Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет78/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   188
лимиттерін  бекіту  туралы»  №  1433  қаулысымен  2000  жылғы  1 
қаңтардан  бастап  республика  министрліктерінің,  агенттіктері  мен 
ведомстволарының, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының штат 
санына  байланысты  лимиттері  бекітілді.  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің  2000  жылғы  28  желтоқсандағы  «Қазақстан  Республикасы 
Еңбек  жəне  халықты  əлеуметтік  қорғау  министрлігінің  территориялық 
органдарын  құру  туралы»  №  1920  қаулысымен  олардың  штат  саны 
жөніндегі жалпы лимиті 520 бірлік мөлшерінде болып белгіленді. 
 
Қазақстан  Республикасы  Табиғи  монополияларды  реттеу 
жөніндегі  агенттік  төрағасының  2006  жылғы  4  тамыздағы  №  188-ОД 
бұйрығымен  (Əділет  министрлігінде  2006  жылғы  6  қазанда  тіркелген, 
№  4375)  Табиғи  монополиялар  субъектілері  қызметкерлерінің  жалпы 
мөлшері нормативтерін бекіту туралы ережелер бекітілді.  
 
Ұйымдық  құрылым  мен  штат  санын  белгілеу  мəселелерінің 
шешімі  жеке  меншік  формадағы  компанияларда  күрделірек.  Бұларда 
ұйымдық құрылыммен тікелей басшының өзі немесе оның тапсырмасы 
бойынша  бухгалтерлердің,  кадр  қызметкерлерінің,  заңгерлер  мен 
экономистердің  шұғылдануына  тура  келеді.  Тəжірибе  көрсетіп 
отырғандай,  ұйымдық  құрылым  мен  қызметкерлер  саны  көбіне-көп 
стихиялы  түрде  белгіленеді.  Диагностикалық  жұмыстар  (басқару 


 
113
қызметіне талдау жасау) жүргізілмейді. Жалпы, диагностикалық талдау 
дегеніміз не? Ол қандай кезеңдерден тұрады? Енді осыған келейік. 
 
Бұл үшін алдымен мынаны білу керек: Ұлттық статистика агенттігі 
төрағасының  1996  жылғы  19  желтоқсандағы  №  50  бұйрығымен 
бекітілген  Жалданып  жұмыс  істеушілер  қатары  мен  жалақыларының 
статистикасы  туралы  нұсқаулыққа  сəйкес  жалданбалы  қызметкерлер 
қатары  екі  топқа  бөлінеді:  жұмысшылар  мен  қызметкерлер. 
Қызметкерлер  тобы  мынадай  санаттардан  тұрады:  басшылар, 
мамандар  жəне  қызметкерлер  қатарына  жататын  өзге  де  санаттар 
(құжаттама  əзірлеу  мен  ресімдеу  ісін,  есепке  алу  мен  бақылау 
жұмыстарын  жүзеге  асырушылар,  шаруашылық  саласы  бойынша 
қызмет етушілер). Атқаратын функциялары көп салалы болып келетін 
бірқатар  компаниялардың  мамандарын  негізгі  жұмыс  қызметкерлері 
жəне  негізгі  емес  (қызмет  көрсетуші,  көмекші)  жұмыс  қызметкерлері 
деп  бөлуге  болады.  Басшылар  қатарына  басшылық  лауазымға  ие 
қызметкерлер  жəне  компания  мен  оның  құрылымдық  бөлімшелері 
басшыларының орынбасарлары енеді. 
 
Өзге  нормативтік  құқықтық  актілерде  жалданбалы  қызметкерлер 
өндірістік қызметкерлер, əкімшілік қызметкерлері жəне қызмет көрсету 
саласы мен шаруашылық саласының қызметкерлері болып бөлінеді. 
 
Компанияның  ұйымдық  құрылымы,  жоғарыда  аталғандай,  оның 
құрылымдық 
бөлімшелері 
мен 
қызмет 
орындарының 
(департаменттердің,  басқармалардың,  бөлімдердің,  бөлімшелер  мен 
топтардың,  сондай-ақ  компания  филиалдары  мен  өкілдіктерінің) 
тізбесі,    штаттық  қызметкерлер  санын  құрайтын  жұмыскерлердің 
жалпы жиынтық мөлшері болып табылады.  
 
Компания ұйымдық құрылымының мынадай түрлері бар: 
 
1.  Линиялы   ұйымдық  құрылым  –  басқару  аппараты  тек  өзара 
бір-біріне 
бағынышты 
бөлімшелердің 
иерархиялық 
сатылы 
бағыныстылығы түрінде құрылады.  
 
2.  Штабты   ұйымдық  құрылым  –  жүйе  басшылары  жетекшілік 
ететін  арнаулы  бөлімшелерге  ие.  Бұл  бөлімшелер  басшыларының 
басқару  шешімдерін  қабылдауға  жəне  қандай  да  бір  төменгі  тұрған 
бөлімшелерге  немесе  орындаушыларға  нұсқау  беруге  құқы  жоқ,  олар 
тек  жүйе  менеджеріне  жекелеген  басқару  функцияларын  орындауда 
штаттағы белгілі бір мамандар күшімен көмек көрсетеді. 
 
3.  Функционалды   ұйымдық  құрылым  –  басқарудың  барлық 
деңгейінде  белгілі  бір  функциялар  көлемін  атқару  үшін  арнаулы 
бөлімшелер құруды талап етеді. 
 
Əрбір  құрылымдық  бөлімшеге  қажетті  лауазымдар  қатары  мен 
олардың  тізбесі  атқарылатын  жұмыстың  (көрсетілетін  қызметтің) 
маңыздылығына    жəне  көлеміне  байланысты  белгіленіп,  арнаулы 
ұйымдық-құқықтық  құжат  –  штат  кестесі  арқылы  ресімделеді. 
Компанияның  ұйымдық  құрылымы  мен  штат  кестесі,  əдетте,  біртұтас 
құжат ретінде тиісті өкімдік құжатпен (ЖШС қатысушыларының немесе 


 
114
АҚ  акционерлерінің  жалпы  жиналысы  шешімдерімен,  бірінші 
басшының  бұйрығымен  т.б.)  бекітіледі.  Штат  кестесін  бекітуші  орган 
туралы  жазба  жəне  бекіту  күні  құжаттың  бірінші  (титулдық)  парағына 
түсіріледі. 
 
 Тəжірибе  көрсетіп  отырғандай,  жаңадан  құрылған  шағын  жəне 
орта  кəсіпкерлік  субьектілердің  бірінші  басшылары  мен  ұйымдық 
құрылымын жасаушылары олардың құрылтайшылары немесе соларға 
жақын адамдар болып келеді. 
 
Мұндай 
компаниялардың 
ұйымдық 
құрылымдары 
қалай 
қалыптастырылуы  тиіс?  Ұйымдық  құрылымды  жасаушылар  бірінші 
кезекте мынадай сұрақтарға жауап алуы қажет: 
1.  Компания  қызметтің  қанша  түрін  жүзеге  асырмақ,  яғни 
бизнестің  бір  ғана  түрімен  шұғылдана  ма  (мəселен,  құрылыс 
материалдарын  жеткізу)  əлде  бірнеше  түрін  қамти  ма?  (Айталық, 
əрқилы  тауар  түрлерін  жеткізу,  делдалдық  қызмет,  консультациялық 
қызмет көрсету т.б.). 
2. Бұл бизнесте жұмыс жүргізіп жатқан бəсекелестер бар ма жəне 
олар қаншалықты мықты? 
3.  Компания  шектеулі  тауар  нарығында  (аудандық,  қалалық, 
облыстық) жұмыс істей ме əлде республикалық жəне сыртқы нарыққа 
шығуды жоспарлай ма? 
4.  Компания  құрылтайшыларының  қаржылық  мүмкіндіктері 
қандай:  өзінің  жеке  қомақты  ақшалай  қаржысы  немесе  материалдық 
базасы бар ма, əлде тек жарғылық капитал ғана ма? 
5. 
Жалданбалы 
қызметкерлер 
жұмысын 
қалыптастыру 
перспективасы  қандай,  əсіресе  компания  құрылтайшысы  белгілеген 
міндеттерді 
нəтижелі 
орындауға 
қабілетті 
менеджерлер 
басқарушыларын тағайындауға штаттық мүмкіндік бар ма?  
6. Компанияның жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін қандай да 
бір мемлекеттік лицензиялар, рұқсатнамалар алу немесе мемлекеттік 
билік органдарының арнаулы актілер қабылдауы қажет пе? 
Осы  жоғарыда  берілген  сұрақтарға  (бірқатар  жағдайларда 
сұрақтардың  тізбесі  мұнан  əлдеқайда  көп  болуы  да  мүмкін)  жауап 
алғаннан кейін штат кестесін əзірлеу жұмыстарына кірісуге болады.  
 
ЖШС-лар үшін тұрпатты пирамидалық ұйымдық құрылым ретінде 
мынаны ұсынуға болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет