Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


 Жіберілетін құжаттарды əзірлеу жəне тіркеу



Pdf көрінісі
бет157/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   188
5.2.4. Жіберілетін құжаттарды əзірлеу жəне тіркеу 
 
Жіберілетін 
жаттарды 
деу кезе дері 
 
1.  Жіберілетін  құжатты  Бөлімшедегі  (құжат  жобасы  жасалатын 
немесе  келісілетін)  Орындаушы  дайындайды.  Негізінен  Орындаушы 
құжатты өзсі ресімдейді, хатшы оның дұрыс ресімделуін тексереді. 


 
181
2.  Ресімделген  құжат  кəсіпорын  басшысының  қол  қоюына 
ұсынылады. 
3.  Басшы  қол  қойғаннан  кейін  құжатты  хатшы  немесе  кеңсе 
тіркейді. 
4.  Тіркелген  құжат  адресатқа  жіберіледі.  Жөнелту  құжат  кеңсеге 
түскен күні жүзеге асырылуы тиіс. 
 
5. Құжаттың көшірме данасын хатшы іс папкасына тігеді. 
Бұларды қысқаша тұжырымдап айтар болсақ, шығыс құжаттарын 
өңдеудің негізгі кезеңдері мынадай операциялардан тұрады: 
1) құжат жобасын жасау; 
2) жоба жөнінде келісу; 
3) құжатты ресімдеудің дұрыстығын тексеру; 
4) құжатқа қол қою (бекіту); 
5) құжатты тіркеу; 
6) құжатты алушыға жөнелту; 
7) құжаттың екінші данасын тиісті іске тігу. 
Шығыс  құжаттары  жауап  құжаттар  немесе  бастамалық  құжаттар 
болуы мүмкін. Жауап құжаттарда келіп түскен құжаттар, азаматтардың 
өтініштері,  депутаттық  сұратулар  бойынша  жүргізілген  жұмыстардың 
нəтижелері  жазылады.  Бастамалық  құжаттарда  басшылардың, 
консультативтік-кеңестік, 
алқалы 
органдардың 
жəне 
ұйым 
мамандарының 
құрылтайшылық 
құжаттар 
мен 
лауазымдық 
нұсқаулықтарға сəйкес қабылдаған шешімдері көрініс табады. 
Шығыс  құжаттарының  жобалары  жөнінде  мүдделі  құрылымдық 
бөлімшелер  басшыларымен,  өзге  ұйымдармен  (қажет  болған 
жағдайда),  заң  қызметімен  келісіледі.  Келісімдер  саны  іскерлік 
қажеттіліктерге қарай белгіленеді. 
Құжаттың  келісілген  жобасы  оның  аутенттік  (тең  нұсқалық) 
аудармасымен қоса ұйым басшысына қол қоюға (бекітуге) ұсынылады. 
Жобаны əзірлеуге негіз болған құжаттар да оларға қоса тіркеледі.   
Орындаушы  əзірленген  құжатты  қол  қоюға  (бекітуге)  тапсырмас 
бұрын  оның  мазмұнын,  қосымшаларын  тексереді;  құжаттама  қызметі 
ресімделуінің  дұрыстығын,  қажетті  деректемелерінің  түгелдігін 
тексереді. 
Дұрыс 
ресімделмеген 
құжаттар 
толықтыру 
үшін 
орындаушыларына кері қайтарылады. 
Қол  қойылған  (бекітілген)  шығыс  құжаты  тіркеу  нөмірі  мен  күнін 
қою арқылы тіркеуден өткізіледі. 
Мұнан  соң  құжаттама  қызметі  жөнелтілетін  құжаттарды 
экспедициялық  өңдеуден  өткізеді.  Бұл  алушылар  бойынша  бөлектеу, 
конверттерге  салу,  оған  (конвертке)  пошта  мекен-жайы  мен  алушы 
атауын  жазу,  ұйым  мөртабанын  қою,  құжаттарды  пошта  бөлімшесіне 
тапсыру жұмыстарын қамтиды.  
Құжат  дайындаушы  қажет  болған  жағдайда  жөнелтудің  түрін, 
яғни  құжаттың  тапсырыс  не  арнаулы  курьерлік  қызмет  арқылы, 
болмаса басқалай жолдармен жіберілетіні туралы көрсетеді. 


 
182
Құжаттар  келіп  түскен  күні  немесе  келесі  жұмыс  күнінен 
қалдырылмай  өңделіп,  жөнелтілуі  тиіс,  ал  факсограммалар, 
жеделхаттар, сондай-ақ электрондық пошта арқылы баратын құжаттар 
шұғыл түрде жіберілуі керек. 
Шығыс құжаттары, əдетте, екі дана етіліп басылады. Бірінші, қол 
қойылған (бекітілген) данасы алушыға жөнелтіліп, екіншісі – тиісті іске 
тіркеледі. 
Егер өзге ұйымға жіберілген құжат қайтарылуы керек болса, оған 
мөртабан  немесе  «Қайтарылуы  тиіс»  деген  белгі  салынады  жəне 
мұндай белгілер тіркеу-есепке алу формасына да қойылады.  
  
Бір  мезгілде  бір  алушыға  жолданатын  құжаттар  бір  конвертке 
салынады. 
 
Ұйымнан  шығатын  электрондық  құжат  жəне  оның  алынғандығы 
туралы  хабарлама  автоматтандырылған  ақпараттық  жүйеге тіркеледі. 
Тіркеу  электрондық  мəліметтер  формасының  тиісті  тұстарын  толтыру 
арқылы жүргізіледі. 
 
Электрондық 
құжат 
жіберушінің 
электрондық 
цифрлық 
қолтаңбасын  қабылдаушы  жақ  тексеріп,  құжат  мазмұнының 
толықтығын, бүлінбегендігін анықтағаннан кейін ғана ол құжат жіберуші 
жақтан шықты деп есептеледі. 
 
Электрондық  құжатты  жолдар  алдында  оның  дұрыс  ресімделуі 
(міндетті  жəне  қосымша  деректемелерінің,  электрондық  цифрлық 
қолтаңбасының болуы) адресатының дұрыс жазылуы тексеріледі. 
Электрондық  құжаттың  алынғандығын  куəландыру  ол  туралы 
жіберушіге куəлік жолдау арқылы жүзеге асырылады. Өз кезегінде бұл 
да электрондық құжат болып табылады.   
 
Электрондық  құжаттың  алынғандығы  туралы  оны  жіберушіге 
куəлік  жолданбайынша  ол  құжат  алынған  жоқ  деп  есептеледі.  Егер 
құжат  жіберушіге  куəлік  үш  күнге  дейін  келмесе  бұл  жөнінде  құжат 
алушыға  мəлімделуі  тиіс.  Сөйтіп  оны  қашан  алуы  қажет  екендігі 
жөнінде уақытын көрсетуі керек.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет