Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан, сан қыр- лы әрі бай рухани мәдениетінің маңызды бір саласы - қазақ әдебиеті болып табылады. Қазақ әдебиеті Әдебиет тарихы - әдебиет тану ғы- лымының құрамдас, негізгі бір бөлімі тарихы пәні. екені мәлім. Ал, әдебиет тарихы пәні марксизм-ленинизм ілімін басшылыққа ала отырып, көркем әдебиеттің даму процесін қоғамдық өмірдің нақты жағдайымен байланысты түрде алып зерттейді. Әдебиет тарихы пәні әрбір халықтың дамуындағы идея- лық бағыт-бағдарларды, әдеби ағымдарды және олар- дың көркемдік ерекшеліктерін сол халықтың қоғамдық- экономикалық құрылысымен байланысты түрде танып- біледі. Қазақ әдебиеті тарихы пәнінің міндеті де, міне, осындай. Қазақ әдебиеті тарихы әдебиет тану ғылымы- ның құрамдас бөлімі ретінде көркем сөз өнерінің тари- хын халқымыздың төл тарихынан бөліп-жармай, тұтас күйінде алып зерттейді. Сол арқылы ол әдеби шығар- маның туылуын, әдеби өмірдің кемелденуін, сан алуан әдеби бағыттар мен көріктеу құралдарының даму ке- зеңдерін, әдеби процеске тиісінше ықпал еткен қалам- герлердің творчествосын танып--біледі., Қазақ әдебиеті тарихы - қазақ халқының қадым замандардан бастап, бүгінгі күнге дейін жасаған көркем әдебиет туындыларын қамтиды.) Қазақ әдебиеті тарихы- ның оқып үйренетін дәуірі де, пән ретінде өз ішіне қам- титын объектілері де, зерттейтін мәселелері де қыруар көл… Сонымен, қазақ әдебиетінің сан ғасырлық тарихы өте ерте, қадым замандардан, ежелгі дәуірлерден бас- талатыны даусыз. Алайда қазақтар халық ретінде тек XV-XVI ғасырларда ғана қалыптасты деп жүрміз ғой. Ендеше XV ғасырдан арғы жердегі материалдық және рухани мұраның бәрі қазақ халқы үшін жат болғаны 6 ма? Әрине, олай емес. «Қазақ халқының құрылуына не- гіз болған этникалық процестер - түп тамыры ежелгі заманнан, алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, таптық қатынастар туа бастаған заманнан басталатыны» та- рихтан жақсы мәлім1. Бертін келе қазақ халқының құрылуына негіз бол- ған ру-тайпалар көне замандардан-ақ қазіргі Қазақ- станды, Орта Азияны, оңтүстік-шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойы мен Қаспий жағалауларын мекен етті. Қазақ халқын құраған осы ру-тайпалар - кезінде өзбек, қырғыз, азербайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақал- пақ, хақас, башқұрт, татар халықтарының этникалық құрамына енген ру-тайпалармен аралас, көршілес оты- рып өмір сүргені белгілі.