51
95. Материалдарды аудару үшін мынадай мерзімдер белгіленеді:
1) көлемі 5 бетке дейінгі материалдарды аударуға екі жұмыс күні ішінде;
2) көлемі 10 бетке дейінгі материалдарды аударуға бес жұмыс күні ішінде;
3) көлемі 10 беттен көп материалдарды аударуға он жұмыс күні ішінде.
Жекелеген жағдайларда, аударуға берілген материалдардың маңыздылығы
мен шұғылдығын ескере отырып, Мекеменің басшылығы аударма жасаудың өзге
мерзімдерін белгілеуге құқылы.
Аударманы орындау мерзімін есептеу материалдарды уəкілетті бөлімшеге
аударуға берген күннен бастап жүргізіледі.
96. Аударылған материалдарды Мекеменің бөлімшесі қажетті дана санымен
қағазға шығарып жəне электронды түрде береді.
97. Соңғы парақтың сыртқы бетіне аударма файлының атауын, аударма
орындалған күнді көрсете отырып, аударылған материалдың əр бетіне
аудармашы қол қояды.
Мекемеде іс қағаздарын жүргізу толығымен мемлекеттік тілге көшірілген
кезде тиісті бөлімше мемлекеттік тілде əзірленген құжаттардың мəтіндеріне
сараптама жасаумен жəне редакциялаумен айналысады.
6-тарау. Құжаттарды тіркеу
98. Мекемеде құжаттарды тіркеу былайша жүргізіледі:
1) уəкілетті бөлімшеде келіп түскен хат-хабарлар, бұйрықтарды, өкімдерді;
2) Басқарманың жəне Директорлар кеңесінің шешімдерін ресімдеуге
жауапты қызметкерлер - Басқарма мен Директорлар кеңесінің мəжіліс
хаттамаларын;
3) Мекеменің бөлімшелерінде - тиісті бөлімшелердің жіберілетін жəне ішкі
хат-хабарларын тіркейді.
Конкурстық ұсыныстары бар құжаттарды конкурстық комиссияның хатшысы
Қазақстан Республикасының тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алу
мəселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес тіркейді.
99. Келіп түскен құжаттар түскен күні, ал жіберілетін жəне ішкі құжаттар –
жөнелтілген күні тіркеледі.
Достарыңызбен бөлісу: