Үлы Тұранның Ү лдары
37
38
А санбай А С Ң А Р О В
Шындап келгенде, туған атамды да танымаймын,
Оны қайдан білейін, егер әкемді де білмесем”
Ирактың Мансұр деген ірі жетекшісінің қолында 16 жасқа дейін тәрби-
еленген Бирунидің балалық шағы көне Қият мекенінде өткен тәрізді. Бұл
қала жайында араб географы әл-М ұқаддас былай деп жазады: “К өркем
әдебиеттің білгірлері көп жиналған қала өте керемет” Мұның өзі ондағы
мәдени өмірдің жоғары деңгейде болғанын көрсетеді.
Индия мен Қытайға жол ашып, солтүстігінде бұлғарлармен, оңтүстігінде
Иранмен, сондай-ақ Солтүстік батысында Еуропа халықтарымен де сауда-
саттық жасаған Қият ең дамыған елге айналады. Қала қонақтарға толы
болғандықтан, саясат, география ж әне т. б. ғылымдар жөніндегі жаңалық-
тар тез тарайды.
Бирунидің ұстазы — Әбу Насыр Мансұр ибн Эли ибн Ирак Х орезмнен
алыста астрономия мен математиканы ашып, өз еңбегімен әйгілі болған ірі
ғалым еді. Оның мектебінен өтіп, өзін өмір бойы шәкіртімін деп есептеген
Бируни ғылымның биік шыңына дейін көтеріледі.
944 жылы 21 жасында ол эклиптиканың экваторға иілген жазықтығын дәл
аньгқтап береді. “Геодезия” деген еңбегінде: “Мен күннің биіктігіне екі рет
өлшеу жүргіздім. Алғашында Жоржания мен Жейхун (Амудария) жағалау-
ының батыс аралығындағы П уш канз деген селода, сосы н диаметрі 16
сүйемдей горизонт жазықтығымен айналдыра отырып, 363 жылы Йездигер-
дте н ем есе Хижраны ң 384 жылы Х орезм н ің басты қаласы — Қиятта
тәжірибемді сынап көрдім. Ең кысқа көлеңкені өлшеп, оның 7 Г 59” 45" тең
биіктігін таптым. Сонымен бірге күн мен түн т ең еск ен де, к ө л ең к ен ің
көлемін анықтадым. Бірақ Х орезм дегі бүлікке байланысты елім нен
Достарыңызбен бөлісу: |