ІІ. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:
1. Сабақтың психологиялық мақсаты:
1. Нақты оқу пәні мен нақты сабақты игеру барысында оқушылардың дамуын жобалау.
2. Жұмыс істеу барысында тақырыптар мен нәтижелерді игеруде психологиялық міндеттердіт есепке алу.
3. Оқушылардың дамуын қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық іс-әрекетті, әдістемелік тәсілдерді қарастыру.
2. Сабақ стилі:
1. Дамытушылық оқытудың қағидаларына сәйкес сабақтың мазмұны мен құрылымын анықтау:
- оқушылардың есі мен олардың ойлау қабілетіне түсетін күштің қатынасы;
- жаңғырту мен шығармашылық іс-әрекеттің көлемін айқындау;
- дайын түрде білімді меңгеруді жоспарлау (мұғалім сөзінен, оқулықтар мен көмекші құралдар) және өз бетінше іздену үрдісінде;
- оқушылардың іс-әрекетін бақылау, талдау және бағалау, оны жүзеге асыратын мұғалім, сол сияқты өзара сыни тұрғыда бағалау, өзіндік бақылау мен өзіндік талдау.
- оқушыларды іс-әрекетке талпындыру (сұхбат, істелінген жұмысқа байланысты оң сезімдердің тууы, олардың қызығушылықтарын ынталандыру, қиындықтарды еріктерімен жеңе білу)
Достарыңызбен бөлісу: |