§2. Құжатты əзірлеуге жəне ресімдеуге қойылатын талаптар
47-48. Құжаттар «MS Оffice», мəтіндік редакторда – «MS Word», есептік
кесте материалдары «MS Excel» қосымшалардың, графикалық материал «bmp»,
«gif», «tiff», «vsd» тəрізді форматтардың жұмысын қолдайтын бағдарламалық
өнімдердің көмегімен əзірленуі тиіс. Кейбір жағдайларда «ASCII» форматындағы
файлдарды пайдалануға болады.
49. Мəтін «Times New Roman» немесе «KZ Times New Roman» қаріптерімен,
«14» қаріп өлшемімен терілгені дұрыс. Басқа өлшемді қаріптермен теруге де жол
беріледі.
Ақпарат технологиясы бөлімшесі Мекеменің əр қызметкерінің жұмыс
орнында жоғарыда аталған қаріп үлгісін орнатуды қамтамасыз етуге міндетті.
50. Құжаттарды қалыптастыру кезінде тиісті санаттағы қызметкерлерге
арналған бланкілер мен үлгілер кітапханасы оқуға болатындай етіп
орналастырылған құжаттарды ресімдеудің электрондық бланкілері, үлгілері мен
стильдік үлгілерін пайдалануға болады. Ақпарат технологиясы бөлімшесі қажет
болған жағдайларда құжат ресімдеудің корпоративтік стандартын əзірлеуді,
үлгілер кітапханасын сақтау мен таратудың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.
51. Құжаттар екі немесе одан көп бетке əзірленсе, екінші жəне одан кейінгі
беттер,əдеттегідей,
нөмірленуі
тиіс.
Қосымшалардың
парақтары
бөлек
нөмірленеді. Беттердің нөмірлері құжаттың жоғарғы жағындағы бос орынға орта
тұсынан араб санымен нүктесіз қойылады.
52. Құжаттарды парақтың сыртқы бетін пайдалана отырып басуға болады.
47
4-тарау. Мекеменің нормативтік құқықтық актілерін жəне басқару
құжаттарын əзірлеу, күшіне енгізу жəне сақтау тəртібі
53. Мекеменің бөлімшелерінде Қазақстан Республикасының жəне
Мекеменің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Мекеменің басқару
құжаттарының мынадай түрлері əзірленеді: Мекеме қызметін реттейтін
нормативтік емес сипаттағы нормативтік емес сипаттағы, бұйрықтар, өкімдер.
54. Нормативтік емес сипаттағы қаулыларды Мекеменің Басқармасы мен
Директорлар кеңесі қабылдайды жəне Мекеме алдында тұрған маңызды əрі
принциптік міндеттерді, ұйымдастыру мəселелерін жəне басқа мəселелерді шешу
мақсатында қабылданатын Мекеменің құқықтық актілері болып табылады.
Мекеменің басшысы не оның орынбасары Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес жəне өз құзыреттері шегінде қаулы
шығаруға құқылы.
55. Мекеме Басқармасының нормативтік емес сипаттағы қаулысына Мекеме
басшысы не оның орнындағы адам жəне Басқарма мүшелері қол қояды. Сонымен
қатар Мекеме Басқармасының қаулысына заң бөлімшесінің басшысы не оның
орнындағы адам міндетті түрде қол қояды.
Мекеме Директорлар кеңесінің нормативтік емес сипаттағы қаулысына
Мекеме Төрағасы не оның орнындағы адам жəне Директорлар кеңесінің мүшелері
қол қояды.
56. Бұйрық Мекеменің не оның бөлімшелерінің алдында тұрған негізгі
жедел міндеттерді шешу үшін Мекеменің Төрағасы не оның орынбасарлары,
филиал басшылары (өз құзыреттері шегінде) қабылдайтын құқықтық акті болып
табылады. Бұйрық Мекеме қызметін қамтамасыз етуге, заң актілерінің, Қазақстан
Республикасы Президентінің актілерін, Мекеме Басқармасы мен Директорлар
кеңесінің басқа да нормативтік құқықтық актілерінің (жұмыс берушінің актілерінің)
талаптарын орындауға байланысты құқықтық қатынастардың жекелеген түрлерін,
сондай-ақ еңбекке қатысты құқықтық қатынастарды реттейді.
57. Өкім – Мекеменің Төрағасы жəне оның орынбасарлары, Мекеме
бөлімшелерінің басшылары не олардың орнындағы адамдар шығаратын
Мекеменің құқықтық актісі. Өкімде бөлімшелерге немесе белгілі бір лауазымды
тұлғаларға Мекеменің нормативтік құқықтық актілерінің (жұмыс берушінің
актілерінің) талаптарын, Мекеменің үшінші тұлғалармен жасасқан шарттарының
(келісімдердің, келісім-шарттарының) жəне басқа міндеттемелердің талаптарын
орындау жөнінде нақты белгіленген іс-əрекеттерді жүзеге асыруға нұсқаулар
болады.
58. Мекеменің лауазымды тұлғалары оларға Қазақстан Республикасының
жəне Мекеменің нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ Мекеме Төрағасы
мен оның орынбасарлары арасында міндеттерді бөлісу туралы бұйрықпен
белгіленген құзыреттер шегінде бұйрықтар мен өкімдер шығарады.
59. Мекеменің қаулыларын, бұйрықтарын жəне өкімдерін оларда көрсетілген
бөлімшелер жəне лауазымды тұлғалар орындауға міндетті.
60.
Барлық
басқару
құжаттары
мазмұнына
қарай
Қазақстан
Республикасының жəне Мекеменің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес болуы
тиіс. Қаулылардың, бұйрықтардың жəне өкімдердің мəтіндері қарапайым,
тұжырымды жəне түсінуге жеңіл тілмен жазылуы тиіс жəне оның ережелерін
түрліше түсіндіруге болмайды жəне сөздерді қысқартуға жол берілмейді.
61. Басқару құжатының мəтіні, əдеттегідей, белгілеу жəне жарлық айту
бөліктерінен тұрады.
48
Құжаттың белгілеу бөлігінде орындаушылар (бөлімшелер, лауазымды
тұлғалар, қызметкерлер), нақты іс-əрекеттер жəне нұсқалған іс-əрекеттердің
орындалу мерзімі көрсетіледі.
Құжаттың басқару бөлігінің соңғы тармағында, əдеттегідей, басқару
құжатының толық орындалуына бақылау жасау жүктелетін лауазымды адам
көрсетіледі.
62. Басқару құжаттарының мəтіндері мемлекеттік тілде ресімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |