Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет71/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   188
12. АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОР 
 
12.1.  Қоғамның  атқарушы  органының  функциясын  Атқарушы  директор 
атқарады. Атқарушы директор Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылық жасайды. 
Қоғамның  Атқарушы  директоры  акционерлердің  Жалпы  жиналысының  жəне 
Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдерін орындайды. 
12.2.  Қоғамның  Атқарушы  директоры  Қазақстан  Республикасының  заң 
актілерінде  жəне  Қоғамның  Жарғысында  Қоғамның  басқа  органдарының  жəне 
лауазымды  тұлғаларының  құзыретіне  жатқызылмаған  Қоғамның  қызметіне 
қатысты кез келген мəселе бойынша шешім қабылдауға құқылы. 
12.3.  Атқарушы  директор  басқа  ұйымдармен  Директорлар  кеңесінің 
келісімімен  ғана  жұмыс  істеуге  құқылы.  Атқарушы  директордың  функциялары, 
құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заң актілерінде, Қоғамның 
Жарғысында,  сондай-ақ  Қоғаммен  жасалатын  жеке  еңбек  шарттарында 
белгіленген.  Қоғам  атынан  Атқарушы  директормен  жасалатын  жеке  еңбек 
шартына  Директорлар  кеңесінің  Төрағасы  немесе  Жалпы  жиналыс  немесе 
Директорлар кеңесі арқылы осыған уəкілетті тұлға қол қояды. 
12.4. Атқарушы директор: 
1)  акционерлердің  Жалпы  жиналысының  жəне  Директорлар  кеңесінің 
шешімдерін орындауды ұйымдастырады; 
2) үшінші тұлғаларға қатысты Қоғам атынан сенімхатсыз əрекет етеді; 
3) Қоғамды үшінші тұлғаларға қатысты білдіру құқығына сенімхат береді; 
4)  Қоғам  қызметкерлерін  қабылдауды,  ауыстыруды  жəне  босатуды  жүзеге 
асырады  (осы  Заңда  белгіленген  жағдайларды  қоспағанда),  оларға  көтермелеу 
шараларын  қолданады  жəне  тəртіптік  жаза  қолданады,  Қоғам  қызметкерлеріне 
Қоғамның штаттық кестесіне сəйкес лауазымдық жалақы жəне дербес үстеме ақы 
мөлшерін  белгілейді,  Қоғамның  атқарушы  органының  жəне  ішкі  аудит  қызметінің 
құрамына  кірген  қызметкерлерді  қоспағанда,  Қоғам  қызметкерлеріне  əлеуметтік 
пакеттер мөлшерін жəне түрлерін белгілейді; 


 
108
5)  өзі  болмаған  кезде  өз  міндеттерін  орындауды  өз  қызметкерлерінің 
(орынбасарларының) біріне жүктейді; 
6)  міндеттерді,  сондай-ақ  қызметкерлер  (орынбасарлар)  арасында 
өкілеттіктер мен жауапкершілікті бөледі; 
7) Қоғамның ішкі тəртібін реттейтін құжаттарды бекітеді; 
8)  уəкілетті  органның  нормативтік  құқықтық  актілерінде  белгіленген 
тəртіппен  уəкілетті  органның  келісімімен  өкілдіктер  мен  филиалдардың 
басшыларын, басшылардың орынбасарларын, бас бухгалтерлерін тағайындайды; 
9) Қоғамның қызметкерлерін кəсіптік дайындау жəне қайта дайындау туралы 
мəселені шешеді; 
10)  қолданыстағы  заңдарда,  жеке  еңбек  шарттарында,  акционерлердің 
Жалпы  жиналысында  жəне  Директорлар  кеңесінде  анықталған  өзге  де 
функцияларды атқарады. 
12.5.  Атқарушы  директорды  сайлау,  оның  өкілеттігі,  лауазымдық 
жалақысының  мөлшері,  сондай-ақ  өкілеттігін  мерзімінен  бұрын  тоқтату  Қоғамның 
Директорлар кеңесінің шешімімен жүзеге асырылады. 
12.6. Қоғамның лауазымды тұлғалары: 
1)  өздеріне  жүктелген  міндеттерді  адал  орындайды  жəне  Қоғам    мен 
акционерлердің мүдделерін барынша көздейтін тəсілдерді қолданады; 
2)  Қоғамның  мүлкін  Қоғамның  Жарғысына  жəне  акционерлердің  Жалпы 
жиналысы 
мен 
Директорлар 
кеңесінің 
шешімдеріне 
қайшы 
мақсатта 
пайдаланбауы немесе оны пайдалануға жол бермеуі тиіс; 
3)  тəуелсіз  аудит  жүргізуді  қосқанда,  бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  есеп 
жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етуге міндетті; 
4) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сəйкес Қоғам қызметі 
туралы ақпаратты ашуды жəне беруді бақылайды; 
5)  қоғам  қызметі  туралы  ақпараттық құпиялылығын  сақтауға  міндетті,  оның 
ішінде  егер  қоғамның  ішкі  құжаттарында  басқадай  көзделмесе,  қоғамда  жұмысты 
тоқтатқан сəттен бастап үш жыл ішінде сақтауға міндетті. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет