Өрт дабылының апатты жағдайына байланысты
МІНДЕТТЕЙМІН:
1. Өрт дабылын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсін. Жауапты – жөндеу-
техникалық қызметтің бастығы М. Қадыров. Орындау мерзімі – 10.06.2007 ж.
2. Жөндеу жұмыстарын жүргізуді бақылау директордың орынбасары Н.
Омаровқа жүктелсін.
Кəсіпорын директоры
__________
_____________
(қолы)
(аты-жөні)
4.2.3. Нұсқау
Нұсқау – бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, тапсырмаларды жəне
с.с. орындауды ұйымдастыруға байланысты мəселелер бойынша
өкімдік құжат. Нұсқауға кəсіпорын басшысы немесе өз құзыреті шегінде
оның орынбасары қол қояды. Нұсқаудың өкімдік бөлігі «ҰСЫНАМЫН»
деген сөзбен басталады. Нұсқау басқа өкімдік құжаттардан бөлек
жалпы бланкіде ресімделеді.