сандық мақсаттар, қажетті шаралар және орындау үшін жауаптылардың аттары нақты жазылған ұзақ мерзімдік қалдықтарды пайдалану бойынша шынайы жоспарды көрсете алады. Осындай нақты жоспарларсыз кез келген әрекеттер жүйесіз және мерзімді болады, ал бұл күтілетін нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.
Мұнда қандай да бір қалдық түрін қайта өңдеу бағытын (экологиялық алғышарттардан басқа) таңдау кезіндегі шешуші шарт қалдықтың принципиалды химиялық құрамы, оның түрі және қандай да бір өнімнің (белгілі технологиялар бойынша алу нұсқаларының шеңберінде) нақты қажеттіліктері болып табылады.
Жаңа технологияларды жасау өндірістік және тұтынушылық қатты қалдықтарды кәдеге жарату жолдарын едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді. Келешегі бар бағыт түрлі тізілімдегі қалдықтарды (түрлі және бір топтағы) кешенді қайта өңдеу және кәдеге жарату болып табылады, мұнда тәжірибеде қалдықтарды шаруашылық айналымға толықтай тартуды, қалдықтарды тиімді қайта өңдеу мен залалсыздандыру үшін басқа қалдықтарды пайдалануды, өндірістік максималды тиімділігіне жету және техногенді шикізатты пайдаланудың кешенділігі үшін аралас технологияларды қолдануды түсіну керек.
Қазақстанда ҚТҚ кәдеге жарату/қайта өңдеу мәселесі
• Құрамында улы заттар бар қалдықтарды кәдеге жарату өткір мәселе болып қалуда – бұл люминесцентті шамдар, сынап құрамдас аспаптар (термометр, батарейка және т.б.).
• Жарамдылық мерзімі шыққан өнімдерді жою бойынша арнайы орындар жоқ.
• Бюджеттік ұйымдардың (мектеп, бала-бақша, емхана және т.б.) қоқыстарды шығару бойынша қызметтерді төлеу үшін жеткілікті көлемде қаражаттың жоқтығы, бұл қоқыстар уақытылы шығарылмағандықтан, экологиялық ережелердің бұзылуына алып келеді.
• Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жеткіліксіз көлемде іске асырылуда. Қоқыстарды жағу және апаттық үйінділерді ұйымдастыру жағдайлары есепке алынбайды және бақыланбайды.
Келешекте ҚТҚ жұмыс жасау мәселесін кешенді шешу мүмкіндік береді:
• ҚТҚ жинау/шығару бойынша сапалы қызмет түрлерімен халықты қамтамасыз ету;
• ҚТҚ бөлек жинауды ендіру;
• Сұрыптаушы желілер мен кешендерді құру, бұл сапалы қайталама шикізатты алуға, қайталама шикізат нарығын дамытуға және полигондарда жайғастырылатын қалдықтардың көлемін азайтуға, полигондардың қызмет ету мерзімін арттыруға мүмкіндік береді;
• Қайталама шикізаттарды өндіру үшін қалдықтарды қайта өңдеу;
• ҚТҚ қайта өңдеу бойынша шағын және орта бизнесті тиімді дамыту;
• Халықтың экологиялық ынтасын арттыру және ҚТҚ бөлек жинау үрдісіне тарту үшін халықпен ақпараттық жұмысты жүргізу (отырыстар, брошюралар, парақтар, бейнероликтер, оқу мекемелерінде дәрістер, науқандар және т.б.).
• Жалпы ҚТҚ массасынан ары қарай қайта өңдеу үшін жарамды қайталама шикізатты бөліп алу;
• Қайта өңдеу көлемдерін шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін арттыру, жаңа өнімдерді шығаруды реттеу;
• Жаңа жұмыс орындарын құру;
• Елді-мекендердің санитарлық күйін жақсарту;
• Полигондардың қызмет ету мерзімін ұлғайту, сәйкесінше, жаңа полигондарды салу үшін бюджеттің қаражатын қысқарту.
ДӘРІС 7
ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР НАРЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ СТАТИСТИКАЛЫҚ ШОЛУ
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) сәйкес осы жобаның шеңберінде зерттелетін экономикалық қызмет түрі келесі жіктеуіштің құрылымына сәйкес болады:
3- кесте «Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды кәдеге жарату» ЭҚЖЖ құрылымы
Идентификатор Атауы
Е секциясы «Сумен қамту; канализациялық жүйе, қалдықтарды жинауды және таратуды бақылау»
38 тарау «Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды кәдеге жарату»
38.1 топ «Қалдықтарды жинау»
38.11 класс «Қауіпті емес қалдықтарды жинау» Оның ішінде:
• жинақталу орындарында, қоқыс контейнерлерінде, жылжымалы қоқыс контейнерлерінде, бактарда, ыдыстарда және т.б. қауіпті емес қатты тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарды (яғни, қоқыс қалдықтарын), аралас реверсивті материалдарды жинау
• реверсивті материалдарды жинау
• қоғамдық жерлерде қоқыс урналарынан жинау
• құрылыс және ыдырау қалдықтарын жинау
• қылшақтар және басқа құрылыс қоқыстары сияқты құрылыс қалдықтарын жинау және шығару
• тоқыма бұйымдарының қалдықтарын жинау
• қауіпті емес қалдықтарды қайта өңдеу орындарына қалдықтарды шығару бойынша қызмет
38.12 класс «Қауіпті қалдықтарды жинау» Оның ішінде:
• жарылатын, қышқылданатын, жанатын, улы, тітіркендіруші, зиянды, канцерогенді, күйдіретін, жұқтырушы немесе адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін зиянды заттар мен дәрі-дәрмектер сияқты қатты және қатты емес қауіпті қалдықтарды жинау
• қауіпті қалдықтарды жинау, яғни жұмыс істеп біткен мотор және машина майын, биологиялық қауіпті қалдықтарды, ядролық қалдықтарды, жұмыс істеп біткен батареяларды, қоректендіруші элементтерді және т.б. жинау
• қауіпті қалдықтарды қайта өңдейтін станциялардың қызметі
38.2 топ Қалдықтарды өңдеу және жою
38.21 класс «Қауіпті емес қалдықтарды өңдеу және жою» Оның ішінде:
• қауіпті емес қалдықтарды тарату үшін қайта өңдеуші комбинаттардың жұмысы
• жағу немесе басқа да тәсілдермен, электр энергиясын немесе буды, құраушы тыңайтқыштарды, жанармайдың орнын басатын заттарды, метанды және басқа да өнімдерді шығару немесе шығармау арқылы қауіпті емес қалдықтарды тарату
• ары қарай тарату үшін органикалық қалдықтарды өңдеу
38. 22 класс «Қауіпті қалдықтарды өңдеу және жою»
Оның ішінде:
Идентификатор Атауы
• жарылатын, қышқылданатын, жанатын, улы, тітіркендіруші, зиянды, канцерогенді, күйдіретін, жұқтырушы немесе адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін зиянды заттар мен дәрі-дәрмектер сияқты қатты және қатты емес қауіпті қалдықтарды тарату және өңдеу.
• қауіпті қалдықтарды өңдеу үшін қайта өңдеуші комбинаттардың жұмысы
• өлі немесе тірі ауру жұқтырған малды өңдеу және жою
• қауіпті қалдықтарды жағу
• тоңазытқыш сияқты жұмыс істеп біткен техникадан зиянды қалдықтарды шығарып алу
• радиоактивті қалдықтарды өңдеу, тарату және сақтау, оның ішінде радиоактивті қалдықтарды, яғни емханалардан тасымалдау кезінде
ыдырайтын қалдықтарды өңдеу және тарату инкапсуляция, сақтау үшін ядролық қалдықтарды дайындау
38.3 топ Қалдықтарды кәдеге жарату
38.31 класс Қалдықтарды жою
Оның ішінде:
• өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату үшін кез келген апаттан кейінгі демонтаж (автомобиль, кеме, компьютер, телевизор және басқа да жабдық).
38.32 класс Сұрыпталған материалдарды кәдеге жарату Оның ішінде:
• әдетте, механикалық немесе химиялық трансформациялық қайта өңдеу арқылы металл немесе металл емес қалдықтарды қайта өңдеу
Кеден органымен декларациялау кезінде тауарлар Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасына (бұдан әрі СЭҚ ТН) сәйкес жіктелуге жатады.
СЭҚ ТН жіктемесіне сәйкес осы зерттеудің шеңберінде қатты тұрмыстық қалдықтарға жататын өнімдер келесі СЭҚ ТН кодтарынан тұрады:
4- кесте Үй шаруашылығы үшін тоқыма бұйымдарды өндіруге жататын СЭҚ ТН сәйкес болатын СЭҚ ТН өнімдерінің тізімі
СЭҚ ТН
идентификаторы Атауы
VII Пластмасса және олардың өнімдері; каучук, резеңке және оның өнімдері
39 Пластмасса және олардың өнімдері
3915 Қалдықтар, скраптан, пластмассадан кесінділер
X Ағаштан немесе басқа да талшықты целлюлоза материалдарынан масса;
регенерацияланатын қағаз немесе картон (макулатура және қалдықтары); қағаз, картон және оның өнімдері
47 Ағаштан немесе басқа да талшықты целлюлоза материалдарынан масса;
регенерацияланатын қағаз немесе картон (макулатура және қалдықтары)
4707 Регенерацияланатын қағаз немесе картон (макулатура және қалдықтары)
XIII Тастан, гипстан, цементтен, асбесттен, слюдадан немесе ұқсас материалдардан бұйымдар;
қыш бұйымдар; шыны және олардың өнімдері
70 Шыны және олардың өнімдері
7001 Сынған шыны, скрап және басқа да шыны қалдықтары; блоктағы шыны
4.1 ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ КӨЛЕМДЕРІ МЕН КӨЗДЕРІ
ҚР Статистика комитетінің деректері бойынша Қазақстандағы қалдықтардың негізгі түзілу көзі тау-кен игеруші өнеркәсіп болып табылады – жылына 88,3 млн. тонна немесе қалдықтардың жалпы жылдық көлемінің 68% (2017 жылғы деректер бойынша). Электрмен, газбен және бумен қамтушы кәсіпорындар барлық қалдықтардың 15% қалыптастырады (19,2 млн. тонна), өңдеуші өнеркәсіптің үлесі қалдықтардың жалпы жылдық көлемінің 10,2% (13,3 млн. тонна) келеді.
Коммуналдық қалдықтар барлық қалдықтардың жалпы жылдық көлемінің 2,3% (3 млн. тонна) құрайды.
1- диаграмма 2017 жылдың қорытындылары бойынша қалдықтардың түзілу көздері
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
2017 жылдың қорытындылары бойынша 129,9 млн.тонна құраған республикадағы қалдықтардың жалпы көлемі талданып отырған жылдың басына қарай 3 есе қысқарды және 2016 жылда түзілген қалдықтардың көлемінен 15,8% азайды.
