Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет154/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   188
5.2.1. Тіркеу нысандары 
 
Тұрпатты  ережелер  мынадай  тіркеу-есепке  алу  формаларын 
бекіткен: 
 
1) журналдық; 
 
2) карточкалық;  
 
3) автоматтандырылған ақпараттық жүйедегі мəліметтер базасы. 
 
Тіркеу-есепке  алу  формаларының  журналдық  нұсқасын  жылдық 
құжат  айналымы  500-600  құжаттан  аспайтын  ұйымдар  қолданады. 
Журналдың  барлық  парақтарына  оң  жақ  жоғарғы  бұрышынан  нөмір 
қойылып,  түбі  айрықша  берік  жіппен  тігіледі.  Жіптің  ұштары 
нөмірленген соңғы парақтың теріс бетінен шығарылады. Шаршы қағаз 
қиындысын  пайдалана  отырып  жіптің  ұштары  клейленеді  де,  оған 
ұйым  мөрі  басылып  куəландырылады.  Мөр  шеті  шаршы  қағаз 
қиындысының  бір  бөлігін  қамтуы  тиіс.  Шаршы  қағаз  қиындысының 
көлемі  ұйым  мөрі  диаметрінен  үлкен  болуы  шарт.  Сол  бетке  куəлік-
жазба түсіріледі. Мысалы: 
 
Бұл  журналда  85  (сексен  бес)  парақ  бар;  олар  нөмірленіп, 
шнурланып, мөрмен бекітілген. 
 
Лауазым      _________________     Қолының толық  
атауы               (жеке қолы)               жазылуы 
 
 
Журнал  толтырылған  соң  куəлік-жазбаның  төменгі  жағына 
тіркеуге алынған құжат саны туралы белгі соғылады. Мысалы: 
 
Бұл  журналда  1-нөмірден  438-нөмірге  дейін  436  (төрт  жүз  отыз 
алты) құжат тіркеуге алынған. 56 жəне 94-нөмірлер қалып кеткен.  
 
 
Лауазым      _________________     Қолының толық  
атауы                 (жеке қолы)             жазылуы 
 
 
Тіркеу журналдары кіріс жəне шығыс құжаттарына, азаматтардың 
өтініштері  мен  оларға  берілген  жауаптарға  арналып  жеке-жеке 
жасалады. 
 
Тіркеу  журналдарына  ұйымның  істер  номенклатурасы  бойынша 
міндетті түрде индекстері қойылады. 
 
Журнал мұқабасында мынадай деректемелер болуы тиіс: 
1) жоғары тұрған органның жəне ұйымның ресми атаулары; 
2) журнал атауы; 
3) ұйымның істер номенклатурасы бойынша журнал индексі; 


 
175
4) журналдың іс қағаздарын жүргізу қызметіндегі басталған жəне 
аяқталған күндері. 
 
Іс  қағаздарын  жүргізу  қызметі  бойынша  журналдың  басталған 
жəне  аяқталған  күндері  журнал  мұқабасының  оң  жақ  төменгі 
бұрышына салынады. Басталу күні бірінші құжаттың, аяқталу датасы – 
соңғы құжаттың  тіркелген күндері болып есептеледі. Журналға тіркеу 
жыл бойы жүргізіледі. 
 
Тіркеу  процесі  барысында  жыл  аяқталмай  журнал  бітіп  қалатын 
болса,  жаңа  журналға  тіркеу  жұмыстары  жыл  аяғына  дейін  алдыңғы 
журналдағы тіркеу нөмірлерін жалғастыра отырып жүргізіледі.  
 
Кіріс  құжаттарын  тіркеу  журналының  негізгі  бөлігінде  мынадай 
бағандар болады: 
 
1) кіріс құжатының реттік нөмірі; 
 
2) кіріс құжатының келіп түскен күні жəне тіркеу нөмірі; 
 
3)  корреспондент,  кіріс  құжатының  жіберілген  күні  жəне  тіркеу 
нөмірі; 
 
4) кіріс құжатының қысқаша мазмұны немесе тақырыбы; 
 
5) бұрыштама немесе құжатты орындау міндеті кімге жүктелді; 
 
6) құжаттың орындалғаны туралы белгі; 
 
7) ескертпе. 
 
Шығыс  құжаттарын тіркеу  журналының негізгі  бөлігінде  мынадай 
бағандар болады: 
 
1) шығыс құжатының реттік нөмірі; 
 
2) шығыс құжатының келіп түскен күні жəне тіркеу нөмірі; 
 
3) корреспондент;  
 
4) шығыс құжатының қысқаша мазмұны немесе тақырыбы; 
 
5)  шығыс  құжаты  көшірмесінің  іске  тіркеуге  жіберілгені  туралы 
белгі; 
 
6) ескертпе. 
 
Құжат  айналымы  көлемді  ұйымдарда  (жылына  600  құжаттан 
астам)  тіркеу  жұмыстары  тіркеу-бақылау  (электронды  тіркеу-бақылау) 
карточкалары  арқылы  жүргізіледі.  Тіркеу-бақылау  (электронды  тіркеу-
бақылау) карточкаларына мынадай міндетті бағандар белгіленеді: 
1) құжат авторы (корреспондент); 
2) құжат түрі; 
3) құжат күні; 
4) құжат нөмірі; 
5) келіп түскен уақыты; 
6) түскен нөмірі; 
7) құжат тақырыбы немесе қысқаша мазмұны; 
8) бұрыштама; 
9) орындалу мерзімі; 
10) орындалғаны туралы белгі; 
11) іске жіберілгені туралы белгі; 
12) бақылау туралы белгі; 


 
176
13) ескертпе. 
 
Тіркеу-бақылау  карточкасына  қосымша  бағандар  ендіруге 
болады.  Мысалы:  парақ  саны,  қосымшалар  туралы,  құжаттың 
алынғандығы туралы белгі жəне т.б. 
 
Құжаттарды 
жедел 
іздестіру 
мақсатында 
тіркеу-бақылау 
карточкаларынан  анықтамалық,  бақылау-анықтамалық,  ақпараттық-
анықтамалық 
картотекалар, 
азаматтар 
өтініштері 
бойынша 
картотекалар,  нормативтік  құқықтық  актілердің,  өкімдік  құжаттардың 
т.б.-дың  тақырыптық  картотекалары  жасалады.  Картотекалар  жасау 
оларды  пайдалану  мақсатына  байланысты  белгілі  бір  схемамен 
жүзеге  асырылады.  Мəселен,  Қазақстан  Республикасы  Үкіметі 
құжаттарына,  азаматтар  өтініштеріне  арналған  картотекалар  – 
корреспонденттер бойынша, өкімдік құжаттарға арналған картотекалар 
–  ұйымдардың  құрылымдық  бөлімшелері  бойынша  жасалады. 
Карточкалар  əр  тараудың  өз  ішінде  хронологиялық  тəртіппен 
жүйеленеді.  Тек  азаматтар  өтініштеріне  арналған  карточкаларды 
жүйелеу – алфавиттік ретпен жүргізіледі. 
 
Орындалмаған 
құжаттардың 
анықтамалық 
картотекасы 
корреспонденттер,  құрылымдық  бөлімшелер,  орындаушылар  немесе 
орындау  мерзімдері  бойынша  жүйеленеді.  Бұл  картотека  құжаттарды 
орындау процесінде оларды жедел іздеп табу үшін жасалады. 
 
Электрондық 
тіркеу 
карточкалары 
компьютер 
бойынша 
ақпараттық-іздестіру 
жұмыстарының 
негізі 
болып 
табылады. 
Электрондық  анықтама  қызметі  нақты  бір  құжат  немесе  нақты  бір 
құжаттар 
тобы 
бойынша 
олардың 
орындаушылары 
жайлы, 
географиясы  туралы,  корреспонденті,  құжат  күні  т.б.  жөнінде  кез 
келген  сұраққа  жауап  беретіндей  болуы  тиіс.  Электрондық  ақпарат 
орындалған  құжаттар  бойынша  да,  жұмыс  үстіндегі  құжаттар  жөнінде 
де,  мұрағаттық  мəліметтер  базасында  сақтаулы  құжаттар  туралы  да 
деректер алуды қамтамасыз етуі шарт. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет