Сабақ жоспары
Күні: 26.11.15 5 «А» сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §27. Қазақ халқының және Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Этнос, алаш пен қазақ ұғымдары, Қазақ елінің жеке халық болып, ұлттық этникалық және антропологиялық негізін қалаған тайпалар туралы түсінік беру. ХІV-ХV ғ-да қазақ жерінде қалыптасқан этносаяси қауымдастықтардың Қазақ хандығының құрылуына негіз болғандығы және қазақ, жүз, алты алаш ұғымдары жөнінде білім беру.
Дамытушылық: Этнос, халық ұғымдарын айыра білуге, ұлт болып қалыптасудың тарихи даму заңдылықтарын түсіне білуге үйрету.
Тәрбиелік: Ру, ата-баба, әулет шежіресінің түпкі мәнін түсіне білу. Ел тарихын, жер тарихын, әулет тарихын білуге, құрметтеуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география, математика
Көрнекілік: Видеоролик, суреттер, слайд, маркерлер,қайшы, желімдер
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
а)Математикалық фигураларды таңдау арқылы «Ұлы жүз», «Орта жүз», «Кіші жүз» топтарына бөлу.
б) Оқу құралдарын түгелдеу, оқушылар назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасы.
Слайд арқылы үй тапсырмасына шолу.Сұрақ – жауап
Сырдария өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болған қала?
Отырар қаласының тез өсіп, гүлденуіне жағдай жасаған?
Отырар қаласының қолбасшысы?
Отырар қаласында жұмыс істеген орындар?
Карточка сұрақтарын беріп, жауап алу арқылы үй жұмысын қорытындылаймын.Ауызша бағалап шығамын.
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақ бастамас бұрын экранға назар аудартып,Қазақ хандығы туралы қысқаша видеоролик көрсетемін.Көрсетіп болған соң оқушылардың өздерінен бүгінгі жаңа сабақ не туралы екенін сұраймын.
Жаңа сабақтың жоспары:
«Ұлы жүз» тобына 1. Қазақ халқының арғы ата-бабалары.
«Орта жүз» тобына 2. «Қазақ» атауының шығу
«Кіші жүз» тобына 3. Қазақ хандығының және жүздердің пайда болуы
3 топқа бөліп беремін. Дәптерлеріне «Қазақ» сөзінің мағынасын жаздыртамын.
Әр топқа өз тақырыптарын оқып шығуға уақыт беремін. Болған соң керекті құрал – саймандарын таратып беріп, оқығандарын қағаз бетіне түсіруге уақыт беремін.Соңынан постерлерін қорғайды.
V.Сергіту сәті.
VІ. Бекіту
Әр топтың тақырыпты игеру барысын тексеру мақсатында «Қауырсын» әдісін пайдаланамын
VІ.Бағалау: Әр топ өзі тыңдаған топтарға смайлик арқылы баға береді
Үйге тапсырма: Керей мен Жәнібек хандар туралы ойтолғау жазу
Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі
«Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы»
Сыныбы: 7 «А»
Тарих пәнінің мұғалімі: Тимур Бекбергенов
Тараз қаласы 2015 жыл
Сабақ жоспары
Күні: 12.12.15 7 «А» сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §22. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Монғол империясының тарихымен таныстыру;
Шыңғысханның қазақ жеріне шапқыншылығы мен оның ауыр зардаптарын көрсету;басқыншыларға қарсы халықтар күресі мен ұлыстардың құрылуы туралы түсінік беру.
Жалпыдан негізгі мәселені ажырата алу үшін танымдық қабілеттерін дамыту, отанымыздың тарихынан сабақ алып, дұрыс қорытынды шығаруға үйрету;
Оқушыларды Отанын қорғауға, батылдыққа, ерлікке, ұлтжандылыққа тәриелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география, математика
Көрнекілік: Видеоролик, суреттер, слайд, маркерлер,қайшы, желімдер
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Т,О,С,И әріптерін таңдату арқылы «Тараз», «Отырар», «Сығанақ», «Испиджаб» деген 4 топқа бөлу.
б) Оқу құралдарын түгелдеу, оқушылар назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасы.
Оқушыларды орта ғасыр уақытына оралып көрейікші, «Ұлы Жібек жолы» заманындағы саудагерлер өздерін болып көріндерші деп, 4 оқушыны саудагерлердің рөлін сомдауға шығарамын. Қолдарына «Ұлы Жібек жолында» сатылымда болған заттардың суретін беремін. Ол суреттердің артына үй жұмысын қайталау сұрақтарын жапсырып қоямын.4 оқушы саудагерлер болып, бірінші «Тараз» қаласына барып сауда жасайды.Олар сол топты қоршап тұрып, тауарларын сұрақ қою арқылы сатады. Ал топ мүшелері жауап беру арқылы сатып алады. 4 саудагер әр топқа барып өз тауарларын дәл солай сатып шығады.
1.Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы?
2. Ата – бабаларынының шығу тегін жан-жануарлармен байланыстыру?
3.Ұлы Жібек жолы деп аталу себебі?
4.Жібек жолы бойымен Иранда ІІІ ғасырда қалыптасқан дін?
5.Ислам дінінің біздің жерімізге ене бастаған себебі?
6.Орта ғасыр қалалар санының өсуі неге байланысты болды?
7.Қандай қыш ыдыстар өте төзімді болған?
8.Әл – Фарабидің шығарған күйі қалай аталады?
9.Қыш құмырашылардың қолы жеткен жетістіктерінің бірі?
10. Сауда – саттық қандай жолдармен жүрді?
Өзімнің тарапымнан тағы да сұрақ-жауап алу арқылы үй жұмысын қорытындылаймын.Ауызша бағалап шығамын.
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақ бастамас бұрын экранға назар аудартып,монғол әскері туралы қысқаша видеоролик көрсетемін.Көрсетіп болған соң оқушылардың өздерінен бүгінгі жаңа сабақ не туралы екенін сұраймын.
Жаңа сабақтың жоспары:
«Тараз» тобына 1. Монғол империясының құрылуы.
«Отырар» тобына 2. Монғол империясының қоғамдық құрылысы
«Сығанақ» тобына 3. Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы
«Испиджаб» тобына 4. Жаулап алу зардаптары. Ұлыстардың құрылуы
4 топқа бөліп беремін. Дәптерлеріне «Жасақ, Құрылтай, ұлыс» сөздерінің мағыналарын жаздыртамын.
Әр топқа өз тақырыптарын оқып шығуға уақыт беремін. Болған соң керекті құрал – саймандарын таратып беріп, оқығандарын қағаз бетіне түсіруге уақыт беремін.Соңынан постерлерін қорғайды.
V.Сергіту сәті.
VІ. Бекіту
Слайд арқылы сұрақ – жауаппен бекітемін
VІ.Бағалау: Әр топ өзі тыңдаған топтарға смайлик арқылы баға береді
Үйге тапсырма: Шыңғысханға мінездеме жазып келу
Достарыңызбен бөлісу: |