Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет77/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   188
19. КҮШІНЕ ЕНУ 
 
19.1. Осы Жарғы мемлекеттік тіркелген сəттен бастап күшіне енеді. 
 
Акционерлердің  Жалпы  жиналысының  2007  жылғы  «20»  маусымдағы 
Хаттамасының негізінде Қоғам акционерлерінің атынан 
 
Атқарушы директор _____________________________ 
 
 
4.1.2. Штаттық кесте 
 
Кез  келген  заңды  тұлғаны  (компанияны,  кəсіпорынды,  ұйымды, 
фирманы)  құрарда  əуелі  оның  ұйымдық  құрылымы  мен  штатын 
айқындап алу керек. Бұл мəселені дұрыс əрі дер кезінде шешу заңды 
тұлға  (бұдан  əрі  –  компания)  құрылтайшыларына,  олардың  қандай 
ұйымдық-құқықтық  формалар  мен  меншік  түріне  жататындығына 
қарамастан, 
жоспарланған 
экономикалық 
көрсеткіштерге 
қол 
жеткізуіне мүмкіндік береді.  
 
Ең  алдымен  ішкі  нормативтік  актілерге  қатысты  ұғымдарды 
нақтылап алайық. 
 
Компанияны   +йымды   +рылымы  деген  ұғымға  келсек,  бұл  сол 
компанияны  дербес  заңды  тұлға  ретінде  ұстап  тұрған  барлық 
бөлімшелердің,  сондай-ақ  филиалдар  мен  өкілдіктердің  жиынтығы 
жəне олардың иерархиялық сипаты (тік бағыныстылық жəне көлденең 
өзара  байланыс)  болып  табылады.  Құрылымдық  бөлімшелердің 
атаулары  иерархия  (бағыныстылық)  бойынша  (басшылық,  негізгі 
қызмет  орындары,  көмекші  қызмет  орындары,  қызмет  көрсету 
салалары т.б.) немесе топтарға бөлініп көрсетіледі. 
 
Компанияны   штат  м7лшері  немесе  компания  штаты 
дегеніміз – компаниядағы жалдамалы қызметкерлер лауазымдарының 
тізбесі  жəне  сандық  мөлшері.  Тізбеде  құрылымдық  бөлімшелер 
(ұйымдық  құрылымдар)  бойынша  лауазымдық  жалақылар  (таривтік 
ставкалар),  қосымшалар  мен  сыйақылар  (пайыздық  мөлшері  немесе 
жалпы  сомасы)  немесе  еңбекке  ақы  төлеудің  өзге  де  жүйелері, 
сондай-ақ  айлық  жалақы  қоры  көрсетіледі.  Ұйымдық  құрылым  сипаты 
жазылып,  штаттық  кесте  берілген  құжат  мəтіні,  əдетте,  кесте 


 
112
формасында  жасалады.  Штат  кестесіне  енген  лауазым  атаулары 
(штат  бірліктері)  жұмыс  жəне  жұмысшы  кəсібі  туралы  Бірыңғай 
тарифтік-біліктілік  анықтамалығында,  Еңбек  жəне  халықты  əлеуметтік 
қорғау  министрлігінің  2002  жылғы  22  қарашадағы  №  273  бұйрығымен 
бекітілген Басшылар, мамандар жəне 7зге де  ызметтік лауазымдар 
біліктілік  аны тамалығында  көрсетілген  атаулармен  сай  келуі  керек. 
Таңдап  алынған  кандидаттарды  белгілі  бір  лауазымға  тағайындау 
кезінде  Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне  ғылым  министрінің  2005 
жылғы  27  қаңтардағы  №  43  бұйрығымен  бекітілген  Техникалы   жəне 
ызмет  к7рсету  кəсіптері  (маманды тары)  бойынша  кəсіби 
дайынды  
пен 
біліктілік 
дəрежесін 
куəландыру 
ережелерін 
басшылыққа алу қажет. 
 
Компанияның  ұйымдық  құрылымы  мен  штат  саны  негізгі 
ұйымдық-құқықтық құжаттар қатарына жатады. Оларды міндетті түрде 
мемлекеттің  өкілетті  органы  немесе  компанияның  өзі  бекітіп, 
елтаңбалы  мөрмен  куəландыруы  тиіс.  Аталған  нормативтік  актілерді 
бекіту  «БЕКІТІЛДІ»  немесе  «БЕКІТЕМІН»  деген  гриф  қою  арқылы 
немесе бұйрық (қаулы,өкім т.б.) шығару арқылы жүзеге асырылады. 
 
Мемлекеттік кəсіпорындарды жəне жарғылық капиталы толықтай 
немесе  едəуір  бөлігі  мемлекеттікі  болатын  компанияларды  құру 
кезінде  бұл  мəселе  бұрын  əзірленіп  қойылған  тұрпатты  ұйымдық 
құрылымдар  (бұлар,  əдетте,  министрліктер  (комитеттер,  агенттіктер) 
туралы  ережелерге  қосымша  ретінде  тіркеледі)  мен  штат  санының 
белгіленген  лимиттері  негізінде  шешіледі.  Мəселен,  Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі «Штат саныны  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет