Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет103/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   188
4.2.4. Бұйрық 
 
 
Бұйрық  –  дара  басшылық  негізінде  іс-əрекет  жасайтын 
министрліктер,  ведомостволар,  бөлімдер,  басқармалар,  мекемелер, 
бірлестіктер, ұйымдар, кəсіпорындар басшылары шығаратын құқықтық 
акті. Бұйрық негізгі шұғыл міндеттерді шешу үшін шығарылады.  
 
Бұйрық  басқару  құжаттарының  ішінде  ең  көп  тараған  түрі.  Ол 
көбіне басқару тəжірибесінде жиі қолданылады.  
 
Бұйрық  мекеменің  немесе  оның  құрылымдық  бөлімшелерінің 
құрылу,  таратылу,  қайта  ұйымдастырылу;  оларға  өзгеріс  енгізу 
мақсатында  ережелерді,  нұсқаулықтарды  бекіту;  кəсіпорынның 
жұмысын  ұйымдастыру,  қаржыландыру,  жоспарлау,  есеп  беру, 
жабдықтау,  өнімдерді  сату  жəне  басқа  да  өндірістік  мəселелер, 
сондай-ақ  кадр  мəселелері  бойынша  жұмысқа  қабылдау,  ауыстыру, 
босату  жəне  т.б.  мəселелер  бойынша  шығарылады.  Бұйрық  шығару 
арқылы  басшы  қызметкерлердің  алдына  негізгі  міндеттерді  қояды, 
түбегейлі  мəселелерді  шешу  жолдарын  көрсетеді.  Бұйрық  осы 
кəсіпорынның  барлық  қызметкерлері  үшін  орындауға  міндетті. 
Жекелеген  жағдайларда,  бағыныштылығына  байланыссыз  ұйымдар 
мен лауазымды тұлғалардың үлкен тобына қатысты болуы да мүмкін.  


 
131
 
Төмендегі құжаттар бұйрықпен ресімделуге жатады: 
 
●  кəсіпорын  үшін  тұрақты  сипаттағы  жəне  орындалуы  міндетті 
жұмыстарды 
ұйымдастыруға 
байланысты 
шешімдер 
мен 
тапсырмалар; 
 
●  ережелерді,  жарғыларды,  тəртіптерді,  нұсқаулықтарды  жəне 
с.с.-ды бекіту жəне енгізу; 
 
● құрылымдық бөлімшелерді қайта құру, құру, тарату мəселелері; 
 
●  кəсіпорын  жұмысының  қорытындылары,  хабарландыру, 
жүргізілген тексеріс қорытындылары; 
 
● қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, босату; 
 
● қызметкерлерді көтермелеу, тəртіптік жазаға тарту жəне басқа 
да кадрлық мəселелер. 
 
Бұйрықтар  нақты  қажеттік  туындаған  кезде  ғана  шығарылуы 
керек.  Бұйрыққа  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  тек  бұйрық 
арқылы ғана жүргізіледі.  
 
Бұйрық шығаруға төмендегілер заңдық негіз бола алады: 
 
● Қазақстан Республикасының заңдары; 
 
● Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарлықтары, өкімдері; 
 
● Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, өкімдері; 
 
●  кəсіпорын  қызметін  құқықтық  реттеудің  қажеттігі,  кəсіпорын 
алдында тұрған шұғыл жəне негізгі мəселелерді шешу. 
 
 
Б+йры ты ресімдеу 3лгілері 
 
  
Ведомоствоның, 
мекеменің, ұйымның 
атауы  
(қазақ тілінде) 
 
БҰЙРЫҚ 
Мемлекеттік елтаңбаның 
немесе диаметрі 20 мм-
ден аспайтын фирмалық 
белгінің орны 
Ведомоствоның, 
мекеменің, ұйымның 
атауы 
 (орыс тілінде) 
 
ПРИКАЗ 
 
 
 
 
00.00.00. № ___________ 
__________ қаласы 
 
_________ №__________  
г.  ________________  
Шығарылатын орны 
(қазақ тілінде) 
 
Шығарылатын орны 
(орыс тілінде) 
 
 
 
___________________  
не туралы екендігі 
 
 
 
 
___________________________________________БҰЙЫРАМЫН: 
 
1. ________________________________________________________. 
 
1) ________________________________________________________; 


 
132
 
2) ________________________________________________________;  
 
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау  
________________________________________________ жүктелсін. 
 
 
 
 
(аты-жөні) 
3. Негіздеме_____________________________________________.  
 
 
 
 
Мекеменің басшысы   __________  
 
_____________
 
 
 
 
 
 
 
(қолы) 
 
     (аты-жөні) 
 
Белгі 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет