182
Құжаттар келіп түскен күні немесе келесі жұмыс күнінен
қалдырылмай өңделіп, жөнелтілуі тиіс, ал факсограммалар,
жеделхаттар, сондай-ақ электрондық пошта арқылы баратын құжаттар
шұғыл түрде жіберілуі керек.
Шығыс құжаттары, əдетте, екі дана етіліп басылады. Бірінші, қол
қойылған (бекітілген) данасы алушыға жөнелтіліп, екіншісі – тиісті іске
тіркеледі.
Егер өзге ұйымға жіберілген құжат қайтарылуы керек болса, оған
мөртабан немесе «Қайтарылуы тиіс» деген белгі салынады жəне
мұндай белгілер тіркеу-есепке алу формасына да қойылады.
Бір мезгілде бір алушыға жолданатын құжаттар бір конвертке
салынады.
Ұйымнан шығатын электрондық құжат жəне оның алынғандығы
туралы хабарлама автоматтандырылған ақпараттық жүйеге тіркеледі.
Тіркеу электрондық мəліметтер формасының тиісті тұстарын толтыру
арқылы жүргізіледі.
Электрондық
құжат
жіберушінің
электрондық
цифрлық
қолтаңбасын қабылдаушы жақ тексеріп, құжат мазмұнының
толықтығын, бүлінбегендігін анықтағаннан кейін ғана ол құжат жіберуші
жақтан шықты деп есептеледі.
Электрондық құжатты жолдар алдында оның дұрыс ресімделуі
(міндетті жəне қосымша деректемелерінің, электрондық цифрлық
қолтаңбасының болуы) адресатының дұрыс жазылуы тексеріледі.
Электрондық құжаттың алынғандығын куəландыру ол туралы
жіберушіге куəлік жолдау арқылы жүзеге асырылады. Өз кезегінде бұл
да электрондық құжат болып табылады.
Электрондық құжаттың алынғандығы туралы оны жіберушіге
куəлік жолданбайынша ол құжат алынған жоқ деп есептеледі. Егер
құжат жіберушіге куəлік үш күнге дейін келмесе бұл жөнінде құжат
алушыға мəлімделуі тиіс. Сөйтіп оны қашан алуы қажет екендігі
жөнінде уақытын көрсетуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: