3. ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МƏНІ 3.1. Қоғам қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының заңдарында
тыйым салынбаған қызметтен таза кіріс алу болып табылады.
3.2. Қоғам қызметінің мəні:
● өндірістік-техникалық мақсаттағы үйлер мен ғимараттарды, тұрғын үйді,
жабдықтар мен басқа да мүліктерді жалға беру (оның ішінде лизинг талабымен);
● салынған жылжымайтын мүлік нысандарын ары қарай кəсіпкерлік
қызметке пайдалану үшін жалға беру (оның ішінде лизинг талабымен) жəне сату
арқылы құрылысын қаржыландыру;
● құрылыс материалдарын өндіру;
●
импортталатын,
сол
сияқты
отандық
өндірістің
құрылыс
материалдарымен, бұйымдармен жəне құралдармен сауда жасау;
● көтерме жəне бөлшек сауда;
● жабдықтарды, құрылыс маитериалдарын, құралдарды, шикізатты,
жиынтықтаушы бұйымдарды, конструкцияларды экспорттау жəне импорттау;
● құрылыс жəне жөндеу-құрылыс жұмыстары;
● қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру;
● ақпараттық, инжирингтік, маркетингтік, делдалдық, дилерлік жəне
дистрибьюторлық, өкілдік жəне басқа да қызметтер көрсету;
● Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да
қызметтер болып табылады.
98
3.3. Қазақстан Республикасының заңдарында лицензиялау көзделген
қызмет түрлерін Қоғам белгіленген тəртіппен тиісті қызмет түріне лицензия
алғаннан кейін жүзеге асырады.