2017 жылдың қорытындылары бойынша 126,9 млн.тонна немесе 97,7% қауіпті қалдықтар болы келеді
2- диаграмма Қалдықтардың жылдық түзілу көлемінің динамикасы
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
5-кесте Қалдықтардың түзілу көздері
мың тонна/ жыл
2013 2014 2015 2016 2017
Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы
және балық шаруашылығы 1146,8 1 049,5 1 410,8 1 804,3 2025,0
Тау-кен игеруші өнеркәсіп және
карьерлерді игеру 298 918,8 268 367,1 185 300,0 88 486,7 88 271,0
Өңдеуші өнеркәсіп 49 402,5 44 918,2 42 929,5 39 160,9 13 302,3
Электрмен, газбен, бумен қамту 28 832,8 18 844,3 17 942,8 17 920,0 19 211,0
Құрылыс 267,6 247,4 225,6 285,6 108,0
Басқа да экономика қызмет түрлері 3 645,8 3 988,3 3 756,9 3 733,6 3 957,0
Коммуналдық қалдықтардың жалпы көлемі 3 547,7 3 446,3 3 235,5 2 813,6 2 983,9
олардың ішінен үй шаруашылығы
қалдықтары 2 495,5 2 421,0 2 318,0 1 988,5 2 073,4
Барлық қалдықтар 385 762,0 340 861,1 254 801,1 154 204,7 129 858,2
олардың ішінен қауіпті қалдықтар 382 214,3 337 414,8 251 565,6 151 391,1 126 874,3
Адам басына шаққандағы коммуналдық
қалдықтар, кг/адам басы 208,3 199,3 184,4 158,1 165,4
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
4.2 ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУМЕН, ӨҢДЕУМЕН ЖӘНЕ КӘДЕГЕ ЖАРАТУМЕН АЙНАЛАСАТЫН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ САНЫ
2018 жылдың 17 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының заңды тұлғалар бизнес-тізілімінде «Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды кәдеге жарату» негізгі экономикалық қызметпен айналасатын 1780 кәсіпорын тіркелген.
3- диаграмма 2018 жылдың қыркүйегінің соңындағы өз қызмет бағыты бойынша қалдықтардың барлық түрлерін жинаумен және қайта өңдеумен айналасатын тіркелген кәсіпорындардың таралуы (бірлік, %-бен үлесі)
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
Негізгі экономикалық қызметі «Қауіпті емес қалдықтарды жинау» болып табылатын тіркелген кәсіпорындардың саны 736, бұл зерттеліп отырған қызмет түрінің 41% құрайды. Негізгі қызмет түрі «Қауіпті емес қалдықтарды өңдеу және жою» болатын 281 кәсіпорын немесе 16% бар.
4- диаграмма Жыл ішінде пайда болған және тіркелген қалдықтарды жинаумен, қайта өңдеумен айналасатын кәсіпорындардың сандық динамикасы
2018 жылдың басында 117 жаңа кәсіпорын пайда болғанын және тіркелгенін атап өту керек, 2017 жылы – 137 кәсіпорын, 2016 жылы – 143 кәсіпорын, бұл 2010 жылдың көрсеткішінен 2 есе артық, ол кезде 74 жаңа кәсіпорын пайда болған. Бұл дерек соңғы 5 жылдың ішінде осы қызмет түріне кәсіпкерлік мүдденің артуын растайды.
5- диаграмма 2018 жылдың қыркүйегінің соңындағы аймақтар бойынша қалдықтардың барлық түрлерін жинаумен, өңдеумен және кәдеге жаратумен айналасатын тіркелген кәсіпорындардың үлестік таратылуы (бірлік, %-бен үлесі)
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
Талданып отырған экономикалық қызмет түрімен айналасу үшін тіркелген кәсіпорындардың ең үлкен саны Алматы қаласында – 290 кәсіпорын немесе республикалық деңгейдің 16%. Бұдан кейін Қарағанды облысы – 171 кәсіпорын (10%), Түркістан облысы – 162 кәсіпорын (9%) және Астана қ. – 142 кәсіпорын
(8%).
Статистика жөніндегі ҚР комитетінің деректеріне сәйкес 2017 жылы коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығару бойынша қызметті 546 кәсіпорын іске асырды, бұл 2016 жылдың қорытындылары бойынша ұқсас кәсіпорындардың санынан 32,5% асып түседі.
Осы қызмет түрімен айналасатын кәсіпорындардың жалпы санынан 105 кәсіпорын немесе 19% жеке кәсіпкерлікке жатады.
2017 жылдың қорытындылары бойынша коммуналдық қалдықтарды шығарумен және жинаумен айналасатын 488 кәсіпорын немесе 89% жеке меншік нысанына ие, 55 кәсіпорын (10%) – мемлекеттік, ал 3 кәсіпорын (0,5%) шетелдік меншік нысанына ие.
6- диаграмма 2017 жылдың қорытындылары бойынша коммуналдық қалдықтарды жинаумен және шығарумен айналасатын кәсіпорындардың таратылуы
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
2017 жылдың қорытындылары бойынша коммуналдық қалдықтарды жинаумен және шығарумен айналасатын кәсіпорындардың ең үлкен саны Алматы облысының аумағында (жалпы кәсіпорындардың санынан 72 кәсіпорын немесе 15%). Қазақстанның астанасында осы қызмет түрін 54 кәсіпорын (11%) ұсынады, Алматы қ. – 49 кәсіпорын (10%), Қарағанды облысы - 42 кәсіпорын (9%).
7- диаграмма Аймақтар бойынша 2017 жылдың қорытындылары бойынша коммуналдық қалдықтарды жинаумен және шығарумен айналасатын кәсіпорындардың үлестік таратылуы (бірлік, %-бен үлесі)
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
Коммуналдық қалдықтарды жинаумен және шығарумен айналасатын кәсіпорындардың ең аз саны Жамбыл, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарына және Шымкент қ. тиесілі – осы қызмет түрін көрсететін кәсіпорындардың жалпы санынан 3% бойынша келеді.
4.3 ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУМЕН, ӨҢДЕУМЕН ЖӘНЕ КӘДЕГЕ ЖАРАТУМЕН АЙНАЛАСАТЫН КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ
ЖАЛДАМАЛЫ ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ САНЫ
2017 жылы орташа есеппен алғанда, қалдықтарды жинаумен, өңдеумен және кәдеге жаратумен айналасатын кәсіпорындардағы (кәсіпкерлік қызметпен айналасатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) жалдамалы жұмыскерлердің саны 9104 адамды құрады, бұл 2016 жылдың деңгейінен 5,1% төмен.
2018 жылдың бірінші жарты жылында жалдамалы жұмыскерлердің саны 9111 адамды құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезенінен 6,7% аз және Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында және ұйымдарында жұмыс істейтін жалдамалы жұмыскерлердің жалпы санының 0,2% құрайды.
8- диаграмма 2018 жылдың І жарты жылындағы қызмет түрі бойынша қалдықтарды жинаумен, өңдеумен және кәдеге жаратумен айналасатын кәсіпорындарда жұмыс істейтін жалдамалы жұмыскерлер санының таратылуы
78% Қалдықтарды жи
(7138 адам)
Қалдықтарды өңд және жою (1362
адам)
Қалдықтарды кәд жарату (611 адам)
6,7% 15%
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті Осы көрсеткішті қызмет түріне бөліп қарастырғанда, талданып
нау отырған қызмет түріндегі жалдамалы жұмыскерлердің едәуір сан үлесі
қалдықтарды жинаумен айналасатын еу кәсіпорындарға тиесілі – 7,1 мың адам немесе 78%. 2018 жылдың І
жарты жылындағы қалдықтарды еге кәдеге жаратумен айналасатын кәсіпорындардағы жұмыскерлердің
саны 611 адамды (7%).
Қызмет түрлері бойынша жалдамалы жұмыскерлердің санының динамикасын талдау қалдықтарды жинаумен айналасатын кәсіпорындарда ғана өсу тенденциясы бар екендігін көрсетеді, ал қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату кәсіпорындарында жұмыскерлер санының азаюы байқалуда.
9- диаграмма Қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату қызметін ұсынатын кәсіпорындардағы жалдамалы жұмыскерлердің сан динамикасы
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
Осылай, қалдықтарды жинайтын кәсіпорындарда 2017 жылы өсу қарқыны 2016 жылға қарағанда, 104,7% құрады, ал қалдықтарды өңдеумен және кәдеге жаратумен айналасатын кәсіпорындарда саны 25,9% және 29,5% сәйкесінше азайды.
Талданып отырған қызмет түрінің кәсіпорындарында жалдамалы жұмыскерлердің ең көп саны Атырау облысында Шымкент қ. – республикалық деңгейден 15%, Маңғыстау облысында және Алматы қ. – сәйкесінше 12% және 11%.
10- диаграмма Аймақтар бойынша 2018 жылдың І жарты жылындағы қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату бойынша кәсіпорындарда жалдамалы жұмыскерлердің санының үлестік таралуы (адам, %-бен үлесі)
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
Жалдамалы жұмыскерлердің ең аз саны Астана қ., Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының кәсіпорындарында – осы қызмет түрінің жалдамалы жұмыскерлерінің жалпы санынан 2% бойынша құрайды.
6-кесте Аймақтар бойынша қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату бойынша кәсіпорындарда жұмыс істейтін жалдамалы жұмыскерлердің сан динамикасы
адам
2013
2014
2015
2016
2017 2016 жылға
қарағанда 2017 жылдағы өсу қарқыны, %
Қазақстан Республикасы 11420 12011 9668 9598 9104 94,9
Ақмола 298 321 163 349 235 67,3
Ақтөбе 807 777 647 578 532 92,0
Алматы 208 456 177 276 368 133,3
Атырау 490 554 466 571 660 115,6
Батыс Қазақстан 1059 1055 815 808 872 107,9
Жамбыл 280 283 268 278 272 97,8
Қарағанды 802 339 270 262 257 98,1
Қостанай 759 722 611 557 530 95,2
Қызылорда 295 33 - - - -
Маңғыстау 585 1812 1350 1008 1179 117,0
Павлодар 686 673 712 642 578 90,0
Солтүстік Қазақстан 423 361 428 416 199 47,8
Түркістан 146 171 - 170 - -
Шығыс Қазақстан 951 703 616 539 592 109,8
Астана қ. 741 687 659 646 327 50,6
Алматы қ. 1475 1537 1118 1122 1120 99,8
Шымкент қ. 1415 1527 1368 1376 1383 100,5
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУМЕН, ӨҢДЕУМЕН ЖӘНЕ КӘДЕГЕ
ЖАРАТУМЕН АЙНАЛАСАТЫН КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ ОРТАША АЙЛЫҚ ЖАЛАҚЫСЫ
2017 жылы орташа есеппен алғанда, қалдықтарды жинаумен, өңдеумен және кәдеге жаратумен айналасатын кәсіпорындардағы (кәсіпкерлік қызметпен айналасатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) жалдамалы жұмыскерлердің орташа айлық номиналды жалақысы 100318 теңгені құрады, бұл 2016 жылдың деңгейінен 7,7% жоғары.
2017 жылдың қорытындылары бойынша талданып отырған қызмет түрінің жұмыскерлерінің орташа айлық жалақысы орташа республикалық көрсеткіштен 33,5% төмен болды (анықтама үшін, Қазақстан Республикасында 2017 жылы жалақы 150827 теңге болды).
2018 жылдың бірінші жарты жылында жалдамалы жұмыскерлердің орташа айлық жалақысы 103194 теңге құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеніне қарағанда 6,7% төмен.
Қызмет түрлері бойынша жалдамалы жұмыскерлердің орташа айлық жалақысының динамикасын талдаудан көретініміз, қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату кәсіпорындарында жалақысы жоғары– 2017 жылы 149,9 мың теңге және 2018 жылдың 2 тоқсанында 155 мың теңге. Ең аз жалақы қалдықтарды жинаумен айналасатын кәсіпорындардың жұмыскерлерінде – 90,8 мың теңге және 92,3 мың теңге сәйкесінше.
Жалдамалы жұмыскерлердің жалақысының өсуі оң тенденцияға ие екендігін атап өту керек.
11- диаграмма Қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату бойынша қызметтерді көрсететін кәсіпорындарда жұмыс істейтін жалдамалы жұмыскерлердің орташа айлық жалақысының динамикасы
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
Қалдықтаржы жинау, өңдеу және кәдеге жарату бойынша кәсіпорындарда жұмыс істейтін жалдамалы қызметкерлердің жалақысы көлемі бойынша көшбасшылардың үштігіне Атырау облысы (151,3 мың теңге), Астана қ. (145,7 мың теңге) және Алматы қ. (132,5 мың теңге) кіреді.
12- диаграмма Аймақтар бойынша 2018 жылдың ІІ тоқсанында қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату бойынша кәсіпорындарда жұмыс істейтін жалдамалы жұмыскерлердің орташа айлық номиналды жалақылары (теңге)
Атырау 151344
Астана қ. 145677
Алматы қ. 132518
Павлодар 129664
Шығыс Қазақстан 128325
Солтүстік Қазақстан 121250
Қазақстан Республикасы 103194
Батыс Қазақстан 94870
Жамбыл 91090
Қостанай 87211
Қарағанды 85263
Шымкент қ. 78861
Алматы 74320
Ақтөбе 66571
Ақмола 58490
Маңғыстау 51661
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
Ең аз жалақыны Маңғыстау облысы (51,7 мың теңге, бұл орташа республикалық деңгейден екі есе және Атырау облысының көрсеткішінен 3 есе төмен), Ақмола облысы (58,5 мың теңге) және Ақтөбе облысы (66,6 мың теңге) алады.
7-кесте Аймақтар бойынша қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату бойынша кәсіпорындарда жұмыс істейтін жалдамалы жұмыскерлердің орташа айлық номиналды жалақысының динамикасы
теңге
2013
2014
2015
2016
2017 2016 жылға қатысты
2017 жылдағы өсу қарқыны, %
Қазақстан
Республикасы
71568
78583
87166
93124
100318
107,7
Ақмола 61529 62119 77090 70214 70699 100,7
Ақтөбе 69323 72271 75502 63942 73744 115,3
Алматы 51340 57774 55354 65535 64790 98,9
Атырау 142638 162153 171243 203947 249606 122,4
Батыс Қазақстан 71542 75715 78083 86404 88615 102,6
Жамбыл 54717 63022 66036 58126 77692 133,7
Қарағанды 54251 56865 66321 67381 69156 102,6
Қостанай 74394 76937 74820 73012 75416 103,3
Қызылорда 54857 - - - - -
Маңғыстау 55793 58514 74856 75211 60397 80,3
Павлодар 62692 75289 85350 92149 104244 113,1
Солтүстік Қазақстан 60588 63424 67038 66720 100189 150,2
Түркістан* 43295 56217 61673 68611 73430 107,0
Шығыс Қазақстан 54782 66685 80306 84012 103038 122,6
Астана қ. 98303 113210 106511 101545 164177 161,7
Алматы қ. 106010 113775 129860 152468 133351 87,5
2013
2014
2015
2016
2017 2016 жылға қатысты
2017 жылдағы өсу қарқыны, %
Шымкент қ. 44283 57706 61673 69856 73430 105,1
* баға
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
ЖИНАЛҒАН ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАНҒАН КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ КӨЛЕМІ
2017 жылы елдің жиналған қалдықтарының 2,6% құрайтын жиналған коммуналдық қалдықтардың жалпы көлемі 3,4 млн. тоннаға жетті. Осы көлемнің 431 мың тоннасы өздігімен қалдықтарды шығаратын кәсіпорындарға тиесілі.
2016 жылға дейін коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемдерінің баяу азаю тенденциясы байқалуда (өздігімен шығаратын кәсіпорындарды есептемегенде), дегенмен 2017 жылы олардың көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 21,4% құрады да, 2984 мың тоннаға жетті.
13- диаграмма Жиналған және тасымалданған коммуналдық қалдықтардың жылдық көлемінің динамикасы (өздігімен кәсіпорындарды ескермегенде)
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
2013-2016жж. елдің тұрақты адам басына шаққандағы коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемінің азаю тенденциясы байқалды. Дегенмен, 2017 жылы Қазақстанда бір адамға 165,4 кг коммуналдық қалдық келетін, бұл 2016 жылдың деңгейінен 4,6% жоғары, бірақ 2013 жылдың көрсеткішінен 20,6% төмен.
14- динамика Адам басына шаққандағы коммуналды қалдықтарды динамикасы
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
69% коммуналды қалдықтар (өздігімен шығаратын кәсіпорындарды есептемегенде) үй шаруашылығында түзіледі, тағы 15% дала қоқыстары, ал 11% өндірістік қоқыстар (тұрмыстық қоқыстарға теңестірілген).
15- диаграмма Коммуналдық қалдықтардың түзілу көздері (өздігімен шығаратын кәсіпорындарды есептемегенде)
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
2017 жылдың қорытындысы бойынша жиналған және тасымалданған қалдықтардың ең үлкен көлемі Алматы қ – жалпы республикалық көлемнен 16% құрады, сонымен қатар Астана қ. – 13% және Қарағанды облысы - 12%.
16- диаграмма 2017 жылдың қорытындысы бойынша аймақтарға шаққанда жиналған және тасымалданған қалдықтардың көлемінің үлестік таратылуы (өздігімен шығаратын кәсіпорындарды есептемегенде)
Шығыс Қазақстан 6%
Түркістан 4%
Солтүстік Қазақстан 2%
Астана қ.13%
Алматы қ.16%
Шымкент қ.6%
Ақтөбе 6%
Алматы 5%
Павлодар 8%
Маңғыстау 4%
Атырау 2%
Батыс Қазақстан 3%
Қызылорда 2%
Қостанай 6%
Қарағанды 12%
Жамбыл 3%
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
Жиналған және тасымалданған қалдықтардың ең аз көлемі Қызылорда, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында – республикалық көлемнен 2% бойынша.
2017 жылы жиналған қалдықтардың 2,6 млн. тоннасы (85,8%) қатты тұрмыстық қалдықтар үшін полигондарға тасымалданды, 0,4 млн. тонна (11,7%) шеткі ұйымдарға/қоқыс өңдеуші зауыттарға берілді.
17- диаграмма 2017 жылы тасымалдау бағыттары бойынша коммуналдық қалдықтар көлемінің таратылуы
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
2017 жылы елдің тек 7 аймағы ғана жиналған коммуналдық қалдықтардың бір бөлігін қоқыс өңдеуші зауыттарға тасымалдады – бұл Атырау, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қ.. Ал Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан обылстары және Шымкент қ. жиналған коммуналдық қалдықтарды толығымен ҚТҚ полигондарына тасымалдады.
8-кесте Жиналған және тасымалданған қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі (өздігімен шығаратын кәсіпорындарды есептемегенде)
мың тонна
2016 2017 2016 жылға 2017
жылы, %
Қазақстан Республикасы 2813,6 2984,0 106,1
Ақмола 160,9 115,0 71,4
Ақтөбе 165,7 163,9 98,9
Алматы 139,4 146,6 105,2
Атырау 57,5 59,0 102,5
Батыс Қазақстан 67,6 78,3 115,7
Жамбыл 60,2 79,9 132,7
Қарағанды 306,4 350,1 114,3
Қостанай 162,1 181,0 111,7
Қызылорда 41,4 46,7 112,6
Маңғыстау 132,9 117,2 88,2
Павлодар 233,5 240,3 102,9
Солтүстік Қазақстан 75,6 68,7 90,8
Түркістан 88,2 122,6 55,7
Шығыс Қазақстан 146,5 183,7 125,4
Астана қ. 383,3 377,2 98,4
Алматы қ. 460,5 470,6 102,2
Шымкент қ. 131,8 183,3 83,4
* - баға
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті е
СҰРЫПТАУҒА, КӘДЕГЕ ЖАРАТУҒА ЖӘНЕ САҚТАУҒА КЕТЕТІН ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ КӨЛЕМІ
2017 жылы 3,2 млн. тонна коммуналдық қалдықтар сұрыптауға, кәдеге жаратуға және сақтауға келіп түсті, бұл 2016 жылдың көрсеткішінен 9,6% есе жоғары.
2017 жылдың қорытындысын бойынша 2,6 млн. тонна коммуналдық қалдықтар ары қарай сақтау үшін келіп түсті (қоймалау, полигондарда, қоқыс үйінділерінде көму), бұл қалдықтар көлемінің 80,5% құрайды және 2016 жылдың көлемінен 0,5% асып түседі, бірақ 2016 жылдың деңгейінен 10% төмен.
Келіп түскен қалдықтардың 442,7 мың тоннасы немесе 13,7% кәдеге жаратылды, яғни қайталама материалдар немесе энергетикалық ресурстар ретінде пайдаланылды. 2017 жылы кәдеге жаратылған қалдықтардың көлемі 2016 жылдың көрсеткішінен 27,9% асып түсті.
18- диаграмма Сұрыптауға, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және сақтауға келіп түскен қалдықтардың көлемін тарату
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
2017 жылы 182,3 мың тонна (5,7%) қалдық сұрыпталды, бұл 2016 жылдың қорытындысын бойынша сұрыпталған қалдықтардың көлемінен 13 есе асып түседі және 2015 жылдың ұқсас кезеңі үшін 16 есе асып түседі.
Ары қарай қайта өңдеу үшін 2017 жылы қалдықтардың 5,3 мың тоннасы (0,2%) жіберілді, бұл өз кезегінде 2016 жылдың көлемінен 2,8 есе көп.
2017 жылдың қорытындысы бойынша сұрыпталған қалдықтардың көлемі пластмасса мен пластикке тиесілі - 44,3% (80,8 мың тонна, бұл 2016 жылдың деңгейінен 35 есе жоғары), сонымен қатар макулатура, картон және қағаз қалдықтары – 33,3% (60,7 мың тонна, 2016 жылдан 10,3 есе жоғары).
2017 жылы сынған шынының көлемі 12,1 мың тоннаға жетті, бұл сұрыпталған қалдықтардың 6,6% құрайды және 2016 жылдың деңгейінен 40 есе асып түседі.
19- диаграмма Қалдықтар түрі бойынша сұрыпталған қалдықтардың көлемі
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
2017 жылы ары қарай өңдеу үшін сұрыпталған қалдықтардың көлемінен жіберілді: 1,9 мың тонна сынған шыны (қайта өңдеуге жіберілген қалдықтардың жалпы көлемінің 35,7%), 825 тонна тағамдық қалдықтар (15,7%), 816 тонна пластмасса және пластик қалдықтары (15,5%), 791 тонна түсті және қара металл сынықтары (15%).
20- диаграмма 2017 жылы қалдықтар түрлері бойынша қайта өңдеуге жіберілген қалдықтардың көлемі
полиэтилентерефталат қорап қалдықтары
Түсті және қара металл сынықтары 791
Ағаш, жапырақтар 449
Макулатура, картон қағаз қалдықтары 294
Шина 205
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
2017 жылы қайта өңдеуге жіберілген сұрыпталған қалдықтардың құрылымында 8,5% ағаштар мен жапырақтарға тиесілі (449 тонна), 5,6% - қағаз қалдықтарына (294 тонна), ал 3,9% автомобиль шиналары (205 тонна) құрайды.
2017 жылы қалыптастырылған қалдықтардың жалпы көлемінен 329,5 мың тонна басқа кәдеге жарату түрлеріне жіберілді, бұл 2016 жылдың ұқсас көлемінен 17,9% артық.
2017 жылы 113,2 мың тонна полигонның құрылыс шараларына жіберілді, бұл 2016 жылдан 69,5% жоғары.
21- диаграмма Пайдалану бағыттары бойынша 2017 жылдағы қалдықтар көлемі
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
2017 жылы кәдеге жаратылған қалдықтардың жалпы көлемінің 2 млн. тоннасы алдын ала сұрыпталмаған аралас коммуналдық қалдықтар болып табылады. 2016 жылы осы көлем 2,2 млн. тонна құрағанын атап өту керек, бұл 2017 жылдың деңгейінен 13,4% жоғары.
22- диаграмма 2017 жылы қалдықтар түрлері бойынша кәдеге жаратылған қалдықтардың көлемі
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
Кәдеге жаратылған 358 тонна қалдықтар сұрыптаудан кейінгі қалдықтарды құрайды. Сонымен қатар, 2017 жылы 117 мың тонна өнеркәсіптік қалдықтар кәдеге жаратылды және 116,4 тонна – құрылыс қалдықтары.
9-кесте 2017 жылы аймақтар бойынша сұрыптауға, кәдеге жаратылған және сақтауға келіп түскен қалдықтардың көлемі
мың тонна
Келіп түскен қалдықтарды ң барлығы келіп түскен қалдықтардың жалпы көлемінен
сұрыпта лды
қайта өңдеуге жіберілді
кәдеге жаратыл ды
сақтауға түсті өздігімен шығаратын
кәсіпорындард ың
қалдықтары
Ақмола 3224,8 182,3 5,3 442,7 2596,6 431,0
Ақтөбе 143,7 0,0 x - 143,7 83,4
Алматы 167,9 - - 47,3 120,6 4,8
Атырау 607,5 - - 369,4 238,1 36,2
Батыс Қазақстан 55,7 x x x x x
Жамбыл 79,7 - - - 79,7 12,6
Қарағанды 79,8 9,1 - - 70,8 4,0
Қостанай 363,4 x - - 243,9 55,0
Қызылорда 249,9 2,8 2,7 x 247,0 88,5
Маңғыстау 30,4 5,2 x 5,2 25,2 2,1
Павлодар 119,2 x - x 112,2 2,4
Солтүстік Қазақстан 287,4 - - 0,2 287,2 57,2
Түркістан 73,2 - - - 73,2 9,2
Шығыс Қазақстан 127,7 - - - 127,7 5,9
Астана қ. 187,3 x - - 178,3 12,6
Алматы қ. 429,5 x - - x x
Шымкент қ. 222,6 x - - 207,8 38,0
х – құпия ақпарат
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
ХАЛЫҚ ҮШІН БЕЛГІЛЕНГЕН ҚОҚЫСТЫ ШЫҒАРУ ТАРИФІ
Бір адамға санағанда қоқысты шығару құны 2017 жылдың соңында орташа есеппен республика бойынша 164 теңге болды, бұл 2016 жылдың соңына қарағанда 10 теңгеге немесе 6,5% жоғары, сонымен қатар 2012 жылдың тарифінен 34,4% жоғары.
23- диаграмма Бір адамнан қоқыстарды шығаруды төлеу үшін алынатын тарифтердің динамикасы
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
Қыркүйектің соңында қоқысты шығару бағасы республика бойынша орта есеппен 180 теңгені құрады. Тарифтің өсуі Алматы қ. болды, мұнда қоқысты шығару 341 теңгеден (2018 жылдың тамыз айындағы жағдайы бойынша) 212 теңгеге (62,2%) өсті, қыркүйектің соңында 553 теңгені құрады. Сонымен қатар Орал қ. өсті, мұнда қоқысты шығару тарифі ағымдағы жылдың тамыз айында 115 теңгеден қыркүйек айында 215 теңгеге өсті (яғни өсім 100 теңгені немесе 87% құрады).
24- диаграмма 2018 жылдың қыркүйек айының соңындағы ірі қалалар бойынша бір адамнан қоқысты шығару үшін төлеу тарифі (теңге)
Алматы Қарағанды
287 553
Астана 259
Қостанай 224
Өскемен 222
Орал 215
Семей 200
Шымкент 185
Ақтау 180
Қазақстан Республикасы 180
Петропавловск 169
Павлодар 160
Көкшетау 159
Қызылорда 149
Талдықорған 134
Атырау 120
Жезказған 114
Тараз 107
Ақтөбе 105
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
Аймақтар ішінде көшбасшы 2018 жылдың қыркүйек айының нәтижесі бойынша Алматы қ. (553 теңге), бұл республика бойынша орта есеппен алынған тарифтен 3,1 есе асып түседі.
Қазақстанның ірі қалаларының ішінде ең төмен тариф Ақтөбе қ. (105 теңге).
Бұл тариф орташа республикалық деңгейдің 58% құрайды.
Максималды және минималды тарифтер арасындағы айырмашылық 5,3 есені құрайды.
Алматы қ. тариф 2018 жылдың қыркүйек айында жылына 550 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын кешенді іске қосумен байланысты өскенін атап өту керек.
10- кесте Қазақстан Республикасының ірі қалалары бойынша халық үшін қоқысты шығару тарифтерінің динамикасы
тамыз
қыркүйе к тамызға қатысты қыркүйек,
%
Республика Казахстан 131 141 143 154 164 169 180 106
Астана 261 259 259 259 259 259 259 100
Алматы 308 308 308 341 341 341 553 162
Шымкент 100 100 111 111 185 185 185 100
Ақтау 85 85 85 160 160 180 180 100
Ақтөбе 105 105 105 102 102 105 105 100
Атырау 120 120 120 120 120 120 120 100
Жезқазған 80 114 114 114 114 114 114 100
Көкшетау 159 159 159 159 159 159 159 100
Қарағанды 145 145 145 277 277 287 287 100
Қостанай 160 161 161 161 224 224 224 100
Қызылорда 120 120 120 120 149 149 149 100
Орал 115 115 115 115 115 115 215 187
Өскемен 77 156 156 156 156 222 222 100
Павлодар 160 160 160 160 160 160 160 100
Петропавловск 148 168 169 169 169 169 169 100
Семей 200 200 200 200 200 200 200 100
Талдықорған 91 110 118 128 128 134 134 100
Тараз 107 107 107 107 107 107 107 100
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ҚЫЗМЕТІ
Экспорт мен импортты ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті және ҚР Статистика комитеті есепке алады.
Статистика жөніндегі ҚР комитеті Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қатысушы елдері бойынша сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасына (СЭҚ ТН) сәйкес тауарлардың экспорты мен импортын қадағалайды. ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті қалған елдермен (ЕАЭО кірмейтін) республикалармен сыртқы сауда операцияларын есепке алуды жүргізеді.
2017 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің және ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 78,1 млрд. АҚШ долларын құрады және 2016 жылмен салыстырғанда 25,7% ұлғайды.
11- кесте Қазақстан Республикасындағы сыртқы сауда айналымының динамикасы
млн. АҚШ доллары
2013 2014 2015 2016 2017 I-VI 2018
Сыртқы сауда айналымы 133506,0 120755,3 76523,5 62113,7 78067,9 44087,5
Алдыңғы жылға пайызбен 100,5 90,4 63,4 81,2 125,7
экспорт 84700,4 79459,8 45955,8 36736,9 48486,3 28861,0
Алдыңғы жылға пайызбен 98,0 93,8 57,8 79,9 132,0
импорт 48805,6 41295,5 30567,7 25376,7 29581,6 15226,6
Алдыңғы жылға пайызбен 105,3 84,6 74,0 83,0 116,6
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті және ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті
2017 жылы Қазақстанның басқа елдерге экспорты 48,5 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылдан 32% жоғары. 2017 жылы импорт 29,6 млрд. АҚШ долларын құрады – 2016 жылға қатысты өсу қарқыны 116,6 % болды.
12- кесте. Қазақстан Республикасындағы қатты тұрмыстық қалдықтардың СЭҚ ТН сыртқы сауда айналымының динамикасы
Сыртқы сауда айналымы Экспорт Импорт
тонна мың доллар тонна мың доллар тонна мың доллар
2013 7383,1 4109,2 5053,8 3148,3 2329,3 961,0
2014 7474,8 4117,9 4483,7 2126,4 2991,1 1991,6
2015 7462,0 2175,5 3626,2 479,1 3835,8 1696,4
2016 13717,3 2931,1 7217,0 909,0 6500,4 2022,1
2017 16421,6 3745,9 12023,3 1675,1 4398,3 2070,7
I-VI 2018 14445,8 3588,5 8920,3 1248,7 5525,5 2339,8
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті және ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті
Коммуналды қалдықтардың (қағаз, шыны және пластмасса) негізгі үлесін құрайтын қатты тұрмыстық қалдықтар бойынша 2017 жылы Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы 3,7 млн.АҚШ доллары және 16,4 мың тонна – алдыңғы 2016 жылға қарағанда өсімі сәйкесінше 27,8% және 19,7%.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың сыртқы сауда құрылымында экпортқа қарағанда, 2015 жылдан бастап импорттық жеткізілім және талданып отырған кезеңде импортқа қарағанда экспорт (2015 жылды есептемегенде) басым.
2017 жылда қатты тұрмыстық қалдықтардың баға көлемі 2,1 млн.АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 2,4% жоғары.
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті және ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті
2017 жылда қатты тұрмыстық қалдықтардың бағалық көлемі 1,7 млн. АҚШ долларын құрады, 2016 жылға қарағанда 84,3% жоғары.
Осы тауарлық позициядағы экспорттың бағалық көлемі тұрақсыз, өсу және төмендеу кезеңдері бар.
26- диаграмма Қатты тұрмыстық қалдықтардың экспорты мен импортының шынайы мәніндегі динамикасы
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті және ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті
Қатты тұрмыстық қалдықтардың шынайы мәніндегі импорт көлемі 2017 жылы 4,4 мың тонна болды, бұл 2016 жылға қарағанда 32,3% төмен.
2017 жылы қатты тұрмыстық қалдықтардың экспорт көлемі 12,0 мың тоннаны құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 66,6% жоғары және осы санаттағы тауарлардың импорт көлемінен асып түседі.
Талданып отырған кезеңде тауарлық тобы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар оң сауда теңгеріміне ие (импортқа қарағанда экспорттың артуы).
Осы зерттеуде қарастырылып отырған қатты тұрмыстық қалдықтар келесі кодтардың негізінде СЭҚ ТН жіктемесіне сәйкес қалыптасады:
СЭҚ ТН 3915 - «Қалдықтар, скрап, пластмасса кесінділері»
СЭҚ ТН 4707 - «Регенерацияланатын қағаз немесе картон (макулатура және
қалдықтар)»
СЭҚ ТН 7001 - «Шыны кесік, шыны скрап және басқа қалдықтар»
27- қалдықтар Негізгі тауарлық позициялар бойынша шынайы мәніндегі қатты тұрмыстық қалдықтардың экспорт көлемінің құрылымы (пайызбен)
37,7% 47,5% 33,7% 53,1%
71,2% 60,2%
31,3% 15,1% 22,9% 41,5% 35,0%
2013
СЭҚ Т 2014
Н "3915" 2015
СЭҚ 2016
ТН "4707" 2017
СЭ I-VI 2018
Қ ТН "7001"
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті және ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті
Жоғарыда келтірілген диаграмма соңғы жылдарда тұрақсыз екендігі анық. Егер 2013 жылы негізгі экспорт СЭҚ ТН «Қалдықтар, скрап және пластмассадан қалдықтар» келетін болса, онда 2017 жылы осы позиция 41,5% құрады, 2018 жылдың бірінші жарты жылында– 35%.
2018 жылы көшбасшы позицияға 53,1% экспорт көлемімен СЭҚ ТН
«Регенерацияланатын қағаз немесе картон (макулатура және қалдықтар)» ие. 2017 жылы СЭҚ ТН «Шыны кесік, шыны скрап және басқа қалдықтар» үлесі 24,8% деңгейінде, ал 2018 жылдың бірінші жарты жылы бойынша – 11,8%.
28- диаграмма Негізгі тауарлық позициялар бойынша шынайы мәніндегі қатты тұрмыстық қалдықтардың импорт көлемінің құрылымы (пайызбен)
I-VI 2018
СЭҚ ТН "7001"
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті және ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті
Қатты тұрмыстық қалдықтардың негізгі үлесі СЭҚ ТН
«Регенерацияланатын қағаз немесе картон (макулатура және қалдықтар)» тиесілі (2017 жыл бойынша 87,2%). СЭҚ ТН «Қалдықтар, скрап және пластмассадан қалдықтар» үлесі 2017 жылы 6,1%, СЭҚ ТН «Шыны кесік, шыны скрап және
басқа қалдықтар» үлесі - 6,6% (ал 2015 жылы осы тауарлық позицияға 35,9% тиесілі болды).
29- диаграмма Негізгі тауарлық позициялар бойынша бағалық мәніндегі қатты тұрмыстық қалдықтардың экспорт көлемінің құрылымы (пайызбен)
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті және ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті
2017 жылдың қорытындысы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтардың экспорт бойынша бағалық мәнінде «Қалдықтар, скрап және пластмассадан қалдықтар» позициясы басым, оның үлесі 55,8% құрады. СЭҚ ТН
«Регенерацияланатын қағаз немесе картон (макулатура және қалдықтар)» үлесіне 2017 жылда 31,3% тиесілі болды (2015 жылы – 66,4%), ал СЭҚ ТН
«Шыны кесік, шыны скрап және басқа қалдықтар» үлесі - 12,9% (бұл экспорт көлеміндегі ең аз мән.
30- диаграмма Негізгі тауарлық позициялар бойынша бағалық мәніндегі қатты тұрмыстық қалдықтардың импорт көлемінің құрылымы (пайызбен)
ТНВЭД "7001"
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті және ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті
Қатты тұрмыстық қалдықтардың импорт бойынша бағалық мәнінде
«Регенерацияланатын қағаз немесе картон (макулатура және қалдықтар)» позициясы басым, оның үлесі 2017 жылы 80,3% құрады. СЭҚ ТН «Қалдықтар, скрап және пластмассадан қалдықтар» үлесіне 2017 жылда 12,7% тиесілі болды, ал СЭҚ ТН «Шыны кесік, шыны скрап және басқа қалдықтар» үлесі - 7% (2018 жылдың бірінші жарты жылында 0,2% ғана).
13-кесте Негізгі тауарлық позициялар бойынша шынайы және бағалық мәніндегі қатты тұрмыстық қалдықтардың экспорт және импорт көлемі
2013 2014 2015 2016 2017 I-VI
2018
Экспорт – барлығы, тонна 5053,8 4483,7 3626,2 7217,0 12023,3 8920,3
Қалдықтар, скрап және пластмассадан
қалдықтар
3596,1
1403,2
546,7
1652,0
4991,3
3124,3
Регенерацияланатын қағаз немесе картон
(макулатура және қалдықтар)
758,2
1691,5
2184,3
3425,2
4052,1
4740,7
Шыны кесік, шыны скрап және басқа
қалдықтар
699,5
1388,9
895,2
2139,7
2979,9
1055,3
Импорт – барлығы, тонна 2329,3 2991,1 3835,8 6500,4 4398,3 5525,5
Қалдықтар, скрап және пластмассадан
қалдықтар
41,6
103,5
257,8
238,4
270,2
628,9
Регенерацияланатын қағаз немесе картон
(макулатура және қалдықтар)
1893,4
2425,0
2202,7
5608,0
3837,3
4867,2
Шыны кесік, шыны скрап және басқа
қалдықтар
394,3
462,7
1375,3
653,9
290,8
29,4
Экспорт – барлығы, мың АҚШ доллары 3148,3 2126,4 479,1 909,0 1675,1 1248,7
Қалдықтар, скрап және пластмассадан
қалдықтар
2983,7
1441,3
121,4
324,4
935,0
469,8
Регенерацияланатын қағаз немесе картон
(макулатура және қалдықтар)
108,7
323,5
318,2
457,7
524,8
705,6
Шыны кесік, шыны скрап және басқа
қалдықтар
55,8
361,6
39,4
126,8
215,3
73,3
Импорт – барлығы, мың АҚШ доллары 961,0 1991,6 1696,4 2022,1 2070,7 2339,8
Қалдықтар, скрап және пластмассадан
қалдықтар
66,0
387,7
238,3
111,5
262,3
611,6
Регенерацияланатын қағаз немесе картон
(макулатура және қалдықтар)
645,0
1256,0
974,4
1712,9
1662,8
1723,8
Шыны кесік, шыны скрап және басқа
қалдықтар
250,0
347,9
483,7
197,7
145,6
4,4
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті және ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті
2017 жылдың қорытындысы бойынша шынайы мәнінде қатты тұрмыстық қалдықтардың негізгі экспорттаушы елі Өзбекістан болып табылады, Қазақстан үшін экспорт көлемі 54%. Ресейге экспорт үлесі 44% құрайды.
Шынайы мәнінде қатты тұрмыстық қалдықтардың ірі импорт бойынша серіктесі Ресей, оның үлесі 92%.
31- диаграмма Шынайы мәнінде қатты тұрмыстық қалдықтардың экспорт және импорт көлемдері бойынша ірі мемлекеттер
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті және ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті
2017 жылы экспорттаушы елдердің арасында қатты тұрмыстық қалдықтардың экспорт көлемінің үлестік таратылуы Өзбекістан (53%) мен Ресейге (45%) экспорттық жеткізіліммен сипатталады.
32- диаграмма Бағалық мәнінде қатты тұрмыстық қалдықтардың экспорт мен импорт көлемдері бойынша ірі елдер
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті және ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті
2017 жылы қатты тұрмыстық қалдықтардың импорт көлемі бойынша ірі серіктес Ресей болып табылады, оның үлесі 88%.
Келесі кестеде Қазақстанның сыртқы сауда қызметі шеңберінде негізгі серіктес елдер бойынша деректер келтірілген. Кестеде елдер 2017 жылдың қорытындысы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтардың экспорты мен импорт көлемдері бойынша төмендеу арқылы сұрыпталған.
14-кесте Бағалық мәніндегі қатты тұрмыстық қалдықтардың сыртқы сауда қызметі бойынша негізгі серіктестер
мың АҚШ доллары
2013 2014 2015 2016 2017 I-VI 2018
Экспорт-барлығы 3148.3 2126.4 479.1 909.0 1675.1 1248.7
Өзбекістан 11.4 48.5 151.3 894.9 647.5
Ресей 2974.7 2074.3 368.6 725.8 750.2 529.3
Бельгия 31.7 24.3 25.4 3.7
Қырғызстан 22.3 11.5 19.6 2.3 66.1
Басқа елдер 3148.3 2126.4 479.1 909.0 1675.1 1248.7
Импорт - барлығы 961.0 1991.6 1696.4 2022.1 2070.7 2339.8
Ресей 891.5 1966.5 1662.5 1955.5 1831.9 1697.3
Иран 0.1 161.3 554.1
Қырғызстан 17.6 46.2 33.8
Басқа елдер 69.5 25.0 33.9 49.1 31.4 54.6
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті және ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті
ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР НАРЫҒЫНЫҢ 2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ СЫЙЫМДЫЛЫҚ БОЛЖАМЫ
Қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының сыйымдылығы ресурстар мен пайдалану теңгерімі негізінде есептелді. Осы теңгерім деректері ресурстардың қалыптасу көздерін және оларды пайдалану каналдарын сипаттайды.
Статистика жөніндегі ҚР комитетінің деректеріне сәйкес 2017 жылы жиналған қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі 3 млн. тоннаны құрады, алдыңғы жылға қарағанда өсу қарқыны 6,1%. 2013-2017 жж. Орташа жылдық өсу қарқыны 96,6% құрады.
ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің және ҚР Статистика жөніндегі комитеттің деректері бойынша қатты тұрмыстық қалдықтардың (макулатура, пластмасса және сынған шыны) импорт көлемі шынайы мәнінде 2017 жылы 4,4 мың тонна болады, бұл 2016 жылға қарағанда 32,3% төмен.
2017 жылда қатты тұрмыстық қалдықтардың экспорт көлемі 12,0 мың тоннаны құрады, бұл 2016 жылдың экспорт көлеміне қарағанда 66,6% асып түседі және осы санаттағы импорт көлемінен 2,7 есе жоғары.
33- диаграмма Қазақстан Республикасындағы қатты тұрмыстық қалдықтардың шынайы мәніндегі ресурстар мен пайдалану теңгерімі
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті және ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті
2017 жылда қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының сыйымдылығы 2976,3 мың тонна болды, бұл 2016 жылға қарағанда 163,4 мың тоннаға немесе 5,8% жоғары.
Қазіргі уақытта Қазақстанның сыртқы сауда қызмет көрсеткіштері қатты тұрмыстық қалдықтар нарығына айтарлықтай әсер етпейді. Дегенмен, елдің полигондарында 2019 жылдан бастап, жеке коммуналдық қалдықтарды көмуге тыйым салынғандықтан, экспорттық жеткізілімнің артуы күтілуде. Қатты тұрмыстық қалдықтардың экспорт көлемінің өсуі Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтар қайталама шикізат болатын өндіріс алға қойылғанша жалғаса беретін болады.
Талданып отырған нарықтың қалыптасуына әсер ететін барлық көрсеткіштер мен факторларды кешенді талдауға сәйкес болжайтын болсақ, 2022 жылға қарай қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының сыйымдылығы 3,2 млн. тоннаға жетуі мүмкін, ағымдағы күйінен 6,5% асып түседі және орташа жылдық өсу қарқыны 1,3% болады.
34- диаграмма Қазақстан Республикасындағы алдағы 5 жылда қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының сыйымдылық болжамы
3545,0 3444,8 3235,7 2812,9 2976,3 3014,1 3052,4 3091,1 3130,3 3170,0
2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі комитеті. 2022 жылға дейінгі болжам- баға
Алдағы 5 жылда қатты тұрмыстық қалдықтардың өсу қарқыны шамалы көлемде ғана болжанатын болса, онда коммуналдық қалдықтардың құрылымы бөлек жиналатын қалдықтар үлесінің ұлғаюымен едәуір өзгерістерге ие болуы мүмкін. Осындай тенденция 2019 жылдан бастап, қалдықтардың тізіміне қатысты Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне толықтыруларды енгізумен байланысты.
ДӘРІС
ҚТҚ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНДІРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ҚТҚ қайта өңдеу бойынша зауытты ұйымдастыру жоспарында өндірістік үрдіс үшін қажетті техниканы және машиналарды жайғастыру үшін бөлмені сатып алу немесе жалдау, қажетті жабдықтарды және арнайы заттарды сатып алу көзделуде.
Осы өндіріс түрін ұйымдастырғанда, ең маңыздысы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаумен және қайта өңдеумен айналасу үшін лицензияны рәсімдеу үрдісі болып табылады.
Қалдықтардан жасалатын өнімдер мен шикізаттардың сұрыптамасы кәсіпорынға табыс әкелуге, жұмыскерлерге жалақы төлеуге, операциондық шығындарды өтеуге, қарыз қаражаттарды өтеуге, салықтарды төлеуге мүмкіндік береді.
Сарапшылардың бағасы бойынша, орта есеппен алғанда, 100000 тонна қалдықтардан 50000 тонна және одан да артық түрлі шикізаттардың көлемі шыға алады. Шикізаттарды қайта өңдеу бойынша зауыттар өнімдерге бағаны сақтағанда, өндірістік қызметті дамытуға, несиені қайтаруға, кәсіпорынның табысты жұмысын қамтамасыз етуге болады.
Кәсіпорында инновациялық жұмыс әрдайым жүргізіліп отырылады, бұл жоғары нарықтық бәсекелестікті қамтамасыз етуге, өнімнің сұрыптамасын кеңейтуге, өнімділікті арттыру және тұтынылатын энергияны үнемдеу арқылы өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді.
2-3 жылда Қоқыстарды қайта өңдеу бойынша зауыт өндірісті толығымен игере алады, ҚТҚ және басқа қалдықтардың толық қайта өңделуін қамтамасыз етеді, ары қарай дамытқанда олардың негізінде шикізаттық және тауарлық өнімдердің кең спектрін шығара алады, параллель жүзінде әлеуметтік және экологиялық мәселелердің бірқатарын шеше алады, сонымен қатар шетел нарықтарына шығу үшін алғышарттарды жасай алады.
Бүгінгі күнде «контейнер-машина-үйінді» түрінде қоқыстарды ұсақтап қайта өңдейтін бірнеше кішігірім компаниялар жұмыс істеуде, олардың көбісі бәсекелестікті сезбейді, себебі бұл нарық әлі де бос. Бұл бизнес ұзақ уақыт табыс әкелмейді және инвестициялардың көп көлемін талап етеді, сондықтан осындай кәсіпорын үшін бизнес-жоспары барлық есептеулермен, мерзімдермен, тәуекелдермен толық нұсқаулық ретінде болуы керек.
Сарапшылардың дәлелдеуінше, «контейнер-қоқыс тасымалдағыш-үйінді- рекультивация» классикалық кәдеге жарату нысаны қазіргі уақытта әлеуетті қауіпті болып табылады, себебі топырақпен жабылған үйінді жылыжай әсерін береді, «үйінді газының» көзі болып табылады және аз тиімділікті.
Бүгінде әлемде қоқыстарды кәдеге жарату үшін 900 астам термиялық станциялар бар. Бұл станциялар жыл сайын 0,2 млрд. тонна қоқысты қайта өңдейді, 130 млрд. кВтч электрэнергиясын шығарады. Осы сегменттегі көшбасшы технология дәстүрлі қоқысты жағу үрдісі болып табылады. Дегенмен, плазмалық газдандыру сияқты "үздік қайта өңдеу технологиясы" сегментінің келешегі бар және оның үлесі биологиялық станциялар сияқты жыл сайын өсіп отырады.
Сарапшылардың бағалауынша, осы бизнес түрі басты бәсеке артықшылығымен сипатталады – жоғары тұрақтылық деңгейі, себебі тұрғын үй қоры күтуді және тазалықта ұстауды талап етеді. Бірақ саладағы табыс жоғары емес.
Соңғы он жылдарда өндірісі дамыған елдерде де, Қазақстанда да қалдықтарды басқару стратегиясы едәуір өзгерістерде ие болуда. Осындай өзгерістердің басты себептері қоршаған ортаның ластану деңгейінің жоғарылауы, оның адам денсаулығына негативті әсері, сонымен қатар экологиялық саясат пен заңнамадағы орын алған өзгертулер. Осылайша, қалдықтарды басқару саласындағы саясат, ең бастысы, пайда болатын қалдықтардың көлемін азайтуға және оны максималды пайдалану әдістерін дамытуға бағытталған.
Бүгінде «қоқыс құрамдас қалдықтарды қайта өңдеу мен сұрыптау» сегментіндегі бәсеке орта оны сұрыптау мен қайта өңдеу жүйесін орталықтан құруды талап етеді, бұл инвестициялар үшін жағымды ортаны құрайды. Қоқыстарды өңдейтін зауыттар шамалы, қоқыстарды қайта өңдейтін кешендер – дана-дана, ал қоқыс көп.
Қазақстанда ҚТҚ қайта өңдеу мәселесін шешу үшін, ең алдымен, қоқыстарды жинауды, осы материалдарды қайта өңдеуді және бірінші реттік өнімді өндіру үшін қайталама шикізатты немесе екінші реттік өнімді жасауды іске асыруға мүмкіндік беретін тұрмыстық қалдықтарды шаруашылыққа тартуға арналған инфрақұрылымды құру қажет. Мысалы, осындай мәселелерді шешу үшін Германияға 20 жыл қажет болды.
Соңғы онжылдықта қоқысты қайта өңдейтін кешендерге деген сұраныс бірнеше есе өсті, бұл осы саланы табыс үшін қызықты етеді. Егер қоқысты қайта өңдейтін зауытты бірнеше жерге орналастырса, шикізаттың ағыны тұрақты болып тұрады. Санитарлық ережелерге сәйкес, әр қалада қатты тұрмыстық қалаларды жиану үшін орындар бекітіледі. Осындай жиналатын алаңдардың ауданы қаланың ауданына тәуелді болады және бірнеше мың шаршы метрге жетеді.
Кез келген өндірісті ашу – бұл әрдайым да еңбек сыйымдылықты және шығынды үрдіс. Бірақ мұнда оның артықшылығы бар: мемлекет пен түрлі қорлар шығындардың бір бөлігін осындай өндірісті ашу үшін субсидиялайды, себебі қоқысты қайта өңдейтін зауыттар қалалық құрылыстың даму стратегиясына кіреді.
Сондықтан осындай кешенді ашу үшін келесідей ресурстар қажет:
• Компанияның өзіндік ақшалай қаражаты.
• Қорлардың инвестициялары.
• Аумақ үкіметінен немесе қала әкімшілігінен субсидиялар.
• Өндіріс орналасатын жер телімі.
• Қоқысты сұрыптау мен пресстеу үшін технологиялық жабдық.
• Оқытуды қажет ететін адам ресурстары.
• Зауытқа шикізатты жинау мен жеткізу үшін көлік.
• Газға, суға және электр желісіне қосылу үшін техникалық шарттар.
Қарапайым түрінде ҚТҚ қайта өңдеу технологиялық үрдісі келесідей болады:
• ҚТҚ жинау.
• Кәсіпорынға жеткізу.
• Қажет болса, бірнеше желілерде сұрыптау, пластикті, шыныны, металды, қағазды және полиэтиленді бөліп алу.
• Қайталама шикізатты қайта өңдеу және өндірістің сауалдарына жауап бермейтін шикізатты пресстеу.
• Қайталама шикізатты саты және персстелген брикеттерді көму.
Қоқысты қайта өңдеу бойынша кішігірім зауыт 600 м2 аумаққа сыйып кете алады. Өндірістік бөлмелердің (300-500 м2) болуы көзделуде, сонымен қатар сыйымды қойманың болуы керек (100 м2). Бөлме қала шетінде немесе өнеркәсіптік аймақта орналасуы керек.
Әрине, осындай зауытты тұрмстық қалдықтардың (үйінділердің) жиналу орындарының жанында салған дұрыс. Осылай қоқыстарды қайта өңдеу орнына дейін жеткізу үшін тасымалдау шығындарын азайтуға болады.
Қоқысты қайта өңдеуші кешенді құру кезінде негізгі шығын бөлігі ғимарат пен жабдық.
ҚТҚ қайта өңдеу желісін іске қосу үшін келесі сатыларды өту керек:
• Бизнес-жоспарды құру, инвестицияларды белгілеу.
• Аймақтың және жергілікті биліктің қолдауын алу.
• Зауыт үшін жер телімін және ҚТҚ көму бойынша полигонды алу.
• Коммуникацияларға қосылу үшін техникалық шарттарды алу.
• Сұрыптаушы желілер орналасатын құрылыстарды салу.
• Жабдықтарды сатып алу, орнату, реттеу.
• Жабдықпен жұмыс жасау үшін қызметкерлерді оқыту.
• ҚТҚ жинау үшін көлікті сатып алу.
• Зауыттың дайын қайталама өнімдері үшін сатып алушыларды табу.
• Қоқысты жинау, қайта өңдеу, сату, кәдеге жарату бойынша жұмысты іске қосу.
Сарапшылардың пікірінше, ҚТҚ қайта өңдеу бойынша зауыт екі рет табыс алады: халықтан қоқысты қабылдағанжа және қайталама шикізатты сатқанда. Бұл бірегей бизнес-үлгі десе де болады, мұнда шикізат пен өнім шығын келтірмейді. Бірақ келіп түскен шикізаттың үштен бір бөлігі ары қарай қайта сату үшін пайдаланылатындығын түсіну керек. Қалған бөлігі брикеттерге пресстеледі және ҚТҚ полигондарында көмеді. Осыдан, зауыттың табыстылығы шамамен 45-50% құрайды. Бірақ мұнда да зауыт үш-төрт жылдың ішінде өзін ақтап шығады, бұл өндіріс үшін жақсы көрсеткіш болып табылады.
Қоқыстарды қайта өңдеу бойынша зауытқа бәсекені осындай зауыт немесе жергілікті билік зауытқа қолдау көрсетпесе жергілікті ҚТҚ полигон жасауы мүмкін.
Әр бизнес-жобаның өз тәуекелдері бар — бұл да құпия емес. Негізгі тәуекелдер:
• Қоқысты қайта өңдеу бойынша зауыттың жеке желілерін пайдалану басында аз айналым, соның нәтижесінде тұрып қалу.
• Бизнесті жүргізуде тәжірибенің жоқтығы.
• Кәсіпорынның қызмет басында клиенттердің аз болуы.
ҚТҚ қайта өңдеу зауытын жобалау кезінде тәуекелдерді азайту үшін бірнеше жабдықтаушылармен шикізатты сатып алу шартын жасасып алу керек. Бұл материалдың жетіспеушілігін болдырмауға мүмкіндік береді. Өндіріс үздіксіз болуы керек, сол кезде ғана клиенттерді жеткілікті өнімдер санымен қамтамасыз етуге болады.
Бастапқы салымдардан асып түсудің қажеті жоқ. Нарықта тұрақталу және даму сатылары бойынша кеңею керек. Бастапқыдағы шығындардың үлкен мөлшері критикалық қатеге және банкроттыққа алып келуі мүмкін.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ҚТҚ қайта өңдеу бойынша пайдаланылатын әдістер экологиялық қауіптілік (полигонда ҚТҚ көму, ҚТҚ газ оттықтарымен бірге жағу), қолмен жұмыс істеудің жоғары деңгейі (ҚТҚ жеке құраушыларға сұрыптау), қайта өңдеу үрдісінің жеткіліксіз жылдамдығы (биогазды өндіру) сияқты кемшіліктерге ие.
ҚТҚ қайта өңдеу тәсілдерін сәйкесінше жан-жақты талдау келесі қорытындыларды жасауға алып келді:
• Сұрыпталған ҚТҚ кәдеге жарату үшін төмен температуралы пиролизді қондырғыларлы салу қоқыстарды бөлек жинау іске асырылатын, сонымен қатар ҚТҚ сұрыптау алға қойылған жерде ғана жарамды.
• Егер ҚТҚ жинау орындарында сұрыптау жоқ болса, онда плазма- химиялық қайта өңдеуді пайдалану өзекті болады, себебі ҚТҚ алдын ала сұрыптау бойынша шығындар болмайды.
• ҚТҚ плазма-химиялық қайта өңдеу тәсілі басқа ҚТҚ өңдеу тәсілдерінің алдында артықшылықтарға ие, себебі қайта өңдеу кезінде шығарылатын газды жинау үшін экологиялық тәуекелдерді азайтады.
• ҚТҚ плазма-химиялық қайта өңдеу тәсілінің маңызды артықшылығы – негізгі өнімдерді (газ, жылу) алудан басқа, бөлшектеу кезінде құрылыс материалдары (шағыл, кварцты топырақ және т.с.с.) бола алатын вулканды шыны мен материалдар түрінде өнімді алуға болады.
МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК
МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазіргі уақытта көптеген елдердің алдында ондаған жыл бұрын құрылған инфрақұрылымды жетілдіру мәселесі тұр. Әсіресе, «сауықтыруды» әлеуметтік сала объектілері талап етеді: емхана, поликлиника, бала-бақша, мектеп, жалпы қолданыстағы жолдар және т.б. Мұндай жаңарту едәуір ақшалай қаражатты салуды талап етеді, бұл өз кезегінде балама қаржыландыру көздерін іздеу қажеттілігін туындатады. Осы міндеттерді шешу үшін бірден-бір әрекет мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) болып табылады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы ынтымақтастық нысаны. МЖӘ әлеуметтік маңызы бар салаларда мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің өзара тиімді ынтымақтастығын көздейді, мұнда тапсырыс беруші мемлекет, ал кәсіпкерлер орындаушы болып табылады.
МЖӘ мақсаты қоғамдық әл-ауқаттардың және қызметтердің қолжетімділік және сапа деңгейін арттыру үшін ресурстарды біріктіру арқылы мемлекет пен жеке сектордың арасында ұзақ уақытылы ынтымақтастықты қалыптастыру және күшейту болып табылады.
МЖӘ негізгі міндеттері:
• ҚР орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің тиімді өзара іс- қимылы үшін жағдайлар жасау;
• нфрақұрылымды және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін дамыту үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру арқылы мемлекет экономикасына инвестициялар тарту;
• халықтың, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі деңгейін және сапасын арттыру;
• ҚР жалпы инновациялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің түрлері
1. Келісімшарттық МЖӘ
• Лизингті шарт (ары қарай сатып алумен жалдау)
• ҒЗТКЖ шарттары (жаңа технологияларды жасау, стартап компанияларды құру)
• Өмірлік цикл шарттары (жобалау, салу мен пайдалану)
• Сервистік шарттар (күту мен жетілдіру)
2. Институционалды МЖӘ
• Мемлекеттік және жеке әріптестердің біріккен кәсіпорны
o Бюджеттен квазимемсекторды капитализациялау баламасы
o Жеке сектор және мемлекеттік серіктес қарыздық қаржыландыруды тарту үшін бірігіп «equity» құрады
o Жобадан мемлекеттік әріптестің шығу механизмі «exit».
1- сурет Келісімшарттың және институционалдық мемлекеттік-жекешелік
әріптестіктің айырмашылықтары
МЖӘ заңында келесі келісімшарттар түрлері қарастырылған: концессия; мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару; мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу); лизинг; технологиялар әзірлеуге, тәжірибелік үлгі дайындауға, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынауға және аз сериялы өндіріске жасалатын шарттар; өмірлік цикл келісімшарты, сервистік келісімшарт және басқа да шарттар.
Келісімшарттың қандай да бір түрін таңдау МЖӘ объектісіне байланысты.
Мысалы, келісімшарттың түрін анықтаудағы негізгі ұсыныстар:
• егер әлеуметтік инфрақұрылым және өмірді қамтамасыз ету объектілерін салу (қайта құру) және пайдалану көзделсе, онда концессия шарты (денсаулық сақтау объектілері, жолдар, көпірлер және т.б.) жасалуы мүмкін;
• тиімді пайдалануды талап ететін мемлекеттік меншік объектілері бойынша – мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға МЖӘ шарты болуы мүмкін (спорт кешендері, білім беру мекемелері, емханалар және т.б.);
• құрылысты көздемейтін, жеке меншік объектілерін пайдалануды көздейтін жобаларды жоспарлағанда – жеке әріптестің мүлігін жалдау МЖӘ шарты болуы мүмкін (балалық мектепке дейінгі мекеме, фельдшерлік-акушерлік пункттер, қазаңдықтар және т.б.);
• жобалаудан пайдалануға (немесе кәдеге жарату) беруге дейінгі толық циклді талап ететін объектілер бойынша өмірлік цикл шартын пайдалануға болады.
Институционалды МЖӘ мемлекеттік бюджет есебінен квазимемлекеттік секторды капиталдандыру баламасы ретінде қарастырылады. Егер дәстүрлі бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру сұлбасы кезінде мемлекет республикалық қаражаттың немесе жергілікті бюджеттің есебінен квазимемлекеттік компаниялардың жарғылық капиталын толтырса, сонымен
қатар осы қаражаттың есебінен жобаны іске асырса, онда институционалды МЖӘ кезінде мемлекеттік және жеке әріптестер бірігіп МЖӘ компанияларының жарғылық капиталын қалыптастырады және МЖӘ жобаларын іске асыру қарыздық қаржыландыруды тартады.
Осы сұлбаның бірқатар артықшылықтары бар:
• өзіндік қаражатын сала отырып, жеке әріптес мемлекетпен тәуекелдерді бөліседі, сәйкесінше маркетинг, табыстылық және қаражатты қайтару саласында талдау жасалады.
• Банктік қаржыландыруды тарту үшін әріптестер МЖӘ жобаның қаржы тұрақтылығын және қарызды өтеу үшін ақшалай ағынның болуын қамтамасыз етуге міндетті болады.
• Жобаны іске асыру бірігіп компаниялармен бақыланатын органдар арқылы жобалық басқару әдісіне негізделетін болады.
Институционалды МЖӘ тиімді емес мемлекеттік инвестициялық жобалардың санын азайтуға мүмкіндік береді, сонымен қатар жобаға қатысатын мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың заманауи жобалық және корпоративтік басқару әдісіне көшуге септігін тигізеді.
Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары алғашқыда 2006 жылы іске асырылды. Арнайы құқықтық МЖӘ платформасын құру бойынша алғашқы қадам 2006 жылдың 07 шілдесінде «Концессиялар туралы» заңды қабылдау арқылы іске асырылды. Дегенмен, осы заңды ендіру күтілген тиімділікті әкелмеді. 2005-2014 жж. Аралығында не бәрі 6 МЖӘ шарттары жасалды, мұнда республикалық маңыздағы 3 жоба ғана ендірілді: «Шар станциясы – Өскемен» темір жолы, аймақаралық электр беріліс желісі «Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы»», Ақтау қ. Халықаралық әуежайының жолаушылар терминалы. Осы жобалардың құны 46,2 млрд теңге.19
Жобалар санының шектелуі Концессиялар туралы заңның әрекет етуімен байланысты болды. Осы құжатты пайдалану тек ірі инфрақұрылымдық жобаларда іске асыруды көздеді. Сонымен қатар, осы заңда маңызды буын қосылған жоқ – көптеген активтерге ие квазимемлекеттік сектор, Қазақстанның ұлттық компаниялары. Бастапқы редакцияда институционалды МЖӘ туралы заңда әңгіме болмаған. Осының бәрі жаңа аспаптарды жасауды талап етті.
Аз ғана санына қарамастан, сынамалы жобалардың тәжірибесі оңтайлы әсерге ие болды:
• Мемлекеттік объектілерге инвестициялау үшін мемлекеттік емес қаржыландыруды тарту;
• Мемлекет пен бизнес арасында жобаны іске асыру бойынша тәуекелдерді бөлу;
• Жеке инвесторға басқарушылық функцияларды беру арқылы экономикалық тиімді басқаруды қамтамасыз ету;
• Инфрақұрылымды дамытуға заманауи, жоғары тиімді технологияларды тарту.
19 Ақпараттық агенттік Strategy2050.kz, https://strategy2050.kz
2015 жылы ҚР «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» заңы қабылданды. Бұл құқықтық база МЖӘ саласы бойынша бірқатар шектеулерді алып тастады, қатысушылар құрамын кеңейтті, шарттардың түрі мен нысандарын кеңейтті, сонымен қатар жеке қаржы бастамасы мүмкіндігін ендіруге мүмкіндік берді.
Нормативтік реттеуді жетілдіру МЖӘ жобаларын ендіру үрдісін үдетті. Салыстыратын болсақ 2003-2016 жж. Аралығында 61 млрд.теңгеге 23 шарт
жасалды, ал 2017 жылы 146 млрд.теңгеге 160 шарт жасалды.
Егер МЖӘ қазіргі дамуы туралы айтатын болсақ, 2018 жылы 12 шілдедегі жағдайы бойынша 792,8 млрд. теңгеге 240 объект бойынша 228 МЖӘ шарты жасалды.
15- кесте Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жобаларын іске асыру (2018 жылдың 12 шілдесіндегі жағдайы бойынша)
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік Жасалған шарттар/объектілер Пайдалануға берілген объектілер Салынып жатқан объектілер
Саны 228 / 240 167 63
Сомасы, млрд. теңге 792,8 101,3 691,3
Дереккөз: ҚР Ұлттық экономика министерлігі, http://economy.gov.kz
Егер МЖӘ негізгі пайдаланылу салалары туралы айтатын болсақ, онда жергілікті деңгейде білім беру және денсаулық сақтау сияқты әлеуметтік маңызы бар бағыттар басым, олардың үлесі барлық республика бойынша 117 және 47 жоба болады. Сонымен қатар, жергілікті деңгейде МЖӘ желісі бойынша мәдениет пен спорт, ауыл шаруашылығы, энергетика және ЖКХ, құрылыс және т.б. салаларында жобалар іске асырылуда.
МЖӘ туралы заңнамаға сәйкес МЖӘ мемлекеттік қолдау бойынша келесідей шаралар қолданылды:
• Инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекеттің кепілі;
• МЖӘ жобаларын қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдер;
• Мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне ерекше құқықтарды беру;
• ҚР заңнамасына сәйкес шынайы гранттарды ұсыну;
• МЖӘ жобаларын қоса қаржыландыру;
• МЖӘ жобаларын іске асыру барасында өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) нақты көлемін мемлекетпен тұтыну кепілі.
16- кесте Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің пайдасы
Мемлекет үшін Жеке әріптес үшін Халық (тұтынушы) үшін
• Бюджеттік қаражатты үнемдеу
• Инфрақұрылымды тездетіп дамыту
• Сапалы қызмет көрсету
• Инвестицияларды және жеке сектор тәжірибесін тарту
• Жеке секторға
тәуекелдердің жартысын өткізу • Ұзақ уақытылы, тұрақты табыс
• Жаңа табыс көздері
• Валюталық тәуекелдерді ескере отырып, секвесттелмейтін шарттар
• Инвесторлардың мүдделерін заңды қорғау, оның ішінде мемлекеттің бастамасы бойынша және заңнның өзгеруі кезінде концессиялық шарттың біржақты тоқтатылуынан қорғау • «Сапа-баға» оңтайлы қатынасы
• Дамыған инфрақұрылымға қолжетімділік
• Сапалы қызметтер базасына қолжетімділік
• Оңтайлы
мультипликативті әсер
Дереккөз: “МЖӘ Қазақстан орталығы” АҚ «Сервистік шарттарды пайдалану мүмкіндігі МЖӘ туралы заң» презентациясы, http://kazee.kz
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңға сәйкес Ұлттық кәсіпкерлер палатасы келесі функцияларды іске асырады:
• Жеке әріптестік анықтау бойынша конкурстық комиссияға қатысу;
• Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруды қадағалауға қатысу.
Кәсіпкерлер үшін күтілетін қолдау:
• МЖӘ жалпы мәселелері бойынша кеңес беру.
ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ САЛАСЫНДА МЖӘ МЕХАНИЗМІН ҚОЛДАНУ
МЖӘ жобаларын кез келген экономикалық қызметте іске асыру қажеттілігі маңыздылық, қажеттілік және іске асыру мүмкіндігі тарапынан негізделуі керек.
Кәсіпкерлік және билік органдары субъектілерінің ынтымақтастық шарттарында қаржыландырулы тарту механизмі Қазақстанда қатты тұрмысттық қалдықтарды басқару саласында драйвер болуы мүмкін, себебі ағымдағы мәселелерді шешуге мемлекет те қосылады.
МЖӘ сұлбаларының артықшылығы – жеке кәсіпкер ҚТҚ қайта өңдейді және қоймалайды, шығындарды төмендетеді және тұрақтандырады, сол уақытта өнімділікке кепілдік береді. МЖӘ сұлбасын пайдалана отырып, бизнесмен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауытты салады және оны белгіленген уақыт ішінде басқарады.
Өз кезегінде, мемлекет өз жұмыс саласын азайтады және тәуекелдерді төмендетеді. Оны орындауды бақылайды, қоқысты қайта өңдейтін зауытты салу үшін уақытша тегін жер телімін пайдалану құқығын береді және ағымдағы полигонды МЖӘ шеңберінде сенімді басқаруға береді, бұл сәйкес коммуналдық инфрақұрылымды қамтамасыз етеді. Ал бұл әлеуметтік маңызы бар объектілерге салынған бюджетті жеке инвестициялар арқылы оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Біздің елде МЖӘ пайдалана отырып, ҚТҚ басқару және қайта өңдеуге болады, мұны халықаралық тәжірибе тек растайды. Егер қалдықтарды басқару бойынша жаңа сұлбаны құру жөніндегі жұмыс жақын арада басталмаса, онда экологиялық жағдай тек нашарлай береді.
ҚР Статистика жөніндегі комитеттің деректері бойынша, Қазақстанда барлық жиналатын қалдықтардың тек 0,2% ғана қайталама өңдеуге жатады, сол уақытта Еуропа одағында бұл 32% құрайды және тез қарқынмен өсіп келуде. Біздің елдегі ҚТҚ қайта өңдеу пайызының аздығы дамымаған салалық инфрақұрылымның нәтижесі болып табылады, сонымен қатар қайта өңдейтін кәсіпорындардың аз санына байланысты.
ҚТҚ-мен жұмыс жасаудың кешенді стратегиясында концессиялық келісімдерді пайдаланумен МЖӘ пайдалану қажеттілігіне акцент жасалды.
МЖӘ механизмдерін пайдалануға алғышарттар, ең біріншіден, қарастырылып отырған аумақта қатты тұрмыстық қалдықтардың жеткілікті нарық көлемі, жеке жақтың шығындарын өтеу үшін бюджеттен қаржыландырудың болуы, сонымен қатар инвестицияларды қайтару кепілі сияқты экономикалық факторлар болуы керек.
Екіншіден, алғышарттар әкімшілік-саяси факторлар болып табылады, олардың ішінде аумақ билігінің өкілдерін экономика субъектісіндегі түрлендірулерге және ҚТҚ нақты саласының дамуына уәждеменің болуы, яғни олардың ашықтығы; МЖӘ саласында жобаларды іске асырудағы тәжірибенің болуы. Бұдан басқа, келешек жария әріптес жоба тәуекелдерінің біршамасын өзіне алуға дайын болуы керек.
Сонымен қатар, МЖӘ механизмдерін пайдалана отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін маңызды алғышарттар - аймақтарда ҚТҚ саласында жеке стратегиялардың немесе бағдарламалардың болуы керек.
Мұнда осы факторлардың барлығы болса да, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласындағы МЖӘ жобаларын іске асыру аймақта экономикалық дәйекті және бәсекеге қабілетті кәдеге жарату тарифтері болмаса сәтті болмайды. Аймақтардағы заманауи тарифтер, шын мәнісінде, жеке әріптеске табыс табуға, шығындарды өтеуге мүмкіндік бермейді. Аймақтық билік азаматтардың төмен табысына және басқа қызметтерге жоғары бағасына байланысты ҚТҚ бойынша тарифтерді арттыра алмайды.
Жобаның тартымдылығы мен сәтті іске асырылуы үшін ҚТҚ бөлек жинау жүйесін ендіру және халықпен тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау үшін уәждеменің болуы талап етіледі.
Бүгінде рұқсат етілген полигондар баршылық, сонымен қатар мыңдаған рұқсат етілмеген үйінділер де бар, олар табиғатқа күрделі зиян келтірді және ары қарай мән бермеу қауіпті нәтижелерге әкелуі мүмкін. Қазақстанда бүгінде туындап отырған қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс жасау бойынша жағдай қоршаған ортаның ластануына алып келуде және халықтың денсаулығына зиян келтіреді.
Осылайша, Қазақстанда МЖӘ сұлбасын пайдалана отырып, ҚТҚ басқару мен қайта өңдеу мүмкін және өткір қажеттілік болып табылады (осыны халықаралық тәжірибе растайды).
Осыған байланысты, ҚР ірі қалаларында және 300 мың адамнан асатын агломерацияларында МЖӘ механизмін пайдалана отырып, ҚТҚ басқару бойынша жобаларды іске асыру мүмкін. Осы жобалар бірыңғай операторды құрудан тұруы мүмкін, ол жеке әріптес, таңдалған аймақта ҚТҚ секторын толық жаңғырту, қалдықтарды жинау мен тасымалдау жүйесін жетілдіру, қоқысты ақйта өңдейтін зауытты салу, жаңа полигонды салу үшін жауапты болады.
ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ САЛАСЫНДА ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫН МЖӘ ЖОБАЛАРЫ
ҚТҚ секторында жобаларды қаржыландыру мен іске асырудың маңызды элементтерінің бірі әлеуметтік инфрақұрылымы және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін қаржыландыруға, құруға, қайта салуға және (немесе) пайдалануға бағытталған мемлекет пен жеке кәсіпкерлік субъектілері арасында ынтымақатстықты көздейтін МЖӘ механизмін пайдалану болып табылады.
ҚТҚ секторында МЖӘ пайдалану мемлекет пен бизнестің тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді, ресурстар мен әлеуетті біріктіреді, осының бәрі экологиялық талаптарды және экономикалық мүмкіндіктермен бизнеске және коммуналды қызметтерді тұтынушыларға сапалы қызметтерді көрсету талаптарын сәйкестендіретін шешімдерді табуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты ҚТҚ басқару жүйесін тиімді арттыру үшін, сонымен қатар ҚТҚ секторында жобаларды іске асыру үшін бюджеттен тыс қаражатты тарту үшін Қазақстан Республикасының концессиялық заңнамасымен қарастырылған МЖӘ бір түрін пайдалану мүмкіндігі бар.
Осылай, 2017 жылы «Алматы қ. Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» КМБ «Алматы қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қолдады.
Осы жобаның келесі негізгі параметрлері анықталды:
• ҚТҚ полигонының болуы;
• Ары қарай жетілдіру арқылы Алматы қ. Қатты тұрмыстық қалдықтар үшін жылына қуаты 500 мың тоннадан кем емес қоқысты сұрыптаушы кешенді салу;
• Жобаны іске асыру үшін қаржыландыру көзін растау;
• Қазақстан Республикасының аумағында кем дегенде 10 жылдай қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс жасау саласындағы тәжірибе;
• Кем дегенде 1000 тонна ҚТҚ жинау мен шығару бойынша орташа тәуліктік көлемді қамтамасыз ету;
• Соңғы 3 жылда кем дегенде 700 мың тонна көлемінде расталған ҚТҚ шығару көлемінің болуы;
• GPS қамтылған 75 бірліктей өзіндік қоқыс тасымалдағыш паркінің болуы.
Мемлекеттік әріптестің тарапынан міндеттер – жобаның іске асырылу мерзімінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу, кәдеге жарату мен көму бойынша құқықтарды беру; контейнерлік алаңдарды беру.
Осы жобаға сәйкес МЖӘ Алматы қ. Қалдықтары үшін қуаты жылына 500 мың тоннадан кем емес жаңа қоқыс сұрыптаушы кешенді салу; Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 301 бабына сәйкес талаптарды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қолдану қарастырылды.
2018 жылдың қыркүйегінде Алматы қ. Алатау ауданында жылына 550 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын кешеннің ресми ашылуы өтті, бұл полигонда көму қауіпсіз инертті және биоыдырайтын материалдарды жіберуге мүмкіндік береді.
Автоматтанды
рылған зауыт шамамен төрт гектар жерді алады. Кәсіпорында 50 мың тоннаға дейін қайталама шикізат алу көзделуде: картон, целлофан, шыны, пластик және металл.
Кейін кешеннің аумағында қайталама шикізатты терең қайта өңдеу үшін қосымша қуат салу көзделуде.
Қалдықтарды басқару бойынша кешенді жүйені ендірумен бірге осының бәрі қаланың қоршаған ортасына экологиялық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Үздік итальян жабдықтары бар кәсіпорынды ендіру 530 тұрақты жұмыс орнын береді. Қала әкімшілігі мен жеке инвесторлар консорциумының арасында ұзақ уақытылы шартты жасасу кәсіпорынның тиімді үлгісін салуға мүмкіндік береді. Тармақтардың біреуі – автопарктың әрдайым жаңартылуы және үрдістерді автоматтандыру. 30 жаңа машина сатып алынды және маршруттарды диспетчерлеу жүйесі ендірілді.
Достарыңызбен бөлісу: |