ЖШС «Индустриалды инженерлі-экономикалық» колледжінің ақпараттық банкі
«Мұғалімге көмек» «Әдістемелік ұсынымдар» сериясы
Жас маманға көмек
Нұр-Сұлтан 2020
Жас маманға көмек
Мазмұны:
Қазіргі заманғы сабаққа қойылатын талаптар
Сабақ тұрпаты мен түрлері
Сабақты талдау. Сабақты өзіндік талдау
Тез арада қалай бастапқы педагогикалық қызмет жағдайларына бейімделу
Қазіргі заманғы сабақты дайындау кезінде мұғалімнің қиындықтары
Бастапқы мұғалімдердің жіберетін қателіктерінің жіктелуі.
Қазіргі заманғы сабаққа қойылатын талаптар
І. Қазіргі заманғы сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар.
1. Білімділік міндеттермен олардың құрамдық элементтерін нақты қалыптастырып, оларды дамытушылық және тәрбиелік міндеттермен байланыстыру.
2. Оқу бағдарламасы мен сабақ мақсаттарына қойылатын талаптарына сәйкес, оқушылардың даярлық деңгейлері мен дайындықтарын есепке ала отыра оңтайлы сабақ мазмұнын анықтау
3. Оқушылардың ғылыми білімдерін меңгеру деңгейін, сабақта, не болмаса оның жеке кезеңдеріндегі біліктері мен дағдыларын қалыптастыруды болжау.
4. Оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін, құралдарын таңдап алу, ынталандыру және бақылау. Олардың әрбір сабақ кезеңіндегі оңтайлы әсер етуі. Таңдау, ол танымдық белсенділікті қамтамасыз етеді, сабақта әр түрлі ұжымдық және оқушыларды оқытудағы максимальді өз бетінше жұмыс істеу.
5. Сабақта барлық дидактикалық қағидаларды жүзеге асыру
6. Оқушыларды табысты оқыту үшін жағдайлар туғызу.
Достарыңызбен бөлісу: |