Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


 ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



Pdf көрінісі
бет116/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   188
2. ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 


 
141
 
2.1. Қызметкердің:  
1)  Қазақстан  Республикасының  қолданылып  жүрген  заң  актілеріне, 
Жалдаушының  нормативтік  құқықтық  актілеріне  жəне  осы  Шарттың  талаптарына 
сəйкес еңбек ақысының уақтылы төленуіне; 
2)  Қазақстан  Республикасының  заң  актілерінде  басқа  нəрсе  ескерілмеген 
болса,  кəсіподақтарға  немесе  басқа  қоғамдық  бірлестіктерге  өз  еркімен  мүше 
болуға; 
3) дем алуға;  
4) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген 
кепілдіктер  мен  өтемақыларды алуға; 
5)  еңбек  дауларын  Тараптардың  келісімі  бойынша  немесе  сот  тəртібімен 
шешуге; 
6)  Жалдаушының  еңбек  қатынастарын  реттейтін  нормативтік  құқықтық 
актілерімен танысуға; 
7) 
Республиканың 
азаматтарына 
Конституция 
жəне 
Қазақстан 
Республикасының  заң  актілері  кепілдік  берген  құқықтар  мен    бостандықтарды 
пайдалануға; 
8)  белгіленген  тəртіппен  өзінің  қызметтік  міндетін  атқаруға  қажетті 
ақпаратты жəне материалдарды алуға; 
9)  біліктілігі  мен  қабілетін,  еңбек  ету  (қызмет  ету)  міндеттерін  адал 
атқаратынын ескере отырып, қызметте жоғарылауға; 
10)  Қызметкердің  пікірі  бойынша  ешбір  негізсіз  айып  тағылған  жағдайда, 
Жалдаушыдан қызметіне тергеу жүргізуді талап етуге; 
11)  еңбегін,  денсаулығын  қорғауға,  қауіпсіз  жəне  жоғары  өнімді  жұмысқа  
қажетті еңбек етерлік жағдай жасауды талап етуге; 
12)  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сəйкес  зейнетақымен  жəне 
əлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етілуге; 
13)  Жалдаушының  жоғары  дəрежелі  лауазымды  тұлғаларына  жұмысты 
жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуге;  
14) (лауазымы) жұмыс орны жəне орташа жалақысы сақталатын, денсаулық 
түзеу  үшін  дифференциясы  ескерілген  екі  лауазымдық  жалақы  мөлшерінде  
жəрдем ақшасы төленетін, мереке күндерін есептемегенде ұзақтығы 30 күнтізбелік 
күндік  жыл  сайынғы  еңбек  демалысын  алуға.  Қызметкерге  жыл  сайынғы  ақылы 
демалысты қалауы бойынша  бөліп-бөліп  беруге  болады; 
15)  Жалдаушының  қарамағындағы  əлеуметтік-мəдени  мекемелерді 
пайдалануға;  
16)  еңбек  ету  (қызмет  ету)  міндетін  тиімді  орындау  үшін  өзінің  кəсіби 
деңгейін  жəне біліктілігін арттыруға;  
17)  Жалдаушының  жоғары  дəрежелі  лауазым  иесінен  Қызметкердің 
атқаратын  қызметіне  сəйкес  міндеттерін  жəне  өзінің  өкілеттіктерінің  көлемін  дəл 
белгілеп беруді талап етуге; 
18)  жеке  басын  сыйлауын,  Жалдаушының  лауазым  иелерінің  өзіне  əділ 
жəне құрметпен  қарауын талап етуге; 
19)  денсаулығына  немесе  мүлкіне  келген  зиянның,  сондай-ақ  еңбек  ету 
(қызмет  ету)  міндеттерін  атқаруға  байланысты  науқастығының  немесе  еңбек  ету 
қабілетін жоғалтудың орнын толтыруға; 
20)  осы  Шарттың  жəне  еңбек  туралы  заңдардың  талаптарына  сəйкес 
Шарттың талаптарын өзгертуге жəне оны мерзімінен бұрын бұзуға құқығы бар.  
2.2. Қызметкердің  міндеті:  
1)  өзінің  еңбек  ету  міндетін  Конституцияға,  Қазақстан  Республикасының 
қолданылып  жүрген  заң  жəне  нормативтік  құқықтық  актілеріне,  Жалдаушының 


 
142
нормативтік  құқықтық  актілеріне  (оның  ішінде  Басқарманың  жəне  Директорлар 
кеңесінің  қаулыларына,  Жалдаушының  жоғары  дəрежелі  лауазымды  тұлғалары 
өздерінің  өкілеттігі  шегінде  шығарған  бұйрықтарына,  өкімдеріне,  нұсқауларына 
жəне  тапсырмаларына),  қызметтік  нұсқаулыққа  жəне  осы  Шартқа  сəйкес    адал, 
уақтылы жəне сапалы орындау; 
2)  өзінің  өкілеттігін  өзіне  Жалдаушы  берген  құқық  шегінде  жəне  қызметтік 
міндеттерге сəйкес жүзеге  асыру;  
3)  Жалдаушы  белгілеген  ішкі  еңбек  тəртібінің  ережелерін  жəне  еңбек  
тəртібін орындау;  
4) Жалдаушының тапсырмасы бойынша қызметтік іссапарға шығу;  
5) Жалдаушының мүлкінің амандығын қамтамасыз ету жəне өзінің еңбек ету 
(қызмет ету) міндетін орындау барысында Жалдаушыға мүліктік зиян келтірмеу;  
6)  Тараптар  арасында  материалдық  толық  жауапкершілік  туралы  шарт 
жасалған  жағдайда,  еңбек  туралы  заңдарға  жəне  Жалдаушының  нормативтік 
құқықтық актілеріне сəйкес жауап беру;  
7)  осы  Шарт  қолданылатын  уақыт  ішінде  жəне  ол  аяқталғаннан  кейін  де 
заңмен  қорғалатын,  өзіне  сеніп  тапсырылған  қызметтік,  коммерциялық, 
мемлекеттік  жəне  басқа  да  құпия  болып  табылатын  мəліметтерді  жəне  өзіне 
Жалдаушының  қол  астында  жұмыс  істеп  жүрген  кезде  мəлім  болған,  қызмет 
бабында пайдалануға арналған: 
–  техникалық  жəне  арнайы  құжаттаманы,  оның  ішінде  статистикалық 
ақпаратты; 
– 
Жалдаушының 
өзінің 
əрі 
оның 
істес 
серіктерінің 
қаржылық 
операцияларына байланысты  мəліметтерді; 
– заң бойынша басқа нəрсе талап етілмейтін жағдайда, өзіне тағайындалған 
ақшалай сыйақының мөлшерін;  
–  Жалдаушының  жəне  оның  серіктерінің  қызметіне  байланысты 
мəліметтерді, сондай-ақ Жалдаушының қызметкерлері туралы мəліметтерді құпия 
ұстау жəне жария етпеу;  
8)  еңбек  қорғау,  өрт  қауіпсіздігі  жəне  өндірістік  санитария  ережелерінің 
талаптарын орындау; 
9) жоғары дəрежелі лауазымды тұлғаға адамдардың өміріне, денсаулығына, 
сондай-ақ Жалдаушының мүлкі мен қызметкерлерінің амандығына қауіп төндіретін 
жағдайдың  пайда болғаны туралы кешіктірмей хабар беру; 
10)  тығыз  жəне  алдын  ала  болатыны  белгісіз  жұмыстарды  орындау  қажет 
болған  жағдайда,  өзінің  еңбек  ету  міндетін  демалыс,  мереке  күндері  жəне  түнгі 
мезгілде  де  орындау,  сондай-ақ  еңбек  туралы  заңдарға  жəне  Жалдаушының 
нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес белгіленген мерзімнен тыс жұмыс істеу; 
11)  өндіріске  қажет  болған  жəне  Қызметкер  келіскен  жағдайда,    жыл 
сайынғы  еңбек  демалысын  үзе  тұру  жəне  өзінің  еңбек  ету  (қызмет  ету)  міндетін 
орындауға кірісу; 
12)  этиканың  қолданылып  жүрген  заңдарда  жəне  Жалдаушының 
нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормаларын сақтау; 
13) Қызметкердің жеке басының мүддесі өзінің өкілеттігімен түйісетін немесе 
оларға  қайшы  келетін  жағдайда,  Жалдаушының  өзін  тағайындауға  құқығы  бар 
лауазымды тұлғасына кешіктірмей хабар  беру; 
14)  Қызметкер  Жалдаушының  қаражаты  есебінен  оқыған,  біліктілігін 
арттырған немесе қайта дайындықтан өткен жағдайда, мамандарды оқыту туралы 
Тараптар  арасында  жасалған  шартта  белгіленген  мерзімде  жұмыс  істеп  беру 
немесе  Жалдаушының  нормативтік  құқықтық  актілеріне  сəйкес  Жалдаушының 
шығындарын өтеу. 
 


 
143


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет