4. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 4.1. Қоғамның Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
құқықтары бар.
4.2. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен бөлек мүлікке ие жəне олардың
міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз
мүлкі шегінде жауапкершілік көтереді.
4.3. Қоғам өз акционерлерінің міндеттемелері бойынша жауапкершілік
көтермейді. Акционерлер де Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді
жəне Қоғам қызметіне байланысты зиян шегу тəуекелдерін Қазақстан
Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өздеріне
тиесілі акциялар құны шегінде көтереді.
4.4. Қоғам өз атынан мəмілелер (шарттар, келісім-шарттар) жасайды,
мүліктік жəне жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді сатып алады жəне
жасайды, сотта талапкер немесе жауапкер болады, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңдарына қайшы келмейтін өзге де қызметтерді
атқарады.
4.5. Қоғам Қазақстан Республикасында жəне шет елде өз филиалдары мен
өкілдіктерін құра алады, өз мүлкі есебінен оларға негізгі жəне айналым қаражатын
бөледі жəне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сəйкес
олардың қызмет тəртібін анықтайды. Филиалдың немесе өкілдіктің мүлкі олардың
жеке балансында жəне жалпы Қоғамның балансында есепке алынады.
4.6. Филиалдардың немесе өкілдіктердің қызметіне Қоғам тағайындайтын
тұлға басшылық жасайды. Филиалдың басшысы жəне өкілдіктің басшысы
Қоғамнан алынған сенімхат негізінде əрекет етеді.
4.7. Қоғам дербес сыртқы экономикалық операциялар жасай алады, бұған
өз қызметіне қажетті экспорттық жəне импорттық мəмілелер де кіреді.
4.8. Қоғам өз қызметін жүзеге асыруға қажетті үй-жайларды, жерді, сондай-
ақ əртүрлі жылжымалы жəне жылжымайтын мүлікті салуға, сатып алуға, алуға
жəне жалға беруге құқылы.
4.9. Қоғам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында жəне осы
Жарғыда көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыра алады.