238
ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ – құжат мəтінінің бір бөлігінің көшірмесі.
ҮЛГІ ҚҰЖАТ - 1. Бір текті сұрақтарды көрсететін жəне бірдей үлгімен
құралатын құжат. 2. Мекеменің жұмыс тəртібін (типтік жарғы, типтік
құрылыс) немесе оның жеке жақтарын (типтік келісім-шарт) жəне
қызмет ерекшелігін көрсететін мекеменің бір атаулы құжаттарын
құрудың үлгісі болып табылатын нормативті жəне басқару құжаты.
Ұ
ҰСЫНУ – жеке құрамды тағайындау, ауыстыру немесе қолдау көрсету
туралы ережесі, сондай-ақ қандай да бір бірлікке жататын (бұйым,
операция) өндірілген өнім, мекеме қызметіне қатысты белгілі бір
əрекет немесе іс-шараны куəландыратын құжат.
ҰСЫНЫС - кəсіпорын атынан басқа кəсіпорынға бағытталған белгілі
бір шарт бойынша келісім-шарт жасасуға дайындығы туралы жазбаша
өтініш.
Ш
ШАҚЫРУ ҚАҒАЗ – жеке тұлғаға немесе мекемеге өзінің өкілін бір жерге
жөнелту туралы ресми хабарлама.
ШАРТ – құқықтық қатынасты белгілеу, өзгерту немесе тоқтатудың
келісім-шарты.
ШАРТТЫ ХАТ – ілеспе хаттың бір түрі, мұнда шарттың жөнелтілу
фактісі көрсетіледі.
ШЕШІМ – 1. Аса маңызды мəселелерді шешу мақсатында алқалық
тəртіппен қабылданатын құқықтық акті. Сондай-ақ бірнеше əр түрлі
органдар – алқалық жəне жеке басшы басқаратын ұйымдар
шығаратын бірлескен актілер де шешім деп аталады. 2. Азаматтық
мəселелерді сотта немесе даулы мəселені төрелік сотта шешу
нəтижелері бойынша соттың немесе төрелік соттың қорытындысы бар
құжат. 3. Жиналыстың, мəжілістің қарары.
Достарыңызбен бөлісу: